ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.91K subscribers
18.8K photos
1.6K videos
28 files
4.4K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Түркістан облысына арнайы іссапармен келді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ҚР Премьер-министрi Асқар Мамин бастаған үкіметтік топпен Түркістан облысына келді.

Министр ұшақтан түскен бетте Кентау қаласына жол тартып, ондағы орталық аурухананың жұмысымен танысты. Ғимарат осыдан 35 жыл бұрын пайдалануға берілген. Елжан Біртанов қабылдау бөлімі, инсульт орталығы, компьютерлік диагностика, жансақтау бөлімдерінің жұмысымен танысып, аурухана ұжымымен кездесті.

«Медицина саласы мамандарының қызметі ауыр да жауапты. Бірақ осы жолда аянбай еңбек етулеріңізді сұраймын. Келесі жылдан бастап жалақы көлемі 30 пайызға артқалы отыр. Науқастардың сенімін ақтайсыздар деп сенемін»,- деді Елжан Біртанов.

Қазіргі таңда көпсалалы аурухана 170 мыңға жуық халыққа қызмет көрсетуде, 316 төсек-орынға есептелген. Мамандандырылған және жалпы тәжірибелік дәрігерлер құрамы бар. Аурухана ұжымымен кездесу барысында мекеменің сондай-ақ 100 пайыз цифрландыру жүйесімен қамтамасыз етілгені атап көрсетілді.
Сондай ақ, биылдан бастап инсульт бөлімшесі толыққанды жұмыс жасап жатыр. Компьютерлік томографиямен қамтылған. Жақын орналасқан Созақ және Отырар аудандарының тұрғындары да дәл осы бөлімнен толық медициналық көмек алуда. Лабораториялық диагностика толық автоматты жүйеге көшкен.
Алтай ауданындағы перзентхана Алтай, Катонқарағай, Күршім аудандарының 120 мың болашақ анаға қызмет көрсетпек

Алтай қаласында қайта жөндеуден өткен Ауданаралық аурухананың перзентханасы үш ауданның тұрғындарына қызмет көрсетпек. Бұл жөнінде бүгін облыс әкімі Даниал Ахметовтың Алтай ауданына жасаған жұмыс сапары барысында белгілі болды.
Жылына 120 мың болашақ ананы қабылдауға қауқары бар перзентхана бұдан былай үшінші деңгейге ауысады. Жалғыз Алтай ауданына ғана емес, сондай-ақ Катонқарағай, Күршім аудандарын да қатар қамтитын мекемеге өткен жылы 357 млн. теңгеден астам сомаға 67 медициналық құрылғылар мен техника сатып алынған.
- 2018 жылы Алтай ауданындағы инсульттік орталық пен перзентхананың 9 маманы Ұлыбританияда білімдерін жетілдіріп келсе, биыл перзентхананың бес қызметкері Литваның Вильнюс қаласында оқудан өтті, - деді Даниал Кенжетайұлы.
Қоса кетсек, қазіргі уақытта перзентхананың екінші және үшінші бөліктеріндегі жөндеу жұмыстары аяқталған. Ғимараттың ішкі жөндеу жұмыстары 70 пайызға, ал қасбетінің жұмыстары 90 пайызға аяқталып, бөлінген қаражат 88 пайызға аяқталған. Перзентхананың жөндеу жұмыстарын толықтай аяқтау 2019 жылдың 15 желтоқсанына жоспарланған. Ақпарат Шығыс DIDARY-нан алынды.
Результаты проведённых скрининговых осмотров