ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.9K subscribers
18.8K photos
1.6K videos
28 files
4.41K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
👍ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕР МЕН БАЛАЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ҮШІН ПАТРОНАЖ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҮЛГІСІ ЖАҢАРТЫЛУДА

Қазақстанда әйелдер мен балаларға үй жағдайында қолдау көрсетуге негізделген дәлелді практикаға сүйенетін әмбебап прогрессивті патронаж моделі (ӘППМ) жаңғыртудан өтті.

⚡️Жоба ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ЮНИСЕФ-тің қатысуымен іске асырылды және бұл модель балалар тәрбиелеп отырған барлық отбасыларға денсаулықты нығайту, баланың дамуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында сапалы әрі үздіксіз патронаж көмегіне тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Патронаж көмегінің негізгі нысаналы тобы – барлық жүкті әйелдер, 5 жасқа дейінгі балалар және олардың отбасылары.

🔷ӘППМ-нің әмбебап пакеті шеңберінде жүкті әйелдерге екі рет, ал бала 5 жасқа толғанға дейін оның дамуының негізгі кезеңдерінде сегіз рет патронаждық бару көзделген.
Отбасында немесе балада қауіп факторлары анықталған жағдайда бару саны мен жиілігі артады.

Патронаждың әмбебап прогрессивті моделі Қазақстанда 2017 жылдан бастап енгізіліп келеді және оның тиімділігі, әсіресе осал топтармен жұмыста дәлелденген.
Алайда, осы уақытқа дейін патронаж мейіргерлерінің жұмысында жергілікті жағдай ескерілмей әзірленген модулдер пайдаланылып келді.
Бөлек құрылым, тілдік кедергілер мен бейімдеудің болмауы бұл материалдарды Қазақстан жағдайында тиімді қолдануға кедергі келтірді.

📌Материалдарды Қазақстан жағдайына бейімдеу үшін барлық модулдер қазақ және орыс тілдеріне аударылып, бірыңғай форматқа келтірілді, ұлттық заңнама мен клиникалық хаттамалармен үйлестірілді.

Бейімделген модулдер мейіргерлерді медициналық колледждер мен жоғары оқу орындарында даярлау бағдарламаларында, сондай-ақ медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінде пайдаланылатын болады.

⚫️Бұл патронаж қызметінде бірыңғай тәсілді қалыптастыруға, мейіргерлердің кәсіби құзыретін нығайтуға және балалар тәрбиелеп отырған отбасыларға көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍В КАЗАХСТАНЕ ОБНОВЛЯЕТСЯ МОДЕЛЬ ПАТРОНАЖНОЙ СЛУЖБЫ ДЛЯ ПОДДЕРЖКИ БЕРЕМЕННЫХ И ДЕТЕЙ


В Казахстане завершена работа по модернизации универсальной прогрессивной модели патронажа (УПМП) — модели, основанной на доказательной практике поддержки женщин и детей на дому.

⚡️Проект реализован при участии Министерства здравоохранения РК и ЮНИСЕФ и его реализация позволит обеспечить всем семьям с детьми равный доступ к качественной, непрерывной патронажной помощи для поддержки здоровья, развития и благополучия ребенка.

Целевая группа патронажной помощи — все беременные женщины, дети до пяти лет и их семьи. В рамках универсального пакета УПМП предусмотрено проведение двух патронажных визитов беременных женщин и восьми визитов на ключевых этапах развития ребенка до достижения им пятилетнего возраста.

🔷При выявлении факторов риска в семье или у ребенка количество и частота визитов увеличивается.
Универсальная прогрессивная модель патронажа внедряется в Казахстане с 2017 года и доказала свою эффективность, особенно в работе с уязвимыми группами.

Однако до недавнего времени в работе патронажных медсестер использовались модули, разработанные без учета локального контекста.

📌Разрозненная структура, языковые барьеры и отсутствие адаптации затрудняли применение этих материалов на практике в Казахстане. Чтобы сделать материалы применимыми в условиях Казахстана, все модули были переведены на казахский и русский языки, приведены в единый формат, интегрированы с национальным законодательством и клиническими протоколами.

Адаптированные модули будут использоваться в программах подготовки медсестер в медицинских колледжах и вузах, а также в системе повышения квалификации работников ПМСП.

⚫️Это позволит сформировать единый подход к патронажной работе, укрепить профессиональные компетенции медсестер и повысить качество помощи, оказываемой семьям с детьми.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️АЛМАТЫДА ЕРТЕ ДИАГНОСТИКАНЫҢ АРҚАСЫНДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРДАН БОЛАТЫН ӨЛІМ АЗАЙЫП КЕЛЕДІ

2025 жылдың алты айының қорытындысы бойынша Алматыда онкологиялық аурулардан болатын өлімді төмендету бойынша тұрақты оң динамика сақталуда.

🪧2019 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 30%-ға төмендеп, 100 мың тұрғынға шаққанда 60,2 жағдайды құрады, бұл белгіленген нысаналы деңгейден төмен және елдегі ең үздік нәтижелердің бірі болып саналады.

Бұған ерте диагноз қою маңызды рөл атқарады. Онкологиялық қызмет жұмысының және медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының белсенді қатысуының арқасында ерте кезеңдерде анықталған аурулардың үлесі едәуір өсті.

🔵Мәселен, егер 2019 жылы 0–I-кезеңдерде обырды анықтау үлесі 33,6%-ды құраса, 2025 жылдың ортасына қарай ол 39,9%-ға жетті.

🔵Бұл Қазақстанның барлық онкология орталықтарынык арасында ең үздік көрсеткіш.

Сонымен қатар, визуалды немқұрайлылық деңгейі төмендеді — визуалды қолжетімді локализациядағы ісіктер кеш сатыларда (III–IV) анықталған жағдайлар. Егер 2019 жылы мұндай жағдайлар 10% болса, 2025 жылы — 7%. Осы маңызды индикатор бойынша Алматы да ел өңірлерінің арасында бірінші орында тұр.

🔍Мұндай нәтижелерге жүйелі скринингтік жұмыстың, сондай-ақ онкологиялық ауруға күдікті пациенттер үшін «жасыл дәліз» қағидаттарын қатаң сақтаудың арқасында қол жеткізілді. Скрининг МСАК жұмысы шеңберінде жүргізіледі және обырдың ең көп таралған түрлерін — жатыр мойны, сүт безі және колоректалдық обырды ерте анықтауға бағытталған.

Ағымдағы жылдың алты айында Алматыда скринингтік зерттеп-қараулармен қамту жылдық жоспардың орта есеппен 52,6%-ын құрады.

▶️Жатыр мойны обыры бойынша 46 мыңнан астам әйел зерттеліп-қаралды, аурудың 20 жағдайы, олардың 80%-ы бірінші кезеңде анықталды. 411 обыралды жағдайы да анықталды.

Сүт безі обырының скринингі бойынша 60 мыңнан астам әйел зерттеліп-қаралды, обырдың 104 жағдайы, оның 62,5%-ы бірінші кезеңде анықталды. Колоректалдық обыр скринингінің шеңберінде 62 мың адам зерттеліп-қаралды, аурудың 19 жағдайы, олардың жартысына жуығы да бастапқы кезеңде анықталды. Сонымен қатар, 240-тан астам адамда обыралды өзгерістер анықталды.

🔍Скрининг ауруды симптомдар пайда болғанға дейін анықтауға мүмкіндік береді, бұл пациенттің тиімді емделу және толық қалпына келу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.

Пациенттерді маршруттаудың маңызды бөлігі «жасыл дәліз» қағидатын сақтау — онкологиялық күдікті науқастарды зерттеп-қарауға және консультацияға жедел жіберу болып қала береді. Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығына сәйкес диагностиканың барлық кезеңдерінен өту үшін нақты мерзімдер белгіленді.

🔵Алматыда тіркелген барлық онкологиялық аурулардың ішінде сүт безі обыры, колоректалдық обыр, өкпе обыры, қуықасты безі обыры және асқазан обыры жиі кездеседі.

Қол жеткізілген нәтижелер — бұл бастапқы қызметтен бастап онкология орталықтарына дейінгі бүкіл жүйенің кешенді және үйлестірілген жұмысының, сондай-ақ зерттеп-қараулардың қолжетімділігін, диагностиканың сапасы мен халықтың хабардарлығын арттырудың нәтижесі екенін атап өту маңызды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️В АЛМАТЫ СНИЖАЕТСЯ СМЕРТНОСТЬ ОТ ОНКОЛОГИЧЕСКИХ ЗАБОЛЕВАНИЙ БЛАГОДАРЯ РАННЕЙ ДИАГНОСТИКЕ

По итогам шести месяцев 2025 года в Алматы сохраняется устойчивая положительная динамика по снижению смертности от онкологических заболеваний.

🔵По сравнению с 2019 годом этот показатель снизился на 30% и составил 60,2 случая на 100 тысяч населения, что ниже установленного целевого уровня и считается одним из лучших результатов в стране.

Ключевую роль в этом играет ранняя диагностика. Благодаря работе онкологической службы и активному участию организаций первичной медико-санитарной помощи (ПМСП) значительно увеличилась доля выявленных заболеваний на ранних стадиях.

🪧Так, если в 2019 году доля выявления рака на стадиях 0–I составляла 33,6%, то к середине 2025 года она достигла 39,9%.

Это лучший показатель среди всех онкологических центров Казахстана.

Кроме того, снизился уровень так называемой визуальной запущенности — случаев, когда опухоли визуально доступных локализаций обнаруживаются уже на поздних стадиях (III–IV). Если в 2019 году таких случаев было 10%, то в 2025 году — 7%. По этому важному индикатору Алматы также занимает первое место среди регионов страны.

🚀Таких результатов удалось достичь благодаря системной работе по скринингу, а также строгому соблюдению принципов «зелёного коридора» для пациентов с подозрением на онкозаболевание. Скрининг проводится в рамках работы ПМСП и направлен на раннее выявление наиболее распространённых видов рака — рака шейки матки, молочной железы и колоректального рака.

🔵За шесть месяцев текущего года охват скрининговыми обследованиями в Алматы составил в среднем 52,6% от годового плана.

🔵По раку шейки матки было обследовано более 46 тысяч женщин, выявлено 20 случаев заболевания, причём 80% из них — на первой стадии. Также обнаружено 411 предраковых состояний.

По скринингу рака молочной железы обследовано свыше 60 тысяч женщин, выявлено 104 случая рака, из которых 62,5% — на первой стадии. В рамках скрининга на колоректальный рак было обследовано 62 тысячи человек, выявлено 19 случаев заболевания, почти половина из них — также на начальной стадии. Кроме того, у более 240 человек выявлены предраковые изменения.

🔍Скрининг позволяет выявить заболевание до появления симптомов, что значительно повышает шансы пациента на эффективное лечение и полное выздоровление.

Важной частью маршрутизации пациентов остаётся соблюдение принципа «зелёного коридора» — ускоренного направления больных с онкоподозрением на обследование и консультацию. Согласно приказу Министерства здравоохранения, установлены чёткие сроки для прохождения всех этапов диагностики.

▶️Среди всех онкологических заболеваний, регистрируемых в Алматы, наиболее распространены рак молочной железы, колоректальный рак, рак лёгкого, рак предстательной железы и рак желудка.

Важно отметить, что достигнутые результаты — это итог комплексной и скоординированной работы всей системы: от первичной службы до онкоцентров, а также повышения доступности обследований, качества диагностики и информированности населения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Сарыкөл қаласының мыңнан астам тұрғыны «Саламатты Қазақстан» жобасы шеңберінде медициналық қарап-тексеруден өтті

«Саламатты Қазақстан» жылжымалы медициналық пойызы Қостанай облысы бойынша өз бағытын аяқтады. Соңғы аялдама Сарыкөл ауданы болды, онда пойыз 5 және 6 тамызда жұмыс істеді. Екі күннің ішінде дәрігерлер 1205 адамды қарап-тексерді.

🔘Сарыкөл - сегіз мыңға жуық халқы бар аудан орталығы. Тіркеуге және медициналық сақтандырудың болуына қарамастан, барлық ниет білдірушілер білікті медициналық және консультациялық көмекті тегін алды.

Медициналық пойыз - заманауи техникамен жабдықталған дербес мобилдік кешен. Оған тіркеу, диагностикалық кабинеттер, зертхана, ультрадыбыстық, ЭКГ, рентген, стоматология кабинеттері, емдеу және қарау бөлмелері кіреді. Мұнда алғашқы диагностика, зертханалық зерттеулер және профилактикалық қарап-тексерулер жүргізіледі.

🚀Бригаданың құрамында терапевт, хирург, травматолог, кардиолог, педиатр, көз дәрігері, стоматолог, ультрадыбыстық маман, мейіргерлер мен техникалық қызметкерлер жұмыс істеді.

Аудан тұрғындарына Сарыкөл аудандық ауруханасының бас дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрғожа Байкунов және медициналық пойыздың аға дәрігері Елнұр Маханов құттықтау сөз сөйледі. Н. Байкунов атап өткендей, осындай бастамалардың арқасында сапалы медициналық көмек тұрғылықты жеріне қарамастан қолжетімді болады.

⚠️Жоба ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Денсаулық сақтау министрлігінің және «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатқанын естеріңізге сала кетейік. Оның мақсаты - елдің шалғай және халқы аз елді мекендерінің тұрғындары үшін аурулардың қолжетімді диагностикасы мен алдын алуды қамтамасыз ету.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1