ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.56K videos
28 files
4.24K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ МЕН ДДҰ ӨҢІРЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КҮН ТӘРТІБІН ІЛГЕРІЛЕТУ ЖӨНІНДЕ КЕЛІСТІ

Женева қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының штаб-пәтерінде Орталық Азия елдерінің денсаулық сақтау министрлерінің ДДҰ-ның Еуропалық өңірі бойынша өңірлік директоры Ханс Клюгемен 79-шы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы алаңындағы бейресми кездесуі өтті.

Талқылаудың негізгі тақырыбы 2026–2030 жылдарға арналған Орталық Азия елдерінің денсаулығы мен әл-ауқатын қорғау жөніндегі Жол картасын (ОАЖК 2.0) одан әрі ілгерілету, сондай-ақ оны саяси тұрғыда бекіту және практикалық іске асыру тетіктері болды.

Кездесу барысында өңір елдері ОАЖК 2.0-ді іске асырудың келесі кезеңіне өтуге дайын екендіктерін растады. Оның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, денсаулық сақтау жүйелерінің орнықтылығын нығайту, төтенше жағдайларға дайындықты арттыру, кадрлық әлеуетті дамыту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы бірлескен инвестициялық бастамаларды ілгерілету мәселелері қамтылды.

Кездесуде сөз сөйлеген Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстан Жол картасын бірыңғай өңірлік денсаулық сақтау архитектурасын қалыптастырудың және Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтудің практикалық құралы ретінде қарастыратынын атап өтті.

«Бүгінде Орталық Азия өңірлік өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін және денсаулық сақтау мен орнықты даму мәселелерін бірлесіп шешуге деген ұмтылысты көрсетіп отыр. Бізде алға жылжу үшін барлық қажетті алғышарттар бар: саяси ерік, елдер арасындағы сенім, халықаралық әріптестердің қолдауы және денсаулыққа салынған инвестиция – өңірдің орнықты болашағына салынған инвестиция деген ортақ түсінік», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Кездесу барысында медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Қазақстан 1978 жылғы Aлматы-Aстана декларациясы мен 2018 жылғы Aстана декларациясы мұрасына сүйене отырып, халықаралық деңгейде МСАК қағидаттарын ілгерілетуге бейілділігін растады. Бұл құжаттар қазіргі заманғы медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесінің жаһандық негізіне айналды.

Сондай-ақ Алматы қаласындағы ДДҰ-ның Еуропалық МСАК орталығының қызметі жеке талқыланды. Бүгінде бұл орталық сараптамалық қолдау көрсету, мамандар даярлау және алғашқы медициналық-санитариялық көмектің заманауи тәсілдерін енгізу бойынша негізгі өңірлік платформалардың бірі саналады.

Кездесу шеңберінде Қазақстан МСАК бойынша елдердің жаһандық коалициясын одан әрі ілгерілетуге және ДДҰ мен халықаралық әріптестермен практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін де растады.

Талқылау қорытындысы бойынша Орталық Азия елдері мен ДДҰ 2026–2030 жылдарға арналған ОАЖК 2.0-ді саяси тұрғыда рәсімдеу және толыққанды іске қосуды қамтамасыз ету бойынша қадамдарды одан әрі үйлестіруге дайын екендіктерін мәлімдеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
СТРАНЫ ЦА И ВОЗ ДОГОВОРИЛИСЬ О ДАЛЬНЕЙШЕМ ПРОДВИЖЕНИИ РЕГИОНАЛЬНОЙ ПОВЕСТКИ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

В штаб-квартире Всемирной организации здравоохранения в Женеве состоялась неформальная встреча министров здравоохранения стран Центральной Азии с Региональным директором ВОЗ по Европейскому региону Ханс Клюге на полях 79-й Всемирной ассамблеи здравоохранения.

Ключевой темой обсуждения стало дальнейшее продвижение Дорожной карты по охране здоровья и благополучию стран Центральной Азии на 2026–2030 годы (ДКЦА 2.0), а также механизмы её политического утверждения и практической реализации.

В ходе встречи страны региона подтвердили готовность перейти к следующему этапу реализации ДКЦА 2.0, включая развитие первичной медико-санитарной помощи, укрепление устойчивости систем здравоохранения, повышение готовности к чрезвычайным ситуациям, развитие кадрового потенциала, а также продвижение совместных инвестиционных инициатив в сфере здравоохранения.

Выступая на встрече, министр здравоохранения Акмарал Альназарова отметила, что Казахстан рассматривает Дорожную карту как практический инструмент формирования единой региональной архитектуры здравоохранения и расширения сотрудничества стран Центральной Азии.

«Сегодня Центральная Азия демонстрирует высокий уровень регионального взаимодействия и стремление к совместному решению вопросов здравоохранения и устойчивого развития. У нас есть всё необходимое для движения вперёд: политическая воля, доверие между странами, поддержка международных партнёров и общее понимание того, что инвестиции в здоровье – это инвестиции в устойчивое будущее региона», – подчеркнула глава ведомства.

Особое внимание в ходе встречи было уделено развитию первичной медико-санитарной помощи. Казахстан подтвердил приверженность продвижению принципов ПМСП на международном уровне, опираясь на наследие Алма-Атинской декларации 1978 года и Астанинской декларации 2018 года, ставших глобальной основой современной системы первичной медико-санитарной помощи.

Отдельно обсуждалась деятельность Европейского центра ВОЗ по ПМСП в Алматы, который сегодня является одной из ключевых региональных платформ по экспертной поддержке, подготовке специалистов и внедрению современных подходов к первичной медико-санитарной помощи.

В рамках встречи Казахстан также подтвердил заинтересованность в дальнейшем продвижении Глобальной коалиции стран по ПМСП и расширении практического сотрудничества с ВОЗ и международными партнёрами.

По итогам обсуждения страны Центральной Азии и ВОЗ подтвердили готовность к дальнейшей координации шагов по политическому оформлению и запуску полноценной реализации ДКЦА 2.0 на период 2026–2030 годов.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ 103 ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ТОП-5 ЦИФРЛЫҚ ШЕШІМ

ЭКГ телеметриясы, жедел жәрдем шақыруға арналған Telegram-бот, реанимобильдерді GPS арқылы бақылау, дәрілік заттарды автоматтандырылған есепке алу және бейнежетондар — Павлодар облысының жедел медициналық жәрдем қызметі жеделдікті, қауіпсіздікті және медициналық көмектің сапасын арттыру үшін цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастыруда.

Телеметрия функциясы бар ЭКГ жүйесінің арқасында облыстық кардиоорталықтың мамандары пациенттің жағдайын стационарға жеткізілгенге дейін нақты уақыт режимінде бағалай алады. Telegram-бот 103 байланыс желісіне түсетін жүктемені азайтуға көмектессе, дәрілік заттарды бақылау жүйесі препарат қорын қадағалап, олардың тапшылығы қаупін төмендетуге мүмкіндік береді.

Цифрландырудың шұғыл медициналық көмектің жылдам әрі тиімді жұмыс істеуіне қалай ықпал етіп жатқаны туралы станция басшысының орынбасары Ирина Мищенко, инженерлік-техникалық қызметтің жетекшісі Серік Ишманов және фармацевт Ерлан Бухпанов баяндайды.

⚜️⚜️⚜️

ТОП-5 ЦИФРОВЫХ РЕШЕНИЙ ПАВЛОДАРСКОЙ СЛУЖБЫ 103

Телеметрия ЭКГ, Telegram-бот для вызова скорой помощи, GPS-мониторинг реанимобилей, автоматизированный учет лекарств и видеожетоны — павлодарская служба скорой помощи продолжает внедрять цифровые решения для повышения оперативности, безопасности и качества медицинской помощи.

Благодаря ЭКГ с функцией телеметрии специалисты областного кардиоцентра могут в режиме реального времени оценивать состояние пациента еще до прибытия в стационар. Telegram-бот помогает разгружать телефонную линию 103, а система контроля лекарств позволяет отслеживать запасы препаратов и минимизировать риски их дефицита.

О том, как цифровизация помогает экстренной медицине работать быстрее и эффективнее, рассказывают заместитель руководителя станции Ирина Мищенко, руководитель инженерно-технической службы Серик Ишманов и фармацевт Ерлан Бухпанов.
ҚАЗАҚСТАН РЕВМАТОЛОГТАРЫНЫҢ IX КОНГРЕСІ ЖӘНЕ APLAR-QCR САММИТІ АЛМАТЫДА ӘЛЕМНІҢ ЖЕТЕКШІ САРАПШЫЛАРЫН БІРІКТІРДІ

⚜️ Алматы қаласында Қазақстан ревматологтарының IX конгресі және APLAR-QCR саммиті (Азия-Тынық мұхиты ревматологтар қауымдастықтары лигасы және Қазақ ревматология колледжі) өтті. Ауқымды халықаралық алаң ревматология саласындағы жетекші ғалымдарды, практик дәрігерлерді, жас зерттеушілер мен әлемнің 15-тен астам елінен келген сарапшыларды біріктірді.

🔹 Іс-шараны Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты мен Қазақ ревматология колледжі ұйымдастырды. Форумға қатысушылар ревматологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін, инновациялық технологияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

«Бүгінде ревматологиялық аурулар пациенттердің өмір сапасына, еңбекке қабілеттілігіне және белсенді өмір сүру ұзақтығына елеулі әсер ететін маңызды медициналық-әлеуметтік мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан ревматологиялық қызметті дамыту ғылыми әлеуетті, инновациялық технологиялар мен халықаралық ынтымақтастықты біріктіретін заманауи пәнаралық тәсілдерді талап етеді», — деді онлайн форматта форум қатысушыларына Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.


✔️ Ол Саммитке қатысушылардың кең халықаралық құрамы қазақстандық ревматология мектебіне деген жоғары сенімді және отандық медицинаның жетістіктерін халықаралық кәсіби қауымдастықтың мойындауын көрсететінін атап өтті.

Сондай-ақ 2029 жылы Қазақстанда APLAR жаһандық конгресін өткізу туралы шешім ерекше аталып өтті. Бұл отандық денсаулық сақтау жүйесі мен ғылыми қауымдастық үшін маңызды оқиға болды.


⚡️ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінде елде ревматологиялық қызметті дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының базасында Республикалық ревматологиялық орталық құрылды, өңірлерде 14 мамандандырылған орталық ашылды, ревматоидты артритке шалдыққан пациенттердің бірыңғай цифрлық тіркелімін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ бейінді мамандарды даярлау жалғасуда.

Атқарылып жатқан жұмыстар оң нәтижелерін көрсетуде. 2024–2025 жылдардың қорытындысы бойынша Қазақстанда сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін ауруларының сырқаттанушылық көрсеткіші 3,8 пайызға төмендеді.

Форумның ғылыми бағдарламасына пленарлық отырыстар, мастер-кластар, пікірталас сессиялары және жас ғалымдар секциялары кірді. Жас ревматологтардың клиникалық және көшбасшылық құзыреттерін дамытуға, цифрлық шешімдерді енгізуге және халықаралық кәсіби өзара іс-қимылды кеңейтуге ерекше назар аударылды.

🔗 Саммит шеңберінде 2029 жылғы APLAR конгресіне дайындық мәселелері де талқыланды. Күтіліп отырғандай, бұл конгресс әлемнің 80-нен астам елінен өкілдер мен 2 мыңнан астам ревматологты жинамақ.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
IX КОНГРЕСС РЕВМАТОЛОГОВ КАЗАХСТАНА И САММИТ APLAR-QCR ОБЪЕДИНИЛИ В АЛМАТЫ ВЕДУЩИХ МИРОВЫХ ЭКСПЕРТОВ

⚜️ В Алматы состоялись IX Конгресс ревматологов Казахстана и Саммит APLAR-QCR (Азиатско-Тихоокеанская лига ассоциаций ревматологов и Казахская коллегия ревматологии), которые стали международной площадкой для взаимодействия ведущих ученых, практикующих врачей, молодых исследователей и экспертов в области ревматологии из более чем 15 стран мира.

🔹 Организаторами мероприятия выступили Научно-исследовательский институт кардиологии и внутренних болезней и Казахская коллегия ревматологии. Участники форума обсудили современные подходы к диагностике и лечению ревматологических заболеваний, внедрение инновационных технологий и развития международного сотрудничества.

«Сегодня ревматологические заболевания остаются одной из важнейших медико-социальных проблем, оказывающих существенное влияние на качество жизни пациентов, их трудоспособность и продолжительность активной жизни. Именно поэтому развитие ревматологической службы требует современных междисциплинарных подходов, объединения научного потенциала, инновационных технологий и международного сотрудничества», — обратился к участникам в онлайн-формате первый вице-министр здравоохранения Тимур Султангазиев.



✔️ Он подчеркнул, что широкий международный состав участников Саммита свидетельствует о высоком уровне доверия к казахстанской ревматологической школе и признании достижений отечественной медицины международным профессиональным сообществом.

Отдельно было отмечено решение о проведении Глобального конгресса APLAR в 2029 году в Казахстане, что стало значимым событием для отечественной системы здравоохранения и научного сообщества.


⚡️ В Министерстве здравоохранения РК отметили, что в стране проводится последовательная работа по развитию ревматологической службы. На базе НИИ кардиологии и внутренних болезней создан Республиканский ревматологический центр, в регионах открыты 14 специализированных центров, ведется работа по созданию единого цифрового регистра пациентов с ревматоидным артритом, а также продолжается подготовка профильных специалистов.

Проводимая работа уже демонстрирует положительные результаты.
По итогам 2024–2025 годов показатель заболеваемости болезнями костно-мышечной системы и соединительной ткани в Казахстане снизился на 3,8 процента.

Научная программа форума включила пленарные заседания, мастер-классы, дискуссионные сессии и секции молодых ученых. Особое внимание было уделено развитию клинических и лидерских компетенций молодых ревматологов, внедрению цифровых решений и расширению международного профессионального взаимодействия.

🔗 В рамках Саммита также обсуждались вопросы подготовки к проведению Конгресса APLAR 2029, который, как ожидается, соберет представителей более чем 80 стран мира и свыше 2 тысяч ревматологов.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Мемлекеттің жүйелі қолдауы мен Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асырып жатқан шаралардың нәтижесінде Қазақстандағы отандық дәрі-дәрмек өндірушілерінің үлесі заттай көрсеткіш бойынша 39,8%-ға жетті.

Бұл деректер дәрілік заттарды таңбалау және қадағалау жүйесі арқылы расталды, бұл жүйе нарықтың нақты құрылымын көруге мүмкіндік беріп, дәрілік препараттар айналымының ашықтығын қамтамасыз етеді.

Бұл туралы вице-министр Тимур Мұратов Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің «Фармацевтика индустриясын дамыту перспективалары» тақырыбындағы көшпелі отырысында мәлімдеді.

Бүгінде Қазақстанның көрсеткіштері Германия, Франция және АҚШ секілді бірқатар дамыған елдердің деңгейімен салыстыруға келеді. Бұл — отандық өндірісті дамыту, локализацияны қолдау, ұзақмерзімді келісімшарттар жасау, реттеу тетіктерін жетілдіру және салаға инвестиция тарту бағытындағы жүйелі жұмыстың нәтижесі.

2025 жылдың соңынан бері Қазақстанда фармацевтика саласында жалпы сомасы шамамен 360 млрд теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық келісім жасалды. Жаңа жобалардың шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық өнімдердің 500-ге жуық жаңа түрін өндіруді іске қосу, сондай-ақ мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.


Өзіміздің фармацевтикалық өндірісті дамыту — бұл тек экономика мен инвестиция мәселесі ғана емес. Бұл — елдің дәрілік қауіпсіздігі, денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығы және азаматтарды сапалы препараттармен қамтамасыз ету мәселесі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
https://instagram.com/healthcare.gov.kz