Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі балалардың денсаулығын сақтау бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың қорытындыларын шығарып, балалар денсаулығын сақтау жүйесін дамытудың алдағы басымдықтарын айқындайды.
Балалардың денсаулығын сақтау мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді. Балаларға медициналық көмек тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде тегін көрсетіледі.
Соңғы бес жылдың ішінде балалар денсаулығын сақтау саласын қаржыландыру 264 млрд теңгеден 585 млрд теңгеге дейін екі еседен астам артты. Бүгінде балаларға көрсетілетін медициналық көмектің шығыны сала бюджетінің 23%-ын құрайды.
«Бүгінде Қазақстанның әрбір үшінші тұрғыны — бала. Біздің міндетіміз тек қолжетімді медициналық көмекті қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар баланың өмірінің алғашқы күндерінен бастап оның дені сау әрі қауіпсіз дамуына жағдай жасау. Біз педиатриялық қызметті кезең-кезеңімен нығайтып, жоғары технологиялық көмекті дамытып, профилактикалық бағдарламаларды кеңейтіп, балалар медицинасының инфрақұрылымын жаңғыртып келеміз. Денсаулық сақтау саласындағы барлық шешімдер ең алдымен балалардың денсаулығы мен әл-ауқатына бағытталуы тиіс», — деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Алдын алу және ауруларды ерте анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Патронаждық бақылау жүйесі жүкті әйелдерді босануға дейінгі қадағалауды және бес жасқа дейінгі балаларды тұрақты сүйемелдеуді қамтиды. Бүгінде алғашқы буын деңгейінде шамамен 4 мың патронаждық мейіргер жұмыс істейді.
Балаларға жоғары технологиялық медициналық көмекті дамыту да басым бағыттардың бірі болып отыр. Соңғы екі жылдың ішінде 36 балаға «Гамма-пышақ» кешенін пайдалана отырып радиохирургиялық операция жасалды. Жыл сайын шамамен 400 балаға есту импланттары орнатылады, 700-ге жуық шала туған нәресте ретинопатиядан ем алады, 2 мыңнан астам балаға кардиохирургиялық көмек көрсетіледі.
Елде заманауи перинаталдық технологиялар енгізіліп, неонаталдық реанимация дамуда және медициналық көмекті өңірлендіру жүйесі жетілдірілуде. Осы шаралардың арқасында хирургиялық араласудан кейін нәрестелердің өмір сүру көрсеткіші 88%-дан 93%-ға дейін артты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Балалар онкогематологиялық көмегін дамытуға ерекше назар аударылуда. Медициналық ұйымдарда иммуногистохимия, иммунофенотиптеу, жоғары дозалы химиотерапия және орган сақтаушы хирургиялық технологиялар сияқты заманауи диагностикалық және емдеу әдістері енгізілуде.
Профилактикалық медицинаны дамыту да маңызды бағыт болып қала береді. Балаларға туғаннан бастап неонаталдық, аудиологиялық, офтальмологиялық және даму скринингтері жүргізіледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша неонаталдық скринингпен қамту 96%-ға, аудиологиялық скрининг 87%-ға, даму скринингі 90%-ға жетті.
Балалардың стоматологиялық денсаулығына ерекше көңіл бөлінуде. «Болашаққа – сау тіспен» бағдарламасы шеңберінде барлық мектептерде тіс дәрігерлік тексерулер мен тісжегі профилактикасы енгізілді. 2025 жылы 125 мектеп стоматологиялық кабинеті ашылды.
Жасөспірімдерді қолдау үшін жастар денсаулық орталықтарының желісі дамып келеді. Бүгінде елде 10–18 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерге профилактикалық, психологиялық және консультациялық көмек көрсететін 85 жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді.
Министрдің айтуынша, балалар денсаулығын сақтау жүйесін одан әрі дамыту Мемлекет басшысының тапсырмасымен әзірленген «Қазақстан балалары» 2026–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылады.
«Балалар санының артуы жаңа тәсілдер мен жүйелі шешімдерді талап етеді. Бүгін біз профилактиканы күшейту, мектеп медицинасы мен скринингтерді жетілдіру, патронажды дамыту, балалардың психикалық денсаулығын қолдау және өңірлердің арасындағы қолжетімділік теңсіздігін азайту міндеттерін қойып отырмыз. Осы бағыттар «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының негізін құрайды», — деді Ақмарал Әлназарова.
Тұжырымдама профилактикалық медицинаны дамыту, скрининг бағдарламаларын жетілдіру, балалардың ерте дамуын қолдау, мектеп денсаулығын нығайту, иммундаумен қамтуды арттыру және тұрғылықты жеріне қарамастан медициналық көмектің тең қолжетімділігін қамтамасыз ету шараларын қамтиды.
Бұл шаралардың кешенді іске асырылуы балалар мен нәрестелер өлімінің көрсеткіштерін одан әрі жақсартуға, мамандандырылған көмекке қолжетімділікті кеңейтуге және Қазақстандағы әрбір баланың дені сау дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Международный день защиты детей Министерство здравоохранения Республики Казахстан подводит итоги проводимой работы по охране здоровья детей и обозначает дальнейшие приоритеты развития детского здравоохранения.
Охрана здоровья детей остается одним из ключевых приоритетов государственной политики. Медицинская помощь детям оказывается бесплатно в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и системы обязательного социального медицинского страхования.
За последние пять лет финансирование детского здравоохранения увеличилось более чем в два раза — с 264 млрд до 585 млрд тенге. Сегодня расходы на медицинскую помощь детям составляют 23% от общего бюджета отрасли.
«Сегодня каждый третий житель Казахстана — ребенок. Наша задача заключается не только в обеспечении доступной медицинской помощи, но и в создании условий для здорового и безопасного развития детей с первых дней жизни. Мы последовательно укрепляем педиатрическую службу, развиваем высокотехнологичную помощь, расширяем профилактические программы и модернизируем детскую медицинскую инфраструктуру. Все решения в сфере здравоохранения должны работать на главную цель – это здоровье и благополучие наших детей», — отметила министр здравоохранения Акмарал Альназарова.
Особое внимание уделяется профилактике и раннему выявлению заболеваний. Система патронажного наблюдения включает дородовые посещения беременных женщин и регулярное сопровождение детей до пяти лет. Сегодня на уровне первичного звена работают около 4 тысяч патронажных медицинских сестер.
Одним из приоритетов остается развитие высокотехнологичной медицинской помощи детям. За последние два года 36 детям проведены радиохирургические операции с использованием комплекса «Гамма-нож». Ежегодно около 400 детей получают слуховые импланты, порядка 700 недоношенных новорожденных проходят лечение ретинопатии, более 2 тысяч детей получают кардиохирургическую помощь.
В стране внедряются современные перинатальные технологии, развивается неонатальная реанимация и совершенствуется система регионализации медицинской помощи. Благодаря этим мерам выживаемость младенцев после хирургических вмешательств увеличилась с 88% до 93%.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM