Қазақстанда денсаулық сақтау инфрақұрылымын жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. 2023–2025 жылдар аралығында елімізде 813 денсаулық сақтау нысаны, оның 655-і ауылдық жерлердегі медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету нысаны салынды.
Ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру халыққа медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат шеңберінде жүзеге асырылуда.
Ауылдық денсаулық сақтауды дамытуға ерекше назар аударылуда. Бұрын медициналық көмек көрсетілмеген елді мекендерде 200-ден астам жаңа медициналық нысан ашылды.
Сонымен қатар, елімізде аудандық ауруханаларды жаңғырту, көпбейінді стационарлар, емханалар, перинаталдық орталықтар мен ұлттық медициналық орталықтар салу жұмыстары жалғасуда.
Қайтарылған активтердің есебінен құрылған Арнаулы мемлекеттік қордан 2024–2026 жылдары денсаулық сақтау нысандарын салуға қосымша 157,1 млрд теңге бағытталды.
Өңірлік деңгейде де медициналық инфрақұрылымды ауқымды жаңарту жүргізілуде – көпбейінді және аудандық ауруханалар, заманауи емханалар мен алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету нысандары салынуда.
Қазіргі уақытта елімізде инфрақұрылымды жаңғыртудың келесі кезеңі жүзеге асырылуда. 2026 жылдың соңына дейін 32 аудандық орталық аурухананы жаңартып, оларды көпбейінді аудандық ауруханалар деңгейіне жеткізу жоспарланған.
Медициналық ұйымдар компьютерлік томографтар мен ангиографтарды қоса алғанда, заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілуде.
Қабылданып жатқан шаралар шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру және мамандандырылған ем көрсету уақытын қысқарту есебінен инсульт пен инфаркттан болатын өлім-жітімді шамамен 20%-ға төмендетуге мүмкіндік береді деп күтілуде.
Қазірдің өзінде Астана қаласында перинаталдық орталықтың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар Шымкент қаласында, Алматы облысының Қаскелең қаласында, Қарағанды қаласында және Түркістан облысының Темірлан ауылында төрт перинаталдық орталықтың жобалау жұмыстары аяқталды. Астана, Алматы, Қызылорда және Орал қалаларында да жаңа жобалар бастамашылық етілді.
Бұдан бөлек, халықаралық қаржы ұйымдарын тарта отырып, 10 көпбейінді балалар стационарын салу мәселесі пысықталуда.
Инфрақұрылымды дамыту бүгінде медициналық нысандарға деген қажеттілікті, олардың қуаттылығы мен бейінін ескере отырып, жүйелі негізде жүргізілуде. Бұл нүктелік құрылыстан денсаулық сақтау желісін ұзақ мерзімді әрі теңгерімді дамытуға көшуге мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бүгінде жүзеге асырылып жатқан барлық нысандар денсаулық ма сақтау саласының жаңартылған құрылыс стандарттарына, сондай-ақ медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын халықаралық талаптарға (JCI және iHFG стандарттары) сәйкес салынып жатқанын айта кету керек. Бұл тиімді логистикасы, инфекциялық бақылау жүйесі және жоғары технологиялық медициналық көмекті енгізуге қолайлы жағдайлары бар заманауи медициналық мекемелер құруға мүмкіндік береді.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, инфрақұрылымды дамыту қазіргі уақытта демографиялық үрдістерді, өңірлердің қажеттіліктерін және медициналық көмектің сапасын арттыру міндеттерін ескере отырып, ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау негізінде жүзеге асырылуда.
✅ Жүргізіліп жатқан жұмыстың басты нәтижесі – халық үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру, қала мен ауыл арасындағы алшақтықты қысқарту және пациентке бағдарланған заманауи денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру болып табылады.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, инфрақұрылымды дамыту қазіргі уақытта демографиялық үрдістерді, өңірлердің қажеттіліктерін және медициналық көмектің сапасын арттыру міндеттерін ескере отырып, ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау негізінде жүзеге асырылуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM