Қарағанды қаласындағы №2 көпбейінді ауруханасының базасында Теміртау қаласынан келген бес айлық сәбиге жүректің ауыр туа біткен кемістігіне байланысты күрделі операция сәтті жасалды.
Ашық жүрекке жасалатын күрделі операциялар мультидисциплинарлық мамандар тобының қатысуын талап етеді. Осыған байланысты Қарағандыға UMC Жүрек орталығының мамандары келіп, операцияны №2 көпбейінді аурухананың балалар кардиохирургиясы бөлімшесінің қызметкерлерімен бірлесіп жүргізді.
Операция барысында кардиохирургтер жүрек кемістігін түбегейлі түзету жұмыстарын жүргізді. Мамандар жүрекшелер арасындағы қалқан кемістігін пациенттің өз перикард тінінен дайындалған жамаумен пластикалады, қарыншалар арасындағы қалқан кемістігін тігіп жапты, сондай-ақ митралды қақпақшаға түзету (пластика) жасады. Операция қатар жүретін өкпелік гипертензия аясында жүргізілгендіктен, емдеудің барлық кезеңдерінде ерекше дәлдік пен мұқият бақылауды талап етті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
Простые шаги к большой экономии.
• Использование стакана воды при чистке зубов вместо постоянно включенного крана позволяет экономить 6300 литров воды в год.
• Выбор непродолжительного душа вместо принятия ванны помогает сохранить до 15 600 литров воды ежегодно.
• Мытье овощей и фруктов в отдельной емкости, а не под проточной водой, обеспечивает экономию до 1500 литровводы в год.
• Полная загрузка техники. Использование стиральной и посудомоечной машин только при полной загрузке позволяет сэкономитьдо 35 000 литров воды в год для семьи из 6 человек.
• Установка двухрежимного сливного бачкапомогает экономить до 6000 литров воды в год, а сенсорных смесителей - до 4500 литров.
• Регулярная проверка кранов и сантехнического оборудования позволяет снизить потребление воды на 10%. Даже небольшая протечка может привести к потере до 100 литров воды в сутки.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Үлкен үнемдеуге апаратын қарапайымқадамдар.
• Тіс тазалағандашүмекті үнемі ағызып қоймай, суды стақанға құйып пайдалану жылына 6300 литр суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
• Ванна қабылдаудың орнына қысқа уақыттықдушты таңдау жыл сайын 15 600 литрге дейін суды сақтауға көмектеседі.
Жеміс-жидек пен көкөністі ағынды судыңастында емес, бөлек ыдысқа салып жуу жылына1500 литрге дейін суды үнемдеуді қамтамасызетеді.
• Тұрмыстық техниканы толық жүктеу. Кіржуғыш және ыдыс жуғыш машиналарды тек толықтолған кезде ғана пайдалану 6 адамнан тұратынотбасы үшін жылына 35 000 литрге дейін суды үнемдеуге мүмкіндік береді.
• Екі режимді су төгу багын орнату жылына 6000 литрге дейін, ал сенсорлы шүмектерді орнату — 4500 литрге дейін суды үнемдеуге көмектеседі.
Шүмектер мен сантехникалық жабдықтардыжүйелі түрде тексеріп тұру су тұтынуды 10%-ғаазайтуға мүмкіндік береді. Тіпті кішкентай ғана су ағудың өзі тәулігіне 100 литрге дейін судың шығынболуына әкеп соғуы мүмкін.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Такие истории благодарности ещё раз напоминают о важности и высокой миссии медицинских работников, которые ежедневно помогают людям, сохраняют здоровье и дарят надежду.
#МойЛюбимыйВрач #МеніңСүйіктіДәрігерім #НКЦЭМ #ДеньМедицинскогоРаботника
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мұндай алғысқа толы оқиғалар медицина қызметкерлерінің күнделікті адамдарға көмектесіп, денсаулықты сақтап, үміт сыйлайтын жоғары миссиясын тағы да айқындай түседі.
#МеніңСүйіктіДәрігерім #МойЛюбимыйВрач #НКЦЭМ #МедицинаҚызметкеріКүні
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Еңбек жолын Жастар практикасы аясында бастап, тәжірибе жинақтаған олар 2023 жылдан бері Қордай аудандық орталық ауруханасында мейірбике болып қызмет атқарады. Қазіргі таңда екеуі де терапия бөлімшесінде науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетіп келеді.
#МеніңСүйіктіДәрігерім
#МойЛюбимыйДоктор
#ДеньМедицинскогоРаботника
#МедицинаҚызметкерлеріКүні
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
В рамках масштабной программы реновации областных больниц в регионах страны уже открыты 23 отделения по востребованным терапевтическим профилям.
Проект реализуется в рамках Концепции развития инфраструктуры здравоохранения на 2024–2030 годы и направлен на повышение доступности специализированной медицинской помощи для жителей регионов.
Так, на сегодняшний день уже открыто: 7 ревматологических отделений, 4 пульмонологических, 6 гастроэнтерологических, 2 гематологических, 3 эндокринологических, 2 нефрологических и 2 кардиологических отделения.
По итогам 1 квартала 2026 года в областных и городских стационарах страны пролечено 59 895 пациентов. При этом число пациентов, получивших лечение в стационарах областного уровня, увеличилось на 1337 человек по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.
✅Министерством здравоохранения с начала 2026 года принята и реализуется Программа реновации областных больниц, которая является частью масштабной модернизации системы здравоохранения и направлена на создание современной сети медицинских организаций, способных обеспечивать качественную, безопасную и доступную специализированную помощь жителям всех регионов страны.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
Еліміздің өңірлеріндегі облыстық ауруханаларды ауқымды жаңғырту бағдарламасы шеңберінде сұранысқа ие терапиялық бағыттар бойынша 23 жаңа бөлімше ашылды.
Жоба 2024–2030 жылдарға арналған денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылып, өңір тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Бүгінгі күні олардың ішінде: 7 ревматология бөлімшесі; 4 пульмонология бөлімшесі; 6 гастроэнтерология бөлімшесі; 2 гематология бөлімшесі; 3 эндокринология бөлімшесі; 2 нефрология бөлімшесі; 2 кардиология бөлімшесі ашылды.
Сонымен қатар пульмонологиялық, неврологиялық, оториноларингологиялық, оңалту, травматологиялық және паллиативтік көмекті кеңейту көзделген.
2026 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша еліміздің облыстық және қалалық стационарларында 59 895 пациент ем қабылдады. Бұл ретте облыстық деңгейдегі стационарларда емделген пациенттер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 337 адамға артты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
№2 Талдықорған қалалық емханасының Еркін дәрігерлік амбулаториясында дәрігер Алтаева Индира Батырханқызының бақылауында болып, ем қабылдаған Байжолова Күміс Баймұхашқызы өз алғысын білдірді.
Өз кезегінде Байжолова Күміс Баймұхашқызы медициналық қызметтің сапасына ризашылығын білдіріп, Алтаева Индира Батырханқызына адал еңбегі, жауапкершілігі және пациент денсаулығына деген жанашырлығы үшін шынайы алғысын жеткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Рационалды дәрілік терапия қазіргі стационарлық медицинадағы пациент қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Дәрілік препараттарды тағайындаудағы, дозалаудағы және олардың өзара әрекеттесуіндегі қателіктер клиникалық нәтижелерге тікелей әсер етіп, ауыр жағымсыз реакциялардың дамуына әкелуі мүмкін.
Оның қызметі дәрілік терапияны жүйелі бақылауға және клиникалық талдауға бағытталған. Бұл тағайындаулардың негізділігін бағалауды, олардың клиникалық хаттамаларға сәйкестігін, дозалаудың дұрыстығын және дәрілік препараттардың ықтимал өзара әрекеттесуін талдауды қамтиды.
Дәрілік қателіктердің алдын алуға ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, бірдей әсер ететін препараттарды қатар тағайындау, бактерияға қарсы және зеңге қарсы терапияны негізсіз қолдану, сондай-ақ нақты көрсетілімдерсіз дәрілік заттарды пайдалану жағдайларының алдын алу жұмыстары жүргізіледі.
«Дәрілік терапия – жоғары жауапкершілікті талап ететін сала. Әрбір тағайындау клиникалық тұрғыдан негізделген, қауіпсіз және дәлелді медицина қағидаттарына сәйкес болуы тиіс. Біздің міндетіміз – тәуекелдерді барынша азайтып, пациентке мүмкіндігінше қауіпсіз ем жүргізуді қамтамасыз ету», – дейді клиникалық фармаколог.
#МеніңСүйіктіДәрігерім
#МойЛюбимыйДоктор
#ДеньМедицинскогоРаботника
#МедицинаҚызметкеріКүні
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Рациональная лекарственная терапия является одним из ключевых факторов безопасности пациента в современной стационарной медицине. Ошибки в назначениях, дозировках и лекарственных взаимодействиях напрямую влияют на клинические исходы и могут приводить к развитию серьёзных нежелательных реакций.
Её деятельность направлена на системный контроль и клинический анализ лекарственной терапии, включая оценку обоснованности назначений, соответствия клиническим протоколам, корректности дозирования и потенциальных лекарственных взаимодействий.
Особое внимание уделяется предотвращению лекарственных ошибок, включая дублирование препаратов, необоснованное назначение антибактериальной и противогрибковой терапии, а также применение лекарственных средств без строгих показаний.
«Лекарственная терапия — это зона повышенной ответственности. Каждое назначение должно быть клинически обосновано, безопасно и соответствовать принципам доказательной медицины. Наша задача – минимизировать риски и обеспечить пациенту максимально безопасное лечение», – отмечает клинический фармаколог.
#МеніңСүйіктіДәрігерім
#МойЛюбимыйДоктор
#ДеньМедицинскогоРаботника
#МедицинаҚызметкерлеріКүні
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сондықтан онколог дәрігерлер пациенттерге жиі психоәлеуметтік қолдау да көрсетеді.
Обырмен күресте жақындарының қолдауы мен жағымды көңіл күйді сақтаудың маңызы туралы жоғары санаттағы онколог дәрігер Айша Молдашева баяндайды.
https://youtu.be/lGkusxNhs8U?si=HTpdepykcivP7LX4
Важным аспектом является и психологический настрой.
Поэтому онкологи также часто оказывают и психосоциальную помощь.
О степени влияния поддержки окружения и сохранения позитивного настроя в борьбе с раком рассказывает врач-онколог высшей категории Айша Молдашева.
https://youtu.be/lGkusxNhs8U?si=HTpdepykcivP7LX4
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
Дағыстаннан келген сүйек кемігінің доноры үш жыл бұрын өмір сүруге мүмкіндік сыйлаған 7 жастағы баламен алғаш рет Алматыда кездесті. Бұл – сүйек кемігі доноры мен реципиенттің алғашқы халықаралық кездесуі.
2023 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында пациентке гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау операциясы жасалды. Үйлесімді донор Ресей Федерациясының тіркелімінен табылып, дәл осы шешім баланың өмірін сақтап қалып, оның өсіп-жетілуіне мүмкіндік берді.
– Пациент орталыққа түскен кезде дәрігерлер оған «Жүре пайда болған апластикалық анемия. Өте ауыр түрі» деген соңғы клиникалық диагноз қойды. Реципиент пен оның бауырына HLA-типтеу жүргізілді. Өкінішке қарай, туыстарының арасынан үйлесімді донор табылмады. Осыған байланысты туыстық байланысы жоқ донорды іздеу процесі басталып, ол Ресейден табылды. Кейін гемопоэздік дің жасушаларын аллогендік трансплантаттау жасалды. Бүгінде арада үш жыл өтті, баланың жағдайы қанағаттанарлық, – деді гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау бөлімшесінің меңгерушісі Ерғали Сәрсекбаев.
Кездесу барысында Ахмет пен Абдулла ер азаматтарға тән сабырлылықпен қол алысып, кейін бір-бірін құшақтады. Ал Абдулланың анасы толқуын жасыра алмай, көз жасына ерік берді.
– Рақмет саған, Ахмет! Үлкен рақмет! – деді 7 жасар Абдулла Яхияров өзін құтқарған, генетикалық тұрғыдан ең жақын адамын құшақтап.
– Нағыз батырлар – осы кездесудің өтуіне себеп болған барлық дәрігерлер. Дағыстанда да, Қазақстанда да еңбек еткен мамандарға алғысым шексіз. Мен тек себепкер болдым. Құдіреті күшті Алла мені осы балаға көмектесу үшін таңдады, – деді Дағыстаннан келген 30 жастағы Ахмет Абдуллаев қарапайымдылықпен.
– Трансплантация жасау қарқыны жылдан-жылға артып келеді. 2025 жылы Балалар онкологиясы және гематологиясы орталығында 2500-ден астам бала ем қабылдады. Барлығы 58 трансплантация жасалды, оның ішінде 18 аутологиялық, 8 гаплоидентті және 31 гемопоэздік дің жасушаларын аллогендік трансплантаттау, сондай-ақ туыстық байланысы жоқ донорлардан 12 трансплантаттау орындалды, – деп атап өтті кездесуде Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Балалар онкологиясы мен гематологиясы республикалық орталығының басшысы Гүлнара Әбділова.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев өңірдегі бірқатар медициналық нысандарды аралап, сондай-ақ Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.
Бұдан кейін ол Қарабұлақ ауылындағы аурухана кешені базасында орналасқан жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының қызметімен танысты. Сапар барысында мобильдік бригадалардың жұмысы, медициналық көмекті жедел көрсету және қызметті қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.
Ол ведомство тарапынан медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, жалпы практика дәрігерлеріне түсетін жүктемені азайтуға бағытталған шаралар іске асырылды. Бұл пациенттердің өздігінен жазылу мүмкіндігін жақсартып, қабылдау кестесінің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.
«Жалпы практика дәрігерлерінің қабылдау уақыты 4 сағаттан 6 сағатқа дейін ұлғайтылды. Дәрігерді үйге шақыру қызметі мобильдік бригадаларға берілді. Шұғыл көмек кабинеттері ашылды. Қазіргі уақытта Жетісу облысында 28 мобильдік бригада және 21 шұғыл көмек кабинеті жұмыс істейді. Рецепттер жазу, зерттеулерге жолдама беру сияқты дәрігердің күнделікті функциялары мейіргерлерге жүктеліп, мейіргердің дербес қабылдауы енгізілді. Сонымен қатар дәрігерге онлайн жазылу жүйесі іске қосылып, пациенттің медициналық ұйымдағы жүру бағыты оңтайландырылды», – деді ол.
Сондай-ақ ведомство аурулардың алдын алу мен оларды ерте анықтауға ерекше көңіл бөлуде. Осы мақсатта 2025 жылдан бастап скринингтік бағдарламалар кеңейтілді. Атап айтқанда, нысаналы топтың жас шегі 76 жасқа дейін ұлғайтылып, инсульттің даму қаупін ерте анықтауға арналған скрининг енгізілді және басқа да шаралар жүзеге асырылуда.
Бірінші вице-министр жоспарлы емдеуге жатқызуды күту мерзімінің ұзақтығы өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін 34 облыстық көпбейінді аурухана мен 19 облыстық перинаталдық орталықты жаңғырту бағдарламасы іске асырылуда.
«Бүгінде Жетісу облысында әрқайсысы 10 төсекке есептелген пульмонология, нефрология және гастроэнтерология бөлімшелері ашылды», – деді вице-министр.
Кездесу барысында онкологиялық қызметті дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Өңірде диспансерлік есепте тұрған пациенттердің саны жыл сайын артып отырғандықтан, Талдықорған қаласында «2023–2027 жылдарға арналған онкологиялық қызметті жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде онкологиялық диспансер салу жоспарланған.
Іс-шара соңында өңір тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, денсаулық сақтау саласындағы өзекті тақырыптар бойынша түсініктемелер алды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
