ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.56K videos
28 files
4.23K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤩🤩Табиғат егіз етіп жаратқан Айзада мен Нұрзада Табиевалар бүгінде Қордай аудандық орталық ауруханасында қатар қызмет атқарып жүрген жас мамандар. 2001 жылы Қордай ауданында дүниеге келген егіз арулар мектепті тәмамдаған соң Бішкек медициналық колледжінде «Жалпы мейірбике ісі» мамандығы бойынша білім алып, туған жерге оралды.

Еңбек жолын Жастар практикасы аясында бастап, тәжірибе жинақтаған олар 2023 жылдан бері Қордай аудандық орталық ауруханасында мейірбике болып қызмет атқарады. Қазіргі таңда екеуі де терапия бөлімшесінде науқастарға сапалы медициналық көмек көрсетіп келеді.

🎯Бала күннен қалыптасқан адамға көмектесу арманы оларды бір мамандыққа жетеледі. Бүгінде егіз мейірбикелер өз міндеттерін абыроймен атқарып, әріптестерінің құрметіне бөленіп жүр. Ортақ мақсаттары – халық денсаулығына қызмет етіп, медицина саласында кәсіби шеберліктерін одан әрі шыңдау.

#МеніңСүйіктіДәрігерім
#МойЛюбимыйДоктор
#ДеньМедицинскогоРаботника
#МедицинаҚызметкерлеріКүні
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
📌23 НОВЫХ ОТДЕЛЕНИЯ ПО ВОСТРЕБОВАННЫМ ПРОФИЛЯМ ОТКРЫТЫ В РЕГИОНАХ КАЗАХСТАНА



В рамках масштабной программы реновации областных больниц в регионах страны уже открыты 23 отделения по востребованным терапевтическим профилям.

🏥Новые подразделения созданы по направлениям, потребность в которых особенно высока как среди взрослого, так и детского населения: ревматология, пульмонология, гастроэнтерология, эндокринология, гематология, нефрология и кардиология.

Проект реализуется в рамках Концепции развития инфраструктуры здравоохранения на 2024–2030 годы и направлен на повышение доступности специализированной медицинской помощи для жителей регионов.

🗓Всего мастер-планами предусмотрено открытие 55 новых отделений на 2700 коек в 19 областных многопрофильных больницах, 15 областных детских больницах и 19 перинатальных центрах страны.

Так, на сегодняшний день уже открыто: 7 ревматологических отделений, 4 пульмонологических, 6 гастроэнтерологических, 2 гематологических, 3 эндокринологических, 2 нефрологических и 2 кардиологических отделения.

👩‍👦В областных детских больницах предусмотрено открытие 22 отделений на 302 койки, из которых уже открыты 9 отделений на 168 коек. В том числе планируется расширение пульмонологической, неврологической, оториноларингологической, реабилитационной, травматологической и паллиативной помощи.

По итогам 1 квартала 2026 года в областных и городских стационарах страны пролечено 59 895 пациентов. При этом число пациентов, получивших лечение в стационарах областного уровня, увеличилось на 1337 человек по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.

✅Министерством здравоохранения с начала 2026 года принята и реализуется Программа реновации областных больниц, которая является частью масштабной модернизации системы здравоохранения и направлена на создание современной сети медицинских организаций, способных обеспечивать качественную, безопасную и доступную специализированную помощь жителям всех регионов страны.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
📌ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛЕРІНДЕ СҰРАНЫСҚА ИЕ БАҒЫТТАР БОЙЫНША 23 ЖАҢА БӨЛІМШЕ АШЫЛДЫ

Еліміздің өңірлеріндегі облыстық ауруханаларды ауқымды жаңғырту бағдарламасы шеңберінде сұранысқа ие терапиялық бағыттар бойынша 23 жаңа бөлімше ашылды.

🏥Жаңа бөлімшелер ересектер мен балалардың арасында қажеттілігі жоғары медициналық бағыттар бойынша құрылды. Олар: ревматология, пульмонология, гастроэнтерология, эндокринология, гематология, нефрология және кардиология.

Жоба 2024–2030 жылдарға арналған денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту тұжырымдамасы шеңберінде жүзеге асырылып, өңір тұрғындары үшін мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

🗓Жалпы алғанда, мастер-жоспарларға сәйкес еліміздегі 19 облыстық көпбейінді ауруханада, 15 облыстық балалар ауруханасында және 19 перинаталдық орталықта 2700 төсекке арналған 55 жаңа бөлімше ашу көзделген.

Бүгінгі күні олардың ішінде: 7 ревматология бөлімшесі; 4 пульмонология бөлімшесі; 6 гастроэнтерология бөлімшесі; 2 гематология бөлімшесі; 3 эндокринология бөлімшесі; 2 нефрология бөлімшесі; 2 кардиология бөлімшесі ашылды.

🤗Облыстық балалар ауруханаларында 302 төсекке арналған 22 бөлімше ашу жоспарланған. Оның ішінде қазірдің өзінде 168 төсекке арналған 9 бөлімше пайдалануға берілді.

Сонымен қатар пульмонологиялық, неврологиялық, оториноларингологиялық, оңалту, травматологиялық және паллиативтік көмекті кеңейту көзделген.

2026 жылдың 1-ші тоқсанының қорытындысы бойынша еліміздің облыстық және қалалық стационарларында 59 895 пациент ем қабылдады. Бұл ретте облыстық деңгейдегі стационарларда емделген пациенттер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 337 адамға артты.

✅Денсаулық сақтау министрлігі 2026 жылдың басынан бастап облыстық ауруханаларды жаңғырту бағдарламасын қабылдап, іске асыруда. Бұл бағдарлама денсаулық сақтау жүйесін кешенді жаңғыртудың бір бөлігі болып табылады және еліміздің барлық өңірлерінің тұрғындарына сапалы, қауіпсіз әрі қолжетімді мамандандырылған медициналық көмек көрсететін заманауи медициналық ұйымдар желісін қалыптастыруға бағытталған.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💘Пациент алғысы – сапалы медициналық көмектің айқын көрсеткіші.

№2 Талдықорған қалалық емханасының Еркін дәрігерлік амбулаториясында дәрігер Алтаева Индира Батырханқызының бақылауында болып, ем қабылдаған Байжолова Күміс Баймұхашқызы өз алғысын білдірді.

🔗Артроз-артрит және остеохондроз диагноздары бойынша ем алған пациент дәрігердің жоғары кәсібилігін, мұқият көзқарасын және көрсетілген медициналық көмектің тиімділігін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде Байжолова Күміс Баймұхашқызы медициналық қызметтің сапасына ризашылығын білдіріп, Алтаева Индира Батырханқызына адал еңбегі, жауапкершілігі және пациент денсаулығына деген жанашырлығы үшін шынайы алғысын жеткізді.

📌Пациенттердің сенімі мен ризашылығы – медицина қызметкерлері еңбегінің ең жоғары бағасы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💊КЛИНИКАЛЫҚ ФАРМАКОЛОГТЫҢ ЖҰМЫСЫ: ӘРБІР ТАҒАЙЫНДАУДАҒЫ ДӘРІЛІК ҚАУІПСІЗДІК

Рационалды дәрілік терапия қазіргі стационарлық медицинадағы пациент қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады. Дәрілік препараттарды тағайындаудағы, дозалаудағы және олардың өзара әрекеттесуіндегі қателіктер клиникалық нәтижелерге тікелей әсер етіп, ауыр жағымсыз реакциялардың дамуына әкелуі мүмкін.

🏥Алматы қаласындағы №4 қалалық клиникалық аурухананың клиникалық фармакологы Фатима Айтқалиқызы Зинбай үшін дәрілік қауіпсіздікті қамтамасыз ету – негізгі кәсіби міндеттердің бірі.

Оның қызметі дәрілік терапияны жүйелі бақылауға және клиникалық талдауға бағытталған. Бұл тағайындаулардың негізділігін бағалауды, олардың клиникалық хаттамаларға сәйкестігін, дозалаудың дұрыстығын және дәрілік препараттардың ықтимал өзара әрекеттесуін талдауды қамтиды.

Дәрілік қателіктердің алдын алуға ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, бірдей әсер ететін препараттарды қатар тағайындау, бактерияға қарсы және зеңге қарсы терапияны негізсіз қолдану, сондай-ақ нақты көрсетілімдерсіз дәрілік заттарды пайдалану жағдайларының алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

«Дәрілік терапия – жоғары жауапкершілікті талап ететін сала. Әрбір тағайындау клиникалық тұрғыдан негізделген, қауіпсіз және дәлелді медицина қағидаттарына сәйкес болуы тиіс. Біздің міндетіміз – тәуекелдерді барынша азайтып, пациентке мүмкіндігінше қауіпсіз ем жүргізуді қамтамасыз ету», – дейді клиникалық фармаколог.


#МеніңСүйіктіДәрігерім
#МойЛюбимыйДоктор
#ДеньМедицинскогоРаботника
#МедицинаҚызметкеріКүні
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊РАБОТА КЛИНИЧЕСКОГО ФАРМАКОЛОГА: ЛЕКАРСТВЕННАЯ БЕЗОПАСНОСТЬ ЗА КАЖДЫМ НАЗНАЧЕНИЕМ

Рациональная лекарственная терапия является одним из ключевых факторов безопасности пациента в современной стационарной медицине. Ошибки в назначениях, дозировках и лекарственных взаимодействиях напрямую влияют на клинические исходы и могут приводить к развитию серьёзных нежелательных реакций.

🏥Для Зинбай Фатимы Айткалиевны, клинического фармаколога Городской клинической больницы №4 города Алматы, обеспечение лекарственной безопасности является основной профессиональной задачей.

Её деятельность направлена на системный контроль и клинический анализ лекарственной терапии, включая оценку обоснованности назначений, соответствия клиническим протоколам, корректности дозирования и потенциальных лекарственных взаимодействий.

Особое внимание уделяется предотвращению лекарственных ошибок, включая дублирование препаратов, необоснованное назначение антибактериальной и противогрибковой терапии, а также применение лекарственных средств без строгих показаний.

«Лекарственная терапия — это зона повышенной ответственности. Каждое назначение должно быть клинически обосновано, безопасно и соответствовать принципам доказательной медицины. Наша задача – минимизировать риски и обеспечить пациенту максимально безопасное лечение», – отмечает клинический фармаколог.


#МеніңСүйіктіДәрігерім
#МойЛюбимыйДоктор
#ДеньМедицинскогоРаботника
#МедицинаҚызметкерлеріКүні
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📌Онкологиялық ауруларды емдеу тек дәрі-дәрмекпен, операциямен және сәулелік терапиямен ғана шектелмейді. Маңызды аспектілердің бірі – науқастың психологиялық көңіл күйі.

Сондықтан онколог дәрігерлер пациенттерге жиі психоәлеуметтік қолдау да көрсетеді.

Обырмен күресте жақындарының қолдауы мен жағымды көңіл күйді сақтаудың маңызы туралы жоғары санаттағы онколог дәрігер Айша Молдашева баяндайды.

https://youtu.be/lGkusxNhs8U?si=HTpdepykcivP7LX4

➖➖➖➖➖➖➖➖

📌Лечение онкологии базируется не только на медикаментах, операциях и лучевой терапии.
Важным аспектом является и психологический настрой.

Поэтому онкологи также часто оказывают и психосоциальную помощь.

О степени влияния поддержки окружения и сохранения позитивного настроя в борьбе с раком рассказывает врач-онколог высшей категории Айша Молдашева.

https://youtu.be/lGkusxNhs8U?si=HTpdepykcivP7LX4
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
⚡️АЛМАТЫДА ДАҒЫСТАННАН КЕЛГЕН СҮЙЕК КЕМІГІ ДОНОРЫ МЕН РЕЦИПИЕНТТІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Дағыстаннан келген сүйек кемігінің доноры үш жыл бұрын өмір сүруге мүмкіндік сыйлаған 7 жастағы баламен алғаш рет Алматыда кездесті. Бұл – сүйек кемігі доноры мен реципиенттің алғашқы халықаралық кездесуі.

💬Балаға небәрі 3,5 жасында «Апластикалық анемия» диагнозы қойылған. Бұл – сүйек кемігі өмір үшін аса маңызды қан жасушаларын өндіруді тоқтататын ауыр қан ауруы. Баланы аман алып қалудың жалғыз жолы сүйек кемігін трансплантаттау болды.

2023 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында пациентке гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау операциясы жасалды. Үйлесімді донор Ресей Федерациясының тіркелімінен табылып, дәл осы шешім баланың өмірін сақтап қалып, оның өсіп-жетілуіне мүмкіндік берді.

– Пациент орталыққа түскен кезде дәрігерлер оған «Жүре пайда болған апластикалық анемия. Өте ауыр түрі» деген соңғы клиникалық диагноз қойды. Реципиент пен оның бауырына HLA-типтеу жүргізілді. Өкінішке қарай, туыстарының арасынан үйлесімді донор табылмады. Осыған байланысты туыстық байланысы жоқ донорды іздеу процесі басталып, ол Ресейден табылды. Кейін гемопоэздік дің жасушаларын аллогендік трансплантаттау жасалды. Бүгінде арада үш жыл өтті, баланың жағдайы қанағаттанарлық, – деді гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау бөлімшесінің меңгерушісі Ерғали Сәрсекбаев.


🪧Бұл оқиғаның ерекше маңыздылығы – донор да, реципиент те Дағыстаннан шыққанымен, әртүрлі елдерде тұрады. Бүгінде бала 7 жаста. Ол мектепке барып, бірінші сыныпты аяқтады, ойнайды, армандайды және толыққанды өмір сүріп жатыр.

Кездесу барысында Ахмет пен Абдулла ер азаматтарға тән сабырлылықпен қол алысып, кейін бір-бірін құшақтады. Ал Абдулланың анасы толқуын жасыра алмай, көз жасына ерік берді.

– Рақмет саған, Ахмет! Үлкен рақмет! – деді 7 жасар Абдулла Яхияров өзін құтқарған, генетикалық тұрғыдан ең жақын адамын құшақтап.


– Нағыз батырлар – осы кездесудің өтуіне себеп болған барлық дәрігерлер. Дағыстанда да, Қазақстанда да еңбек еткен мамандарға алғысым шексіз. Мен тек себепкер болдым. Құдіреті күшті Алла мені осы балаға көмектесу үшін таңдады, – деді Дағыстаннан келген 30 жастағы Ахмет Абдуллаев қарапайымдылықпен.


– Трансплантация жасау қарқыны жылдан-жылға артып келеді. 2025 жылы Балалар онкологиясы және гематологиясы орталығында 2500-ден астам бала ем қабылдады. Барлығы 58 трансплантация жасалды, оның ішінде 18 аутологиялық, 8 гаплоидентті және 31 гемопоэздік дің жасушаларын аллогендік трансплантаттау, сондай-ақ туыстық байланысы жоқ донорлардан 12 трансплантаттау орындалды, – деп атап өтті кездесуде Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Балалар онкологиясы мен гематологиясы республикалық орталығының басшысы Гүлнара Әбділова.


⚪️Кездесудің мақсаты – сүйек кемігі донорлығының маңыздылығына қоғам назарын аудару және ең күрделі жағдайларда да пациенттерге өмір сүруге мүмкіндік беретін Ұлттық донорлар тіркелімін дамытуға қолдау көрсету.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
◽️Т. СҰЛТАНҒАЗИЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев өңірдегі бірқатар медициналық нысандарды аралап, сондай-ақ Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

◽️Ескелді ауданының Шымыр ауылында бірінші вице-министр дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысып, онда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыру, медициналық қызметтердің қолжетімділігі және ауылдық денсаулық сақтауды дамыту мәселелері қаралды.

Бұдан кейін ол Қарабұлақ ауылындағы аурухана кешені базасында орналасқан жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының қызметімен танысты. Сапар барысында мобильдік бригадалардың жұмысы, медициналық көмекті жедел көрсету және қызметті қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

🔻Одан әрі Тимур Сұлтанғазиев облыс тұрғындарымен кездесіп, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер туралы, оның ішінде медициналық көмектің қолжетімділігі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық инфрақұрылымды дамыту, кадрлық қамтамасыз ету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру бағыттары жөнінде кеңінен баяндады.

Ол ведомство тарапынан медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, жалпы практика дәрігерлеріне түсетін жүктемені азайтуға бағытталған шаралар іске асырылды. Бұл пациенттердің өздігінен жазылу мүмкіндігін жақсартып, қабылдау кестесінің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

«Жалпы практика дәрігерлерінің қабылдау уақыты 4 сағаттан 6 сағатқа дейін ұлғайтылды. Дәрігерді үйге шақыру қызметі мобильдік бригадаларға берілді. Шұғыл көмек кабинеттері ашылды. Қазіргі уақытта Жетісу облысында 28 мобильдік бригада және 21 шұғыл көмек кабинеті жұмыс істейді. Рецепттер жазу, зерттеулерге жолдама беру сияқты дәрігердің күнделікті функциялары мейіргерлерге жүктеліп, мейіргердің дербес қабылдауы енгізілді. Сонымен қатар дәрігерге онлайн жазылу жүйесі іске қосылып, пациенттің медициналық ұйымдағы жүру бағыты оңтайландырылды», – деді ол.


◽️Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, аталған шаралар кешені дәрігер қабылдауын күту уақытын екі аптадан бірнеше күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ведомство аурулардың алдын алу мен оларды ерте анықтауға ерекше көңіл бөлуде. Осы мақсатта 2025 жылдан бастап скринингтік бағдарламалар кеңейтілді. Атап айтқанда, нысаналы топтың жас шегі 76 жасқа дейін ұлғайтылып, инсульттің даму қаупін ерте анықтауға арналған скрининг енгізілді және басқа да шаралар жүзеге асырылуда.

Бірінші вице-министр жоспарлы емдеуге жатқызуды күту мерзімінің ұзақтығы өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін 34 облыстық көпбейінді аурухана мен 19 облыстық перинаталдық орталықты жаңғырту бағдарламасы іске асырылуда.

«Бүгінде Жетісу облысында әрқайсысы 10 төсекке есептелген пульмонология, нефрология және гастроэнтерология бөлімшелері ашылды», – деді вице-министр.


Кездесу барысында онкологиялық қызметті дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Өңірде диспансерлік есепте тұрған пациенттердің саны жыл сайын артып отырғандықтан, Талдықорған қаласында «2023–2027 жылдарға арналған онкологиялық қызметті жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде онкологиялық диспансер салу жоспарланған.

▫️Кездесуге қатысушылар ана мен бала денсаулығын сақтау, балалар қауіпсіздігін күшейту, саланы кадрлармен қамтамасыз ету, дәрі-дәрмекпен қамту және МӘМС жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін де талқылады.

Іс-шара соңында өңір тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, денсаулық сақтау саласындағы өзекті тақырыптар бойынша түсініктемелер алды.

➡️Жұмыс сапары барысында Тимур Сұлтанғазиев азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
◽️Т. СУЛТАНГАЗИЕВ ОБСУДИЛ С ЖИТЕЛЯМИ ОБЛАСТИ ЖЕТЫСУ ВОПРОСЫ ДОСТУПНОСТИ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ

В ходе рабочей поездки в область Жетысу первый вице-министр здравоохранения Тимур Султангазиев посетил ряд медицинских объектов региона, а также провел встречу с населением Ескельдинского района.

◽️В селе Шымыр Ескельдинского района первый вице-министр посетил врачебную амбулаторию, где были рассмотрены вопросы организации первичной медицинской помощи, доступности медицинских услуг и развития сельского здравоохранения.

Далее он ознакомился с работой станции скорой и неотложной медицинской помощи на базе больничного комплекса в селе Карабулак. В ходе посещения были подняты вопросы работы мобильных бригад, обеспечения оперативности оказания медицинской помощи и оснащения службы.

🔻Далее Тимур Султангазиев встретился с жителями области, где подробно рассказал об актуальных вопросах здравоохранения, включая доступность медицинской помощи, лекарственное обеспечение, развитие медицинской инфраструктуры, кадровое обеспечение отрасли и совершенствование системы обязательного социального медицинского страхования.

Он отметил, что ведомством проводится системная работа по повышению доступности первичной медико-санитарной помощи. В частности, проведена работа, которая позволяет снять нагрузку на врачей общей практики, что должно положительно сказаться на доступности графиков для самозаписи пациентов.

«Так, увеличены часы приема врачей общей практики с 4 до 6 часов. Вызовы врача на дом переданы мобильным бригадам. Открыты кабинеты неотложной помощи. В области Жетісу функционируют 28 мобильных бригад и 21 кабинет неотложной помощи. Рутинные функции врача, такие как выписка рецептов, направлений на исследования, делегированы медсестре, внедрен самостоятельный сестринский прием. Также внедрена онлайн запись к врачу, оптимизирован маршрут пациента», – рассказал он.


◽️Тимур Султангазиев подчеркнул, что данный комплекс мер позволяет сократить время ожидания приема с 2 недель до нескольких дней.

Также в ведомстве особое внимание уделяется профилактике заболеваний и их раннему выявлению – с 2025 года расширены скрининговые программы, в том числе до 76 лет увеличен возраст целевой группы, введен скрининг на раннее выявление риска развития инсульта и т.д.

▫️Первый вице-министр также сообщил, что одной из проблем является длительное ожидание плановой госпитализации пациентами, для решения которой реализуется программа реновации 34 областных многопрофильных больниц и 19 областных перинатальных центров.

«На сегодня в области Жетісу открыты пульмонологическое, нефрологическое и гастроэнтерологическое отделения мощностью по 10 коек каждое», – поделился вице-министр.


Отдельное внимание было уделено развитию онкослужбы. В связи с тем, что в регионе ежегодно отмечается прирост числа пациентов, состоящих на диспансерном учете, в городе Талдыкорган в рамках «Модернизации онкологической службы на 2023-2027 годы» запланировано строительство онкологического диспансера.

Участники встречи также обсудили вопросы охраны здоровья матери и ребенка, усиления безопасности детей, кадрового обеспечения отрасли, лекарственного обеспечения и дальнейшего совершенствования системы ОСМС.

В завершение мероприятия жители региона смогли задать интересующие вопросы и получить разъяснения по актуальным темам в сфере здравоохранения.

➡️В ходе рабочей поездки Тимур Султангазиев также провел личный прием граждан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
⚡️В ШЫМКЕНТЕ ВПЕРВЫЕ ПРОВЕДЕНА ЛАПАРОСКОПИЧЕСКАЯ ПАНКРЕАТОДУОДЕНАЛЬНАЯ ОПЕРАЦИЯ ПРИ ЗЛОКАЧЕСТВЕННОЙ ОПУХОЛИ

В Шымкентском городском многопрофильном онкологическом центре впервые успешно выполнена лапароскопическая панкреатодуоденальная операция пациентам со злокачественными новообразованиями поджелудочной железы. Это одно из самых сложных и высокотехнологичных вмешательств в онкохирургии.

📌С целью внедрения новой методики в регионе в Шымкент прибыли опытные онкохирурги Национального научного медицинского центра города Астаны, которые провели мастер-класс для местных специалистов.

Особенность лапароскопической панкреатодуоденальной операции заключается в отсутствии традиционного большого разреза. Хирургическое вмешательство выполняется через несколько небольших проколов с использованием специального лапароскопического оборудования. Такой подход позволяет максимально точно и безопасно удалить опухоль, уменьшить послеоперационную боль и ускорить восстановление пациентов.

📎В рамках мастер-класса лапароскопические операции были проведены трем пациентам со злокачественными опухолями поджелудочной железы и прилегающих органов.

По словам специалистов, подобный обмен опытом способствует повышению профессиональной квалификации местных врачей и позволит в дальнейшем на постоянной основе выполнять сложные высокотехнологичные операции в Шымкенте.

📌Благодаря этому жители города смогут получать специализированную медицинскую помощь высокого уровня, не выезжая в другие регионы страны. Это повысит доступность онкологической помощи и обеспечит пациентам своевременное и качественное лечение.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1