ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.56K videos
28 files
4.23K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📌Онкологиялық ауруларды емдеу тек дәрі-дәрмекпен, операциямен және сәулелік терапиямен ғана шектелмейді. Маңызды аспектілердің бірі – науқастың психологиялық көңіл күйі.

Сондықтан онколог дәрігерлер пациенттерге жиі психоәлеуметтік қолдау да көрсетеді.

Обырмен күресте жақындарының қолдауы мен жағымды көңіл күйді сақтаудың маңызы туралы жоғары санаттағы онколог дәрігер Айша Молдашева баяндайды.

https://youtu.be/lGkusxNhs8U?si=HTpdepykcivP7LX4

➖➖➖➖➖➖➖➖

📌Лечение онкологии базируется не только на медикаментах, операциях и лучевой терапии.
Важным аспектом является и психологический настрой.

Поэтому онкологи также часто оказывают и психосоциальную помощь.

О степени влияния поддержки окружения и сохранения позитивного настроя в борьбе с раком рассказывает врач-онколог высшей категории Айша Молдашева.

https://youtu.be/lGkusxNhs8U?si=HTpdepykcivP7LX4
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
⚡️АЛМАТЫДА ДАҒЫСТАННАН КЕЛГЕН СҮЙЕК КЕМІГІ ДОНОРЫ МЕН РЕЦИПИЕНТТІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Дағыстаннан келген сүйек кемігінің доноры үш жыл бұрын өмір сүруге мүмкіндік сыйлаған 7 жастағы баламен алғаш рет Алматыда кездесті. Бұл – сүйек кемігі доноры мен реципиенттің алғашқы халықаралық кездесуі.

💬Балаға небәрі 3,5 жасында «Апластикалық анемия» диагнозы қойылған. Бұл – сүйек кемігі өмір үшін аса маңызды қан жасушаларын өндіруді тоқтататын ауыр қан ауруы. Баланы аман алып қалудың жалғыз жолы сүйек кемігін трансплантаттау болды.

2023 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында пациентке гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау операциясы жасалды. Үйлесімді донор Ресей Федерациясының тіркелімінен табылып, дәл осы шешім баланың өмірін сақтап қалып, оның өсіп-жетілуіне мүмкіндік берді.

– Пациент орталыққа түскен кезде дәрігерлер оған «Жүре пайда болған апластикалық анемия. Өте ауыр түрі» деген соңғы клиникалық диагноз қойды. Реципиент пен оның бауырына HLA-типтеу жүргізілді. Өкінішке қарай, туыстарының арасынан үйлесімді донор табылмады. Осыған байланысты туыстық байланысы жоқ донорды іздеу процесі басталып, ол Ресейден табылды. Кейін гемопоэздік дің жасушаларын аллогендік трансплантаттау жасалды. Бүгінде арада үш жыл өтті, баланың жағдайы қанағаттанарлық, – деді гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау бөлімшесінің меңгерушісі Ерғали Сәрсекбаев.


🪧Бұл оқиғаның ерекше маңыздылығы – донор да, реципиент те Дағыстаннан шыққанымен, әртүрлі елдерде тұрады. Бүгінде бала 7 жаста. Ол мектепке барып, бірінші сыныпты аяқтады, ойнайды, армандайды және толыққанды өмір сүріп жатыр.

Кездесу барысында Ахмет пен Абдулла ер азаматтарға тән сабырлылықпен қол алысып, кейін бір-бірін құшақтады. Ал Абдулланың анасы толқуын жасыра алмай, көз жасына ерік берді.

– Рақмет саған, Ахмет! Үлкен рақмет! – деді 7 жасар Абдулла Яхияров өзін құтқарған, генетикалық тұрғыдан ең жақын адамын құшақтап.


– Нағыз батырлар – осы кездесудің өтуіне себеп болған барлық дәрігерлер. Дағыстанда да, Қазақстанда да еңбек еткен мамандарға алғысым шексіз. Мен тек себепкер болдым. Құдіреті күшті Алла мені осы балаға көмектесу үшін таңдады, – деді Дағыстаннан келген 30 жастағы Ахмет Абдуллаев қарапайымдылықпен.


– Трансплантация жасау қарқыны жылдан-жылға артып келеді. 2025 жылы Балалар онкологиясы және гематологиясы орталығында 2500-ден астам бала ем қабылдады. Барлығы 58 трансплантация жасалды, оның ішінде 18 аутологиялық, 8 гаплоидентті және 31 гемопоэздік дің жасушаларын аллогендік трансплантаттау, сондай-ақ туыстық байланысы жоқ донорлардан 12 трансплантаттау орындалды, – деп атап өтті кездесуде Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының Балалар онкологиясы мен гематологиясы республикалық орталығының басшысы Гүлнара Әбділова.


⚪️Кездесудің мақсаты – сүйек кемігі донорлығының маңыздылығына қоғам назарын аудару және ең күрделі жағдайларда да пациенттерге өмір сүруге мүмкіндік беретін Ұлттық донорлар тіркелімін дамытуға қолдау көрсету.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
◽️Т. СҰЛТАНҒАЗИЕВ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев өңірдегі бірқатар медициналық нысандарды аралап, сондай-ақ Ескелді ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

◽️Ескелді ауданының Шымыр ауылында бірінші вице-министр дәрігерлік амбулаторияның жұмысымен танысып, онда медициналық-санитариялық алғашқы көмекті ұйымдастыру, медициналық қызметтердің қолжетімділігі және ауылдық денсаулық сақтауды дамыту мәселелері қаралды.

Бұдан кейін ол Қарабұлақ ауылындағы аурухана кешені базасында орналасқан жедел және шұғыл медициналық көмек станциясының қызметімен танысты. Сапар барысында мобильдік бригадалардың жұмысы, медициналық көмекті жедел көрсету және қызметті қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді.

🔻Одан әрі Тимур Сұлтанғазиев облыс тұрғындарымен кездесіп, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер туралы, оның ішінде медициналық көмектің қолжетімділігі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық инфрақұрылымды дамыту, кадрлық қамтамасыз ету және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру бағыттары жөнінде кеңінен баяндады.

Ол ведомство тарапынан медициналық-санитариялық алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, жалпы практика дәрігерлеріне түсетін жүктемені азайтуға бағытталған шаралар іске асырылды. Бұл пациенттердің өздігінен жазылу мүмкіндігін жақсартып, қабылдау кестесінің қолжетімділігін арттыруға ықпал етеді.

«Жалпы практика дәрігерлерінің қабылдау уақыты 4 сағаттан 6 сағатқа дейін ұлғайтылды. Дәрігерді үйге шақыру қызметі мобильдік бригадаларға берілді. Шұғыл көмек кабинеттері ашылды. Қазіргі уақытта Жетісу облысында 28 мобильдік бригада және 21 шұғыл көмек кабинеті жұмыс істейді. Рецепттер жазу, зерттеулерге жолдама беру сияқты дәрігердің күнделікті функциялары мейіргерлерге жүктеліп, мейіргердің дербес қабылдауы енгізілді. Сонымен қатар дәрігерге онлайн жазылу жүйесі іске қосылып, пациенттің медициналық ұйымдағы жүру бағыты оңтайландырылды», – деді ол.


◽️Тимур Сұлтанғазиевтің айтуынша, аталған шаралар кешені дәрігер қабылдауын күту уақытын екі аптадан бірнеше күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ ведомство аурулардың алдын алу мен оларды ерте анықтауға ерекше көңіл бөлуде. Осы мақсатта 2025 жылдан бастап скринингтік бағдарламалар кеңейтілді. Атап айтқанда, нысаналы топтың жас шегі 76 жасқа дейін ұлғайтылып, инсульттің даму қаупін ерте анықтауға арналған скрининг енгізілді және басқа да шаралар жүзеге асырылуда.

Бірінші вице-министр жоспарлы емдеуге жатқызуды күту мерзімінің ұзақтығы өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін 34 облыстық көпбейінді аурухана мен 19 облыстық перинаталдық орталықты жаңғырту бағдарламасы іске асырылуда.

«Бүгінде Жетісу облысында әрқайсысы 10 төсекке есептелген пульмонология, нефрология және гастроэнтерология бөлімшелері ашылды», – деді вице-министр.


Кездесу барысында онкологиялық қызметті дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Өңірде диспансерлік есепте тұрған пациенттердің саны жыл сайын артып отырғандықтан, Талдықорған қаласында «2023–2027 жылдарға арналған онкологиялық қызметті жаңғырту» бағдарламасы шеңберінде онкологиялық диспансер салу жоспарланған.

▫️Кездесуге қатысушылар ана мен бала денсаулығын сақтау, балалар қауіпсіздігін күшейту, саланы кадрлармен қамтамасыз ету, дәрі-дәрмекпен қамту және МӘМС жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелерін де талқылады.

Іс-шара соңында өңір тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, денсаулық сақтау саласындағы өзекті тақырыптар бойынша түсініктемелер алды.

➡️Жұмыс сапары барысында Тимур Сұлтанғазиев азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
◽️Т. СУЛТАНГАЗИЕВ ОБСУДИЛ С ЖИТЕЛЯМИ ОБЛАСТИ ЖЕТЫСУ ВОПРОСЫ ДОСТУПНОСТИ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ

В ходе рабочей поездки в область Жетысу первый вице-министр здравоохранения Тимур Султангазиев посетил ряд медицинских объектов региона, а также провел встречу с населением Ескельдинского района.

◽️В селе Шымыр Ескельдинского района первый вице-министр посетил врачебную амбулаторию, где были рассмотрены вопросы организации первичной медицинской помощи, доступности медицинских услуг и развития сельского здравоохранения.

Далее он ознакомился с работой станции скорой и неотложной медицинской помощи на базе больничного комплекса в селе Карабулак. В ходе посещения были подняты вопросы работы мобильных бригад, обеспечения оперативности оказания медицинской помощи и оснащения службы.

🔻Далее Тимур Султангазиев встретился с жителями области, где подробно рассказал об актуальных вопросах здравоохранения, включая доступность медицинской помощи, лекарственное обеспечение, развитие медицинской инфраструктуры, кадровое обеспечение отрасли и совершенствование системы обязательного социального медицинского страхования.

Он отметил, что ведомством проводится системная работа по повышению доступности первичной медико-санитарной помощи. В частности, проведена работа, которая позволяет снять нагрузку на врачей общей практики, что должно положительно сказаться на доступности графиков для самозаписи пациентов.

«Так, увеличены часы приема врачей общей практики с 4 до 6 часов. Вызовы врача на дом переданы мобильным бригадам. Открыты кабинеты неотложной помощи. В области Жетісу функционируют 28 мобильных бригад и 21 кабинет неотложной помощи. Рутинные функции врача, такие как выписка рецептов, направлений на исследования, делегированы медсестре, внедрен самостоятельный сестринский прием. Также внедрена онлайн запись к врачу, оптимизирован маршрут пациента», – рассказал он.


◽️Тимур Султангазиев подчеркнул, что данный комплекс мер позволяет сократить время ожидания приема с 2 недель до нескольких дней.

Также в ведомстве особое внимание уделяется профилактике заболеваний и их раннему выявлению – с 2025 года расширены скрининговые программы, в том числе до 76 лет увеличен возраст целевой группы, введен скрининг на раннее выявление риска развития инсульта и т.д.

▫️Первый вице-министр также сообщил, что одной из проблем является длительное ожидание плановой госпитализации пациентами, для решения которой реализуется программа реновации 34 областных многопрофильных больниц и 19 областных перинатальных центров.

«На сегодня в области Жетісу открыты пульмонологическое, нефрологическое и гастроэнтерологическое отделения мощностью по 10 коек каждое», – поделился вице-министр.


Отдельное внимание было уделено развитию онкослужбы. В связи с тем, что в регионе ежегодно отмечается прирост числа пациентов, состоящих на диспансерном учете, в городе Талдыкорган в рамках «Модернизации онкологической службы на 2023-2027 годы» запланировано строительство онкологического диспансера.

Участники встречи также обсудили вопросы охраны здоровья матери и ребенка, усиления безопасности детей, кадрового обеспечения отрасли, лекарственного обеспечения и дальнейшего совершенствования системы ОСМС.

В завершение мероприятия жители региона смогли задать интересующие вопросы и получить разъяснения по актуальным темам в сфере здравоохранения.

➡️В ходе рабочей поездки Тимур Султангазиев также провел личный прием граждан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
⚡️В ШЫМКЕНТЕ ВПЕРВЫЕ ПРОВЕДЕНА ЛАПАРОСКОПИЧЕСКАЯ ПАНКРЕАТОДУОДЕНАЛЬНАЯ ОПЕРАЦИЯ ПРИ ЗЛОКАЧЕСТВЕННОЙ ОПУХОЛИ

В Шымкентском городском многопрофильном онкологическом центре впервые успешно выполнена лапароскопическая панкреатодуоденальная операция пациентам со злокачественными новообразованиями поджелудочной железы. Это одно из самых сложных и высокотехнологичных вмешательств в онкохирургии.

📌С целью внедрения новой методики в регионе в Шымкент прибыли опытные онкохирурги Национального научного медицинского центра города Астаны, которые провели мастер-класс для местных специалистов.

Особенность лапароскопической панкреатодуоденальной операции заключается в отсутствии традиционного большого разреза. Хирургическое вмешательство выполняется через несколько небольших проколов с использованием специального лапароскопического оборудования. Такой подход позволяет максимально точно и безопасно удалить опухоль, уменьшить послеоперационную боль и ускорить восстановление пациентов.

📎В рамках мастер-класса лапароскопические операции были проведены трем пациентам со злокачественными опухолями поджелудочной железы и прилегающих органов.

По словам специалистов, подобный обмен опытом способствует повышению профессиональной квалификации местных врачей и позволит в дальнейшем на постоянной основе выполнять сложные высокотехнологичные операции в Шымкенте.

📌Благодаря этому жители города смогут получать специализированную медицинскую помощь высокого уровня, не выезжая в другие регионы страны. Это повысит доступность онкологической помощи и обеспечит пациентам своевременное и качественное лечение.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
⚡️ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ ҚАТЕРЛІ ІСІККЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЛАПАРОСКОПИЯЛЫҚ ПАНКРЕАТОДУОДЕНАЛДЫ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛДЫ

Шымкент қалалық көпбейінді онкологиялық орталығында алғаш рет ұйқыбездің қатерлі ісігі бар пациенттерге лапароскопиялық панкреатодуоденалды операция сәтті жасалды. Бұл онкохирургиядағы ең күрделі әрі жоғары технологиялық хирургиялық араласулардың бірі болып саналады.

📌Өңірде жаңа әдісті енгізу мақсатында Шымкентке Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми медицина орталығының тәжірибелі онкохирургтері келіп, жергілікті мамандарға арналған мастер-класс өткізді.

Лапароскопиялық панкреатодуоденалды операцияның ерекшелігі – дәстүрлі үлкен тіліктің жасалмауында. Хирургиялық араласу арнайы лапароскопиялық жабдықтың көмегімен бірнеше шағын тесу арқылы жүзеге асырылады. Мұндай тәсіл ісікті барынша дәл әрі қауіпсіз алып тастауға, операциядан кейінгі ауырсынуды азайтуға және пациенттердің тезірек сауығуына мүмкіндік береді.

📎Мастер-класс шеңберінде ұйқыбезі мен оған жақын орналасқан ағзалардың қатерлі ісіктері бар үш пациентке лапароскопиялық операция жасалды.

Мамандардың айтуынша, мұндай тәжірибе алмасу жергілікті дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыруға ықпал етеді және алдағы уақытта Шымкентте күрделі жоғары технологиялық операцияларды тұрақты негізде жүргізуге мүмкіндік береді.

📌Соның нәтижесінде қала тұрғындары еліміздің басқа өңірлеріне бармай-ақ жоғары деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек ала алады. Бұл онкологиялық көмектің қолжетімділігін арттырып, пациенттердің уақытылы әрі сапалы ем алуына жағдай жасайды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💜Ең қымбат сенімге ие дәрігер: Меруерт Жұмажанованың кәсіби жолы

Адал еңбегімен тұрғындарымыздың сүйікті дәрігеріне айналған мамандарымыз көп. “Менің сүйікті дәрігерім” айдарында біздің бүгінгі кезекті кейіпкеріміз – Меруерт Абильханқызы Жұмажанова. Көп жылдар бойына Меруерт Абильханқызы сапалы білімімен және тынымсыз еңбегімен тұрғындар игілігіне қызмет жасауда. Астана қаласындағы №2 Қалалық көпбейінді ауруханасының медициналық-генетикалық консультация бөлімшесінің меңгерушісі Меруерт Абильханқызы Жұмажанова осы видеода өзінің кәсіби жолы, жұмыс тәжірибесі және күнделікті қызметінде ұстанатын қағидалары туралы әңгімелейді.

⚜️⚜️⚜️

💜Врач, которому доверяют самое ценное: история Меруерт Жумажановой

Среди медицинских работников немало специалистов, которые благодаря профессионализму, преданности своему делу и искренней заботе о пациентах заслужили любовь и уважение жителей. Героиней сегодняшнего выпуска рубрики «Мой любимый доктор» является Меруерт Абильхановна Жумажанова — врач, чьё имя многие пациенты произносят с благодарностью и особым теплом. Заведующая отделением медико-генетической консультации Городской многопрофильной больницы №2 города Астаны Меруерт Абильхановна Жумажанова в этом видео рассказывает о своём профессиональном пути, опыте работы и принципах, которыми руководствуется в ежедневной практике.

#МеніңСүйіктіДәрігерім
#МойЛюбимыйДоктор
#ДеньМедицинскогоРаботника
#МедицинаҚызметкерлеріКүні
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1🤯1
📌В АЛМАТЫ ПРОШЛА ВСТРЕЧА ДОНОРА КОСТНОГО МОЗГА ИЗ ДАГЕСТАНА С РЕЦИПИЕНТОМ


Донор костного мозга из Дагестана впервые встретился в Алматы с 7-летним мальчиком, которому три года назад подарил шанс на жизнь. Это первая международная встреча донора костного мозга и реципиента.

🔷Ребенку было всего 3,5 года, когда ему поставили диагноз «Апластическая
анемия» – тяжелое заболевание крови, при котором костный мозг перестает вырабатывать жизненно важные клетки. Единственным шансом на спасение стала трансплантация костного мозга.

В апреле 2023 года в Научном центре педиатрии и детской хирургии Министерства здравоохранения пациенту была проведена трансплантация гемопоэтических стволовых клеток. Совместимый донор был найден в регистре РФ, и именно это решение позволило сохранить жизнь ребенку и дать ему возможность расти и развиваться.

- «Маленькому пациенту при поступлении врачи поставили окончательный клинический диагноз: «Приобретенная апластическая анемия. Сверхтяжелая форма», проведено HLA типирование реципиента и сиблинга. К сожалению, совместимый родственный донор не нашелся, в связи с чем, был начат процесс поиска неродственного донора, который был найден в России. Затем была проведена аллогенная трансплантация гемопоэтических стволовых клеток, и вот уже прошло 3 года, ребенок себя чувствует удовлетворительно» - сказал заведующий отделением ТГСК Ергали Сарсекбаев.


Особую символичность этой истории придает то, что и донор, и реципиент имеют дагестанское происхождение, хотя живут в разных странах. Сегодня мальчику 7 лет. Он ходит в школу, закончил первый класс, играет, мечтает и живет полноценной жизнью.

На встрече Ахмет и Абдулла по-мужски сдержанно пожали друг другу руки, а потом крепко обнялись. Мама Абдуллы была более эмоциональна и не смогла сдержать слёз.

«Спасибо тебе, Ахмет! Спасибо! – сказал 7 летний Абдулла Яхяров, обнимая своего спасителя - генетического близнеца.

«Настоящие герои – это все врачи, благодаря которым эта встреча состоялась – в Дагестане и у вас в Казахстане. Я всего лишь проводник – Всевышний выбрал меня для того, чтобы я помог этому ребёнку», – скромно сказал герой из Дагестана 30-летний Ахмет Абдуллаев.
«Из года в год наращиваются темпы трансплантаций: в 2025 году в центре детской онкологии и гематологии получили лечение более 2500 детей, проведено 58 трансплантаций, из них: 18 аутологичных, 8 гаплоидентичных, 31 аллогенных трансплантаций гемопоэтических стволовых клеток, в том числе 12 трансплантаций от неродственных доноров», - отметила на встрече Руководитель Республиканского центра детской онкологии и гематологии НЦПДХ Гульнара Абдилова.


Встреча направлена на привлечение внимания к донорству костного мозга и развитию Национального регистра доноров, который дает пациентам шанс на жизнь даже в самых тяжелых случаях.

✅Главным организатором мероприятия выступил Благотворительный фонд имени Асель Байсеитовой — единственная благотворительная организация в Центральной Азии, которая занимается просвещением в сфере онкогематологии и развитием регистра доноров ГСК (гемопоэтических стволовых клеток).
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1