ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.55K videos
28 files
4.22K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды
 
«Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын дамытуға әрдайым баса назар аударады.
 
Қазір де осы бағытта ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Нақты нәтижелер бар.
 
Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш.
 
Кейінгі жеті жылда еліміз бойынша 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды».
 
t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️ Глава государства рассказал о достижениях в сфере здравоохранения
 
«Как известно, государство неизменно уделяет особое внимание развитию медицинской сферы.
 
И сейчас в данном направлении ведется масштабная работа. Достигнуты конкретные результаты.
 
В прошлом году. Материнская смертность за последние три года сократилась на 35%, а младенческая смертность – на 24%. Это самые низкие показатели за годы Независимости.
 
За последние 7 лет по всей стране построено около 1300 объектов здравоохранения.
 
Сфера медицинского страхования также была модернизирована в соответствии с требованиями времени».
 
t.me/aqorda_resmi
👍1
🇰🇿ГЛАВА ГОСУДАРСТВА ВРУЧИЛ ГОСНАГРАДЫ ЛУЧШИМ МЕДРАБОТНИКАМ: РАЗВИТИЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ – СТРАТЕГИЧЕСКАЯ ЗАДАЧА

Сегодня в Акорде состоялась торжественная церемония чествования медицинских работников, на которой Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев поздравил медицинских работников с профессиональным праздником и вручил государственные награды лучшим представителя отрасли здравоохранения.

Для всего медицинского сообщества особое значение имеют слова Президента о том, что здоровье нации является наивысшей ценностью государства, а развитие здравоохранения — одной из стратегических задач страны.

«Народная мудрость гласит: "Здоровье – главное богатство". Здоровье нации – это действительно наивысшая ценность для нашей страны. Поэтому развитие сферы медицины является стратегической задачей государства», — отметил Глава государства.


🏛🏛Президент выразил искреннюю благодарность всем медицинским работникам за их самоотверженный труд, высокий профессионализм и верность своему призванию.
Особенно важно, что вопросы охраны здоровья граждан получили конституционный статус и закреплены в Основном законе страны. Это свидетельствует о том, что сохранение жизни и здоровья человека является безусловным государственным приоритетом и предметом общей ответственности государства и общества.

“Это стало важным шагом, показывающим, что сохранение человеческой жизни – не только задача медиков, но и ответственность всего общества» – сказал Президент на церемонии чествования медработников страны.


#ДеньМедицинскогоРаботника #ЗдравоохранениеРК #ЗдоровьеНации #ҰлтСаулығыЕлБолашағы #Президент
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
🇰🇿МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҮЗДІК МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК НАГРАДАЛАР ТАБЫСТАДЫ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДЫ ДАМЫТУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ МІНДЕТ

Бүгін Ақордада медицина қызметкерлерін салтанатты түрде ұлықтау рәсімі өтті. Іс-шара барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, денсаулық сақтау саласының үздік өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етті.

Барша медицина қауымдастығы үшін Президенттің ұлт денсаулығы мемлекеттің ең жоғары құндылығы, ал денсаулық сақтау жүйесін дамыту елдің стратегиялық міндеттерінің бірі екендігі туралы айтқан сөзі ерекше маңызға ие.

«Халық даналығында: «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтылмаған. Ұлт саулығы – мемлекетіміз үшін ең қымбат құндылық. Сондықтан медицина саласын дамыту – мемлекеттің стратегиялық міндеті», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.


Президент барлық медицина қызметкерлеріне қажырлы еңбегі, жоғары кәсіби біліктілігі және өз мамандығына адалдығы үшін шынайы алғысын білдірді.

🏛🏛Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелерінің конституциялық мәртебеге ие болып, еліміздің Ата заңында бекітілуі де ерекше маңызды. Бұл адам өмірі мен денсаулығын сақтау мемлекеттің сөзсіз басымдығы әрі мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі екенін көрсетеді.

«Бұл адам өмірін сақтау тек медицина қызметкерлерінің ғана емес, бүкіл қоғамның жауапкершілігі екенін көрсететін маңызды қадам болды», – деді Президент еліміздің медицина қызметкерлерін ұлықтау рәсімінде.


#МедицинаҚызметкеріКүні #ҚРДенсаулықсақтауы #ҰлтСаулығы #ҰлтСаулығыЕлБолашағы #Президент
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
⚡️ОТ МОДЕРНИЗАЦИИ БОЛЬНИЦ ДО ЗАЩИТЫ ВРАЧЕЙ: ПРЕЗИДЕНТ ОПРЕДЕЛИЛ КЛЮЧЕВЫЕ ЗАДАЧИ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ


Сегодня в Акорде Глава государства Касым-Жомарт Кемелевич Токаев поздравил медицинских работников с профессиональным праздником и обозначил ключевые приоритеты дальнейшего развития отечественного здравоохранения.

🔘В своем выступлении Глава государства отметил значительные результаты модернизации отрасли.

В рамках национального проекта по модернизации сельского здравоохранения с 2023 года построено 655 новых объектов первичной медико-санитарной помощи. Уже в этом году будет завершена модернизация 32 районных больниц, что позволит обеспечить жителей регионов качественной медицинской помощью в шаговой доступности.

📌Вместе с тем , Президент поставил перед Правительством масштабную задачу — провести комплексную реновацию всей инфраструктуры здравоохранения страны.

Особое внимание Глава государства уделил вопросам социальной поддержки медицинских кадров. За последние три года объем государственной поддержки специалистов отрасли увеличился в семь раз.

🏙Он отметил, что поэтапно повышается заработная плата медицинских работников, а только в текущем году на эти цели направлено 33 млрд тенге.

Продолжается поддержка врачей, работающих в сельской местности: в прошлом году единовременные выплаты получили 530 специалистов на общую сумму 4,5 млрд тенге.

⚡️Президент также подчеркнул важность защиты медицинских работников. В стране принят закон, предусматривающий уголовную ответственность за применение насилия в отношении медиков.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️АУРУХАНАЛАРДЫ ЖАҢҒЫРТУДАН ДӘРІГЕРЛЕРДІ ҚОРҒАУҒА ДЕЙІН: ПРЕЗИДЕНТ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІН АЙҚЫНДАДЫ

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, отандық денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытудың негізгі басымдықтарын белгіледі.

🔘Мемлекет басшысы өз сөзінде саланы жаңғырту бағытында қол жеткізілген маңызды нәтижелерді атап өтті.

Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде 2023 жылдан бері медициналық-санитариялық алғашқы көмектің 655 жаңа нысаны салынды. Биылдың өзінде 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары аяқталып, өңір тұрғындарын сапалы медициналық көмекпен қолжетімді деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

📌Сонымен қатар Президент Үкімет алдына елдің бүкіл денсаулық сақтау инфрақұрылымын кешенді жаңғырту бойынша ауқымды міндет қойды.

Мемлекет басшысы медицина кадрларын әлеуметтік қолдау мәселелеріне ерекше назар аударды. Соңғы үш жылда сала мамандарын мемлекеттік қолдау көлемі жеті есеге артқан.

🏙Ол медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен ұлғайтылып жатқанын атап өтті. Тек ағымдағы жылдың өзінде осы мақсаттарға 33 млрд теңге бағытталған.

Ауылдық жерлерде еңбек ететін дәрігерлерді қолдау жалғасуда: өткен жылы 530 маманға жалпы сомасы 4,5 млрд теңге көлемінде біржолғы төлем берілді.

⚡️Президент сондай-ақ медицина қызметкерлерін қорғаудың маңыздылығына тоқталды. Елде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін заң қабылданды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎉Кәсіби мереке қарсаңында Астанада еліміздің медициналық қоғамдастығының өкілдері, саладағы үздік мамандар, жоғары мемлекеттік және ведомстволық наградаларға ие болған қызметкерлер мен арнайы шақырылған қонақтардың қатысуымен медицина қызметкерлерін салтанатты түрде ұлықтау рәсімі басталды.

🪧Медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімі барысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың елдің адами капиталын дамытудағы айрықша рөлін атап өтті.

«Медицина – жоғары кәсіби біліктілікті, зор жауапкершілік пен адамгершілікті талап ететін ерекше миссия. Медицина қызметкерлері күн сайын адамдардың денсаулығын сақтауға көмектесіп, үміт сыйлап, өмірлік маңызды шешімдер қабылдайды. Мемлекет әрбір медицина қызметкерінің лайықты еңбек етуіне, кәсіби дамуына және әлеуметтік қорғалуына қолайлы жағдай жасауды жалғастырады», – деді ведомство басшысы.


➖➖➖➖➖➖➖➖➖

🎉В Астане накануне профессионального праздника началась торжественная церемония чествования медицинских работников с участием медицинской общественности страны, лучших представителей отрасли, удостоенных высоких государственных и ведомственных наград, приглашенных гостей.

🪧В ходе церемонии чествования медицинских работников Министр здравоохранения Акмарал Альназарова поздравила специалистов отрасли с профессиональным праздником и подчеркнула их ключевую роль в развитии человеческого капитала страны.

«Медицина - это особая миссия, требующая высокого профессионализма, ответственности и человечности. Именно медицинские работники ежедневно помогают людям сохранять здоровье, возвращают надежду и принимают жизненно важные решения. Государство продолжит создавать условия для достойного труда, профессионального роста и социальной защищенности каждого медицинского работника», - отметила глава ведомства.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
✅МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮНІ: САЛАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Медицина қызметкері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі саланың даму қорытындыларын шығарып, халық денсаулығы көрсеткіштерінің рекордтық деңгейге жеткенін, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының ауқымды түрде күшейтілгенін, инфрақұрылымның жаңғыртылғанын және озық медициналық технологиялардың енгізілгенін атап өтті.

👍Бүгінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі негізгі көрсеткіштер бойынша тұрақты оң серпін көрсетуде. 2025 жылы күтілетін өмір сүру ұзақтығы тарихи ең жоғары деңгейге жетіп, 75,97 жасты құрады. Ал нәресте өлімі көрсеткіші тірі туған 1000 балаға шаққанда 5,85-ке дейін төмендеп, бұл еліміздің тәуелсіздік тарихындағы ең төменгі деңгей болды.

Халықаралық ұйымдардың деректеріне сәйкес Қазақстан қоғамдық денсаулық сақтаудың бірқатар маңызды көрсеткіштері бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекеттердің қатарында. Сонымен қатар, республика инфекциялық емес аурулардан болатын мезгілінен бұрын өлімді 25 пайызға төмендету жөніндегі жаһандық мақсатқа қол жеткізген өңірдегі алғашқы ел атанды.

✨Медицина қызметкерлерін салтанатты ұлықтау рәсімінде Денсаулық сақтау министрі Акмарал Әлназарова сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың елдің адами капиталын дамытудағы ерекше рөлін атап өтті.

«Медицина – жоғары кәсібилікті, жауапкершілікті және адамгершілікті талап ететін ерекше миссия. Дәл осы медицина қызметкерлері күн сайын адамдардың денсаулығын сақтауға көмектесіп, үміт сыйлап, өмірлік маңызды шешімдер қабылдайды. Мемлекет әрбір медицина қызметкерінің лайықты еңбек етуіне, кәсіби дамуына және әлеуметтік қорғалуына жағдай жасауды жалғастырады», – деді министр.


Қазіргі уақытта салада 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді. Олардың қатарында 84 мыңға жуық дәрігер және 196 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері бар.

Медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Елде медицина қызметкерінің мәртебесін арттыру туралы заң қабылданып, кәсіби жауапкершілікті міндетті сақтандыру енгізілді, мамандарды құқықтық қорғау тетіктері күшейтілді, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне қатысты агрессия мен зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауапкершілік арттырылды.

❗️Әлеуметтік қолдау шаралары айтарлықтай кеңейтілді. Егер 2023 жылы қолдаудың әртүрлі түрлерін 263 дәрігер алған болса, 2025 жылы олардың саны 1760 адамға дейін өсті. Ауылдық жерлерге кадр тартуға ерекше назар аударылуда. Биыл тапшы мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 529 дәрігерге 8,5 миллион теңге көлемінде біржолғы төлем берілді.

✔️Кадрлық әлеуетті нығайтуға бағытталған кешенді жұмыс өз нәтижесін беруде. 2023 жылмен салыстырғанда еліміздегі дәрігерлер тапшылығы 20 пайызға, ал ауылдық жерлерде шамамен 30 пайызға қысқарды.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңдерінде медициналық-санитариялық алғашқы көмектің барлық 655 нысанының құрылысы аяқталды. Соның нәтижесінде бір миллионнан астам ауыл тұрғыны тұрғылықты жерінде медициналық көмек алу мүмкіндігіне ие болды.

🏥Елімізде Астанадағы Ұлттық онкология орталығының жаңа корпусы мен Алматыдағы Ұлттық инфекциялық аурулар орталығы сияқты заманауи медициналық нысандар пайдалануға берілуде. Сонымен қатар көпбейінді ауруханалар, перинаталдық орталықтар, емханалар мен ауылдық медициналық ұйымдар желісі дамытылуда.

Медициналық ғылым мен инновацияларды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылы қазақстандық ғалымдар аса қауіпті инфекцияларды анықтауға арналған заманауи молекулалық-генетикалық тест-жүйелерді әзірледі. Жаңа буын вакциналарын, медициналық деректерді талдаудың цифрлық платформаларын және жасанды интеллект технологияларын жасау жұмыстары жалғасуда.

🐈‍⬛📚Сонымен қатар медициналық ұйымдар әлемнің үздік практикаларын белсенді түрде енгізуде. Соңғы бір жылдың өзінде Қазақстанда 94 шетелдік медициналық технология бейімделіп, диагностика, емдеу және оңалтудың 103 жаңа әдісі енгізілді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM