ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.55K videos
28 files
4.22K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
💊ДЕНЬ МЕДРАБОТНИКА: НАЗВАНЫ ЛУЧШИЕ СТАЦИОНАРЫ И ПОЛИКЛИНИКИ КАЗАХСТАНА


Во Дворце мира и согласия в рамках торжественного мероприятия, посвященного Дню медицинского работника, были объявлены победители республиканского конкурса среди медицинских организаций.

✔️Конкурс ежегодно определяет медицинские организации, демонстрирующие высокие показатели качества медицинской помощи, эффективности управления, внедрения современных технологий и ориентированности на потребности пациентов.

🏆По итогам 2025 года победителем в номинации «Лучшая поликлиника» стала Городская поликлиника №17 города Алматы под руководством Тажиевой Айгуль Есентаевны. Медицинская организация признана одной из ведущих поликлиник страны, выполняющей ключевые индикаторы эффективности профилактических программ, патронажа детей и беременных, удовлетворенности пациентов медицинским обслуживанием.

🏆В номинации «Лучший стационар» победу одержала Городская больница скорой неотложной помощи города Алматы, которую представил Еркин Болатович Нурлыханов. Сегодня больница является одним из крупнейших многопрофильных медицинских центров страны, оказывающих экстренную и специализированную помощь тысячам пациентов ежегодно.

🏆Лучшим молодежным центром здоровья признан центр «Жас Асыл» при Поликлинике №2 города Семей. Центр под руководством Гульнары Айтмухановны Шариповой активно реализует программы по сохранению репродуктивного здоровья, профилактике заболеваний и формированию здорового образа жизни среди молодежи.

🏆Победителем в номинации «Лучшая станция скорой медицинской помощи» стала Туркестанская областная станция скорой медицинской помощи, которую представил Бакытжан Мирзагельдинов. Коллектив службы обеспечивает круглосуточную экстренную медицинскую помощь жителям региона и демонстрирует высокие показатели оперативности и доступности медицинских услуг.

«Сегодня мы чествуем не только отдельных специалистов, но и медицинские организации, которые задают высокие стандарты качества медицинской помощи. За каждым достижением стоят профессиональные коллективы, современные подходы к работе и ежедневный труд тысяч медицинских работников», - отметила министр здравоохранения Акмарал Альназарова.


В Министерстве здравоохранения подчеркнули, что развитие конкурентной среды, внедрение лучших практик и распространение успешного опыта медицинских организаций остаются важными направлениями дальнейшей модернизации системы здравоохранения.

👉Накануне профессионального праздника свыше 150 лучших представителей сферы здравоохранения были удостоены высоких государственных и ведомственных наград.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ КҮНІ: ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТАЦИОНАРЛАРЫ МЕН ЕМХАНАЛАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бейбітшілік және келісім сарайында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара шеңберінде медициналық ұйымдардың арасындағы республикалық конкурстың жеңімпаздары жарияланды.

✔️Конкурс жыл сайын медициналық көмектің сапасы, басқару тиімділігі, заманауи технологияларды енгізу деңгейі және пациенттердің қажеттіліктеріне бағдарлануы бойынша жоғары нәтижелер көрсеткен медициналық ұйымдарды анықтайды.

🏆2025 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік емхана» номинациясының жеңімпазы Алматы қаласындағы №17 қалалық емхана болды. Тажиева Айгүл Есентаевнаның басшылығындағы медициналық ұйым медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, профилактикалық бағдарламаларды іске асыру және пациенттерге қызмет көрсетудің заманауи тәсілдерін енгізу арқылы еліміздің жетекші емханаларының бірі ретінде танылды.

🏆«Үздік стационар» номинациясында Алматы қаласындағы Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасы жеңімпаз атанды. Ұйым атынан Еркін Болатұлы Нұрлыханов қатысты. Бүгінде бұл аурухана жыл сайын мыңдаған пациентке шұғыл және мамандандырылған көмек көрсететін еліміздегі ең ірі көпбейінді медициналық орталықтардың бірі болып саналады.

🏆«Үздік жастар денсаулық орталығы» атағы Семей қаласындағы №2 емхана жанынан құрылған «Жас Асыл» жастар денсаулық орталығы орталығына берілді. Гүлнар Айтмұханқызы Шәріпованың басшылығындағы орталық жастар арасында репродуктивтік денсаулықты сақтау, аурулардың алдын алу және салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытындағы бағдарламаларды белсенді жүзеге асыруда.

🏆«Үздік жедел медициналық жәрдем станциясы» номинациясының жеңімпазы болып Түркістан облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы танылды. Ұйымның атынан Бақытжан Мырзагелдинов қатысты. Қызмет ұжымы өңір тұрғындарына тәулік бойы шұғыл медициналық көмек көрсетіп, жеделдік пен медициналық қызметтердің қолжетімділігі бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді.

🏆«Бүгін біз тек жекелеген мамандарды ғана емес, сонымен қатар медициналық көмектің жоғары сапа стандарттарын қалыптастырып отырған медициналық ұйымдарды да құрметтейміз. Әрбір жетістіктің артында кәсіби ұжымдардың еңбегі, заманауи жұмыс тәсілдері және мыңдаған медицина қызметкерлерінің күнделікті қажырлы еңбегі тұр», – деп атап өтті Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.


Денсаулық сақтау министрлігінде бәсекелі ортаны дамыту, үздік практикаларды енгізу және табысты медициналық ұйымдардың тәжірибесін тарату денсаулық сақтау жүйесін одан әрі жаңғыртудың маңызды бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

👉Марапаттау рәсімі Медицина қызметкері күніне арналған мерекелік іс-шаралардың бір бөлігі болды. Бұл кәсіби мереке жыл сайын еліміздің барлық өңірлерінен келген медицина қауымдастығы өкілдерін біріктіріп, олардың ұлт денсаулығын сақтауға қосқан үлесін мойындаудың айқын көрінісіне айналып отыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎉МИНЗДРАВ ОПРЕДЕЛИЛ ПОБЕДИТЕЛЕЙ ГЛАВНОЙ МЕДИЦИНСКОЙ ПРЕМИИ ГОДА

Во Дворце мира и согласия состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню медицинского работника, в рамках которого были названы лучшие представители системы здравоохранения Казахстана.
Государственных и отраслевых наград удостоились врачи, медицинские сестры, ученые, преподаватели медицинских вузов и колледжей, фельдшеры, провизоры и специалисты санитарно-эпидемиологической службы, внесшие значительный вклад в развитие отечественной медицины.

«Медицина - это не просто профессия, а особая миссия. Сегодня мы чествуем людей, благодаря которым миллионы казахстанцев получают качественную медицинскую помощь, сохраняют здоровье и уверенность в завтрашнем дне», - отметила министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова.


🏆По итогам республиканского конкурса звание «Лучший врач стационара» присуждено Руслану Абетову из Северо-Казахстанской области. Лучшим врачом неотложной помощи признана Мөлдір Сәрсембек из Алматы, а лучшим врачом первичной медико-санитарной помощи стала Наталья Потеряйко из Алматинской области.

🏆Победителем в номинации «Лучший сельский врач» стал Аманжол Нурмухаметов из Акмолинской области. Лучшим социальным работником в здравоохранении признана Үйкекбай Арайлым из Жамбылской области.

🏆Среди специалистов сестринского дела лучшими признаны Мейрамгуль Базарбаева из Актюбинской области — «Лучшая акушерка», Жиханкуль Бакиева из Костанайской области — «Лучшая медицинская сестра стационара», Нұрсәуле Оразалиева из Туркестанской области — «Лучшая медицинская сестра первичной медико-санитарной помощи», а также Гүлжан Жүсіпбаева из Кызылординской области, ставшая победителем в номинации «Лучшая сельская медицинская сестра».

🏆Звание «Лучший фельдшер» присуждено Асем Лятаевой из Акмолинской области.

🥇Высокие награды получили также представители медицинского образования и науки. Лучшим преподавателем медицинского вуза стала Сауле Бермагамбетова из Западно-Казахстанского медицинского университета имени Марата Оспанова. Победителем в номинации «Лучший преподаватель медицинского колледжа» признана Лаура Гусманова из Западно-Казахстанской области.

🥇Лучшим ученым в здравоохранении стала Гаянэ Атажанова, представляющая Карагандинский медицинский университет. Лучшим менеджером здравоохранения признан Нурбол Турсынбаев из Астаны.

🥇Среди специалистов санитарно-эпидемиологического профиля награды получили Ляззат Секербаева из Карагандинской области и Алия Жансеитова из Алматинской области. Лучшим провизором страны признана Айгуль Адилбекова из Шымкента.

«За каждым из этих имен стоят годы напряженного труда, тысячи пациентов, профессиональная ответственность и преданность выбранному делу. Именно такие специалисты формируют высокий авторитет отечественного здравоохранения и являются примером для молодых медицинских работников», – подчеркнула Акмарал Альназарова.


Сегодня в системе здравоохранения Казахстана работают более 280 тысяч медицинских работников. В последние годы государством реализуются масштабные меры по повышению статуса медицинских работников, развитию медицинского образования, науки и социальной поддержки специалистов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎉ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАДЫ

Бейбітшілік және келісім сарайында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, оның шеңберінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің үздік өкілдері марапатталды.

Отандық медицинаның дамуына елеулі үлес қосқан дәрігерлер, мейіргерлер, ғалымдар, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждерінің оқытушылары, фельдшерлер, провизорлар және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мемлекеттік және салалық наградаларға ие болды.

🏆Кәсіби мереке еліміздің барлық өңірлерінен келген медицина қауымдастығының өкілдерін біріктірді. Салтанатты рәсім барысында күн сайын адам өмірін сақтап, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізіп, медицина ғылымын дамытып, жаңа буын медицина қызметкерлерін даярлап жүрген мамандардың еңбегі ерекше атап өтілді.

«Медицина – жай ғана мамандық емес, бұл ерекше миссия. Бүгін біз сапалы медициналық көмектің көрсетілуіне, миллиондаған қазақстандықтардың денсаулығын сақтауға және олардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға үлес қосып жүрген жандарды құрметтейміз», – деді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

🏆Республикалық конкурс қорытындысы бойынша «Үздік стационар дәрігері» атағы Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Руслан Абетовке берілді. Алматы қаласының дәрігері Мөлдір Сәрсембек «Үздік жедел медициналық көмек дәрігері» атанса, Алматы облысынан Наталья Потеряйко «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігері» номинациясының жеңімпазы болды.

🏆«Үздік ауыл дәрігері» номинациясы бойынша Ақмола облысының дәрігері Аманжол Нурмухаметов жеңімпаз атанды. Ал Жамбыл облысының өкілі Арайлым Үйкекбай “Үздік денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкер» деп танылды.

🏆Мейіргерлік іс мамандары арасында Ақтөбе облысынан Мейрамгуль Базарбаева «Үздік акушер», Қостанай облысынан Жиханкуль Бакиева «Үздік стационар мейіргері», Түркістан облысынан Нұрсәуле Оразалиева «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек мейіргері» атанды. Қызылорда облысының өкілі Гүлжан Жүсіпбаева «Үздік ауыл мейіргері» номинациясында жеңіске жетті.

🏆«Үздік фельдшер» атағы Ақмола облысының өкілі Асем Лятаеваға берілді.

🏅Медициналық білім беру мен ғылым саласының өкілдері де жоғары марапаттарға ие болды. «Үздік медициналық жоғары оқу орнының оқытушысы» номинациясында Батыс Қазақстан облысындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті өкілі Сауле Бермагамбетова жеңімпаз атанды. Ал Батыс Қазақстан облысынан Лаура Гусманова «Үздік медицина колледжі оқытушысы» деп танылды.

🏅 «Үздік денсаулық саласындағы ғалым» атағы Қарағанды медицина университеті өкілі Гаянэ Атажановаға берілді. Астана қаласынан Нурбол Турсынбаев «Үздік денсаулық сақтау менеджері» атанды.

🏅Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында Қарағанды облысының өкілі Ляззат Секербаева мен Алматы облысының маманы Алия Жансеитова марапатталды. Шымкент қаласының өкілі Айгуль Адилбекова еліміздің «Үздік провизоры» деп танылды.

«Бұл есімдердің әрқайсысының артында көп жылғы қажырлы еңбек, мыңдаған пациенттің тағдыры, жоғары кәсіби жауапкершілік пен өз ісіне адалдық тұр. Дәл осындай мамандар отандық денсаулық сақтау саласының жоғары беделін қалыптастырып, жас медицина қызметкерлеріне үлгі болады», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Бүгінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға, медициналық білім мен ғылымды дамытуға, сондай-ақ мамандарды әлеуметтік қолдау жүйесін күшейтуге бағытталған ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM