Во Дворце мира и согласия состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню медицинского работника, в рамках которого были названы лучшие представители системы здравоохранения Казахстана.
Государственных и отраслевых наград удостоились врачи, медицинские сестры, ученые, преподаватели медицинских вузов и колледжей, фельдшеры, провизоры и специалисты санитарно-эпидемиологической службы, внесшие значительный вклад в развитие отечественной медицины.
«Медицина - это не просто профессия, а особая миссия. Сегодня мы чествуем людей, благодаря которым миллионы казахстанцев получают качественную медицинскую помощь, сохраняют здоровье и уверенность в завтрашнем дне», - отметила министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова.
«За каждым из этих имен стоят годы напряженного труда, тысячи пациентов, профессиональная ответственность и преданность выбранному делу. Именно такие специалисты формируют высокий авторитет отечественного здравоохранения и являются примером для молодых медицинских работников», – подчеркнула Акмарал Альназарова.
Сегодня в системе здравоохранения Казахстана работают более 280 тысяч медицинских работников. В последние годы государством реализуются масштабные меры по повышению статуса медицинских работников, развитию медицинского образования, науки и социальной поддержки специалистов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Бейбітшілік және келісім сарайында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, оның шеңберінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің үздік өкілдері марапатталды.
Отандық медицинаның дамуына елеулі үлес қосқан дәрігерлер, мейіргерлер, ғалымдар, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждерінің оқытушылары, фельдшерлер, провизорлар және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мемлекеттік және салалық наградаларға ие болды.
«Медицина – жай ғана мамандық емес, бұл ерекше миссия. Бүгін біз сапалы медициналық көмектің көрсетілуіне, миллиондаған қазақстандықтардың денсаулығын сақтауға және олардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға үлес қосып жүрген жандарды құрметтейміз», – деді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
«Бұл есімдердің әрқайсысының артында көп жылғы қажырлы еңбек, мыңдаған пациенттің тағдыры, жоғары кәсіби жауапкершілік пен өз ісіне адалдық тұр. Дәл осындай мамандар отандық денсаулық сақтау саласының жоғары беделін қалыптастырып, жас медицина қызметкерлеріне үлгі болады», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.
Бүгінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға, медициналық білім мен ғылымды дамытуға, сондай-ақ мамандарды әлеуметтік қолдау жүйесін күшейтуге бағытталған ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мероприятие было направлено на популяризацию здорового образа жизни, повышение осведомлённости о важности здоровья и выражение уважения к труду медицинских работников.
Участники в групповом забеге преодолели дистанцию в 1,5 километра, продемонстрировав приверженность принципам здорового образа жизни и активной жизненной позиции.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, денсаулықтың маңыздылығын дәріптеуге және медицина қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсетуге арналды.
Қатысушылар 1,5 шақырым қашықтықты бірге жүгіріп өтіп, денсаулық пен белсенді өмір салтын қолдаудың жарқын үлгісін көрсетті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM