ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.55K videos
28 files
4.22K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
🎉ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ЖЫЛДЫҢ БАСТЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН АНЫҚТАДЫ

Бейбітшілік және келісім сарайында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтіп, оның шеңберінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінің үздік өкілдері марапатталды.

Отандық медицинаның дамуына елеулі үлес қосқан дәрігерлер, мейіргерлер, ғалымдар, медициналық жоғары оқу орындары мен колледждерінің оқытушылары, фельдшерлер, провизорлар және санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары мемлекеттік және салалық наградаларға ие болды.

🏆Кәсіби мереке еліміздің барлық өңірлерінен келген медицина қауымдастығының өкілдерін біріктірді. Салтанатты рәсім барысында күн сайын адам өмірін сақтап, диагностика мен емдеудің заманауи әдістерін енгізіп, медицина ғылымын дамытып, жаңа буын медицина қызметкерлерін даярлап жүрген мамандардың еңбегі ерекше атап өтілді.

«Медицина – жай ғана мамандық емес, бұл ерекше миссия. Бүгін біз сапалы медициналық көмектің көрсетілуіне, миллиондаған қазақстандықтардың денсаулығын сақтауға және олардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтуға үлес қосып жүрген жандарды құрметтейміз», – деді Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.

🏆Республикалық конкурс қорытындысы бойынша «Үздік стационар дәрігері» атағы Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Руслан Абетовке берілді. Алматы қаласының дәрігері Мөлдір Сәрсембек «Үздік жедел медициналық көмек дәрігері» атанса, Алматы облысынан Наталья Потеряйко «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек дәрігері» номинациясының жеңімпазы болды.

🏆«Үздік ауыл дәрігері» номинациясы бойынша Ақмола облысының дәрігері Аманжол Нурмухаметов жеңімпаз атанды. Ал Жамбыл облысының өкілі Арайлым Үйкекбай “Үздік денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкер» деп танылды.

🏆Мейіргерлік іс мамандары арасында Ақтөбе облысынан Мейрамгуль Базарбаева «Үздік акушер», Қостанай облысынан Жиханкуль Бакиева «Үздік стационар мейіргері», Түркістан облысынан Нұрсәуле Оразалиева «Үздік медициналық-санитариялық алғашқы көмек мейіргері» атанды. Қызылорда облысының өкілі Гүлжан Жүсіпбаева «Үздік ауыл мейіргері» номинациясында жеңіске жетті.

🏆«Үздік фельдшер» атағы Ақмола облысының өкілі Асем Лятаеваға берілді.

🏅Медициналық білім беру мен ғылым саласының өкілдері де жоғары марапаттарға ие болды. «Үздік медициналық жоғары оқу орнының оқытушысы» номинациясында Батыс Қазақстан облысындағы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті өкілі Сауле Бермагамбетова жеңімпаз атанды. Ал Батыс Қазақстан облысынан Лаура Гусманова «Үздік медицина колледжі оқытушысы» деп танылды.

🏅 «Үздік денсаулық саласындағы ғалым» атағы Қарағанды медицина университеті өкілі Гаянэ Атажановаға берілді. Астана қаласынан Нурбол Турсынбаев «Үздік денсаулық сақтау менеджері» атанды.

🏅Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласында Қарағанды облысының өкілі Ляззат Секербаева мен Алматы облысының маманы Алия Жансеитова марапатталды. Шымкент қаласының өкілі Айгуль Адилбекова еліміздің «Үздік провизоры» деп танылды.

«Бұл есімдердің әрқайсысының артында көп жылғы қажырлы еңбек, мыңдаған пациенттің тағдыры, жоғары кәсіби жауапкершілік пен өз ісіне адалдық тұр. Дәл осындай мамандар отандық денсаулық сақтау саласының жоғары беделін қалыптастырып, жас медицина қызметкерлеріне үлгі болады», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Бүгінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде 280 мыңнан астам медицина қызметкері еңбек етеді. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыруға, медициналық білім мен ғылымды дамытуға, сондай-ақ мамандарды әлеуметтік қолдау жүйесін күшейтуге бағытталған ауқымды шаралар жүзеге асырылуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏃‍♀️В Астане накануне Дня медицинского работника состоялся забег «Walk the Talk»

Мероприятие было направлено на популяризацию здорового образа жизни, повышение осведомлённости о важности здоровья и выражение уважения к труду медицинских работников.

🏃‍♂️В забеге приняли участие около 500 человек, среди которых были медицинские работники, студенты медицинского университета Астана, сотрудники Министерства здравоохранения Республики Казахстан.

Участники в групповом забеге преодолели дистанцию в 1,5 километра, продемонстрировав приверженность принципам здорового образа жизни и активной жизненной позиции.

✌️Мероприятие прошло в дружеской и праздничной атмосфере, подарив участникам заряд бодрости и хорошего настроения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏃‍♀️Елордада Медицина қызметкерлері күні қарсаңында «Walk the Talk» жүгіру жарысы өтті

Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға, денсаулықтың маңыздылығын дәріптеуге және медицина қызметкерлерінің еңбегіне құрмет көрсетуге арналды.

🏃‍♂️Жарысқа 500-ге жуық адам қатысты, олардың қатарында медицина қызметкерлері, Астана медицина университетінің студенттері және Денсаулық сақтау министрлігінің ұжымы бар.

Қатысушылар 1,5 шақырым қашықтықты бірге жүгіріп өтіп, денсаулық пен белсенді өмір салтын қолдаудың жарқын үлгісін көрсетті.

✌️Іс-шара достық және мерекелік атмосферада өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤝Уважаемые коллеги!

💊Дорогие медицинские работники!

От всей души поздравляю вас с профессиональным праздником – Днем медицинского работника!

Медицина – это гораздо больше, чем профессия. Это призвание, которое требует глубоких знаний, высокой ответственности, огромной самоотверженности и искренней любви к людям.

🤰Именно вы сопровождаете человека от первых дней жизни и до глубокой старости, помогая сохранить самое ценное — здоровье.

Сегодня казахстанское здравоохранение уверенно развивается. По итогам 2025 года ожидаемая продолжительность жизни в Казахстане достигла исторического максимума – почти 76 лет.

🇰🇿Наша страна сегодня занимает лидирующие позиции в Центральной Азии по показателям охраны здоровья матери и ребенка.

📉Материнская смертность снизилась более чем в два раза по сравнению с показателями десятилетней давности, а младенческая смертность достигла исторически низкого уровня.

Сегодня в отрасли трудятся более 280 тысяч специалистов – врачи, медицинские сестры, фельдшеры, акушерки, сотрудники санитарно-эпидемиологической службы, скорой помощи, научных и образовательных организаций.

🌟Государство последовательно работает над повышением статуса медицинского работника. В 2025 году по поручению Главы государства принят Закон о защите прав медицинских работников, внедрено обязательное страхование профессиональной ответственности, усилена уголовная ответственность за нападения и проявление агрессии в отношении медиков.

Мы продолжаем укреплять систему социальной поддержки специалистов, расширяя возможности для профессионального роста.

👩‍🎓В сфере медицинского образования выстраивается понятная и последовательная траектория подготовки: базовое медицинское образование, затем интернатура и далее резидентура. При этом на первый план выходят практические навыки будущих врачей.

Сегодня казахстанские врачи успешно проводят сложнейшие операции, осваивают самые современные технологии и помогают пациентам на уровне ведущих мировых клиник.

Особые слова благодарности хочу адресовать ветеранам здравоохранения. Ваш опыт, мудрость и преданность профессии стали надежной основой для развития отечественной медицины и воспитания молодых специалистов.

🧑‍🎓Сегодня в отрасль приходит новое поколение талантливых, энергичных и технологически ориентированных специалистов. Наша общая задача – сохранить лучшие традиции медицинской школы Казахстана и обеспечить дальнейшее развитие здравоохранения на самом высоком уровне.

🤩Уважаемые коллеги!



Пусть ваша работа приносит заслуженное уважение общества, а рядом всегда будут поддержка близких, благодарность пациентов и уверенность в завтрашнем дне.

Желаю вам крепкого здоровья, благополучия, счастья, новых профессиональных достижений и успехов во благо нашей Родины – Республики Казахстан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4👏2👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤝Құрметті әріптестер!

💊Қадірлі медицина қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Медицина қызметкері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

🤰Сіздер адамнын өмірінің алғашқы күндерінен бастап қарттық шағына дейін қолдап, ең қымбат құндылық – денсаулығын сақтауға көмектесесіздер.

Бүгінде Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі сенімді түрде дамуда. 2025 жылдың қорытындысы бойынша елімізде күтілетін өмірсүру ұзақтығы тарихи ең жоғары деңгейге жетіп, 76 жасқа жуықтады.

🇰🇿Қазіргі таңда Қазақстан ана мен бала денсаулығын сақтау көрсеткіштері бойынша Орталық Азиядағы көшбасшы елдердің бірі болып отыр.

📉Соңғы он жылмен салыстырғанда ана өлімі екі еседен астам төмендеді, ал нәресте өлімі тарихи ең төмен деңгейге жетті.

Мемлекет медицина қызметкерінің мәртебесін арттыру бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

🌟2025 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау туралы заң қабылданды, кәсіби жауапкершілікті міндетті сақтандыру жүйесі енгізілді, медицина қызметкерлеріне қатысты шабуыл жасау және агрессия көрсету фактілері үшін қылмыстық жауапкершілік күшейтілді.

Бүгінде қазақстандық дәрігерлер ең күрделі операцияларды сәтті орындап, заманауи технологияларды меңгеріп, пациенттерге әлемнің жетекші клиникалары деңгейінде көмек көрсетуде.

Денсаулық сақтау саласының ардагерлеріне ерекше алғысымды білдіремін.

👩‍🎓Сіздердің тәжірибелеріңіз, даналықтарыңыз және мамандыққа деген адалдықтарыңыз отандық медицинаның дамуына және жас мамандарды тәрбиелеуге берік негіз болды.

Қазақстанның медициналық мектебінің үздік дәстүрлерін сақтап, денсаулық сақтау жүйесінің одан әрі жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету.

🤩Құрметті әріптестер!

Еңбектеріңіз қоғамның лайықты құрметіне бөленсін, жандарыңызда әрдайым жақындарыңыздың қолдауы, пациенттердің ризашылығы және ертеңгі күнге деген сенімсерік болсын.

Сіздерге зор денсаулық, амандық, бақ-береке, бақыт, жаңа кәсіби жетістіктер мен туған Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы толайым табыстар тілеймін!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5👏4👎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔻Алматы қаласында Денсаулық сақтау министрі Акмарал Әлназарова мен қала әкімі Дархан Сатыбалдының қатысуымен Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Республика сарайында дәрігерлер, мейіргерлер, саланың ардагерлері және қаланың денсаулық сақтау жүйесінің үздік мамандары құрметке бөленді.

◽️Іс-шара шеңберінде мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталып, сондай-ақ «Өз ісінің үздігі – 2026» қалалық конкурсы мен медициналық ұйымдардың арасындағы республикалық конкурстардың жеңімпаздары марапатталды.

Алматы қаласының №17 қалалық емханасы еліміздің үздік емханасы деп танылса, №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы – үздік балалар ауруханасы, ал Қалалық жедел кезек күттірмейтін көмек көрсету ауруханасы Қазақстанның үздік стационары атанды.

🥰Барлық медицина қызметкерлеріне кәсіби біліктілігі, қажырлы еңбегі және өз ісіне адалдығы үшін алғысымызды білдіреміз!

➖➖➖➖➖➖➖➖➖➖


🔻В Алматы прошло торжественное мероприятие в честь День медицинского работника с участием министра здравоохранения Акмарал Альназаровой и акима города Дарххана Сатыбалды.

Во Дворце Республики чествовали врачей, медицинских сестер, ветеранов отрасли и лучших специалистов здравоохранения города.

◽️В рамках мероприятия были вручены государственные и ведомственные награды, а также отмечены победители городского конкурса «Лучший в профессии – 2026» и республиканских конкурсов среди медицинских организаций.

Лучшей поликлиникой страны признана городская поликлиника №17 Алматы, лучшей детской больницей — ДГКБ №2, а Городская больница скорой неотложной помощи стала лучшим стационаром Казахстана.

🥰Спасибо всем медицинским работникам за профессионализм, самоотверженный труд и преданность своему делу!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from UKIMET
Қазақстандық дәрігерлер тобы және 319 тонна гуманитарлық көмек: Қазақстан делегациясы Ауғанстанға ауқымды миссиямен барды

📌Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған қазақстандық делегация Кабулға гуманитарлық және іскерлік миссиямен барды. Қазақстан Ауғанстан халқына жалпы салмағы 318,8 тонна гуманитарлық көмектің кезекті партиясын, сондай-ақ халыққа медициналық көмек көрсету үшін қазақстандық дәрігерлер тобын жіберді.

Делегация құрамына Қазақстанның жетекші медициналық ұйымдарынан тоғыз маман кірді. Ауғанстандағы қазақстандық медицина күндері шеңберінде олар бір апта бойы кеңес беріп, халыққа практикалық медициналық көмек көрсетіп, ауған әріптестері үшін шеберлік сыныптарын өткізеді.

Серік Жұманғарин гуманитарлық көмек Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Қазақстанның Ауғанстан халқын қолдаудағы дәйекті саясатының бір бөлігі екенін атап өтті.

➖

Казахстанские врачи и 319 тонн гуманитарной помощи: делегация из Казахстана прибыла в Афганистан с масштабной миссией

📌Казахстанская делегация во главе с заместителем Премьер-министра – министром национальной экономики Сериком Жумангариным прибыла в Кабул с гуманитарной и деловой миссией. Казахстан направил народу Афганистана очередную партию гуманитарной помощи общим весом 318,8 тонны, а также группу казахстанских врачей для оказания медицинской помощи населению.

В состав делегации вошли девять специалистов ведущих медицинских организаций Казахстана. В рамках Дней казахстанской медицины в Афганистане в течение недели они будут проводить консультации и оказывать практическую медицинскую помощь населению, проводить мастер-классы для афганских коллег.

Как отметил Серик Жумангарин, гуманитарная помощь направлена по поручению Главы государства и является частью последовательной политики Казахстана по поддержке народа Афганистана.

📱@KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌Атырау облысында медицина қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Соңғы екі жыл ішінде өңірдің денсаулық сақтау саласы мамандарына 111 қызметтік пәтер сатып алынып, пайдалануға берілді.

✅Сонымен қатар дәрігерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бағдарлама аясында «Отбасы банк» арқылы бастапқы жарнасыз, жылдық 5% мөлшерлемемен 80-ге жуық медицина қызметкері баспаналы болды.

__________________________

📌В Атырауской области проводится системная работа по обеспечению медицинских работников жильём.

За последние два года для специалистов сферы здравоохранения региона было приобретено и предоставлено 111 служебных квартир.

✅Кроме того, в целях социальной поддержки медицинских работников реализуется программа льготного жилищного кредитования. В рамках программы через АО «Отбасы банк» около 80 медицинских работников приобрели собственное жильё без первоначального взноса по ставке 5% годовых.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM