ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.55K videos
28 files
4.22K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
◽️Құрметті әріптестер! Қадірлі сала ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мереке – Медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

🥳Бұл мереке өз өмірін адам денсаулығын сақтауға және адам өмірін арашалауға арнаған ерекше маман иелерін біріктіреді.

Сіздердің еңбектеріңіз тек терең білім мен жоғары кәсібилікті ғана емес, сонымен бірге зор жауапкершілікті, жанқиярлықты, мейірім мен рухани күшті талап етеді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 35 жылдығы аясында отандық денсаулық сақтау жүйесінің айтарлықтай жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз.

📈Осы жылдар ішінде денсаулық сақтау саласы жүйелі түрде дамып, жетілдірілді:
медициналық көмектің қолжетімділігі артты, емдеу сапасы жақсарды, заманауи технологиялар мен инновациялық диагностика және емдеу әдістері кеңінен енгізілуде, медициналық қызметкердің мәртебесі нығаюда.

🤩Барлық медицина қызметкерлері мен сала ардагерлеріне шын жүректен алғысымызды білдіреміз.

🌹Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, кәсіби табыс тілейміз.

🔹🔹🔹🔹🔹

◽️Уважаемые медицинские работники страны!

Дорогие ветераны отрасли!

🥳Примите наши искренние поздравления с профессиональным праздником!

Это врачи, медицинские сестры, фельдшеры, сотрудники лабораторий, ученые, организаторы здравоохранения и многие другие специалисты, благодаря которым миллионы пациентов получают медицинскую помощь.

Ваш труд требует не только глубоких знаний и высокого профессионализма, но и огромной ответственности, самоотдачи, милосердия и душевных сил.

В год 35-летия Независимости Республики Казахстан мы с гордостью отмечаем значительные достижения отечественного здравоохранения.

📈За эти годы система здравоохранения последовательно развивалась и совершенствовалась: повысилась доступность медицинской помощи, улучшилось качество лечения, активно внедряются инновационные методы диагностики и терапии, укрепляется статус врача.

🤩Выражаем глубокую благодарность за ваш самоотверженный труд, вклад в здоровье нации и верность своему высокому призванию.

🌹Желаем вам крепкого здоровья, благополучия, профессиональных успехов, уважения и признания общества, мира и добра вашим семьям.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
💊Дәрігерлер әулетін ерекше жандар деп жатады. Мұндай отбасыларда балалар кішкентай күнінен бастап ертегінің орнына латын терминдерін естіп өседі, ал стетоскоп олардың ең сүйікті ойыншығына айналады. Біздің Хромтау аудандық ауруханасының дәрігерлер отбасы — соның жарқын дәлелі.

👩‍⚕️Лябина Ажаргүл Сағидуллақызы: Жалпы тәжірибелі дәрігер. Медицина саласында 40 жылдан астам еңбек өтілі бар. Тәжірибе, даналық және мінсіз диагностика.

👨‍⚕️Кабиев Азамат Сәбитұлы: Анестезиолог-реаниматолог. Қысылтаяң сәттерде араша түсіп, адам өмірін қайта жандандыратын маман.

👩‍⚕️Кабиева Назерке Эрдафқызы: Жалпы тәжірибелі дәрігер. Әулеттің байырғы дәстүрін дәлелді медицинамен ұштастырған жас маман.

Олар емделушілердің денсаулығын барлық кезеңде: алғашқы шағымнан бастап, жансақтау бөлімі мен толық сауығып кеткенге дейін қорғайды. Сенім артуға болатын нағыз дәрігерлер әулеті. 🤍

#ДенсаулықСақтауОтбасы #ХромтауАудандықАуруханасы #МедициналықДинастия

➖➖➖➖➖➖➖➖

💊Врачебные династии всегда считались особенными семьями. В таких семьях дети с ранних лет слышат не только сказки, но и латинские медицинские термины, а стетоскоп становится одним из самых знакомых и любимых предметов. Семья врачей Хромтауской районной больницы — яркое тому подтверждение.

👩‍⚕️Лябина Ажаргуль Сагидуллаевна — врач общей практики. Более 40 лет трудится в сфере медицины. Огромный опыт, профессиональная мудрость и безупречная диагностика заслужили доверие многих пациентов.

👨‍⚕️Кабиев Азамат Сабитович — врач анестезиолог-реаниматолог. Специалист, который приходит на помощь в самые критические моменты и помогает возвращать людей к жизни.

👩‍⚕️Кабиева Назерке Эрдафовна — врач общей практики. Молодой специалист, успешно сочетающий лучшие традиции семейной династии с принципами доказательной медицины.

На каждом этапе лечения — от первого обращения пациента до реанимации и полного выздоровления — они стоят на страже здоровья людей. Настоящая медицинская династия, которой можно доверять. 🤍

#СемьяВМедицине #ХромтаускаяРайоннаяБольница #МедицинскаяДинастия #Здравоохранение #ВрачиХромтау
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Молодые онкохирурги, которые ежедневно спасают жизни

В Алматинском онкологическом центре работает команда молодых и перспективных хирургов, которые ежедневно выполняют сложнейшие операции и помогают пациентам побеждать онкологические заболевания.

✅Все они работают под руководством заведующего Центром онкохирургии, Нурлана Анаркуловича Балтаева, который передает свой опыт и знания новому поколению специалистов.

🔷Ходжабай Сулеймен Жалгасович специализируется на удалении опухолей мягких тканей с реконструктивно-пластическими операциями. Баймагамбетов Нуржан Онгарович выполняет лапароскопические резекции почки. Сатымбаев Шынгыс Токтасынович проводит сложные ларингофарингоэктомии с пластикой пищевода. Сармаш Ғалым Ердесұлы развивает направление малоинвазивной колоректальной хирургии.

🔷Кинитаев Арман Жумагалеевич выполняет трансуретральные резекции мочевого пузыря, Оразбаев Абай Бекболатович — лапароскопические резекции желудка, Ирсалиев Рустем Камалдинович проводит торакоскопические бронхопластические операции на легких и пищеводе, а Каржауов Асылбек Нурмаганбетович специализируется на лапароскопических резекциях печени.

Несмотря на молодой возраст, за плечами этих врачей уже годы практики, тысячи операций и спасенные жизни. Их объединяют профессионализм, стремление к постоянному развитию и преданность своему делу.

💬В День медицинского работника слова благодарности звучат в адрес всех специалистов, которые ежедневно борются за здоровье и жизнь своих пациентов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
⚡️Күн сайын адам өмірін арашалап жүрген жас онкохирургтер

Алматы онкология орталығында күн сайын аса күрделі операциялар жасап, пациенттердің онкологиялық ауруларды жеңуіне көмектесіп жүрген жас әрі болашағынан зор хирургтердің командасы еңбек етеді.

✅Олардың барлығы Онкохирургия орталығының меңгерушісі Нұрлан Анарқұлұлы Балтаевтың басшылығымен жұмыс істейді. Ол өз тәжірибесі мен білімін жас мамандарға үйретіп, кәсіби шеберлігін шыңдауға үлес қосуда.

🔷Ходжабай Сүлеймен Жалғасұлы жұмсақ тіндердің ісіктерін алып тастау және реконструктивтік-пластикалық операциялар жасауға маманданған. Баймағамбетов Нұржан Оңғарұлы бүйрекке лапароскопиялық резекция операцияларын орындайды. Сатымбаев Шыңғыс Тоқтасынұлы өңеш пластикасымен бірге күрделі ларингофарингоэктомиялар жасайды. Сармаш Ғалым Ердесұлы аз инвазивті колоректалды хирургия бағытын дамытуда.

🔷Кинитаев Арман Жұмағалиұлы қуықтың трансуретралды резекцияларын жүргізсе, Оразбаев Абай Бекболатұлы асқазанға лапароскопиялық резекциялар жасайды. Ирсалиев Рүстем Камалдинұлы өкпе мен өңешке торакоскопиялық бронхопластикалық операциялар жүргізеді, ал Қаржауов Асылбек Нұрмағанбетұлы бауырға лапароскопиялық резекция жасауға маманданған.

Жас болғандарына қарамастан, бұл дәрігерлердің артында көпжылдық тәжірибе, мыңдаған операция және құтқарылған өмірлер бар. Оларды кәсіби біліктілік, үздіксіз дамуға ұмтылыс және өз ісіне деген адалдық біріктіреді.

💬Медицина қызметкері күні қарсаңында пациенттерінің денсаулығы мен өмірі үшін күн сайын күресіп жүрген барлық медицина мамандарына алғыс білдіреміз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️МИНЗДРАВ: СМЕРТНОСТЬ В РЕЗУЛЬТАТЕ ДТП ЗА ПОСЛЕДНИЕ ТРИ ГОДА СНИЗИЛАСЬ НА 8,4%

Несмотря на рост числа дорожных аварий на 127,5% и увеличение количества пострадавших в 2,5 раза, смертность в результате дорожно-транспортных происшествий в Казахстане за последние три года снизилась на 8,4%, сообщил главный внештатный травматолог МЗРК, руководитель Национального научного центра травматологии и ортопедии имени академика Н.Д. Батпенова Олжас Бекарисов.

🔷В ходе совещания по вопросам снижения травматизма и дорожно-транспортного травматизма министр здравоохранения Акмарал Альназарова подчеркнула необходимость консолидации усилий государственных органов для координации профилактических мероприятий.

По данным ведомства, за последние десять лет показатель смертности от травм, отравлений и несчастных случаев сократился почти вдвое - с 82 до 47,2 случая на 100 тысяч населения. Положительная динамика сохраняется и в текущем году: по итогам первого квартала 2026 года показатель составил 38,7.

⚫️Вместе с тем, дорожно-транспортный травматизм остается одной из основных причин смертности от внешних воздействий. За последние три года количество зарегистрированных ДТП увеличилось с 15,8 тыс. до 36,1 тыс. случаев, а число пострадавших возросло с 19,5 тыс. до 49,2 тыс. человек. При этом количество погибших сократилось с 2543 до 2330 человек.

По словам Олжаса Бекарисова, в числе факторов, влияющих на рост аварийности, отмечены недостаточная системность профилактической работы, низкая культура безопасного поведения на дорогах и необходимость более тесной координации между заинтересованными государственными органами.

✅Особое внимание участники совещания уделили высокой догоспитальной смертности. Для снижения этого показателя требуется дальнейшее сокращение времени доезда бригад скорой помощи, повышение готовности медицинских организаций и развитие инфраструктуры оказания экстренной помощи на автомобильных трассах.

Для решения этих задач реализуется Межведомственный план мероприятий по снижению негативных последствий дорожно-транспортных травм на 2026-2030 годы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: СОҢҒЫ ҮШ ЖЫЛДЫҢ ІШІНДЕ ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫ САЛДАРЫНАН БОЛАТЫН ӨЛІМ 8,4%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ

Жол-көлік оқиғаларының саны 127,5%-ға өсіп, зардап шеккендер саны 2,5 есеге артқанына қарамастан, Қазақстанда соңғы үш жылда жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын өлім деңгейі 8,4%-ға төмендеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас травматологы, академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығының басшысы Олжас Бекарысов мәлімдеді.

Жарақаттанушылық пен жол-көлік жарақаттануын төмендету мәселелері жөніндегі кеңесте Денсаулық сақтау министрі Акмарал Әлназарова профилактикалық іс-шараларды үйлестіру үшін мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру қажеттігін атап өтті.

🔷Ведомствоның мәліметінше, соңғы он жылдың ішінде жарақаттардан, уланулардан және жазатайым оқиғалардан болатын өлім көрсеткіші екі есеге жуық төмендеп, халықтың 100 мың адамына шаққанда 82 жағдайдан 47,2 жағдайға дейін қысқарған. Оң динамика биыл да сақталуда: 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша көрсеткіш 38,7-ні құрады.

Сонымен қатар, жол-көлік жарақаттануы сыртқы әсерлерден болатын өлімнің негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Соңғы үш жылдың ішінде тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 15,8 мыңнан 36,1 мың жағдайға дейін өсті, ал зардап шеккендердің саны 19,5 мыңнан 49,2 мың адамға дейін артты. Осы ретте қаза тапқандар саны 2543 адамнан 2330 адамға дейін азайды.

⚫️Олжас Бекарысовтың айтуынша, жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әсер ететін факторлардың қатарында профилактикалық жұмыстың жүйелі жүргізілмеуі, жолдағы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетінің төмендігі және мүдделі мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттілігі атап өтілді.

Кеңеске қатысушылар ауруханаға дейінгі кезеңдегі өлімнің жоғары деңгейіне ерекше назар аударды. Бұл көрсеткішті төмендету үшін жедел медициналық жәрдем бригадаларының жету уақытын одан әрі қысқарту, медициналық ұйымдардың дайындығын арттыру және автомобиль жолдарында шұғыл көмек көрсету инфрақұрылымын дамыту қажет.

✅Осы міндеттерді шешу мақсатында 2026–2030 жылдарға арналған жол-көлік жарақаттарының теріс салдарын төмендету жөніндегі ведомствоаралық іс-шаралар жоспары іске асырылуда.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🥰Үміт сыйлайтын жандар: «Дәрігер» деректі фильмі

👩‍⚕️Аталмыш фильм ең қымбат құндылық – адам өмірі мен денсаулығы үшін күн сайын жауапкершілік арқалап жүрген жандарға арналған. Көрермен назарына кәсіби шеберлігі, жанқиярлық еңбегі және өз ісіне адалдығы үшін мемлекеттік наградалармен марапатталған медицина қызметкерлері ұсынылады.

🍿Ақордада өткен салтанатты марапаттау рәсімін тамашалап қана қоймай, өмірін адам саулығына қызмет етуге арнаған дәрігерлер мен медицина мамандарының тағылымды тағдырларымен танысасыз. Әрбір жетістіктің, әрбір марапаттың артында ұзақ жылғы қажырлы еңбек, жоғары жауапкершілік және науқастарға көмектесуге деген шынайы ұмтылыс жатқанын көресіз.

«Дәрігер» – бұл мамандыққа деген адалдық, адамгершілік пен кәсіби миссия туралы сыр шертетін фильм. Туынды медицина қызметкерлерінің адам өміріндегі ең қиын сәттерде әрдайым жанынан табылып, қолдау көрсететін ерекше еңбегін паш етеді.

⚡️ «Дәрігер» деректі фильмін @trkpresident YouTube арнасынан тамашалаңыздар.

➖➖➖➖➖➖➖➖➖


🥰Те, кто дарит надежду: документальный фильм «Доктор»

👩‍⚕️Фильм посвящен людям, которые ежедневно несут ответственность за самое ценное — жизнь и здоровье граждан. В центре внимания — медицинские работники, чьи профессионализм, самоотверженный труд и верность своему делу были отмечены государственными наградами.

🍿Зрители увидят торжественную церемонию награждения в Акорде, а также познакомятся с историями врачей и медицинских специалистов, которые посвятили свою жизнь служению людям. За каждым достижением, каждой наградой стоят годы упорного труда, высокая ответственность и искреннее стремление помогать пациентам.

«Доктор» — это история о призвании, гуманизме и безграничной преданности профессии. Фильм напоминает о важности труда медицинских работников, которые находятся рядом с человеком в самые сложные моменты его жизни.

⚡️Смотрите документальный фильм на Ютуб канале @trkpresident.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
♥️МИНЗДРАВ ЗАПУСКАЕТ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ ПО РАННЕМУ ВМЕШАТЕЛЬСТВУ НА БАЗЕ 32 РАЙОННЫХ БОЛЬНИЦ


Министерство здравоохранения Казахстана запускает пилотный проект по обеспечению доступности ранней помощи каждому ребенку и его семье по принципу «одного окна» на базе 32 районных больниц.

✅Реализацию данного проекта обсудили на первом заседании межведомственного Координационного совета по развитию системы медицинской помощи детям с рисками нарушения развития.

Открывая заседание, первый вице-министр Тимур Султангазиев отметил, что детское здравоохранение является стратегическим приоритетом государства.

📌В Казахстане детям с рождения проводятся пять видов скринингов, а ежегодными профилактическими осмотрами охватывается более пяти миллионов детей.

С 2025 года на базе организаций первичной медико-санитарной помощи функционируют 386 Центров развития и раннего вмешательства. Реализуемые меры уже показывают положительный результат в части раннего выявления патологий и оказания своевременной помощи.

👉Вместе с тем, участники заседания отметили, что существующая система коррекционной помощи пока не покрывает в полном объеме потребность детей и семей в услугах раннего вмешательства. Это может приводить к упущению наиболее благоприятного периода для оказания помощи – так называемого «золотого окна» развития ребенка в возрасте до 3–5 лет.

Представители общественных организаций подчеркнули необходимость дальнейшего расширения доступности услуг раннего вмешательства, усиления информационно-разъяснительной работы среди родителей и укрепления межведомственного взаимодействия в интересах ребенка и семьи.

🔥По итогам заседания принято решение о запуске в пилотном режиме проекта раннего вмешательства в медицинских организациях сельского уровня Алматинской, Восточно-Казахстанской, Мангистауской областей и области Жетісу.

В работе заседания приняли участие представители Министерства просвещения, труда и социальной защиты населения, заместители акимов Алматинской, Восточно-Казахстанской, Мангистауской областей и области Жетісу, представители ЮНИСЕФ Казахстан, фонда Samruk-Kazyna Trust, Национального центра детской реабилитации, а также общественных организаций и экспертного сообщества.

❗️Отдельным вопросом повестки рассмотрен ход реализации Комплексного плана мероприятий по развитию детей раннего возраста и раннему вмешательству «Сәтті бастау» на 2025–2027 годы.

Межведомственный план «Сәтті бастау» предусматривает меры по укреплению межсекторальной координации, развитие кадрового потенциала, совершенствование дошкольного образования, внедрение устойчивых механизмов финансирования и развитие государственной политики поддержки семьи.

🔘Кроме того, в рамках Концепции «Дети Казахстана» планируется создание единой межведомственной цифровой платформы сопровождения детей до 18 лет на базе egov.kz, которая позволит обеспечить непрерывную маршрутизацию и сопровождение ребенка на всех этапах получения помощи.

Реализация данных мер направлена на создание эффективной системы поддержки детей и семей, улучшение качества жизни детей с особенностями развития и дальнейшее снижение уровня детской инвалидности в Казахстане.

✅Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт

gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
♥️ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ 32 АУДАНДЫҚ АУРУХАНАНЫҢ БАЗАСЫНДА ЕРТЕ АРАЛАСУ БОЙЫНША ПИЛОТТЫҚ ЖОБАНЫ ІСКЕ ҚОСАДЫ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі әрбір бала мен оның отбасына «бір терезе» қағидаты бойынша ерте көмек көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 32 аудандық аурухананың базасында пилоттық жобаны іске қосады.

✅Аталған жобаны жүзеге асыру мәселесі дамуында бұзылыстар қаупі бар балаларға медициналық көмек көрсету жүйесін дамыту жөніндегі ведомствоаралық үйлестіру кеңесінің алғашқы отырысында талқыланды.

Отырысты ашқан Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев балалар денсаулығын сақтау мемлекеттің стратегиялық басымдығы екенін атап өтті.

📌Қазақстанда балаларға туғаннан бастап скринингтің бес түрі жүргізіледі, ал жыл сайынғы профилактикалық тексерулермен бес миллионнан астам бала қамтылады.

2025 жылдан бастап медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының базасында 386 Даму және ерте араласу орталығы жұмыс істейді. Қабылданып жатқан шаралар патологияларды ерте анықтау және дер кезінде көмек көрсету бағытында оң нәтижелерін көрсетуде.

👉Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар қолданыстағы түзету көмегі жүйесі балалар мен отбасылардың ерте араласу қызметтеріне деген қажеттілігін толық көлемде қамтамасыз ете алмай отырғанын атап өтті. Бұл көмек көрсетудің ең қолайлы кезеңі – баланың 3–5 жасқа дейінгі дамуындағы «алтын терезе» кезеңінің жіберіп алынуына әкелуі мүмкін.

Қоғамдық ұйымдардың өкілдері ерте араласу қызметтерінің қолжетімділігін одан әрі кеңейту, ата-аналардың арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және бала мен отбасының мүддесі үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайту қажеттігін атап өтті.

🔥Отырыс қорытындысы бойынша Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен Жетісу облысының ауылдық деңгейдегі медициналық ұйымдарында ерте араласу жобасын пилоттық режимде іске қосу туралы шешім қабылданды.

Отырыс жұмысына Оқу-ағарту министрлігінің, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері, Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары және Жетісу облысы әкімдерінің орынбасарлары, ЮНИСЕФ Қазақстандағы өкілдері, Samruk-Kazyna Trust қоры, Ұлттық балаларды оңалту орталығы, сондай-ақ қоғамдық ұйымдар мен сарапшылар қауымдастығының өкілдері қатысты.

❗️Күн тәртібіндегі жеке мәселе ретінде 2025–2027 жылдарға арналған ерте жастағы балаларды дамыту және ерте араласу жөніндегі «Сәтті бастау» іс-шараларының кешенді жоспарын іске асыру барысы қаралды.

«Сәтті бастау» ведомствоаралық жоспары салааралық үйлестіруді нығайту, кадрлық әлеуетті дамыту, мектепке дейінгі білім беру жүйесін жетілдіру, қаржыландырудың тұрақты тетіктерін енгізу және отбасын қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты дамыту шараларын көздейді.

🔘Бұдан бөлек, «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы шеңберінде egov.kz платформасы базасында 18 жасқа дейінгі балаларды қолдауға арналған бірыңғай ведомствоаралық цифрлық платформа құру жоспарлануда. Бұл жүйе балаға көмек көрсету үдерісінің барлық кезеңдерінде үздіксіз бағыттау мен қолдауға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Аталған шараларды іске асыру балалар мен отбасыларды қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыруға, даму ерекшеліктері бар балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға және Қазақстандағы балалар мүгедектігінің деңгейін одан әрі төмендетуге бағытталған.


✅Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🩺❤️ «#МеніңСүйіктіДәрігерім» флешмобы аясында Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі аудандық ауруханасы жанындағы Даму және ерте араласу орталығының педиатр дәрігері Рысгүл Жұма Әбілханқызына пациенттер мен ата-аналар өздерінің шынайы алғыстарын білдіруде. Кәсіби біліктілігі, мейірімді қарым-қатынасы мен әрбір балаға деген ерекше қамқорлығы үшін ол көп жанұяның құрметіне ие болған дәрігер.

🙌🏻 Пациенттердің жүрекжарды лебіздері – дәрігердің өз ісіне деген адалдығы мен жауапкершілігінің айқын көрінісі.

⚜️⚜️⚜️

❤️ В рамках флешмоба «#МойЛюбимыйДоктор» пациенты и родители выражают искреннюю благодарность врачу-педиатру Центра развития и раннего вмешательства Бурлинской районной больницы Западно-Казахстанской области Рысгуль Абилхановне. Благодаря высокому профессионализму, доброжелательному отношению и искренней заботе о каждом ребёнке она заслужила уважение и признательность многих семей.

🙌🏻 Тёплые слова пациентов и родителей — яркое свидетельство её преданности профессии и высокой ответственности.

#МеніңСүйіктіДәрігерім
#ҚазақстанМедицинасы
#ДенсаулықСақтау
#ДәрігергеАлғыс
#МедицинаҚазақстан


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
—————————
Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
🔥1🤔1
💸АСТАНАДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық кеңесінің төрайымы Надежда Петухованың төрағалығымен кезекті отырысы өтті. Оған Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, ведомствоға қарасты ұйымдардың өкілдері және қоғам өкілдері қатысты.

🔷Отырыс барысында еліміздің денсаулық сақтау жүйесін дамытудың өзекті мәселелері қаралды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе ретінде саланың кадрлық және ғылыми әлеуетін кешенді дамыту мәселесі талқыланды. Баяндама жасаған Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті директорының орынбасары Мұхаметбек Бағжан аталған бағыттағы жұмыстар туралы ақпарат ұсынды.

⚫️Отырысқа қатысушылар денсаулық сақтау жүйесіне білікті мамандарды тарту және ұстап қалу шараларын, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау мәселелерін, кәсіби және мансаптық өсу үшін қолайлы жағдайлар жасауды, сондай-ақ сала қызметкерлеріне арналған ынталандыру бағдарламаларын іске асыру тетіктерін талқылады.

Денсаулық сақтау саласының ғылыми әлеуетін дамытуға, кадрларды даярлау жүйесін жетілдіруге және мамандардың үздіксіз кәсіби дамуының тиімді жүйесін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.

✅Күн тәртібіндегі екінші мәселе ретінде «Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығы» ШЖҚ РМК-ның есебі тыңдалды. Орталықтың бас директорының міндетін атқарушы Ғабит Уахитұлы Сейдуалиев ұйым қызметінің нәтижелері, жұмыстың негізгі бағыттары, қол жеткізілген көрсеткіштері және одан әрі даму жоспарлары туралы ақпарат берді.

Қоғамдық кеңес мүшелері ұсынылған баяндамаларды талқылап, баяндамашыларға сұрақтар қойды және денсаулық сақтау саласындағы кадр саясатын одан әрі жетілдіруге, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесі ұйымдарының қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар ұсыныстар енгізді.

✅Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсынымдар әзірленіп, оларды одан әрі іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарауына жіберу туралы шешім қабылданды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🤔1