ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.55K videos
28 files
4.22K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
🇰🇿Қазақстанның гуманитарлық миссиясы: отандық дәрігерлер Ауғанстанда пациенттерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетуде

Қазақстандық дәрігерлер Ауғанстандағы гуманитарлық медициналық миссия шеңберінде жұмыстарын жалғастыруда

❗Қазақстандық дәрігерлер тобы Ауғанстанда жұмысын жалғастырып, халыққа практикалық медициналық көмек көрсетуде және жергілікті мамандармен өз тәжірибесін бөлісуде. Көпбейінді медициналық миссияның құрамына еліміздің травматология, ортопедия, кардиология, педиатрия, хирургия, урология, пульмонология және эпидемиология салаларындағы жетекші мамандары кірді.

🚑Медициналық топтың жетекшісі болып академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы директорының орынбасары Серік Балғазаров тағайындалды. Сонымен қатар миссияның құрамында травматолог-ортопед дәрігерлер Руслан Әбілов, Алексей Долгов және Нұрлан Авғанов, гигиенист-эпидемиолог дәрігер Ғазиз Надуев, кардиолог Ерік Отарбаев, педиатр-пульмонолог Абылай Арыстанәлиев, балалар хирургі-эндоскопист Нышанбек Шиланбаев, уролог Рустам Сәлімов және хирург Серік Нұртазин қызмет атқаруда.

Қазақстандық мамандардың жұмысы Ауғанстандағы медициналық мекемелердің бірінің базасында ұйымдастырылған. Халыққа консультациялық көмек көрсетумен қатар дәрігерлер ауған әріптестерімен бірлескен тексерулер жүргізіп, консилиумдарға қатысады, күрделі клиникалық жағдайларды талқылап, пациенттерді одан әрі емдеу тактикасын айқындайды.

❗️Тірек-қимыл аппаратының ауыр жарақат салдарлары мен туа біткен деформациялары бар пациенттерге ерекше назар аударылуда. Травматолог-ортопед дәрігерлер күн сайын 40-қа дейін пациентке консультация өткізіп, олардың арасынан хирургиялық емдеуді қажет ететін ең күрделі жағдайларды іріктейді. Қазақстандық мамандар күн сайын үш-төрт реконструктивтік-қалпына келтіру операциясын жасап, пациенттердің жоғалтқан функцияларын қалпына келтіруге және өмір сапасын едәуір жақсартуға мүмкіндік беруде.

Ауғанстандағы Қазақстан медицинасы күндері шеңберінде отандық травматолог-ортопедтер ауған тарабына Илизаров аппаратының жиынтықтарын табыстады. Бұл – күрделі сынықтарды емдеуде, аяқ-қол деформацияларын түзетуде және сүйек кемістіктерін алмастыруда кеңінен қолданылатын бірегей жүйе. Аталған жабдықты беру жергілікті мамандардың жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтіп, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықты дамытуға Қазақстанның қосымша үлесі болмақ.

✅Қазақстандық дәрігерлер Ауғанстан халқына алғаш рет көмек көрсетіп отырмағанвн айта кету керек. Өткен жылдың қараша айында болған жойқын жер сілкінісінен кейін Қазақстаннан медициналық топ жіберілген болатын. Сол кезде отандық мамандар он күннің ішінде 44 операция жасап, 100-ден астам пациентке медициналық көмек көрсетті.

Анықтама: медициналық миссия Қазақстан Республикасының гуманитарлық бастамасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Қазақстан делегациясының құрамымен бірге Ауғанстанға жалпы көлемі 318,8 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Гуманитарная миссия Казахстана: отечественные врачи оказывают специализированную помощь пациентам в Афганистане


Казахстанские врачи продолжают работу в рамках гуманитарной медицинской миссии в Афганистане

❗Группа казахстанских врачей продолжает работу в Афганистане, оказывая практическую медицинскую помощь населению и передавая опыт местным специалистам. В состав многопрофильной медицинской миссии вошли ведущие специалисты страны в области травматологии, ортопедии, кардиологии, педиатрии, хирургии, урологии, пульмонологии и эпидемиологии.

🚑Руководителем медицинской группы назначен заместитель директора Национального научного центра травматологии и ортопедии имени академика Н.Д. Батпенова Серик Балгазаров. Вместе с ним в миссии принимают участие травматологи-ортопеды Руслан Абилов, Алексей Долгов и Нурлан Авганов, врач-гигиенист-эпидемиолог Газиз Надуев, кардиолог Ерик Отарбаев, педиатр-пульмонолог Абылай Арыстаналиев, детский хирург-эндоскопист Нышанбек Шиланбаев, уролог Рустам Салимов и хирург Серик Нуртазин.

Работа казахстанских специалистов организована на базе одного из медицинских учреждений Афганистана. Помимо консультативной помощи населению, врачи проводят совместные обходы с афганскими коллегами, участвуют в консилиумах, разбирают сложные клинические случаи и определяют дальнейшую тактику лечения пациентов.

❗️Особое внимание уделяется пациентам с тяжелыми последствиями травм и врожденными деформациями опорно-двигательного аппарата. Ежедневно травматологи-ортопеды консультируют до 40 пациентов, отбирая наиболее сложные случаи для хирургического лечения. Каждый день казахстанские специалисты выполняют от трех до четырех реконструктивно-восстановительных операций, позволяющих пациентам восстановить утраченные функции и значительно улучшить качество жизни.

В рамках Дней казахстанской медицины в Афганистане отечественные травматологи-ортопеды также передали афганской стороне комплекты аппарата Илизарова — уникальной системы, широко применяемой для лечения сложных переломов, коррекции деформаций конечностей и замещения костных дефектов. Передача оборудования позволит расширить возможности местных специалистов по оказанию высокотехнологичной медицинской помощи и станет дополнительным вкладом Казахстана в развитие международного гуманитарного сотрудничества в сфере здравоохранения.

✅Следует отметить, что казахстанские врачи уже не впервые оказывают помощь населению Афганистана. После разрушительного землетрясения в ноябре прошлого года в страну была направлена медицинская группа из Казахстана. Тогда за десять дней отечественные специалисты провели 44 операции и оказали медицинскую помощь более чем 100 пациентам.

Справочно: медицинская миссия реализуется в рамках гуманитарной инициативы Республики Казахстан. В составе казахстанской делегации в Афганистан также была доставлена гуманитарная помощь общим объемом 318,8 тонны.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚑АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРҒА 70 ЖАҢА ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ КӨЛІГІ ТАБЫСТАЛДЫ

Алматы облысының медициналық ұйымдарына 70 санитариялық жедел жәрдем автокөлігі берілді.

Жедел медициналық жәрдем станциясына арналған жаңа автокөліктер лизинг шарттары негізінде сатып алынды.
Тапсырылған 70 автокөліктің 30-ы «С» санатына (реанимобильдер), ал 40-ы «В» санатына жатады. Барлығы заманауи медициналық жабдықтармен жабдықталған және шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық бейімделген.

✅Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде өткен жылы өңірде жалпы құны 8,3 млрд теңгені құрайтын 38 медициналық нысан пайдалануға берілді.

Олардың қатарында 15 дәрігерлік амбулатория, 12 фельдшерлік-акушерлік пункт және 11 медициналық пункт бар.

📈Сонымен қатар медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлініп, оған 347 бірлік заманауи медициналық жабдық сатып алынды. Нәтижесінде облыстың медициналық мекемелерінің жарақтандырылу деңгейі 93 пайызға жетті.

Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шара барысында санитариялық автокөліктердің кілттерін облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев табыстады. Сондай-ақ ол халық денсаулығын сақтауға, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға қосқан елеулі үлесі үшін медицина қызметкерлерін марапаттады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚑В АЛМАТИНСКОЙ ОБЛАСТИ МЕДИЦИНСКИЕ ОРГАНИЗАЦИИ ПОЛУЧИЛИ 70 НОВЫХ АВТОМОБИЛЕЙ СКОРОЙ ПОМОЩИ

В Алматинской области медицинским организациям региона передано 70 санитарных автомобилей скорой помощи.
Новые автомобили для станции скорой медицинской помощи приобретены на условиях лизинга.

✅Из 70 переданных машин 30 относятся к категории «С» (реанимобили), а 40 — к категории «В». Все они оснащены современным медицинским оборудованием и полностью адаптированы для оказания экстренной помощи.

В рамках национального проекта по модернизации сельского здравоохранения в прошлом году в регионе были введены в эксплуатацию 38 медицинских объектов общей стоимостью 8,3 млрд тенге.

📈Среди них – 15 врачебных амбулаторий, 12 фельдшерско-акушерских пунктов и 11 медицинских пунктов. Кроме того, на укрепление материально-технической базы медицинских организаций было выделено более 6 млрд тенге, на которые закуплено 347 единиц современного медицинского оборудования. В результате уровень оснащенности медицинских учреждений области достиг 93%.

Ключи от санитарного автотранспорта на торжественном мероприятий в честь Дня медицинского работника вручил аким области Марат Султангазиев, также он отметил наградами значительный вклад медицинских работников в сохранение здоровья населения, повышение качества и доступности медицинской помощи.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤩КӨЗ ТҮСІН ӨЗГЕРТУ ӘЙЕЛДІҢ КӨРУ ҚАБІЛЕТІНЕН АЙЫРЫЛУ ҚАУПІН ТУҒЫЗДЫ

Алматы қаласының тұрғыны көзінің түсін өзгерту үшін шетелге барған. Алайда операциядан кейін глаукома мен мөлдір қабықтың бұлдырлануы сияқты ауыр асқынуларға тап болды.

👁Асқынулардың салдарынан әйелдің көру қабілеті күрт нашарлаған: бір көзі мүлдем көрмей қалған, ал екінші көзімен тек жарықты ғана ажырата алған. Соның нәтижесінде оған I топтағы мүгедектік белгіленді.

Көмек іздеген әйел Қазақстандағы және шетелдегі бірнеше клиникаға жүгінгенімен, ешбір маман оның көру қабілетін қалпына келтіруге тәуекел етпеген. Жалғыз үміт – аздап болса да жарықты сезетін көзі еді.

✅Күрделі жағдайды Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасының офтальмолог дәрігері Гүлзат Әбдірайымова өз мойнына алды.

«Гүлзат Әбдірайымованың күрделі операцияларды жасайтынын естіген соң, дәл осы дәрігерге жүгінуді жөн көрдім. Маған қайтадан жарық дүниені көруге мүмкіндік берген кәсіби біліктілігі үшін дәрігерлерімізге зор алғысымды білдіремін», – деді пациент.


Дәрігерлердің айтуынша, жағдайды көзішілік қысымның өте жоғары болуы қиындата түскен. Операция барысында экспульсивті қан кету қаупі жоғары болып, бұл көру қабілетінің толықтай жоғалуына әкелуі мүмкін еді.

🐍Соған қарамастан мамандар жарықты сезу қабілеті сақталған көзді аман алып қалуға шешім қабылдады. Екі сағатқа жуық уақытқа созылған күрделі аралас операция барысында көзішілік қысымды төмендетуге бағытталған антиглаукомалық операция және мөлдір қабықты трансплантаттау жүргізілді.

Дәрігерлердің жоғары кәсіби біліктілігінің арқасында көзішілік қысым төмендетіліп, операцияға дейін тек жарықты ғана ажыратқан көздің көру қызметі қалпына келтірілді. Хирургиялық емнен кейін пациент қайтадан көре бастады. Қазіргі уақытта ол дәрігерлердің тұрақты бақылауында болып, оңалту курсынан өтуде.

🚑Мөлдір қабықты трансплантаттау – офтальмологиядағы ең күрделі операциялардың бірі. Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасында мұндай жоғары технологиялық операциялар донорлық бағдарлама шеңберінде жүргізіледі. Жыл басынан бері мамандар 12 мөлдір қабықты трансплантаттау жасап, көптеген пациентке көру қабілетін сақтап қалуға және қайта қалпына келтіруге мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤩СМЕНА ЦВЕТА ГЛАЗ ДЛЯ ЖЕНЩИНЫ ЕДВА НЕ ОБЕРНУЛАСЬ ПОТЕРЕЙ ЗРЕНИЯ

Жительница Алматы отправилась за границу, чтобы изменить цвет глаз. Однако после операции столкнулась с тяжелыми осложнениями – глаукомой и помутнением роговицы.

👁Из-за осложнений женщина практически потеряла зрение. Один глаз полностью утратил зрительные функции, а другим она могла лишь различать свет. В результате пациентке была установлена инвалидность I группы.

В поисках помощи женщина обращалась в различные клиники Казахстана и зарубежья, однако восстановить зрение никто не брался. Надежда оставалась только на один глаз, сохранивший минимальные зрительные функции.

✅За сложный случай взялась офтальмолог ЦГКБ Алматы Гульзат Абдраимова.

«Я слышала, что Гульзат Абдраимова проводит сложные операции, поэтому решила обратиться именно к ней. Выражаю огромную благодарность нашим врачам за профессионализм и шанс снова видеть», – рассказала пациентка.


По словам врачей, ситуацию осложняло крайне высокое внутриглазное давление. Во время операции существовал риск тяжелого осложнения в виде экспульсивного кровотечения, которое могло привести к окончательной потере зрения.

🐍Несмотря на высокие риски, специалисты приняли решение бороться за глаз, в котором сохранялось светоощущение. Пациентке выполнили комбинированную операцию продолжительностью около двух часов: провели антиглаукомное вмешательство для снижения внутриглазного давления и трансплантацию роговицы.

Благодаря профессионализму врачей удалось снизить внутриглазное давление и восстановить зрительные функции на глазу, который до операции различал лишь свет. После хирургического вмешательства пациентка начала видеть. Сегодня женщина продолжает наблюдение и реабилитацию.

🚑Трансплантация роговицы – одна из самых сложных операций в офтальмологии. В ЦГКБ такие вмешательства выполняются благодаря донорской программе. С начала года специалисты уже провели 12 трансплантаций роговицы, подарив пациентам шанс сохранить и вернуть зрение.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ ЖАҢҒЫРТУ: АНОНИМДІ КӨМЕКТІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ҚАУІП ТОПТАРЫМЕН ЖҰМЫС

🔷Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі наркологиялық қызметті жаңғыртуға кірісті. Бұл жұмыс қауіптерді ерте анықтауға, олардың алдын алуға, анонимді көмектің қолжетімділігін арттыруға және қауіп топтарымен жұмыстың тиімділігін күшейтуге бағытталған.

Тиісті тапсырмалар наркологиялық көмекті дамыту мәселелері жөніндегі кеңес қорытындысы бойынша берілді.

⚫️Бүгінде негізгі мәселелердің бірі – азаматтардың мамандандырылған көмекке тым кеш жүгінуі. Диагноздың жария болуы, диспансерлік есепке қойылу немесе әлеуметтік салдарларға қатысты алаңдаушылық көптеген адамның емделуден бас тартуына себеп болып отыр. Соның салдарынан олар білікті медициналық көмексіз қалып немесе бейресми әрі бақылаусыз қызмет көрсететін құрылымдарға жүгінеді.

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің барлық өңірінде анонимді наркологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз етуді міндет етіп қойды. Ведомство басшысы Ақмарал Әлназарова 1 қыркүйекке дейін мұндай кабинеттер жоқ өңірлерде анонимді наркологиялық консультация беру кабинеттерін ашуды және осындай көмекті көрсетуге қажетті инфрақұрылымды қалыптастыруды тапсырды.

«Біздің міндетіміз – әрбір адамның айыптаудан немесе жеке мәліметтерінің жария болып кетуінен қорықпай, дер кезінде көмекке жүгіне алатын жағдай жасау. Тәуелділік – кәсіби медициналық көмекті қажет ететін ауру, оны стигматизациялауға негіз болмауы тиіс. Пациентпен жұмыс неғұрлым ерте басталса, емнің сәтті өтуі мен оның қалыпты өмірге оралу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады», – деп атап өтті министр.


Ведомствоның мәліметінше, қолданыстағы статистика тәуелділік мәселесінің нақты ауқымын толық көрсетпейді. Тәуелділігі бар адамдардың едәуір бөлігі денсаулық сақтау жүйесінің назарынан тыс қалып отыр. Мамандардың бағалауынша, халықтың шамамен 25%-ы қауіп тобына жатады және дер кезінде кеңес беруді, профилактикалық қолдауды әрі тәуелділік факторларын ерте анықтауды қажет етеді.

🚨Осыған байланысты Министрлік тәуелділіктің салдарымен күресуден оның алдын алуға және ерте анықтауға басымдық беруді жоспарлап отыр. Бұл үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл күшейтіліп, қауіп топтарын анықтау тетіктері жетілдіріледі, сондай-ақ наркологиялық ауруларды мониторингтеудің неғұрлым объективті тәсілдері енгізіледі.

Жасөспірімдер мен жастарға ерекше көңіл бөлінеді. Министрлік кәмелетке толмағандарға анонимді консультация алу мүмкіндігін кеңейтуді, медициналық ақпаратты кодтау жүйесін жетілдіруді және қауіпті мінез-құлықты ерте анықтаудың тиімді тетіктерін қалыптастыруды тапсырды.

📌Тапсырмалардың жеке блогы наркологиялық қызметтің материалдық-техникалық базасын нығайтуға арналған. Өңірлік денсаулық сақтау басқармалары мен медициналық ұйымдардың басшыларына қажетті қаржыландыру деңгейін қамтамасыз ету, бейінді орталықтардың материалдық жарақтандырылуын жақсарту және мамандандырылған көмек көрсету үшін заманауи жағдай жасау жүктелді.

Сонымен қатар Министрлік медициналық куәландыру жүргізуге бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр. Әсіресе алкогольдік мас болуды анықтау рәсімдерінің және сараптамалардың белгіленген тәртіпке сай өткізілуіне, зерттеу нәтижелерінің объективтілігіне, рәсімдерді міндетті түрде бейнетіркеуге және ел аумағында бірыңғай жұмыс стандарттарын енгізуге ерекше назар аударылады.

👍Аталған шараларды іске асыру наркологиялық көмектің қолжетімділігін арттыруға, қызметтің профилактикалық бағытын күшейтуге, тәуелділіктерді ерте анықтауға және халықтың психикалық денсаулығын сақтау саласындағы денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️МОДЕРНИЗАЦИЯ НАРКОЛОГИЧЕСКОЙ СЛУЖБЫ: ДОСТУПНОСТЬ АНОНИМНОЙ ПОМОЩИ И РАБОТА С ГРУППАМИ РИСКА


🔷Министерство здравоохранения приступает к модернизации наркологической службы, ориентируя ее на раннее выявление зависимостей, профилактику, доступность анонимной помощи и повышение эффективности работы с группами риска.

Соответствующие поручения были даны по итогам совещания по вопросам развития наркологической помощи.

👉Сегодня одной из ключевых проблем остается позднее обращение граждан за специализированной помощью. Опасения, связанные с возможной оглаской диагноза, постановкой на учет или социальными последствиями, зачастую становятся причиной отказа от лечения. В результате люди остаются без квалифицированной медицинской поддержки либо обращаются в неофициальные и неконтролируемые структуры.

В этой связи Министерством задача обеспечить доступность и качество анонимной наркологической помощи во всех регионах страны. До 1 сентября глава ведомства Акмарал Альназарова поручила открыть кабинеты анонимного консультирования наркологического профиля в регионах, где они отсутствуют, а также создать необходимую инфраструктуру для оказания такой помощи.

«Наша задача создать условия, при которых человек сможет обратиться за помощью своевременно, без страха осуждения или разглашения личной информации. Зависимость – это заболевание, требующее профессиональной медицинской помощи, а не повод для стигматизации. Чем раньше начинается работа с пациентом, тем выше шансы на успешное лечение и возвращение к полноценной жизни», – подчеркнула министр.


🚨В ведомстве отмечают, что существующая статистика не в полной мере отражает реальные масштабы проблемы. Значительная часть лиц с зависимостями остается вне поля зрения системы здравоохранения. При этом, по оценкам специалистов, около 25% населения относятся к группе риска и нуждаются в своевременном консультировании, профилактической поддержке и раннем выявлении факторов зависимости.

В связи с этим Министерство намерено сместить акцент с реагирования на последствия зависимости к ее предупреждению и раннему выявлению. Планируется усилить межведомственное взаимодействие, совершенствовать механизмы выявления групп риска, а также внедрять более объективные подходы к мониторингу наркологических заболеваний.

📌Особое внимание будет уделено подросткам и молодежи. Министерством поручено расширить возможности анонимного консультирования несовершеннолетних, совершенствовать систему кодирования медицинской информации и выстроить эффективные механизмы раннего выявления рискованного поведения.

Отдельный блок поручений касается укрепления материально-технической базы наркологической службы. Управлениям здравоохранения регионов и руководителям медицинских организаций поручено обеспечить необходимый уровень финансирования, повысить оснащенность профильных центров и создать современные условия для оказания специализированной помощи.

Кроме того, Министерство намерено усилить контроль за проведением медицинского освидетельствования. Особое внимание будет уделено соблюдению установленных процедур алкотестирования и экспертиз, объективности результатов исследований, обязательной видеофиксации процедур и внедрению единых стандартов работы на всей территории страны.

👍Реализация данных мер позволит повысить доступность наркологической помощи, усилить профилактическую направленность службы, обеспечить более раннее выявление зависимостей и повысить эффективность работы системы здравоохранения в сфере охраны психического здоровья населения.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗓26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күні

Нашақорлыққа тәуелділік – адамның денсаулығын, отбасын және тағдырын күйрететін дерт. Дегенмен, қауіптердің алдын алуға болады, ал осындай қиындыққа тап болған адамға көмек көрсету – маңызды әрі қажетті іс.

🏃‍♂️Бүгін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Психикалық денсаулық республикалық ғылыми-практикалық орталығымен және өңірлік психикалық денсаулық орталықтарымен бірлесіп, еліміздің барлық өңірінде салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға және өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды насихаттауға бағытталған ақпараттық-ағартушылық және профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

Апта бойы Қазақстанның барлық өңірінде Ашық есік күндері, мамандардың тегін консультациялары, тақырыптық кездесулер, тікелей эфирлер және ақпараттық акциялар ұйымдастырылады. Әрбір азамат тәуелділіктің алдын алу, емдеудің заманауи әдістері мен оңалту шаралары туралы сенімді ақпарат алып, сондай-ақ қай жерде білікті әрі құпия медициналық көмек алуға болатынын біле алады.

🔎Іс-шаралар аясында жастарға, отбасыларға және тәуелді мінез-құлықтың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Өйткені есірткіден қорғанудың ең тиімді жолы – дер кезінде берілген ақпарат, жақындардың қолдауы және салауатты өмір салтын саналы түрде таңдау.

Мемлекет, медицина қауымдастығы, педагогтер, ата-аналар және азаматтық қоғам күш біріктіргенде ғана балаларымыздың денсаулығын сақтап, қауіпсіз болашақ қалыптастыра аламыз.

💚Өмірді таңдаңыз. Денсаулықты таңдаңыз. Есірткіге – жоқ деңіз!

#ЕсірткігеЖоқ #26Маусым #ДенісауҰлт #ҚРДСМ #ПсихикалықДенсаулық #ДенсаулықҮшінБіргеміз #Қазақстан #Денсаулық #SayNoToDrugs

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🗓26 июня – Международный день борьбы с наркоманией и незаконным оборотом наркотиков.

Наркозависимость – это заболевание, которое разрушает здоровье, семьи и человеческие судьбы. Но важно помнить: зависимость можно предупредить, а человеку, столкнувшемуся с этой проблемой, можно и нужно помочь.

🏃‍♂️Сегодня Министерство здравоохранения Республики Казахстан совместно с Республиканским научно-практическим центром психического здоровья и региональными центрами психического здоровья проводит по всей стране информационно-просветительские и профилактические мероприятия, направленные на формирование культуры здорового образа жизни и ответственного отношения к своему здоровью.

В течение недели во всех регионах Казахстана пройдут дни открытых дверей, бесплатные консультации специалистов, тематические встречи, прямые эфиры и информационные акции. Каждый желающий сможет получить достоверную информацию о профилактике, современных методах лечения и реабилитации, а также узнать, где можно получить квалифицированную и конфиденциальную помощь.

🔎Особое внимание уделяется молодежи, семьям и профилактике зависимого поведения. Ведь лучшая защита от наркотиков – это своевременная информация, поддержка близких и осознанный выбор в пользу здоровой жизни.

Только объединив усилия государства, медицинского сообщества, педагогов, родителей и гражданского общества, мы сможем сохранить здоровье наших детей и построить безопасное будущее.

💚Выбирайте жизнь. Выбирайте здоровье. Скажите наркотикам – нет!

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM