This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында (ҚазОРҒЗИ) Asian Cancer Imaging Academy (ACIA) Course 2026 халықаралық білім беру курсы өтуде. Іс-шара Қазақстан, АҚШ, Германия, Түркия, Сингапур, Әзербайжан және басқа да елдерден келген сәулелік диагностика, онкология және ядролық медицина саласының 250-ден астам маманын біріктірді.
Негізгі назар ісіктерді ерте кезеңде анықтауға, аурудың таралу дәрежесін барынша дәл бағалауға және емдеудің ең тиімді тактикасын таңдауға мүмкіндік беретін медициналық бейнелеудің озық әдістеріне аударылуда.
Курс онлайн және офлайн форматтарын біріктірген гибридті форматта ұйымдастырылған. Бұл қазақстандық мамандарға халықаралық деңгейдегі жетекші сарапшылармен тікелей тәжірибе алмасуға, әлемдік клиникалық тәжірибелермен және диагностиканың заманауи халықаралық стандарттарымен танысуға мүмкіндік береді.
«Заманауи медициналық бейнелеу дербестендірілген онкологияның негізіне айналып келеді. Дәл қойылған диагноз емдеу тактикасын айқындайды, демек пациенттердің өмірі мен денсаулығына тікелей әсер етеді. Сондықтан халықаралық тәжірибе алмасу және әлемнің үздік тәжірибелерін енгізу еліміздің онкологиялық қызметін дамытудың маңызды бағыты болып табылады», – деді Ербол Бекмұхамбетов.
Курс бағдарламасы қазіргі онкологиялық бейнелеудің барлық негізгі бағыттарын қамтиды. Атап айтқанда, сүт безі, кеуде қуысы және құрсақ қуысы ағзалары ауруларының диагностикасы, ПЭТ/КТ және жаңа радиофармацевтикалық препараттарды қолдану, тераностика және радионуклидтік терапия технологиялары, сондай-ақ магниттік-резонанстық томография (МРТ) бойынша практикалық шеберлік сабақтары мен клиникалық зерттеулер әдіснамасы қарастырылған.
ACIA Course 2026 курсының Алматыда өткізілуі қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыруға, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге және онкологиялық бейнелеудің заманауи технологияларын клиникалық тәжірибеге енгізуге ықпал етеді. Бұл Қазақстанның Орталық Азиядағы онкология және медициналық бейнелеу саласындағы жетекші білім беру әрі сараптамалық орталықтарының бірі ретіндегі ұстанымын нығайтады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Казахском научно-исследовательском институте онкологии и радиологии (КазНИИОиР) проходит международный образовательный курс Asian Cancer Imaging Academy (ACIA) Course 2026, объединивший более 250 специалистов по лучевой диагностике, онкологии и ядерной медицине из Казахстана, США, Германии, Турции, Сингапура, Азербайджана и других стран.
Курс проходит в гибридном формате онлайн и офлайн, предоставляя казахстанским специалистам возможность напрямую обмениваться опытом с признанными международными экспертами, знакомиться с передовыми клиническими практиками и современными мировыми стандартами диагностики.
«Современная визуализация становится основой персонализированной онкологии. Именно точная диагностика определяет дальнейшую тактику лечения, а значит — напрямую влияет на жизнь и здоровье пациентов. Поэтому международный обмен знаниями и внедрение лучших мировых практик являются важной частью развития отечественной онкологической службы», – отметил Ербол Бекмухамбетов.
Особое внимание уделяется внедрению международных стандартов диагностики, развитию персонализированного подхода к лечению и повышению качества подготовки специалистов. Полученные знания позволят расширить применение современных технологий в клинической практике и повысить качество онкологической помощи пациентам.
Проведение ACIA Course 2026 в Алматы способствует повышению квалификации казахстанских специалистов, расширению международного научного сотрудничества и внедрению современных технологий онкологической визуализации в клиническую практику. Это укрепляет позиции Казахстана как одного из ведущих образовательных и экспертных центров Центральной Азии в области онкологии и медицинской визуализации.
Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан
🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1 шілдеде, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енген күні елімізде 857 сәби өмірге келді. Жүздеген отбасы үшін бұл күн мемлекет тарихындағы ғана емес, өз әулеттерінің де ерекше күніне айналды.
Әрбір жаңа өмір – елдің жарқын болашағына бастар маңызды қадам. Жаңа Конституция күшіне енген тарихи күні 857 кішкентай қазақстандықтың өмірге келуі – мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңімен үндескен айрықша оқиға.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔1
1 июля, в день вступления в силу Новой Конституции Республики Казахстан, в стране родились 857 детей. Для сотен семей эта дата стала особенной не только в истории государства, но и в истории их семей.
Каждое рождение — это еще один шаг в будущее страны. Символично, что 857 маленьких казахстанцев начали свою жизнь в день, который ознаменовал новый этап конституционного развития государства.
Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан
🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1🤔1
Елімізде жүкті әйелдер мен балаларға медициналық көмек мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек аясында көрсетіледі. Болашақ аналар жүктілік кезінде дәрігердің тұрақты бақылауында болып, қажетті тексеру мен скринингтерден өтеді. Босану кезінде білікті медицина мамандары көмек көрсетеді. Сәби өмірге келгеннен кейін патронаждық қызмет ұйымдастырылып, профилактикалық қарап-тексерулер жүргізіледі, Ұлттық егу күнтізбесіне сәйкес екпе салынып, баланың өсуі мен дамуы ұдайы бақылауда болады.
Ана мен баланы қорғау жүйесін жетілдіру - мемлекет назарындағы маңызды міндеттің бірі. Бұл әрбір ананың өзіне де, дүниеге келген әрбір сәбиге де сапалы, қауіпсіз әрі қолжетімді медициналық көмек көрсетуге бағытталған.
Дені сау ана - дені сау бала - Қазақстанның жарқын келешегі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В Казахстане будущие мамы и дети получают медицинскую помощь в рамках государственных гарантий. Беременным доступны наблюдение, обследования и скрининги, во время родов помощь оказывают квалифицированные специалисты, а после рождения ребенка обеспечиваются патронаж, профилактические осмотры, вакцинация и динамическое наблюдение.
Государство продолжает развивать систему охраны материнства и детства, чтобы каждая женщина и каждый ребенок могли получать качественную, безопасную и доступную медицинскую помощь.
Здоровая мама — здоровый ребенок — здоровое будущее Казахстана.
Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан
🖥 Официальный сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Бірыңғай дистрибьютормен бірлесіп 2027 жылға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу науқанын бастады.
Биыл алғаш рет сатып алу науқаны 2026 жылғы 1 шілдеде, яғни белгіленген мерзімнен үш ай бұрын басталды. Ал стационарлық медициналық көмек көрсетуге арналған сатып алу рәсімдері 22 маусымнан бастап жүргізілуде.
Науқанды іске қосуға дайындық барысында Денсаулық сақтау министрлігі нормативтік құқықтық базаны өзектендіру, баға белгілеу мәселелерін реттеу және өңірлердің қажеттілігін қалыптастыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармалары медициналық ұйымдардың нақты қажеттіліктерін, жеткізу көлемдері мен кестелерін ескере отырып өтінімдерін ұсынды.
Қаржыландыру көлемінің ұлғаюы азаматтарды қолжетімді әрі сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың басымдығын көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясындағы әлеуметтік міндеттемелерді іске асыру аясында мемлекет халықты дәрілік қамтамасыз ету бағдарламаларын қажетті қаржылық ресурстармен жүйелі түрде қамтамасыз етуде.
Қабылданған шаралар жоспарлау сапасын арттыруға, жеткізілімдердің уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге және пациенттерді дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етудегі үзілістер тәуекелін барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
🖥 Ресми сайт
gov.kz/memleket/entities/dsm
facebook.com/healthcare.gov.kz
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM