ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.55K videos
28 files
4.22K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Бүгінде мемлекет онкологиялық көмек көрсетуге қомақты қаражат бөліп, пациенттерді заманауи емдеу әдістерімен тегін қамтамасыз етіп келеді.

Сонымен қатар Қазақстанда обырды диагностикалау мен емдеуге арналған медициналық жабдықтардың, дәрілік заттардың және қолжетімді технологиялардың деңгейі көптеген көрші елдерден кем түспейді, ал кейбір бағыттарда олардан да жоғары.

🧑🏻‍⚕️ Мемлекет онкологиялық науқастарды емдеуге қанша қаражат жұмсайтыны, азаматтардың өз денсаулығына деген жауапкершілігінің маңызы туралы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының Радиология орталығының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор, 37 жылдық еңбек өтілі бар радиациялық онколог дәрігер Виктор Борисович Ким әңгімелейді.

⚜️⚜️⚜️

🇰🇿 Государство сегодня несёт большие расходы на оказание онкологической помощи, обеспечивая пациентов современным лечением бесплатно.

При этом уровень оснащения, лекарств и доступных технологий для диагностики и лечения рака в Казахстане зачастую не уступает, а иногда и превосходит многие соседние страны.

🧑🏻‍⚕️ О том, сколько государство тратит на лечение онкобольных, об ответственности пациентов за свое здоровье рассказывает Виктор Борисович Ким, заведующий Центром радиологии КазНИИ онкологии и радиологии, профессор, доктор медицинских наук, врач-радиационный онколог с 37-летним опытом работы.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ БАРЛЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТАРДА АУҚЫМДЫ ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗЕДІ

🇰🇿 Денсаулық сақтау министрі 15 тамызға дейін еліміздегі босандыру қызметін көрсететін барлық 69 медициналық ұйымда ауқымды тексеру жүргізуді тапсырды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті инфекциялық бақылау талаптарының сақталуын бағалап, аналар мен жаңа туған нәрестелердің қауіпсіздігін барынша қамтамасыз етуге және ауруханаішілік инфекциялардың алдын алу шараларын күшейтуге назар аударады.

📝 Тиісті тапсырмалар Денсаулық сақтау министрлігінде медициналық ұйымдардағы инфекциялық бақылау жүйесін жетілдіруге арналған аппараттық кеңес барысында берілді.

Тексерулердің мақсаты – санкциялар санын арттыру емес, тәуекелдердің алдын алу және оларды жою, сондай-ақ босандыру қызметін көрсететін ұйымдардағы медициналық көмектің сапасын арттыру.

«Инфекциялық бақылау жүйесінің басты міндеті – салдармен күресу емес, тәуекелдердің алдын алу. Инфекцияның әрбір жағдайы кәсіби тұрғыдан жан-жақты талданып, пациенттердің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған нақты шешімдер қабылдауға негіз болуы тиіс. Ашық әрі объективті көзқарас қана медициналық көмектің сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.


✅ Кеңес қорытындысы бойынша министр инфекция жағдайларын тергеп-тексеру тәсілдерін қайта қарауды, профилактикаға басымдық бере отырып санитариялық қағидалар мен мемлекеттік бақылаудың тексеру парақтарын жаңартуды, сондай-ақ инфекцияның әрбір жағдайының туындау себептеріне объективті баға беруді тапсырды. Бұл еліміздегі инфекциялық бақылау жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына медициналық ұйымдарды дезинфекция және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізуге қажетті ресурстармен, жеке қорғаныш құралдарымен, заманауи жабдықтармен және бір реттік шығыс материалдарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ медицина қызметкерлерін инфекциялық бақылау мәселелері бойынша жүйелі оқытуды ұйымдастыру тапсырылды.

💊 Антибиотиктерге төзімділік мәселесіне де ерекше назар аударылды. Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бактерияға қарсы препараттарды рецептімен босату талаптарының сақталуына бақылауды күшейтеді. Себебі антибиотиктерді ұтымды пайдалану микроорганизмдердің емге төзімділігінің алдын алудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Тексеру қорытындылары бойынша әрбір өңірде инфекциялық бақылау жүйесін одан әрі жетілдіруге арналған жол карталары бекітіледі.

🛡️Айта кету керек, медициналық көмек көрсету барысында туындайтын инфекциялардың алдын алу медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып қала береді. Қабылданған кешенді шараларды іске асыру аналар мен жаңа туған нәрестелердің қорғалу деңгейін арттыруға, инфекциялық бақылау жүйесін нығайтуға және азаматтардың отандық денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін күшейтуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МИНЗДРАВ НАЧИНАЕТ МАСШТАБНУЮ ПРОВЕРКУ ПЕРИНАТАЛЬНЫХ ЦЕНТРОВ КАЗАХСТАНА

🇰🇿 Министр здравоохранения поручила до 15 августа текущего года провести масштабные проверки всех 69 организаций родовспоможения. Комитет санитарно-эпидемиологического контроля оценит соблюдение требований инфекционного контроля, чтобы обеспечить максимальную безопасность матерей и новорожденных, а также усилить профилактику внутрибольничных инфекций.

📝 Соответствующие поручения были даны в ходе аппаратного совещания Министерства здравоохранения, посвященного совершенствованию системы инфекционного контроля в медицинских организациях.

Проверки направлены не на увеличение количества санкций, а на предупреждение и устранение рисков, повышение качества медицинской помощи в организациях родовспоможения.

«Главная задача системы инфекционного контроля — предупреждать риски, а не реагировать на их последствия. Каждый случай инфекции должен стать поводом для профессионального анализа и принятия решений, которые помогут повысить безопасность пациентов. Только открытый и объективный подход позволит совершенствовать качество медицинской помощи», – подчеркнула Акмарал Альназарова.


✅ По итогам совещания министр поручила пересмотреть действующие подходы к расследованию случаев инфекций, актуализировать санитарные правила и проверочные листы государственного контроля с акцентом на профилактику, дать объективную оценку причин возникновения каждого случая для повышения эффективности системы инфекционного контроля по стране.

Кроме того, управлениям здравоохранения регионов поручено обеспечить медицинские организации необходимыми ресурсами для проведения дезинфекции и стерилизации, средствами индивидуальной защиты, современным оборудованием и одноразовыми расходными материалами, а также организовать системное обучение медицинских работников по вопросам инфекционного контроля.

💊 Отдельное внимание уделено борьбе с антибиотикорезистентностью. Комитет медицинского и фармацевтического контроля усилит контроль за соблюдением требований рецептурного отпуска антибактериальных препаратов, поскольку рациональное применение антибиотиков является важной составляющей профилактики устойчивости микроорганизмов к лечению.

По итогам проверок в каждом регионе будут утверждены дорожные карты по дальнейшему совершенствованию системы инфекционного контроля.

🛡️ Необходимо отметить, что профилактика инфекций, связанных с оказанием медицинской помощи, остается одним из ключевых показателей качества и безопасности медицинской помощи. Реализация комплекса принятых мер позволит повысить уровень защиты матерей и новорожденных, укрепить систему инфекционного контроля и повысить доверие граждан к отечественному здравоохранению.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
2025 жылы Қазақстанда 32 мыңнан астам кардиохирургиялық ота жасалды

🇰🇿 2025 жылы Қазақстанда 32 мыңнан астам кардиохирургиялық ота жасалып, 6 мыңға жуық пациентке жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілді. Күрделі операцияларды жүргізуге 91,3 млрд теңге бағытталды.

🫀 Бүгінде елімізде жүрек пен қан тамырлары ауруларын емдеуге арналған күрделі хирургиялық араласулардың кең ауқымы орындалады. Заманауи технологиялар мен кардиохирургиялық орталықтардың жоғары деңгейде жабдықталуы пациенттерге жоспарлы түрде де және шұғыл араласуды қажет ететін жедел жағдайларда да мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

🩺 Қазақстандықтарға жоғары технологиялық кардиохирургиялық көмек медициналық көрсетілімдер бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетіледі.

⚜️⚜️⚜️

🇰🇿 В 2025 году в Казахстане проведено более 32 тысяч кардиохирургических операций, около 6 тысяч пациентов получили высокотехнологичную медицинскую помощь. На проведение сложных операций направлено 91,3 млрд тенге.

🫀 Сегодня в стране выполняется широкий спектр сложных вмешательств при заболеваниях сердца и сосудов. Современные технологии и оснащение кардиохирургических центров позволяют оказывать специализированную помощь пациентам как в плановом порядке, так и при острых состояниях, когда требуется экстренное вмешательство.

🩺 Для казахстанцев высокотехнологичная кардиохирургическая помощь оказывается по медицинским показаниям в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и системы обязательного социального медицинского страхования.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🩺 2025 жылдан бастап Қазақстанның барлық емханаларында шұғыл медициналық көмек бөлімшелері жұмыс істейді.

🏥 Жоспарлы қабылдауға келген пациенттер мен шұғыл жағдайдағы пациенттердің ағынын бөлу шұғыл көмекке мұқтаж жандарға медициналық көмекті жедел көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл жоспарлы қабылдаудың қолжетімділігін арттырады.

🤷‍♀️ Дегенмен, көптеген пациент әлі күнге дейін қандай жағдайда шұғыл медициналық көмек бөлімшесіне жүгіну қажет екенін, ал қай кезде учаскелік дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылудың жеткілікті болатынын білмейді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🩺 С 2025 года во всех поликлиниках Казахстана работают отделения неотложной помощи.

🏥 Разделение потоков пациентов с плановыми и неотложными состояниями позволяет быстрее оказывать помощь тем, кто нуждается в ней безотлагательно, и одновременно повышает доступность планового приема.

🤷‍♀️ Но многие пациенты до сих пор не знают, в каких случаях следует обращаться в отделение неотложной помощи, а когда достаточно записаться на прием к участковому врачу.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
📌 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық қызметті цифрлық трансформациялау бағытындағы ең ауқымды жобалардың бірін аяқтады.

ТМД елдерінің арасында алғаш рет төмендегі бағыттарды біріктірген бірыңғай цифрлық экожүйе құрылды:

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау;

декреттелген кәсіптер қызметкерлерінің медициналық тексерулері;

зертханалық зерттеулер;

кәсіпорындардың өндірістік бақылауы;

халықты вакцинациялау мониторингі.

Бұрын бұл мәліметтер әртүрлі ақпараттық жүйелерде сақталып, көптеген үдерістер қолмен жүргізілсе, бүгінде барлық ақпарат бір платформада нақты уақыт режимінде жинақталып, талданады.

✅ Бұл санитариялық-эпидемиологиялық қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайлар туындамай тұрып-ақ олардың алдын алуға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
КАЗАХСТАН ПЕРВЫМ СРЕДИ СТРАН СНГ СОЗДАЛ ЕДИНУЮ ЦИФРОВУЮ ЭКОСИСТЕМУ САНЭПИДНАДЗОРА

📌 Министерство здравоохранения Казахстана завершило один из самых масштабных проектов цифровой трансформации санитарно-эпидемиологической службы.

Впервые среди стран СНГ создана единая цифровая экосистема, которая объединила:

государственный санитарно-эпидемиологический контроль;

медицинские осмотры работников декретированных профессий;

лабораторные исследования;

производственный контроль предприятий;

мониторинг вакцинации населения.

Если раньше сведения находились в разных информационных системах, а значительная часть процессов велась вручную, то сегодня вся информация собирается и анализируется на одной платформе в режиме реального времени.

Это позволяет не только быстрее реагировать на санитарно-эпидемиологические риски, но и предупреждать их еще до возникновения чрезвычайных ситуаций.

Если раньше сведения находились в разных информационных системах, а значительная часть процессов велась вручную, то сегодня вся информация собирается и анализируется на одной платформе в режиме реального времени.

✅ Это позволяет не только быстрее реагировать на санитарно-эпидемиологические риски, но и предупреждать их еще до возникновения чрезвычайных ситуаций.


Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
👏1
ҚАҒАЗБАСТЫЛЫҚ ПЕН ҰЗАҚ КҮТУ ЖОҚ: САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҰМЫСЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРДІ

Цифрлық платформа енгізілгенге дейін санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары ондаған түрлі қағаз есепті қолмен дайындайтын.

Ақпаратты жинау және талдамалық есептерді әзірлеу үш күннен екі аптаға дейін уақыт алатын, ал бақылаудағы нысандар, медициналық тексерулер мен вакцинациялау бойынша толық мәлімет болмаған.

Бүгінде бұл үдерістер толықтай автоматтандырылған.

Ақпараттық жүйеде мемлекеттік бақылаудағы 202 мың нысан туралы мәлімет цифрландырылып, 198 мың пайдаланушы тіркелген. Оның ішінде 114 мыңы – бизнес өкілдері, соның ішінде медициналық ұйымдар.


🧑‍💻Жаңа жүйенің басты артықшылықтарының бірі – кәсіпкердің жеке кабинеті.

Енді кәсіпорындар мәліметтерді қашықтан жолдап, санитариялық дәрігерлердің ұсынымдарын алып, бақылау нәтижелерін қадағалап, анықталған бұзушылықтарды уақытылы жоя алады.

Сондай-ақ бизнеске бұрынғыдай бір құжатты қайта-қайта ұсынудың қажеті жоқ. Мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияның арқасында ақпараттың едәуір бөлігі автоматты түрде алынады.

2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында жүйе арқылы өндірістік бақылау бойынша 13 562 есеп қабылданды.


Автоматты талдау нәтижесінде 4 777 бұзушылық анықталып, 470 нысан ешқандай субъективті араласусыз, тек қауіптерді басқару жүйесінің негізінде мемлекеттік бақылау жоспарына енгізілді.


Сонымен қатар цифрлық платформа күн сайын 5-тен 30-ға дейін жарамдылық мерзімі өткен медициналық кітапшаларды, рұқсат беру құжаттарының жоқтығын және ұсынылмаған есептілікті анықтап, тексеру жүргізілгенге дейін-ақ заң бұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді.


🗂️ Құжаттарды қайта ұсыну қажеттілігін болдырмау үшін жүйе сегіз мемлекеттік ақпараттық жүйемен интеграцияланған. Ал Бас прокуратураның тексерулерді тіркеу жүйесімен интеграциялау жұмыстары аяқталу сатысында.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
БЕЗ БУМАГ И ДОЛГОГО ОЖИДАНИЯ: КАК ИЗМЕНИЛАСЬ РАБОТА САНЭПИДСЛУЖБЫ

До внедрения цифровой платформы сотрудники санитарно-эпидемиологической службы вручную формировали десятки видов бумажной отчетности.

На сбор информации и подготовку аналитики уходило от трех дней до двух недель, а полная картина по объектам контроля, медицинским осмотрам и вакцинации отсутствовала.

Сегодня эти процессы полностью автоматизированы.

В информационной системе уже оцифрованы сведения о 202 тысячах объектов государственного контроля, зарегистрировано 198 тысяч пользователей, из которых 114 тысяч – представители бизнеса, включая медицинские организации.


🧑‍💻 Одним из ключевых преимуществ новой системы стал личный кабинет предпринимателя.

Теперь предприятия могут дистанционно подавать сведения, получать рекомендации санитарных врачей, отслеживать результаты контроля и своевременно устранять нарушения.

Бизнесу больше не нужно многократно представлять одни и те же документы – значительная часть информации поступает автоматически благодаря интеграции государственных баз данных.

Уже за первое полугодие 2026 года через систему поступило 13 562 отчета производственного контроля.


Автоматический анализ выявил 4 777 нарушений, а 470 объектов были включены в план государственного контроля исключительно системой управления рисками, без субъективного вмешательства.


Кроме того, цифровая платформа ежедневно выявляет от 5 до 30 случаев просроченных медицинских книжек, отсутствие разрешительных документов и непредставленную отчетность, позволяя предупреждать нарушения еще до проведения проверок.


🗂️ Для исключения повторного предоставления документов система интегрирована с восемью государственными информационными системами, а интеграция с системой регистрации проверок Генеральной прокуратуры находится на завершающем этапе.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ЦИФРЛЫҚ МЕДИЦИНАЛЫҚ КІТАПША ЕНДІ ӘРҚАШАН ҚОЛ АСТЫНДА

Енді барлық азаматтар үшін қолжетімді тағы бір маңызды сервис – электрондық жеке медициналық кітапша.

Бүгінде бұл сервис eGov Mobile және Halyk мобильдік қосымшаларында қолжетімді.

Енді декреттелген кәсіптерде жұмыс істейтін қызметкерлерге қағаз түріндегі медициналық кітапшаны алып жүрудің қажеті жоқ – телефондағы электрондық медициналық кітапшаны ашу жеткілікті.

Сонымен қатар санитариялық-эпидемиологиялық қызмет міндетті медициналық тексерулерден өтуді қашықтан бақылауға мүмкіндік алды. Егер жеке медициналық кітапшада медициналық тексеруден өту мерзімі өтіп кеткені анықталса, қызметкерді жұмыстан уақытша шеттету бойынша жедел шаралар қабылданады.

Қазақстанда алғаш рет мына бағыттарды біріктірген санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің бірыңғай цифрлық экожүйесі құрылды:

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау;

декреттелген кәсіптер қызметкерлерінің медициналық тексерулері;

зертханалық зерттеулер;

кәсіпорындардың өндірістік бақылауы;

халықты вакцинациялау мониторингі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ЦИФРОВАЯ МЕДКНИЖКА ТЕПЕРЬ ВСЕГДА ПОД РУКОЙ

Еще один важный сервис, доступный всем гражданам – это электронная личная медицинская книжка.

Сегодня она доступна в eGov Mobile и мобильном приложении Halyk.

Теперь работникам декретированных профессий не нужно носить бумажный документ – достаточно открыть электронную медкнижку в телефоне.

При этом санитарно-эпидемиологическая служба получила возможность дистанционно контролировать прохождение обязательных медицинских осмотров и принять меры оперативного реагирования по отстранению сотрудника от работы в случае просроченных записей о медицинских осмотрах в личной медкнижке.

В Казахстане впервые создана единая цифровая экосистема санэпидслужбы, которая объединила:

государственный санитарно-эпидемиологический контроль;

медицинские осмотры работников декретированных профессий;

лабораторные исследования;

производственный контроль предприятий;

мониторинг вакцинации населения.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ САЛАМАТТЫЛЫҒЫ РЕЙТИНГІН ЕНГІЗЕДІ

Жаңа ақпараттық жүйе елдегі санитариялық-эпидемиологиялық ахуалды іс жүзінде нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Бүгінде мамандар цифрлық форматта:

* халықты вакцинациялаумен қамту туралы;
* вакциналардың қозғалысы туралы;
* зертханалық зерттеулер туралы;
* қауіпсіз емес өнімдерді анықтау туралы;
* нысандардың санитариялық жағдайы туралы деректерді жедел ала алады.

Вакцинациялау модулінде бүгінде 4 616 180 вакцина алған азамат туралы мәлімет жинақталған. Бұл профилактикалық екпелермен қамту деңгейінің төмендеуін дер кезінде анықтап, өңірлердің жұмысын тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.

Вакциналардың барлық кезеңдегі қозғалысын толық цифрлық қадағалау олардың жоғалу, мақсатсыз пайдаланылу қауіптерін азайтып, бюджет қаражатының жұмсалуын бақылаудың тиімділігін арттырады.

Алдағы уақытта Министрлік санитариялық саламаттылық деңгейі бойынша нысандардың рейтингін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл тұрғындарға қоғамдық тамақтану орындарын, балалар ұйымдарын және басқа да нысандарды таңдау кезінде объективті ақпаратқа сүйенуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
МИНЗДРАВ РК ВНЕДРИТ РЕЙТИНГ САНИТАРНОГО БЛАГОПОЛУЧИЯ ПРЕДПРИЯТИЙ

Новая информационная система позволяет видеть санитарно-эпидемиологическую ситуацию в стране практически в режиме реального времени.


Сегодня специалисты могут оперативно получать следующие данные в цифровом формате:
• об охвате населения вакцинацией;
• движении вакцин;
• лабораторных исследованиях;
• выявлении небезопасной продукции;
• санитарном состоянии объектов.

В модуле вакцинации уже содержатся сведения о 4 616 180 вакцинированных гражданах, что позволяет своевременно выявлять снижение охвата профилактическими прививками и координировать работу регионов.

Полная цифровая прослеживаемость движения вакцин на всех этапах снижает риски потерь, нецелевого использования и повышает эффективность контроля за расходованием бюджетных средств.

В перспективе Министерство планирует внедрить рейтинг санитарного благополучия объектов, чтобы жители могли ориентироваться на объективную информацию при выборе предприятий общественного питания, детских организаций и других объектов.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АЛМАТЫДА ЕСТУ ҚАБІЛЕТІНІҢ БҰЗЫЛУЫН ЕРТЕ АНЫҚТАУДЫҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛУДА

Алматы қаласындағы №5 қалалық клиникалық ауруханада Қазақстандағы алғашқы аудиологиялық скринингті сүйемелдеу бойынша трекинг-орталық ашылып, есту қабілеті бұзылған пациенттердің бірыңғай тіркелімін енгізуге бастау берілді. Бұл жобалар Сурдология бойынша құзырет орталығының базасында жүзеге асырылуда.

Жүйе «Мен естимін» пилоттық жобасы шеңберінде сәтті сынақтан өтті. Жоба Алматының үш перзентханасын, үш медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымын және екі сурдологиялық кабинетін қамтыды. Алынған нәтижелер жобаның тиімділігін және оны кең көлемде енгізудің қажеттілігін дәлелдеді.

«Трекинг-орталықтың ашылуымен біз кезең-кезеңімен Алматыдағы барлық перзентханалар мен медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарын осы жүйеге қосамыз. Бұл есту қабілетінің бұзылуын ерте анықтау және балаларды сүйемелдеудің бірыңғай бағытын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді орталықтың ашылуында Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов.

«Мен естимін» жобасы баланы аудиологиялық скринингтен бастап диагностика, емдеу, есту аппараттарымен қамтамасыз ету және оңалтуға дейінгі барлық кезеңде сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Жобаның негізгі буыны – трекинг-орталық. Ол нақты уақыт режимінде скрининг нәтижелерін алып, «жасыл дәліз» қағидаты бойынша тексеруді ұйымдастырады және есту қабілеті бұзылған балаларды үздіксіз сүйемелдейді.

Жүйенің тиімділігі қазірдің өзінде дәлелденді: 2026 жылдың басынан бері 11 баланың толық естімейтіні дер кезінде анықталды. Олардың барлығына кохлеарлық имплантаттау жасалып, қазіргі уақытта оңалтудан өтуде.

Жоба толық ауқымда іске асырылғаннан кейін жыл сайын 90 мыңнан астам баланы аудиологиялық мониторингпен қамту жоспарланып отыр. Бұл өмірінің алғашқы жылындағы балаларда есту қабілетінің ауыр бұзылыстары мен толық жоғалуын дер кезінде анықтап, емдеуді ерте бастауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар есту қабілеті бұзылған пациенттердің бірыңғай тіркелімі енгізіледі. Ол балалар мен ересектер туралы мәліметтерді біріктіріп, пациенттерді диагностикадан бастап емдеу мен оңалтуға дейін үздіксіз сүйемелдеуді қамтамасыз етеді әрі мамандандырылған көмектің тиімділігін арттырады.

Жыл басынан бері №5 қалалық клиникалық аурухананың Сурдология бойынша құзырет орталығының мамандары МӘМС шеңберінде есту қабілетін жақсартуға бағытталған 200-ден астам операция жасады. Сонымен қатар 400-ден астам пациентке есту аппараттарымен қамтамасыз етуге жолдама берілді. Бүгінде орталық Қазақстанның барлық өңірінен келетін пациенттерге мамандандырылған көмек көрсетеді, олардың 58%-ын Алматы қаласының тұрғындары құрайды.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
В АЛМАТЫ ЗАПУСКАЮТ ЕДИНУЮ СИСТЕМУ РАННЕГО ВЫЯВЛЕНИЯ НАРУШЕНИЙ СЛУХА

В Городской клинической больнице №5 Алматы открылся первый в Казахстане трекинг-центр по сопровождению аудиологического скрининга и дал старт внедрению единого регистра пациентов с нарушениями слуха. Проекты реализуются на базе Центра компетенции по сурдологии.

Система уже прошла успешную апробацию в рамках пилотного проекта «Я слышу», охватившего три родильных дома, три организации ПМСП и два сурдологических кабинета Алматы. Полученные результаты подтвердили эффективность проекта и необходимость его масштабирования.

«С открытием трекинг-центра мы поэтапно подключим к системе все родильные дома и организации ПМСП Алматы. Это позволит выстроить единый маршрут раннего выявления нарушений слуха и сопровождения детей», – отметил руководитель Управления здравоохранения города Марат Пашимов на открытии центра.

Проект «Я слышу» обеспечивает сопровождение ребенка на всех этапах – от аудиологического скрининга до диагностики, лечения, слухопротезирования и реабилитации. Ключевым звеном станет трекинг-центр, который в режиме реального времени будет получать результаты скрининга, организовывать обследование по принципу «зеленого коридора» и сопровождать детей с нарушениями слуха.

Эффективность системы уже подтверждена: с начала 2026 года полная потеря слуха своевременно выявлена у 11 детей. Всем им проведена кохлеарная имплантация, после которой они проходят реабилитацию.

После масштабирования проекта аудиологическим мониторингом планируется ежегодно охватывать более 90 тысяч детей. Это позволит своевременно выявлять тяжелые нарушения и полную потерю слуха у детей первого года жизни для раннего начала лечения.

Одновременно будет внедрен единый регистр пациентов с нарушениями слуха, который объединит данные о детях и взрослых, обеспечит непрерывное сопровождение пациентов от диагностики до лечения и реабилитации, а также повысит эффективность оказания специализированной помощи.

С начала года специалисты Центра компетенции по сурдологии ГКБ №5 выполнили более 200 слухоулучшающих операций в рамках ОСМС, свыше 400 пациентов получили направления на слухопротезирование. Сегодня центр оказывает специализированную помощь пациентам со всего Казахстана, из которых 58% – это жители Алматы.

Пресс-служба Министерства здравоохранения Республики Казахстан

🖥 Официальный сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ ЖІТІ БАҚЫЛАНАТЫН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПСИХИАТРИЯЛЫҚ АУРУХАНАҒА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУДІ ТАПСЫРДЫ

Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық ауруханада пациенттердің ұсталуы жағдайларына қатысты шағымдар жарияланды.

Денсаулық сақтау министрлігі мұндай әрбір өтінішті онда келтірілген фактілерді жан-жақты әрі объективті зерделеуге негіз ретінде қарастырады.

Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті аталған мекеменің қызметіне кешенді тексеру жүргізуді бастайды.

Мамандар медициналық құжаттаманы, емдеу процесінің ұйымдастырылуын, пациенттердің болу жағдайларын, лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттерін, сондай-ақ ем қабылдап жатқан азаматтардың құқықтарының сақталуын зерделейді.

Тексеруге өз құзыреті шегінде уәкілетті мемлекеттік органдар, оның ішінде прокуратура органдары мен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл тартылады.

Тексеру қорытындысы бойынша барлық келтірілген фактілерге объективті баға беріледі. Егер заң бұзушылықтар анықталатын болса, Министрлік заңнамаға сәйкес тиісті ден қою шараларын қабылдап, кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Бұл – еліміздегі осы бейіндегі жалғыз мамандандырылған медициналық мекеме екенін айта кеткен жөн. Мұнда соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған пациенттер ем қабылдайды.

Бұл қарапайым стационар емес. Мекеме бір мезгілде екі маңызды міндетті орындайды: ауыр психикалық бұзылыстары бар адамдарға мамандандырылған психиатриялық көмек көрсетеді және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтай отырып, сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Мекемедегі пациенттердің 80%-дан астамы жеке адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар жасаған.

Аталған мекемеде ерекше емдеу-қорғау режимі қолданылады. Бұл – пациенттердің, медицина қызметкерлерінің және қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, емдеу, оңалту және психикалық денсаулықты қалпына келтіру үшін қажетті жағдай жасауға бағытталған медициналық, ұйымдастырушылық және профилактикалық іс-шаралар кешені.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі

🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk

📱 Facebook
facebook.com/healthcare.gov.kz

📱 Instagram
instagram.com/healthcare.gov.kz