ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.56K videos
28 files
4.24K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Тамақтан улану жағдайлары төрт есеге азайды – Денсаулық сақтау министрлігі бақылауды күшейтті

Қазақстанда 2026 жылдың жеті айында білім беру нысандарына байланысты тіркелген тамақтан улану жағдайларының саны төрт есеге азайды. Мұндай нәтижеге Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында балалар болатын нысандарға мемлекеттік бақылауды күшейту нәтижесінде қол жеткізілді.

2025 жылдың жеті айында 8 жағдай тіркеліп, 118 бала зардап шеккен. 2026 жылдың осы кезеңінде 2 жағдай тіркеліп, 13 бала зардап шекті.

Маңғыстау облысындағы білім беру нысандарында тамақтан уланумен байланысты топтық ауру жағдайларынан кейін мемлекет балалардың денсаулығын сақтауға бағытталған қосымша шаралар кешенін қабылдады.

2025 жылғы 4 желтоқсанда Мемлекет басшысы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын балалар болатын нысандарға мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін көздейтін Заңға қол қойды. Жаңа тетік 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді.

Бұл балалар болатын нысандарда санитариялық талаптардың сақталуына бақылауды күшейтуге және ықтимал қауіптерді уақтылы анықтауға мүмкіндік берді.

2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап білім беру ұйымдарында Тамақтану стандарты және бірнеше нұсқадан тұратын үлгілік перспективалық мәзір қолданылады.

Құжаттар балалардың дұрыс әрі теңгерімді тамақтануының заманауи қағидаттарын ескере отырып әзірленген. Бұл ретте өнімдердің қауіпсіздігіне, оларды сақтау және дайындау жағдайларына ерекше назар аударылады.

Балалардың қауіпсіздігі – мемлекеттің сөзсіз басымдығы. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін балалар болатын нысандарға бақылауды күшейтіп, мектептегі тамақтануды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды арттырып жатырмыз. Біздің міндетіміз – бұзушылықтарға жауап беріп қана қоймай, қауіптердің алдын алу.

Баланың сырқаттануының бір ғана жағдайының өзі тексеру жүргізуді және қажетті шараларды қабылдауды талап ететінін айта кету керек.

Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің өңірлермен және білім беру ұйымдарымен бірлескен жұмысы жалғасуда.

Балалардың қауіпсіздігі, мектептердің санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және мектептегі тамақтанудың сапасы мәселелері Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауында.
Регистрация пищевых отравлений снизилась в четыре раза - Минздрав

В Казахстане за семь месяцев 2026 года количество зарегистрированных случаев пищевых отравлений, связанных с объектами образования, снизилось в четыре раза. Такой результат получен на фоне усиления государственного контроля за объектами с пребыванием детей во исполнение поручения Главы государства.

За семь месяцев 2025 года было зарегистрировано 8 случаев, пострадали 118 детей. За аналогичный период 2026 года - 2 случая и 13 пострадавших детей.

После случаев групповых заболеваний пищевого происхождения в объектах образования Мангистауской области государством принят комплекс дополнительных мер по защите здоровья детей.

В 2026 году Главой государства подписан Закон, предусматривающий особый порядок государственного контроля объектов с пребыванием детей, финансируемых из государственного бюджета. Новый механизм действует с 1 февраля 2026 года.

Это позволило усилить контроль за соблюдением санитарных требований и своевременно выявлять риски на объектах, где находятся дети.

С 1 сентября 2025 года в организациях образования действует новый Стандарт питания и многовариантное типовое перспективное меню.

Документы разработаны с учетом современных принципов здорового и сбалансированного питания детей. Особое внимание уделяется безопасности продуктов, условиям их хранения и приготовления.

Безопасность детей - безусловный приоритет государства. Во исполнение поручения Главы государства мы усиливаем контроль за объектами с пребыванием детей и повышаем требования к организации школьного питания. Наша задача — не только реагировать на нарушения, но и предупреждать риски.

Необходимо подчеркнуть, что даже единичный случай заболевания ребенка требует расследования и принятия необходимых мер.

Работа санитарно-эпидемиологической службы совместно с регионами и организациями образования продолжается.

Вопросы безопасности детей, санитарного благополучия школ и качества школьного питания находятся на постоянном контроле Министерства здравоохранения.
Қазақстанда алғаш рет тамырда біртіндеп сіңірілетін жаңа буын каркастары қолданылды

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында төрт пациентке биорезорбцияланатын магний скаффолдтарын қолдану арқылы жоғары технологиялық операциялар жасалды.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында жаңа буынның биорезорбцияланатын магний скаффолдтарын қолдана отырып, жоғары технологиялық коронарлық араласулар жүргізілді. Бұл технология интервенциялық кардиология бойынша халықаралық мастер-класс шеңберінде төрт пациентке қолданылды.

Магний скаффолды – тарылған коронарлық артерияға орнатылатын және қан ағымын қалпына келтіруге көмектесетін уақытша тамырлық каркас. Оның дәстүрлі металл стенттен негізгі айырмашылығы – өз функциясын орындағаннан кейін каркас организмге біртіндеп сіңіп кетеді.

«Мұндай технология тамырдың каркастың қолдауымен қалпына келу кезеңінен өтуіне мүмкіндік береді, содан кейін ол біртіндеп резорбцияланады. Бұл тамыр қабырғасының табиғи қалпына келуіне қосымша мүмкіндіктер ашады», – деп атап өтті КІА ҒЗИ рентгенэндоваскулярлық операциялық блогының меңгерушісі Алексей Колесников.

Жаңа технологияны тәжірибеде қолдану интервенциялық кардиология саласындағы жетекші мамандардың қатысуымен өткен мастер-класс шеңберінде жүзеге асырылды. Шақырылған сарапшы – Klinikum Fürth (Германия) клиникасының интервенциялық кардиология маманы, күрделі коронарлық араласулар жүргізу бойынша сарапшы доктор Стильянос Пиксарас (Stylianos Pyxaras).

Мастер-класс барысында қазақстандық мамандар биорезорбцияланатын скаффолдтарды қолданудың заманауи тәсілдерімен, пациенттерді іріктеу өлшемшарттарымен және коронарлық артериялардың күрделі зақымдануы кезінде араласу жүргізудің ерекшеліктерімен танысты.

Төрт операцияның барлығы да сәтті өтті. Пациенттерге жоғары технологиялық медициналық көмек МӘМС шеңберінде тегін көрсетілді.

Интервенциялық кардиологияның заманауи технологияларын енгізу коронарлық тамырлар аурулары бар пациенттерді емдеу мүмкіндіктерін кеңейтуге және Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
🔥1
В Казахстане впервые применили новое поколение рассасывающихся сосудистых каркасов

Четырем пациентам в НИИ кардиологии и внутренних болезней провели высокотехнологичные операции с использованием биорезорбируемых магниевых скаффолдов.

В НИИ кардиологии и внутренних болезней проведены высокотехнологичные коронарные вмешательства с применением биорезорбируемых магниевых скаффолдов нового поколения. Технология использована у четырех пациентов в рамках международного мастер-класса по интервенционной кардиологии.

Магниевый скаффолд — это временный сосудистый каркас, который устанавливается в суженную коронарную артерию и помогает восстановить кровоток. Его принципиальное отличие от традиционного металлического стента заключается в том, что после выполнения своей функции каркас постепенно рассасывается в организме.

«Такая технология позволяет сосуду пройти период восстановления с поддержкой каркаса, после чего он постепенно резорбируется. Это открывает дополнительные возможности для естественного восстановления сосудистой стенки», — отметил заведующий рентгенэндоваскулярным операционным блоком НИИ КВБ Алексей Колесников.

Практическое применение новой технологии прошло в рамках мастер-класса с участием ведущих специалистов в области интервенционной кардиологии. Приглашенным экспертом выступил доктор Стильянос Пиксарас (Stylianos Pyxaras) — специалист по интервенционной кардиологии из Klinikum Fürth (Германия), эксперт по выполнению сложных коронарных вмешательств.

В ходе мастер-класса казахстанские специалисты ознакомились с современными подходами к применению биорезорбируемых скаффолдов, критериями отбора пациентов и особенностями проведения вмешательств при сложных поражениях коронарных артерий.

Все четыре операции прошли успешно. Высокотехнологичная медицинская помощь пациентам оказана бесплатно в рамках ОСМС.

Внедрение современных технологий интервенционной кардиологии позволяет расширять возможности лечения пациентов с заболеваниями коронарных сосудов и повышать доступность высокотехнологичной медицинской помощи в Казахстане.
🔥2
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі: балалардың қауіпсіздігі – сөзсіз басымдық
 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтауминистрлігі балаларды сауықтыру ұйымдарындасанитариялық-эпидемиологиялық талаптардыңсақталуын бақылауды одан әрі күшейтуде. Ата-ананың өтініші негізінде жүргізілген жоспардан тыстексерудің қорытындысы бойынша Қостанайоблысында сот шешімімен санитариялықнормалардың өрескел бұзушылықтары анықталған«Светофор» балалар сауықтыру орталығыныңқызметі тоқтатылды.
Жүргізілген тексеру барысында өтініштекөрсетілген барлық фактілер расталды. Мамандартамақтандыруды ұйымдастыру, сумен қамтамасызету, аумақ пен үй-жайлардың санитариялық жай-күйі, сондай-ақ персоналдың міндетті медициналықтексерулерден өту талаптарының бұзылғанынанықтады. Іс материалдарын қарау нәтижесінде сот орталықтың қызметін тоқтату туралы шешімқабылдады, ал бұған дейін берілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының күші жойылды.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігісанитариялық-эпидемиологиялық қорытындыныберу кезінде заң бұзушылықтарға жол бергенлауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тергеп-тексеру жүргізді. Оның қорытындысы бойыншакінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Денсаулық сақтау министрлігі әрбір азаматтыңөтініші ерекше бақылауда екенін атап өтеді. Балалардың қауіпсіз демалысы мен сауықтырылуыүшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етумемлекет үшін сөзсіз басымдық болып қала береді.
 
 
Минздрав РК: безопасность детей остается безусловным приоритетом
 
Министерство здравоохранения Казахстана продолжает усиливать контроль за соблюдением санитарно-эпидемиологических требований в детских оздоровительных организациях. По итогам внеплановой проверки, проведенной после обращения родителя, в Костанайской области по решению суда прекращена деятельность детского оздоровительного центра «Светофор», где были выявлены серьезные нарушения санитарных норм.
Проверка подтвердила все факты, изложенные в обращении заявителя. Специалисты выявили нарушения требований к организации питания, водоснабжению, санитарному состоянию территории и помещений, а также к прохождению обязательных медицинских осмотров персоналом. По итогам рассмотрения материалов суд принял решение о прекращении деятельности центра, а ранее выданное санитарно-эпидемиологическое заключение было аннулировано.
Одновременно Министерством здравоохранения проведено служебное расследование в отношении должностных лиц, допустивших нарушения при выдаче санитарно-эпидемиологического заключения. По его итогам виновные привлечены к дисциплинарной ответственности. В Минздраве подчеркивают, что каждое обращение граждан находится на особом контроле, а обеспечение безопасных условий отдыха и оздоровления детей остается безусловным приоритетом государства.
Ана өлімі 17,5%-ға, жол-көлік оқиғаларынан болатын өлім 20,9%-ға төмендеді: Денсаулық сақтау министрлігі жартыжылдық қорытындысын шығарды

Қазақстанда 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша халық денсаулығының бірқатар негізгі көрсеткіштері жақсарды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев мәлімдеді.

Жалпы өлім 0,8%-ға, қанайналым жүйесі ауруларынан болатын өлім 10,9%-ға, онкологиялық аурулардан болатын өлім 5%-ға, жол-көлік оқиғалары салдарынан болатын өлім 20,9%-ға төмендеді. Жеті айда ана өлімі 17,5%-ға азайды.

«Денсаулық сақтау жүйесі жұмысының басты нәтижесі – адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Оң динамика қабылданып жатқан шаралардың нәтиже беріп отырғанын көрсетеді. Енді осы нәтижені бекітіп, барлық өңірде сапалы медициналық көмектің бірдей қолжетімділігін қамтамасыз ету маңызды», – деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев.

Ана мен бала денсаулығының көрсеткіштері жақсаруда

Жеті айдың қорытындысы бойынша ана өлімі көрсеткіші 100 мың тірі туған балаға шаққанда 9,7-ден 8,0-ге дейін төмендеді.

Нәресте өлімі 5,93-ті құрады, жоспарлы көрсеткіш – 7,3. Неонаталдық өлім 3,05 болды, жоспар – 4,1.

Екінші жартыжылдықта негізгі назар жүктілік асқынуларының алдын алуға, әйелдер мен балаларды медициналық бақылау сапасына, патронажға және медициналық көмекті уақтылы көрсетуге аударылады.

Профилактика және ерте диагностикамен қамту артып келеді

МСАК ұйымдарына профилактикалық мақсатта келу үлесі 33,7%-ға, жылдық жоспар – 27%-ға жетті.

Онкологиялық скринингтермен қамту 37,6%-дан 42%-ға дейін өсті. Қатерлі ісіктердің ең ерте – 0–I сатыларында анықталу үлесі 34,3%-ды құрады, жоспарлы көрсеткіш – 33,8%.

Сонымен қатар Министрлік ауруларды ерте анықтау көрсеткіштері төмен болып отырған және пациенттерді медициналық ұйымдардың арасында маршрутизациялау мәселелері бар өңірлердегі жұмысты күшейтуді жоспарлап отыр.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және медицина қызметкерлерін қолдау

Бірыңғай дистрибьютордың сатып алуларындағы отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың үлесі 34,9%-ға жетті, жоспар – 32%.

Дәрілік заттардың қозғалысын нақты уақыт режимінде қадағалау көрсеткіші 77%-ды құрап, 75% көлеміндегі жылдық жоспардан асты. Бұл дәрілік препараттардың жеткізу тізбегінің барлық кезеңіндегі қозғалысын бақылауға және тапшылық қаупіне жедел ден қоюға мүмкіндік береді.

Соңғы үш жылдың ішінде медицина қызметкерлеріне көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларының көлемі 6,7 есеге өсті. Негізгі басымдық – дәрігерлер мен орта медицина қызметкерлерін өңірлерде және ауылдық жерлерде тұрақтандыру.

Негізгі міндет – өңірлердің арасындағы алшақтықты қысқарту

Жартыжылдық қорытындысы бойынша 24 негізгі көрсеткіштің бесеуі қосымша назар аударуды қажет етеді. Өңірлік денсаулық сақтау басқармаларына аталған көрсеткіштерге егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, нақты шаралар қабылдау тапсырылды.

«Ел бойынша орташа көрсеткіштер жекелеген аумақтардағы проблемаларды жасырып қалмауға тиіс. Жыл қорытындысы бойынша бізге себептерді түсіндіру емес, көрсеткіштердің нақты жақсаруы және халық үшін нақты нәтиже қажет», – деп атап өтті Тимур Сұлтанғазиев.

Екінші жартыжылдықта Денсаулық сақтау министрлігі қол жеткізілген нәтижелерді бекітуге және халықтың өмір сүру ұзақтығы мен өмір сапасына тікелей әсер ететін көрсеткіштерді жақсартуға баса назар аударады.
Материнская смертность снизилась на 17,5%, смертность в ДТП — на 20,9%: Минздрав подвел итоги полугодия

В Казахстане по итогам первого полугодия 2026 года улучшился ряд ключевых показателей здоровья населения. Об этом сообщил первый вице-министр здравоохранения РК Тимур Султангазиев на заседании Коллегии Министерства здравоохранения.

Общая смертность снизилась на 0,8%, смертность от болезней системы кровообращения — на 10,9%, от онкологических заболеваний — на 5%, в результате дорожно-транспортных происшествий — на 20,9%. За семь месяцев материнская смертность уменьшилась на 17,5%.

«Главный результат работы системы здравоохранения — сохранённые жизни и здоровье людей. Положительная динамика показывает, что принимаемые меры дают результат. Теперь важно закрепить его и обеспечить одинаковую доступность качественной медицинской помощи во всех регионах», — отметил Тимур Султангазиев.

Улучшаются показатели здоровья матери и ребёнка

За семь месяцев показатель материнской смертности снизился с 9,7 до 8,0 на 100 тыс. живорождённых.

Младенческая смертность составила 5,93 при плане 7,3, неонатальная — 3,05 при плане 4,1.

Основной акцент во втором полугодии будет сделан на профилактике осложнений беременности, качестве наблюдения женщин и детей, патронаже и своевременной медицинской помощи.

Растёт охват профилактикой и ранней диагностикой

Доля профилактических посещений организаций ПМСП достигла 33,7% при годовом плане 27%.

Охват онкологическими скринингами увеличился с 37,6% до 42%, а доля злокачественных новообразований, выявленных на наиболее ранних — 0–I стадиях, составила 34,3% при плане 33,8%.

Вместе с тем Министерство намерено усилить работу в регионах, где сохраняются низкие показатели раннего выявления заболеваний и имеются проблемы с маршрутизацией пациентов.

Лекарства и поддержка медработников

Доля отечественных лекарственных средств и медицинских изделий в закупках Единого дистрибьютора достигла 34,9% при плане 32%.

Прослеживаемость движения лекарств в режиме реального времени составила 77%, превысив годовой план в 75%. Это позволяет контролировать движение препаратов по всей цепочке поставок и быстрее реагировать на риски дефицита.

За последние три года объём мер социальной поддержки медицинских работников вырос в 6,7 раза. Приоритетом остаётся закрепление врачей и среднего медицинского персонала в регионах и сельской местности.

Основная задача — сократить разрыв между регионами
По итогам полугодия из 24 ключевых показателей пять требуют дополнительного внимания. Региональным управлениям здравоохранения поручено провести их детальный анализ и принять конкретные меры.

«Средние показатели по стране не должны скрывать проблемы отдельных территорий. По итогам года нам нужны не объяснения причин, а конкретное улучшение показателей и реальный результат для населения», — подчеркнул Тимур Султангазиев.

Во втором полугодии Минздрав сосредоточится на закреплении достигнутых результатов и улучшении показателей, непосредственно влияющих на продолжительность и качество жизни населения.