ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.4K photos
1.55K videos
28 files
4.22K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН КЕЙІН ЗАМАНАУИ ЖАБДЫҚТАРМЕН ЖАБДЫҚТАЛҒАН АУДАНДЫҚ АУРУХАНА АШЫЛДЫ

🏥 Жетісу облысының Кербұлақ ауданында күрделі жөндеуден кейін аудандық орталық аурухана қайта жұмыс істей бастады. Жаңартылған медициналық мекеме аудан тұрғындарына қолайлы жағдайда медициналық көмек алуға және қажетті диагностикалық тексерулерден өтуге мүмкіндік береді.

1986 жылы салынған аурухана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді. Жұмыстар 2025 жылы басталып, биыл аяқталды.

🔍 Қазіргі уақытта ауруханада компьютерлік томограф, рентген аппараты, маммограф және ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппараттары жұмыс істейді. Бұл ауруларды ерте анықтау мүмкіндіктерін кеңейтіп, тұрғындарға бірқатар тексеруден тұрғылықты жері бойынша өтуге жағдай жасайды.

🏗️ Сонымен қатар Кербұлақ ауданында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде 17 ауылдық медициналық нысанның құрылысы аяқталды.

Бұл мақсатқа 3,8 млрд теңге бағытталды. Пайдалануға 6 дәрігерлік амбулатория, 8 фельдшерлік-акушерлік пункт және 3 медициналық пункт берілді.

👩🏻‍⚕️ Медициналық кадрлық әлеуетті нығайту жұмыстары да жалғасуда. 2024 жылдан бері ауданға 14 дәрігер жұмысқа орналасты. Қазіргі уақытта тағы төрт маманды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде.

🎯 Медициналық инфрақұрылымды жаңғыртудың негізгі мақсаты – аудан және ауыл тұрғындарына сапалы әрі уақтылы медициналық көмекті тұрғылықты жеріне жақын жерде алуға мүмкіндік жасау болып табылады.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Республика күні қарсаңында Отарда жылжымалы медициналық кешен шалғай ауылдарға қызмет көрсетті

Республика күніне орай ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында Отар ауылдық округіне заманауи жылжымалы медициналық кешен келді.

Арнайы жабдықталған екі автокөлік компьютерлік томограф, цифрлық маммограф және сараптамалық деңгейдегі ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) аппаратымен қамтамасыз етілген.

Жылжымалы медициналық кешен шалғай ауылдық елді мекендердің тұрғындарына заманауи диагностикалық қызметтерді жергілікті жерде алуға мүмкіндік берді. Бұл тұрғындардың облыс орталығына немесе аудандық медициналық ұйымдарға қатынау қажеттілігін азайтып, ауруларды, соның ішінде онкологиялық сырқаттарды ерте анықтауға жол ашады.

Бұл – ауыл тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам.

⚡️⚡️⚡️

В преддверии Дня Республики передвижной медицинский комплекс оказал помощь жителям отдалённых сёл

В преддверии Дня Республики в Отарский сельский округ прибыл современный передвижной медицинский комплекс, направленный на повышение доступности медицинской помощи для сельского населения.

Два специализированных автомобиля оснащены компьютерным томографом, цифровым маммографом и аппаратом ультразвуковой диагностики экспертного класса.

Благодаря работе передвижного комплекса жители отдалённых населённых пунктов получили возможность пройти современные диагностические обследования по месту проживания. Это позволяет сократить необходимость поездок в районные и областные медицинские организации, а также способствует раннему выявлению различных заболеваний, в том числе онкологических.

Инициатива направлена на укрепление здоровья сельского населения, повышение доступности качественной медицинской помощи и улучшение качества жизни жителей региона.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ АРАСЫНДА ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕР ӨЛІМІНІҢ ЕҢ ТӨМЕН КӨРСЕТКІШІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

🤱 Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында жаңа туған нәрестелер өлімінің ең төмен көрсеткішіне қол жеткізді. Қазіргі таңда бұл көрсеткіш тірі туған әрбір 1 000 нәрестеге шаққанда 3 жағдайды құрайды.

🏥 Сондай-ақ еліміз БҰҰ-ның балалар өлімін азайтуға қатысты Тұрақты даму мақсаттарын мерзімінен бұрын орындады. Медициналық көмектің қолжетімділігін одан әрі арттыру үшін 16 жаңа балалар ауруханасы мен перинаталдық орталық салу жоспарланып отыр.

📉 Жаңа туған нәрестелер өлімінің төмендеуі перинаталдық көмекті жүйелі түрде дамыту, заманауи технологияларды енгізу және ана мен балаға медициналық көмек көрсету жүйесін жетілдіру нәтижесінде мүмкін болды.

📌 Бүгінде дене салмағы өте төмен болып туған нәрестелердің өмір сүру көрсеткіші 57%-ды құрайды. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті арттыру, мамандандырылған көмекті дамыту және медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту бағытындағы жұмыстар жалғасады.

🙌 Туа біткен ауруларды ерте анықтауға және жүктілік кезінде медициналық бақылауды қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып отыр.

🖇️ «Аналар саулығы» бағдарламасы шеңберінде ұрықтың саулығын сақтау орталықтарының 22-сінде бір күндік клиникалар ашылып, диагностика мен құрсақішілік емдеудің заманауи әдістері енгізілді.

📊 Нәтижесінде туа біткен даму кемістіктерін анықтау көрсеткіші 12%-ға артып, осы себептерге байланысты нәресте өлімі 15%-ға төмендеді.

✅ Алдағы уақытта ана мен бала денсаулығын сақтау қызметін дамыту медициналық көмектің сапасын арттыруға, қауіп-қатерлерді ерте анықтауға және Қазақстанның барлық өңірінде заманауи диагностика мен емдеу әдістерінің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталады.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
КАЗАХСТАН ДОСТИГ САМОГО НИЗКОГО УРОВНЯ СМЕРТНОСТИ НОВОРОЖДЕННЫХ В ЦЕНТРАЛЬНОЙ АЗИИ

🤱 Казахстан достиг самого низкого показателя смертности новорожденных среди стран Центральной Азии – 3 случая на 1000 живорождений.

🏥 Страна также досрочно выполнила соответствующие Цели устойчивого развития ООН по снижению детской смертности. Для дальнейшего повышения доступности медицинской помощи планируется строительство 16 новых детских больниц и перинатальных центров.

📉 Снижение смертности новорожденных стало результатом последовательного развития перинатальной помощи, внедрения современных технологий и совершенствования системы медицинского сопровождения матерей и детей.

📌 Сегодня выживаемость новорожденных с экстремально низкой массой тела составляет 57%. Дальнейшая работа направлена на повышение этого показателя, развитие специализированной помощи и укрепление материально-технической базы медицинских организаций.

🙌 Особое внимание уделяется раннему выявлению врожденных заболеваний и медицинскому сопровождению беременности.

🖇️ В рамках программы «Аналар саулығы» в 22 центрах охраны плода открыты клиники одного дня, внедрены современные методы диагностики и внутриутробного лечения.

📊 В результате выявляемость врожденных пороков развития повысилась на 12%, а младенческая смертность, связанная с этими причинами, снизилась на 15%.

✅ Дальнейшее развитие службы охраны материнства и детства будет направлено на повышение качества медицинской помощи, раннее выявление рисков и обеспечение доступности современных методов диагностики и лечения во всех регионах Казахстана.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ШАЛҒАЙ АУЫЛЫНДА ЖАҢА ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Бүгін Жамбыл облысының шалғайдағы Сортөбе ауылында жастар денсаулық орталығы ашылды. Жаңа орталық Қарасу елді мекенінен Қарасай батыр ауылына дейінгі аумақта тұратын жастарға қызмет көрсетеді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының тапсырмасына сәйкес ашылған орталықтың негізгі мақсаты – жастарға медициналық және психологиялық көмектің қолжетімділігін арттыру, олардың денсаулығын нығайтуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға қолдау көрсету.

Орталық жұмысының басты қағидаттары – сенім, құпиялылық және әрбір жасқа жеке көзқарас таныту. Мұнда жастар өздерін толғандырған мәселелер бойынша мамандардан кеңес алып, денсаулығына қатысты сұрақтарына жауап таба алады.

Жаңа орталықтың ашылуы шалғай елді мекендердегі жастардың медициналық және психологиялық көмекке қолжетімділігін арттырып, олардың денсаулығын сақтауға бағытталған маңызды қадам болмақ.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
ҚАЗАҚСТАНДА ОНКОГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ АУРУЛАРЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ БЕС ЖЫЛДЫҚ ӨМІР СҮРУ КӨРСЕТКІШІ 70%-ДАН АСТЫ

Қазақстанда онкогематологиялық аурулары бар балалардың бес жылдық өмір сүру көрсеткіші 70%-дан асады, ал жедел лимфобластты лейкоз кезінде бұл көрсеткіш 85%-ға жетеді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Самарқанд қаласында өткен Балалар обыры жөніндегі II халықаралық конгресте мәлімдеді.

Қазақстанда жыл сайын балалардың арасында онкологиялық аурулардың 600-ге жуық жаңа жағдайы анықталады. Елімізде заманауи диагностикалау әдістері мен жоғары технологиялық емдеу тәсілдері дамып келеді. 2013 жылдан бері гемопоэздік дің жасушаларын трансплантаттау бойынша 630-дан астам операция жасалды.

Отандық медициналық орталықтардың дамуы балаларды шетелде емдеуге жіберу қажеттілігін біртіндеп азайтуға мүмкіндік беріп отыр.

Конгресс барысында Ақмарал Әлназарова Орталық Азия елдерін балалардың обырды емдеудің заманауи әдістеріне қолжетімділігін арттыру үшін күш біріктіруге шақырды.

Негізгі бағыттардың қатарында диагностиканың дәлдігін арттыру, дәрігерлерді бірлесіп даярлау, CAR-T-терапиясының мүмкіндіктерін зерттеуді қоса алғанда, ғылыми зерттеулерді дамыту, сондай-ақ балаларды ісікке қарсы дәрілік препараттармен қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық бар.

Сүйек кемігі донорларының ұлттық тіркелімдерінің арасындағы өзара іс-қимылға да ерекше назар аударылды. Бұл трансплантаттауға мұқтаж балалар үшін үйлесімді донорларды іздеу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашады.

«Инвестицияларымыздың тиімділігін бағалауда бөлінген қаражаттың көлемі ғана емес, ең алдымен емдеу нәтижелері, сақтап қалған өмірлеріміз және аурудан кейінгі балалардың өмір сапасы маңызды», – деп атап өтті министр.


Ақмарал Әлназарованың айтуынша, халықаралық ынтымақтастықтың басты мақсаты – тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір баланың заманауи диагностика мен емдеу әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНЕ ПЯТИЛЕТНЯЯ ВЫЖИВАЕМОСТЬ ДЕТЕЙ С ОНКОГЕМАТОЛОГИЧЕСКИМИ ЗАБОЛЕВАНИЯМИ ПРЕВЫСИЛА 70%

В Казахстане пятилетняя выживаемость детей с онкогематологическими заболеваниями превышает 70 процентов, а при остром лимфобластном лейкозе достигает 85 процентов. Об этом сообщила министр здравоохранения Акмарал Альназарова на II Международном конгрессе по детскому раку в Самарканде.

Ежегодно в стране выявляют около 600 новых случаев онкологических заболеваний у детей. В Казахстане развиваются современные методы диагностики и высокотехнологичного лечения. С 2013 года проведено более 630 трансплантаций гемопоэтических стволовых клеток.

Развитие отечественных медицинских центров позволяет постепенно сокращать необходимость направления детей на лечение за рубеж.

Выступая на конгрессе, Акмарал Альназарова предложила странам Центральной Азии объединить усилия для расширения доступа детей к современным методам лечения рака.

Среди основных направлений – повышение точности диагностики, совместная подготовка врачей, развитие научных исследований, включая изучение возможностей CAR-T-терапии, а также сотрудничество в обеспечении детей противоопухолевыми препаратами.

Отдельное внимание уделено взаимодействию национальных регистров доноров костного мозга, что позволит расширить возможности поиска совместимых доноров для детей, нуждающихся в трансплантации.

«Главный показатель эффективности наших инвестиций - не только объём выделенных средств, но прежде всего результаты лечения, сохранённые жизни и качество жизни детей после перенесённого заболевания», - подчеркнула министр.


По словам А.Альназаровой, главная цель международного сотрудничества - сделать современные методы диагностики и лечения доступнее для каждого ребёнка независимо от места его проживания.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАНДА 300-ДЕН АСТАМ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМНЫҢ БАСШЫСЫ АТТЕСТАТТАУДАН ӨТУДЕ

Қазақстанда перзентханалар, балалар стационарлары мен жедел медициналық жәрдем станцияларының 300-ден астам басшысын аттестаттау басталды. Бірінші кезең – тестілеу 2026 жылғы 14 қазанда басталды.

20 қазандағы жағдай бойынша Қызылорда облысы, Ұлытау облысы және Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдардың 44 басшысы тестілеуден өтті.

Аттестаттау бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Қатысушылар кәсіби білімдері мен басқарушылық құзыреттерін, сондай-ақ медициналық ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру және ресурстарды ұтымды пайдалану дағдыларын көрсетеді.

Бағалау тек аталған ұйымдардың басшыларына қатысты жүргізілетінін айта кеткен жөн. Қатардағы дәрігерлер, мейіргерлер және басқа да медицина қызметкерлері аттестаттауға қатыспайды.

Бағалау қорытындысы бойынша медициналық ұйымдарды басқаруды жетілдіру және олардың жұмыс тиімділігін арттыру бағыттары айқындалады.

Аттестаттау медициналық ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру деңгейін, көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қауіпсіздігін жақсартуға, сондай-ақ кадр саясаты мен қаржы қаражатын жұмсау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНЕ БОЛЕЕ 300 РУКОВОДИТЕЛЕЙ МЕДОРГАНИЗАЦИЙ В КАЗАХСТАНЕ ПРОХОДЯТ АТТЕСТАЦИЮ

В Казахстане началась аттестация более 300 руководителей организаций родовспоможения, детских стационаров и станций скорой медицинской помощи. Первый этап – тестирование стартовал 14 октября 2026 года.

По состоянию на 20 октября тестирование уже прошли 44 руководителя медицинских организаций Кызылординской области, области Ұлытау и города Шымкент.

Аттестация проходит по утверждённому графику. Участники демонстрируют профессиональные знания и управленческие компетенции, а также навыки организации работы медучреждений и рационального использования ресурсов.

Необходимо отметить, что оценка касается только руководителей указанных организаций. Рядовые врачи, медицинские сёстры и другие медицинские работники в аттестации не участвуют.

По итогам оценки определят направления для совершенствования управления медицинскими организациями и повышения эффективности их работы.

Аттестация позволит улучшить уровень организации, качество и безопаность оказываемой медицинской помощи, повысить эффективность кадровой политики и расходования финансовых средств.

🌐 Официальный сайт

⚜️Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАН МЕН АҚШ-ТЫҢ ЖЕТЕКШІ ОНКОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ БАЛАЛАР ОБЫРЫН ЕМДЕУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

⚜️ Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Самарқандта АҚШ-тың балалар онкологиясы саласындағы жетекші орталықтарының бірі — St. Jude Children’s Research Hospital өкілдерімен ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Кездесуде балалар обырын емдеудің заманауи әдістерін енгізу, қазақстандық мамандарды даярлау және ісікке қарсы дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттыру мәселелеріне басымдық берілді.

👥 Кездесу госпитальдің атқарушы вице-президенті, St. Jude Global халықаралық бағдарламасының жетекшісі Карлос Родригес-Галиндоның қатысуымен өтті.

🙌 Тараптар балаларға жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетуді дамыту мүмкіндіктерін, соның ішінде сүйек кемігін трансплантаттау, молекулалық диагностика және жасушалық терапияның перспективалы әдістерін талқылады.

🏥 Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында заманауи көпбейінді госпиталь кешенін салу жобасына ерекше назар аударылды. Жоспарға сәйкес, ол Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары мен Абай облысының балаларына мамандандырылған медициналық көмек көрсететін өңіраралық орталыққа айналмақ.

🤝 Ақмарал Әлназарова St. Jude орталығының тарапынан жобаға сараптамалық қолдау көрсету мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ қазақстандық дәрігерлерді оқытуды, бірлескен медициналық консилиумдар мен ғылыми зерттеулер ұйымдастыруды ұсынды.

💊 Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі Қазақстанның балаларға арналған ісікке қарсы дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттыруға бағытталған St. Jude және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық бағдарламасына қосылу мүмкіндігі болды.

📝 Бағдарламаға қатысушы елдерді балалардағы онкологиялық ауруларды емдеуге арналған сапалы дәрілік препараттармен қамтамасыз ету көзделген. Қазақстанның бағдарламаға қатысу шарттары халықаралық әріптестермен бірлесіп қосымша пысықталатын болады.

⚡️ Қазіргі уақытта қазақстандық медициналық ұйымдар St. Jude Global Alliance халықаралық желісінің құрамына кіреді. Бұл ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге негіз қалайды.

👫 Басты мақсат — балалардың заманауи диагностика мен емдеу әдістеріне қолжетімділігін кеңейтіп, кішкентай пациенттердің көбірек бөлігіне қажетті медициналық көмекті өз елінде, отбасыларының жанында алуға мүмкіндік жасау.

✅ Кездесу қорытындысы бойынша балалар онкологиясы, медицина кадрларын даярлау және дәрілік заттармен қамтамасыз ету бағыттарындағы бірлескен жобаларды нақты пысықтауды жалғастыру ұсынылды.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM