ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.5K photos
1.57K videos
28 files
4.25K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В КАЗАХСТАНЕ ВПЕРВЫЕ БУДУТ ПОСТРОЕНЫ ТРИ КРУПНЫХ РЕСПУБЛИКАНСКИХ ЦЕНТРА ДЕТСКОЙ МЕДИЦИНЫ

🏗️ В Казахстане до 2029 года будет построено 20 новых объектов здравоохранения для оказания высокотехнологичной специализированной помощи матерям и детям.

“Численность населения страны быстро растёт. Поэтому системное и оперативное развитие инфраструктуры здравоохранения — одна из важнейших задач. На первом этапе масштабного строительства мы планируем возвести по всей стране восемь современных перинатальных центров. Кроме того, в городах Атырау, Актобе, Алматы, Шымкенте, Каскелене, Семее и Актау будут построены семь многопрофильных детских больниц, а в Астане — ещё два медицинских объекта”, – подчеркнул сегодня в своем Послании Президент РК Касым-Жомарт Токаев.


По поручению Главы государства планируется масштабное обновление объектов детского здравоохранения.

Строительство перинатальных центров началось в Астане и в Шымкенте. Дальнейшая реализация проектов позволит увеличить мощности службы родовспоможения, укрепить региональную инфраструктуру и повысить доступность специализированной медицинской помощи женщинам и новорождённым.

Новые медицинские организации расширят возможности диагностики и лечения детских заболеваний, в том числе сложных случаев, требующих участия специалистов разных профилей.

Впервые в Казахстане за многие годы запланировано строительство трех крупных современных республиканских центров детского профиля:

• Центр детской неотложной помощи на 200 коек в Астане;
• Детский хирургический центр на 350 коек в Астане;
• Республиканская многопрофильная педиатрическая клиника на 500 коек в Алматы.

🙌 Создание этих центров позволит развивать высокотехнологичную детскую медицину, концентрировать передовые компетенции и расширять возможности оказания сложной специализированной помощи внутри страны. Это также будет способствовать сокращению необходимости направления маленьких пациентов на лечение за рубеж.

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1
ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ-САНИТАРИЯЛЫҚ АЛҒАШҚЫ КӨМЕКТІҢ УЧАСКЕЛІК ҚЫЗМЕТ МАМАНДАРЫНА ҮЗДІКСІЗ ЕҢБЕК ӨТІЛІ ҮШІН ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

⚜️ Қазақстанда келесі жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) ұйымдарының учаскелік қызметіндегі 77 мың қызметкерге үздіксіз еңбек өтілі үшін қосымша ақы төлеу жоспарланып отыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған «Қазақстанның жаңа тарихи кезеңдегі өзекті міндеттері» атты жыл сайынғы Жолдауында мәлімдеді.

«Біз медициналық-санитариялық алғашқы көмек жүйесін жаңғыртуға да ерекше назар аударып отырмыз. Осыған байланысты жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттіктерін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды. Үкіметке келесі жылғы 1 қаңтардан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын көбейтуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.


📌 Қосымша ақының мөлшері еңбек өтілінің ұзақтығына байланысты белгіленеді. Ол лауазымдық жалақының 50 пайызына дейін жетуі мүмкін.

Қосымша ақының мынадай мөлшерлерін белгілеу ұсынылады:

* 2 жылдан астам үздіксіз еңбек өтілі үшін – лауазымдық жалақының 20%-ы;
* 3 жылдан астам еңбек өтілі үшін – 30%-ы;
* 5 жылдан астам еңбек өтілі үшін – 50%-ы.

Жаңа шара медициналық кадрларды, ең алдымен, медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдары мен ауылдық медициналық ұйымдарда тұрақтандыруға бағытталған.

«Мемлекет басшысының қолдауымен медициналық алғашқы көмек буынының кадрлық әлеуетін нығайту үшін алғаш рет осындай ауқымды қолдау шаралары қабылданып отыр. Біздің басымдығымыз – емханалар мен ауылдық дәрігерлік амбулаторияларда халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру. Бұл жалпы практика дәрігерлері мен учаскелік қызмет мейіргерлерінің біліктілігі мен тәжірибесіне тікелей байланысты», – деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.


Үздіксіз еңбек өтілі үшін қосымша ақы енгізілгеннен кейін ауылдық жерлердегі ең жоғары еңбек өтілі бар жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы қосымша ақыны ескергенде 760 мың теңгеге, ал қалаларда 607 мың теңгеге дейін жетуі мүмкін.

📈 Ауылдық жерлерде ең жоғары еңбек өтілі бар жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы 534 мың теңгеден 760 мың теңгеге дейін, ал орта медицина персоналының жалақысы 284 мың теңгеден 401 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін.

📈 Қалаларда ең жоғары еңбек өтілі бар жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы 425 мың теңгеден 607 мың теңгеге дейін, ал орта медицина персоналының жалақысы 224 мың теңгеден 318 мың теңгеге дейін артуы ықтимал.

📈 Ең аз еңбек өтілі бар мамандардың еңбекақысын арттыру да көзделген. Ауылдық жерлерде жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы 386 мың теңгеден 450 мың теңгеге дейін, ал орта медицина персоналының жалақысы 221 мың теңгеден 256 мың теңгеге дейін өсуі мүмкін.

📈 Қалаларда ең аз еңбек өтілі бар жалпы практика дәрігерлерінің жалақысы 307 мың теңгеден 358 мың теңгеге дейін, ал орта медицина персоналының жалақысы 173 мың теңгеден 202 мың теңгеге дейін көтерілуі ықтимал.

Медициналық алғашқы көмек буынында жұмыс істейтін психологтар мен әлеуметтік қызметкерлерге де қосымша қолдау көрсету ұсынылып отыр. Олардың қызметінің ерекшелігін ескере отырып, психоэмоциялық жүктемесі үшін қосымша ақы енгізу мәселесі қарастырылуда.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру жұмыстары 2021 жылдан бастап кезең-кезеңімен жүргізіліп келеді.

⬇️⬇️⬇️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1
👩‍⚕️ Инфекциялық қызмет пен жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне арналған қосымша қолдау шаралары да іске асырылуда. 2026 жылдың басынан бастап инфекциялық қызметтің шамамен 24 мың маманы мен жедел медициналық жәрдемнің 9 мың қызметкеріне жоғарылатылған төлемдер қарастырылған.

Үздіксіз еңбек өтілі үшін қосымша ақы енгізу тәжірибелі мамандарды қолдауға, емханалар мен дәрігерлік амбулаторияларда жұмыс істеуге ынталандыруға, сондай-ақ медициналық кадрларды, әсіресе ауылдық жерлерде, тұрақтандыруға бағытталған.

🙌 Бұл шараларды іске асыру учаскелік қызметті нығайтуға, кадр тапшылығын азайтуға және халық үшін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎1
В КАЗАХСТАНЕ БУДУТ ВВЕДЕНЫ ДОПЛАТЫ ЗА НЕПРЕРЫВНЫЙ СТАЖ ДЛЯ ВРАЧЕЙ ПЕРВИЧНОГО ЗВЕНА

⚜️ В Казахстане планируется с 1 января ввести дополнительные выплаты для 77 тысяч работников участковой службы первичной медико-санитарной помощи (ПМСП) за непрерывный стаж работы, сказал сегодня в ежегодном Послании народу «Актуальные задачи Казахстана в новом историческом периоде» Президент РК Касым-Жомарт Токаев.

«Особое внимание мы также уделяем модернизации системы первичной медико-санитарной помощи. В этой связи важно расширить полномочия врачей общей практики и поэтапно увеличивать объём финансирования этой системы. Поручаю Правительству с 1 января следующего года повысить заработную плату специалистов участковой службы, работающих в этом направлении, в зависимости от непрерывного трудового стажа – до 40 процентов. Это позволит увеличить доходы более 77 тысяч специалистов», – подчеркнул сегодня в своем Послании Глава государства.


📌 Размер доплаты будет зависеть от продолжительности работы и может достигать 50% должностного оклада.

Предлагается установить следующие размеры доплат:

• свыше 2 лет непрерывной стажа — 20% от должностного оклада;
• свыше 3 лет — 30%;
• свыше пяти лет — 50%.

Новая мера направлена на закрепление медицинских кадров, прежде всего в организациях первичной медико-санитарной помощи и сельских медицинских организациях.

«Впервые при поддержке Главы государства для укрепления кадрового потенциала приняты столь значительные меры поддержки работников первичного звена. Наш приоритет – повышение качества и доступности помощи для населения в поликлиниках, сельских амбулаториях, что зависит от квалификации и опыта врачей общей практики и медсестер участковой службы», – отметила министр здравоохранения.


Благодаря введению доплат за непрерывный стаж работы заработная плата врачей общей практики с максимальным стажем в сельской местности может достичь с учетом доплаты 760 тысяч тенге, в городах – 607 тысяч тенге.

📈 В сельской местности заработная плата врачей общей практики с максимальным стажем может увеличиться с 534 до 760 тысяч тенге, среднего медицинского персонала – с 284 до 401 тысячи тенге.

📈 В городах зарплата врачей общей практики с максимальным стажем может вырасти с 425 до 607 тысяч тенге, среднего медицинского персонала – с 224 до 318 тысяч тенге.

📈 Для специалистов с минимальным стажем также предусмотрено повышение оплаты труда. В сельской местности заработная плата врачей общей практики может увеличиться с 386 до 450 тысяч тенге, среднего медицинского персонала - с 221 до 256 тысяч тенге.

📈 В городах зарплата врачей общей практики с минимальным стажем может вырасти с 307 до 358 тысяч тенге, среднего медицинского персонала – со 173 до 202 тысяч тенге.

Отдельные меры поддержки предлагаются для психологов и социальных работников первичного звена. С учётом специфики их деятельности рассматривается введение дополнительных выплат за психоэмоциональную нагрузку.

В Министерстве здравоохранения напомнили, что повышение заработной платы медицинских работников проводится поэтапно с 2021 года.

⬇️⬇️⬇️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3👎3
👩‍⚕️ Дополнительные меры поддержки уже реализованы для работников инфекционной службы и скорой медицинской помощи. С начала 2026 года повышенные выплаты предусмотрены для порядка 24 тысяч специалистов инфекционной службы и 9 тысяч работников скорой помощи.

Введение доплат за непрерывный стаж призвано поддержать опытных специалистов, создать дополнительные стимулы для работы в поликлиниках и врачебных амбулаториях, а также способствовать закреплению медицинских кадров, прежде всего в сельской местности.

🙌 Ожидается, что реализация этих мер позволит укрепить участковую службу, снизить кадровый дефицит и повысить доступность медицинской помощи для населения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👎2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АЛМАТЫДА ЗАМАНАУИ ЖАҢА ПЕРЗЕНТХАНА САЛЫНАДЫ

🤱 Перзентхананың жаңа корпусын пайдалануға беру жылына қабылданатын босану санын 5 мыңнан 9 мыңға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

🏥 Қабылдау бөлімінде шұғыл операция жасауға арналған бөлме қарастырылған. Операциялық бөлмелердің жалпы саны екіден төртке дейін көбейтіледі. Бұл жүкті әйелдер мен босанатын аналарға хирургиялық көмекті жедел көрсетуге мүмкіндік береді.

🏗️ Жаңа корпустың ауданы 10 458 шаршы метрді құрайды. Жертөле және техникалық қабаттарын қоса алғанда, үш қабатты ғимарат 155 төсекке есептелген және ана мен балаға медициналық көмек көрсетудің заманауи стандарттарына сай жобаланған.

Кең әрі заманауи палаталар аналар мен жаңа туған нәрестелерге жайлы жағдай жасайды.

🙌 Жаңа корпус 1938 жылы салынған, ауданы 3 347 шаршы метр болатын бұрынғы ғимараттың орнына тұрғызылады. Ескі ғимарат тірек конструкциялары мен инженерлік желілерінің апатты жағдайына, өрт қауіпсіздігі, желдету және инфекциялық бақылау талаптарына сәйкес келмеуіне, сондай-ақ лифтілердің болмауына байланысты бұзылған.

📌 Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде. Жұмыстарды аяқтап, жаңа корпусты 2027 жылдың көктемінде пайдалануға беру жоспарланған.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
В АЛМАТЫ БУДЕТ ПОСТРОЕН НОВЫЙ СОВРЕМЕННЫЙ РОДДОМ

🤱 Ввод нового корпуса родильного дома позволит принимать до 9 тыс. родов в год вместо 5 тыс.

🏥 В приемном отделении предусмотрена экстренная операционная. Общее количество операционных увеличится с двух до четырех, что позволит быстрее оказывать хирургическую помощь беременным женщинам и роженицам.

🏗️ Площадь нового корпуса составит 10 458 кв. м. Трехэтажное здание с цокольным и техническим этажами рассчитано на 155 коек и спроектировано с учетом современных стандартов родовспоможения.

Просторные и современные палаты обеспечат комфорт для мам и новорождённых.

🙌 Новый корпус заменит бывшее здание 1938 года постройки площадью 3 347 кв. м. Его снесли из-за критического состояния несущих конструкций и инженерных сетей, несоответствия требованиям пожарной безопасности, вентиляции и инфекционного контроля, а также отсутствия лифтов.

📌 Строительство идет по утвержденному графику. Завершить работы и ввести корпус в эксплуатацию планируется весной 2027 года.

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ: 70 МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАН САЛЫНЫП, 77 МЫҢ МСАК ҚЫЗМЕТКЕРІНЕ ҚОСЫМША АҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

⚜️ Бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Мемлекет басшысының 2026 жылғы 28 қазандағы «Жаңа тарихи кезеңіндегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру шеңберінде алдағы үш жылда балалар ауруханаларын, перинаталдық орталықтар мен оңалту орталықтарын қоса алғанда, 70-ке жуық жаңа медициналық нысан салу жоспарланып отыр.

«Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі өңірлердің жаңа медициналық нысандарға қажеттілігіне медициналық-демографиялық ахуал мен тиімділік өлшемшарттарын ескере отырып, талдау жүргізуді бастады», – деді министр.


🤱 Ана мен бала денсаулығын сақтау және акушерлік көмектің сапасын арттыру мақсатында Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қаскелең, Қызылорда және Орал қалаларында жалпы қуаты 1 700 төсектік 8 заманауи перинаталдық орталық салу көзделген.

🏗️ Балаларға көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру үшін Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент, Қаскелең, Семей және Ақтау қалаларында жалпы қуаты 1 550 төсектік 7 көпбейінді балалар ауруханасы салынады. Сонымен қатар Астанада 200 төсектік балалардың шұғыл көмек көрсету орталығы мен 350 төсектік балалар хирургиясы орталығын құру жоспарланған.

👫 Алматы, Ақтау, Атырау, Қызылорда және Семей қалаларында Ұлттық балаларды оңалту орталығының жалпы қуаты 750 төсектік 5 өңіраралық филиалын ашу көзделіп отыр.

Бұдан бөлек, Өскемен қаласында, Абай, Түркістан және Жамбыл облыстарында көпбейінді және мамандандырылған ауруханалар, сондай-ақ 25 амбулаториялық-емханалық нысан, аудандық ауруханалар, жедел медициналық жәрдем ұйымдары мен қан орталықтары салынады.

🎯 Жолдауды іске асырудың тағы бір маңызды бағыты – медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) мамандарын қолдау болып табылады.

👩‍⚕️👨‍⚕️ 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап емханалардың учаскелік қызметкерлеріне үздіксіз еңбек өтіліне қарай сараланған қосымша ақы төлеу енгізіледі. Қосымша төлем мөлшері лауазымдық жалақының 50%-ына дейін жетуі мүмкін. Бұл шаралар 77 мыңнан астам медицина қызметкерін қамтиды.

Аталған бастамаларды іске асыру кадр тапшылығын азайтуға, медициналық алғашқы көмектің қолжетімділігін арттыруға және мамандарды, соның ішінде ауылдық жерлерде тұрақтандыруға бағытталған.

Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және өңір әкімдіктерімен бірлесіп, Мемлекет басшысының медициналық инфрақұрылымды дамытуға, кадрлық әлеуетті нығайтуға және халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға бағытталған тапсырмаларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етеді.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
РЕАЛИЗАЦИЯ ПОСЛАНИЯ ПРЕЗИДЕНТА: 70 НОВЫХ ОБЪЕКТОВ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И ПОВЫШЕНИЕ ЗАРПЛАТ 77 ТЫСЯЧ РАБОТНИКОВ УЧАСТКОВЫХ СЛУЖБ

⚜️ Сегодня на заседании Правительства министр здравоохранения Акмарал Альназарова доложилась об исполнении поручений Главы государства, озвученных в Послании Главы государства «Актуальные задачи Казахстана в новом историческом периоде» от 28 октября 2026 года.

В рамках реализации Послания Президента Касым-Жомарта Токаева в течение ближайших трех лет планируется строительство порядка 70 новых объектов здравоохранения, включая детские больницы, перинатальные центры и центры реабилитации.

В целях укрепления кадрового потенциала первичного звена и повышения качества медицинской помощи с 1 января 2027 года будут введены доплаты за непрерывный стаж работы специалистам участковой службы поликлиник. Меры поддержки охватят более 77 тысяч работников службы ПМСП.

“Во исполнение поручений Главы государства Министерством здравоохранения начат анализ потребности регионов в строительстве новых медицинских объектов с учётом медико-демографической ситуации и критериев эффективности”, - отметила министр.


🤱 В целях охраны здоровья матери и ребенка и повышения качества родовспомогательной службы – 8 современных перинатальных центров на 1 700 коек в городах Астана, Алматы, Шымкент, Караганда, Каскелен, Кызылорда, Уральск.

🏗️ Для расширения медицинской помощи детям и повышения доступности специализированной, высокотехнологичной медицинской помощи будет возведено 7 многопрофильных детских больниц общей мощностью 1 550 коек в городах Атырау, Актобе, Алматы, Шымкент, Каскелен, Семей, Актау, Центр детской неотложной помощи на 200 коек и Детский хирургический центр на 350 коек в Астане.

👫 Планируется создать 5 новых типовых межрегиональных филиалов Национального центра детской реабилитации в городах Алматы, Актау, Атырау, Кызылорда, Семей общей мощностью 750 коек.

Кроме того, в Астане предусмотрено создание Центра детской неотложной помощи на 200 коек и Детского хирургического центра на 350 коек.

Также предусмотрено строительство многопрофильных и специализированных больниц в Усть-Каменогорске, области Абай, Туркестанской и Жамбылской областях, 25 амбулаторно-поликлинических объектов, районных больниц, учреждений скорой медицинской помощи и центров крови.

🎯 Отдельным направлением реализации
Послания Главы государства является поддержка работников первичной медико-санитарной помощи.

👩‍⚕️👨‍⚕️ С 1 января 2027 года будут внедрены дифференцированные доплаты медицинским работникам участковой службы за непрерывный стаж работы, которые в зависимости от стажа могут достигать до 50% должностного оклада.

Реализация данных инициатив направлена на снижение кадрового дефицита, повышение доступности первичной медицинской помощи и закрепление специалистов, в том числе в сельской местности.

Министерство здравоохранения совместно с заинтересованными государственными органами и акиматами регионов обеспечит своевременное исполнение поручений Главы государства, направленных на развитие медицинской инфраструктуры, укрепление кадрового потенциала и повышение доступности медицинской помощи населению.

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
29 қазан – Дүниежүзілік ультрадыбыстық диагностика дәрігері күні

🔍 Әр зерттеудің артында білім, тәжірибе және асқан зейінді талап ететін табанды еңбек жатыр. Науқас экраннан тек кескін мен беймәлім суретті көрсе, ал кәсіби маман сол бейнелер арқылы адам ағзасы мен тіндердің жағдайын бағалап, өзгерістерді байқайды және әрі қарай клиникалық шешім қабылдауға қажетті ақпарат жинайды.

👨‍⚕️👩‍⚕️ Ультрадыбыстық диагностика дәрігерінің жұмысы анатомиялық терең білімді, клиникалық ойлау қабілетін және ұсақ-түйекке дейін мән беруді қаже етеді. Зерттеудің дәлдігі көп жағдайда маманның шеберлігіне, көргенін клиникалық көрініспен салыстырып, нәтижелерді дұрыс түсіндіре білуіне байланысты.

👥 Науқаспен сенімді қарым-қатынас орната білу де аса маңызды. Тексеру барысын байыппен түсіндіру, әдептілік пен ілтипат адамға қобалжуын жеңуге көмектеседі.

Осы кәсіби мерекеде күнделікті қауырт еңбегімен сырқатты уақтылы анықтап, диагнозды нақтылауға және емдеу нәтижелерін бағалауға үлес қосып жүрген мамандарды құттықтаймыз.

🩵 Кәсіби адалдықтарыңыз, жауапкершіліктеріңіз үшін сіздерге мол алғыс білдіреміз. Құрметті әріптестерімізге зор денсаулық, амандық және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

⚡️⚡️⚡️

29 октября – Всемирный день врача ультразвуковой диагностики

🔍 За каждым исследованием стоят знания, опыт и сосредоточенная работа. На экране, где пациент видит лишь очертания и оттенки, специалист оценивает состояние органов и тканей, замечает изменения и собирает информацию, необходимую для дальнейших клинических решений.

👨‍⚕️👩‍⚕️ Профессия врача ультразвуковой диагностики требует глубокого понимания анатомии, развитого клинического мышления и внимания к мельчайшим деталям. Точность исследования во многом зависит от мастерства специалиста, его умения сопоставлять увиденное с клинической картиной и правильно интерпретировать результаты.

👥 Не менее важна способность выстроить доверительный контакт с пациентом. Спокойное объяснение хода обследования, тактичность и внимательное отношение помогают человеку справиться с тревогой.

В это профессиональный праздник поздравляем специалистов, чей ежедневный труд помогает своевременно выявлять заболевания, уточнять диагноз и оценивать результаты лечения.

🩵 Благодарим вас за профессиональную добросовестность, ответственность и преданность своему делу. Желаем крепкого здоровья, благополучия, новых профессиональных достижений!

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНДА МЕДИЦИНА КАДРЛАРЫН ДАЯРЛАУҒА АРНАЛҒАН СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

🫀 Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының базасында жаңа Симуляциялық орталық ашылды. Орталық медицина мамандарына практикалық дағдыларын жетілдіруге және нақты жағдайға барынша жақын ортада күрделі клиникалық жағдайларда әрекет ету машықтарын пысықтауға мүмкіндік береді.

🩺 Орталықтың ашылу салтанатында Директорлар кеңесінің төрайымы Жанат Қасымжанова медициналық кадрларды даярлауда және медициналық көмектің сапасын арттыруда симуляциялық оқытудың маңызы зор екенін атап өтті.

«Қазіргі денсаулық сақтау саласында терең теориялық білімге ие болу ғана емес, оны тәжірибеде қолдана білу, жедел шешім қабылдау және күрделі клиникалық жағдайларда үйлесімді әрекет ету аса маңызды.


Симуляциялық орталық құру – медицина кадрларының кәсіби біліктілігіне, медициналық көмектің сапасына және, ең алдымен, адам өмірін сақтауға салынған инвестиция. Бұл орталық дәрігер-резиденттер мен тәжірибелі мамандар үшін маңызды білім беру алаңына айналатынына сенімдімін», – деді Жанат Қасымжанова.


Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев орталықты құру кезеңдері, оның материалдық-техникалық жабдықталуы және одан әрі даму жоспарлары туралы баяндады.

«Бүгін біз бірлескен ауқымды жұмыстың нәтижесін – медициналық білімді практикалық дағдыларға айналдыруға мүмкіндік беретін заманауи алаңды ұсынып отырмыз. Орталық негізгі медициналық бағыттар бойынша мамандарды даярлауға қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта симуляциялық оқытуға қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, оның материалдық-техникалық базасын жетілдіріп, білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Рүстем Төлеутаев.


Орталықта кардиология, гастроэнтерология, терапия, кардиохирургия, анестезиология және қарқынды терапия, сондай-ақ базалық жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) бағыттары бойынша оқыту ұйымдастырылған.

👨‍⚕️👩‍⚕️ Орталық институттың дәрігер-резиденттерін даярлау және практикалық медицина мамандарының біліктілігін арттыру үшін пайдаланылады. Мұнда медицина қызметкерлері нақты жағдайға барынша жақын, бірақ пациенттер үшін қауіпсіз ортада әрекет ету алгоритмдерін пысықтап, күрделі клиникалық жағдайларды талдап, командалық жұмыс дағдыларын жетілдіре алады.

Базалық жүрек-өкпе реанимациясы дағдыларын үйретуге ерекше көңіл бөлінеді. Орталықтың тренерлері халықаралық сертификаттарға ие.

📚 Оқыту орталықтың өзінде де, медициналық ұйымдарға барып та жүргізіледі. Бұл медицина қызметкерлерінің практикалық даярлыққа қолжетімділігін кеңейтіп, медициналық командалардың шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда жедел әрі тиімді әрекет етуге дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.

🙌 Симуляциялық орталықтың ашылуы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының білім беру қызметін дамытудағы кезекті маңызды кезең болды. Орталықтың жұмысы мамандардың практикалық құзыреттерін жетілдіруге, оқытудың заманауи әдістерін енгізуге және медициналық командалардың күрделі клиникалық жағдайларда сапалы көмек көрсетуге дайындығын арттыруға бағытталған.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM