ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
10K subscribers
18.5K photos
1.57K videos
28 files
4.25K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
29 қазан – Дүниежүзілік ультрадыбыстық диагностика дәрігері күні

🔍 Әр зерттеудің артында білім, тәжірибе және асқан зейінді талап ететін табанды еңбек жатыр. Науқас экраннан тек кескін мен беймәлім суретті көрсе, ал кәсіби маман сол бейнелер арқылы адам ағзасы мен тіндердің жағдайын бағалап, өзгерістерді байқайды және әрі қарай клиникалық шешім қабылдауға қажетті ақпарат жинайды.

👨‍⚕️👩‍⚕️ Ультрадыбыстық диагностика дәрігерінің жұмысы анатомиялық терең білімді, клиникалық ойлау қабілетін және ұсақ-түйекке дейін мән беруді қаже етеді. Зерттеудің дәлдігі көп жағдайда маманның шеберлігіне, көргенін клиникалық көрініспен салыстырып, нәтижелерді дұрыс түсіндіре білуіне байланысты.

👥 Науқаспен сенімді қарым-қатынас орната білу де аса маңызды. Тексеру барысын байыппен түсіндіру, әдептілік пен ілтипат адамға қобалжуын жеңуге көмектеседі.

Осы кәсіби мерекеде күнделікті қауырт еңбегімен сырқатты уақтылы анықтап, диагнозды нақтылауға және емдеу нәтижелерін бағалауға үлес қосып жүрген мамандарды құттықтаймыз.

🩵 Кәсіби адалдықтарыңыз, жауапкершіліктеріңіз үшін сіздерге мол алғыс білдіреміз. Құрметті әріптестерімізге зор денсаулық, амандық және жаңа кәсіби жетістіктер тілейміз!

⚡️⚡️⚡️

29 октября – Всемирный день врача ультразвуковой диагностики

🔍 За каждым исследованием стоят знания, опыт и сосредоточенная работа. На экране, где пациент видит лишь очертания и оттенки, специалист оценивает состояние органов и тканей, замечает изменения и собирает информацию, необходимую для дальнейших клинических решений.

👨‍⚕️👩‍⚕️ Профессия врача ультразвуковой диагностики требует глубокого понимания анатомии, развитого клинического мышления и внимания к мельчайшим деталям. Точность исследования во многом зависит от мастерства специалиста, его умения сопоставлять увиденное с клинической картиной и правильно интерпретировать результаты.

👥 Не менее важна способность выстроить доверительный контакт с пациентом. Спокойное объяснение хода обследования, тактичность и внимательное отношение помогают человеку справиться с тревогой.

В это профессиональный праздник поздравляем специалистов, чей ежедневный труд помогает своевременно выявлять заболевания, уточнять диагноз и оценивать результаты лечения.

🩵 Благодарим вас за профессиональную добросовестность, ответственность и преданность своему делу. Желаем крепкого здоровья, благополучия, новых профессиональных достижений!

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
КАРДИОЛОГИЯ ЖӘНЕ ІШКІ АУРУЛАР ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНДА МЕДИЦИНА КАДРЛАРЫН ДАЯРЛАУҒА АРНАЛҒАН СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

🫀 Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының базасында жаңа Симуляциялық орталық ашылды. Орталық медицина мамандарына практикалық дағдыларын жетілдіруге және нақты жағдайға барынша жақын ортада күрделі клиникалық жағдайларда әрекет ету машықтарын пысықтауға мүмкіндік береді.

🩺 Орталықтың ашылу салтанатында Директорлар кеңесінің төрайымы Жанат Қасымжанова медициналық кадрларды даярлауда және медициналық көмектің сапасын арттыруда симуляциялық оқытудың маңызы зор екенін атап өтті.

«Қазіргі денсаулық сақтау саласында терең теориялық білімге ие болу ғана емес, оны тәжірибеде қолдана білу, жедел шешім қабылдау және күрделі клиникалық жағдайларда үйлесімді әрекет ету аса маңызды.


Симуляциялық орталық құру – медицина кадрларының кәсіби біліктілігіне, медициналық көмектің сапасына және, ең алдымен, адам өмірін сақтауға салынған инвестиция. Бұл орталық дәрігер-резиденттер мен тәжірибелі мамандар үшін маңызды білім беру алаңына айналатынына сенімдімін», – деді Жанат Қасымжанова.


Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаев орталықты құру кезеңдері, оның материалдық-техникалық жабдықталуы және одан әрі даму жоспарлары туралы баяндады.

«Бүгін біз бірлескен ауқымды жұмыстың нәтижесін – медициналық білімді практикалық дағдыларға айналдыруға мүмкіндік беретін заманауи алаңды ұсынып отырмыз. Орталық негізгі медициналық бағыттар бойынша мамандарды даярлауға қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта симуляциялық оқытуға қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып, оның материалдық-техникалық базасын жетілдіріп, білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуді жоспарлап отырмыз», – деп атап өтті Рүстем Төлеутаев.


Орталықта кардиология, гастроэнтерология, терапия, кардиохирургия, анестезиология және қарқынды терапия, сондай-ақ базалық жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) бағыттары бойынша оқыту ұйымдастырылған.

👨‍⚕️👩‍⚕️ Орталық институттың дәрігер-резиденттерін даярлау және практикалық медицина мамандарының біліктілігін арттыру үшін пайдаланылады. Мұнда медицина қызметкерлері нақты жағдайға барынша жақын, бірақ пациенттер үшін қауіпсіз ортада әрекет ету алгоритмдерін пысықтап, күрделі клиникалық жағдайларды талдап, командалық жұмыс дағдыларын жетілдіре алады.

Базалық жүрек-өкпе реанимациясы дағдыларын үйретуге ерекше көңіл бөлінеді. Орталықтың тренерлері халықаралық сертификаттарға ие.

📚 Оқыту орталықтың өзінде де, медициналық ұйымдарға барып та жүргізіледі. Бұл медицина қызметкерлерінің практикалық даярлыққа қолжетімділігін кеңейтіп, медициналық командалардың шұғыл және өмірге қауіп төндіретін жағдайларда жедел әрі тиімді әрекет етуге дайындығын арттыруға мүмкіндік береді.

🙌 Симуляциялық орталықтың ашылуы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының білім беру қызметін дамытудағы кезекті маңызды кезең болды. Орталықтың жұмысы мамандардың практикалық құзыреттерін жетілдіруге, оқытудың заманауи әдістерін енгізуге және медициналық командалардың күрделі клиникалық жағдайларда сапалы көмек көрсетуге дайындығын арттыруға бағытталған.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В НИИ КАРДИОЛОГИИ И ВНУТРЕННИХ БОЛЕЗНЕЙ ОТКРЫЛСЯ СИМУЛЯЦИОННЫЙ ЦЕНТР ДЛЯ ПОДГОТОВКИ МЕДИЦИНСКИХ КАДРОВ

🫀 На базе НИИ кардиологии и внутренних болезней открылся новый Симуляционный центр, который позволит медицинским специалистам совершенствовать практические навыки и отрабатывать действия в сложных клинических ситуациях в условиях, максимально приближенных к реальным.

🩺 Выступая на церемонии открытия, председатель Совета директоров Жанат Касымжанова подчеркнула, что симуляционное обучение играет важную роль в подготовке медицинских кадров и повышении качества медицинской помощи.

«В современном здравоохранении важно не только обладать глубокими теоретическими знаниями, но и уметь применять их на практике, быстро принимать решения и действовать слаженно в сложных клинических ситуациях.


Создание Симуляционного центра — это инвестиция в профессионализм медицинских кадров, качество медицинской помощи и, прежде всего, сохранение человеческих жизней. Уверена, что он станет значимой образовательной площадкой для врачей-резидентов и практикующих специалистов», — отметила Жанат Какимсеитовна.


Председатель Правления НИИ КВБ Рустем Тулеутаев рассказал об этапах создания центра, его оснащении и планах дальнейшего развития.

«Сегодня мы представляем результат большой совместной работы — современную площадку, где медицинские знания превращаются в практические навыки. Центр оснащён для подготовки специалистов по основным направлениям. В дальнейшем мы планируем совершенствовать его материально-техническую базу и расширять образовательные возможности с учётом современных требований к симуляционному обучению», – подчеркнул Рустем Мухтарович.


Обучение в центре организовано по направлениям кардиологии, гастроэнтерологии, терапии, кардиохирургии, анестезиологии и интенсивной терапии, а также базовой сердечно-лёгочной реанимации (BLS).

👨‍⚕️👩‍⚕️ Центр будет использоваться для подготовки врачей-резидентов института и повышения квалификации практикующих специалистов. Здесь медицинские работники смогут отрабатывать алгоритмы действий, разбирать сложные клинические ситуации и совершенствовать командную работу в условиях, максимально приближенных к реальным, но безопасных для пациентов.

Особое внимание уделяется навыкам базовой сердечно-лёгочной реанимации. Тренеры центра имеют международные сертификаты.

📚 Обучение будет проходить как непосредственно в центре, так и с выездом в медицинские организации. Это позволит расширить доступ медицинских работников к практической подготовке и повысить готовность медицинских команд к действиям в критических ситуациях.

🙌 Открытие Симуляционного центра стало очередным этапом развития образовательной деятельности НИИ КВБ. Его работа направлена на совершенствование практических компетенций специалистов, внедрение современных методов обучения и повышение готовности медицинских команд к оказанию помощи в сложных клинических ситуациях.

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АЛМАТЫДА 250 ТӨСЕКТІК ОНКОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

🏗️ Алматыда жаңа медициналық кешеннің құрылысы басталды. Оның құрамына 250 төсектік онкология орталығы бар көпбейінді аурухана және бір ауысымда 350 адам қабылдауға арналған клиникалық-диагностикалық орталық кіреді. Мұнда мегаполис тұрғындары тексеруден өтіп, онкологиялық ауруларды қоса алғанда, мамандандырылған медициналық көмек ала алады.

🏥 Бүгін капсула салу рәсіміне Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды және қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов қатысты.

Салтанатты рәсімде министр онкологиялық аурулармен күрес денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

«Әрбір онкологиялық диагноздың артында адам тағдыры, отбасы, сауығып кетуге және толыққанды өмір сүруге деген үміт тұр. Сондықтан біз үшін жаңа орталықтың құрылысы – жай ғана ғимарат салу емес. Бұл – мыңдаған адамға көмектесуге, ауруларды уақтылы анықтауға және заманауи ем ұсынуға мүмкіндік», – деді министр.


Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында сұранысқа ие әлеуметтік нысандардың құрылысын жеделдетуді, рәсімдер мен шешімдер қабылдау үдерісінің созылып кетуіне жол бермеуді тапсырғанын еске салды.

⚡️ Бүгінде шамамен 2,4 миллион адам тұратын Алматы қаласы үшін жаңа медициналық нысандар салудың маңызы ерекше. Халық санының өсуімен қатар заманауи диагностикаға, мамандандырылған емге және қосымша стационарлық орындарға деген қажеттілік те артып келеді.

Қазіргі уақытта диспансерлік есепте 38 мыңнан астам пациент тұр. Жыл сайын 3,5 мыңнан астам операция жасалады, олардың 70 пайыздан астамы – аз инвазивті әдістермен жүргізіледі.


Жаңа кешен онкологиялық қызметтің мүмкіндіктерін кеңейтіп, мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Құрылысты 2028 жылы аяқтау жоспарланған.

🙌 Кешен құрамында тәулік бойы жұмыс істейтін 250 төсектік стационар, химиотерапия жүргізуге арналған 80 орындық күндізгі стационар және консультациялық-диагностикалық емхана болады. Сондай-ақ сәулелік терапия және химиотерапия бөлімшелері қарастырылған.

🤖Бұдан бөлек, роботтандырылған хирургия жүргізуге мүмкіндік беретін заманауи операциялық блок, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесі, эндоскопия және трансфузиология орталықтары ашылады.

Диагностикаға ерекше көңіл бөлінеді. Орталық заманауи клиникалық-диагностикалық, молекулалық-генетикалық және патоморфологиялық зертханалармен жабдықталады. Бұл жоғары дәлдіктегі зерттеулер жүргізуге, ауруларды ерте кезеңде анықтауға және емдеу тәсілін пациенттің жеке ерекшеліктеріне қарай таңдауға мүмкіндік береді.

Жобаның шеңберінде цифрлық медициналық архив, ахуалдық орталық және ісікке қарсы препараттарды дайындаудың автоматтандырылған жүйесі бар госпитальдық фармация бөлімшесін құру көзделген.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
В АЛМАТЫ ЗАЛОЖИЛИ КАПСУЛУ В ОСНОВАНИЕ БУДУЩЕГО ОНКОЛОГИЧЕСКОГО ЦЕНТРА НА 250 КОЕК

🏗️ В Алматы началось строительство нового медицинского комплекса, который объединит многопрофильную больницу с онкологическим центром на 250 коек и клинико-диагностический центр на 350 посещений в смену. Здесь жители мегаполиса смогут проходить обследования и получать специализированное лечение, в том числе при онкологических заболеваниях.

🏥 Сегодня в церемонии закладки капсулы приняли участие министр здравоохранения Акмарал Альназарова, аким Алматы Дархан Сатыбалды и руководитель Управления общественного здравоохранения города Марат Пашимов.

Выступая на церемонии, министр подчеркнула, что борьба с онкологическими заболеваниями остаётся одним из приоритетов системы здравоохранения.

«За каждым онкологическим диагнозом стоит человеческая судьба, семья, надежда на выздоровление и полноценную жизнь. Поэтому для нас строительство нового центра – это не просто возведение здания. Это возможность помочь тысячам людей, обеспечить своевременную диагностику и современное лечение», – отметила министр.


Глава Минздрава напомнила, что Президент Казахстана в своем Послании поставил задачу ускорить строительство востребованных социальных объектов, не допуская затягивания процедур и принятия решений.

⚡️ Для Алматы, где сегодня проживают около 2,4 миллиона человек, строительство новых медицинских объектов приобретает особое значение. Вместе с ростом населения увеличивается потребность в современной диагностике, специализированном лечении и дополнительных больничных мощностях.

На диспансерном учёте состоят более 38 тысяч пациентов. Ежегодно проводится свыше 3,5 тысячи операций, более 70% из них — малоинвазивные.


Новый комплекс позволит расширить возможности онкологической службы и повысить доступность специализированной помощи.

Завершение строительства планируется в 2028 году.

🙌 В составе комплекса предусмотрены круглосуточный стационар на 250 коек, дневной стационар на 80 мест для проведения химиотерапии, консультативно-диагностическая поликлиника, отделения лучевой терапии и химиотерапии.

🤖 Также здесь разместятся современный операционный блок с возможностью роботизированной хирургии, отделение реанимации и интенсивной терапии, эндоскопический и трансфузиологический центры.

Особое внимание будет уделено диагностике. Центр оснастят современными клинико-диагностической, молекулярно-генетической и патоморфологической лабораториями. Это позволит проводить высокоточные исследования, выявлять заболевания на ранних стадиях и подбирать лечение с учётом индивидуальных особенностей пациента.

Проект предусматривает создание цифрового медицинского архива, ситуационного центра и отделения госпитальной фармации с автоматизированной системой подготовки противоопухолевых препаратов.

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM