ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️
9.94K subscribers
18.7K photos
1.6K videos
28 files
4.35K links
Официальный telegram-канал Министерства здравоохранения РК
Download Telegram
COP31: КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІ ЖАҒДАЙЫНДА АНАЛАР МЕН ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫН САҚТАУ – ЖАҺАНДЫҚ БАСЫМДЫҚҚА АЙНАЛУЫ ТИІС

Бүгін Анталия қаласында өткен БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 31-конференциясы (COP31) шеңберінде Қазақстанның Ұлттық павильонында «Жаһандық жылыну жағдайында жүктілікті қорғау: нақты іс-қимылға шақыру» атты жоғары деңгейдегі сессия өтті.

Сессияның жұмысына ДДҰ-ның Бас директоры Тедрос Гебрейесус, Құрылтайдың Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар жөніндегі комитетінің төрағасы Серік Егізбаев, ҚР Экология министрі Әлібек Қуантыров, сондай-ақ 30-дан астам елден келген сарапшылар мен өкілдер қатысты.

Сессияны ашқан ҚР Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда климаттың жылыну қарқыны әлемдік орташа көрсеткіштен екі есеге жуық жоғары екенін атап өтті. Оның айтуынша, аптап ыстық пен экологиялық сын-қатерлер репродуктивтік денсаулыққа және өскелең ұрпақтың саулығына тікелей қауіп төндіреді.
🔹Гент университеті мен ЮНФПА жүргізген зерттеулерге, сондай-ақ Арал маңы өңіріндегі жағдайға қатысты ғылыми бағалауларға сәйкес, температураның жоғарылауы мен қоршаған ортаның нашарлауы мерзімінен бұрын босану және түрлі асқынулар қаупін арттырады.

«Жүктілік кезіндегі аномальды ыстықтың ана денсаулығына, ұрықтың дамуына және ерте шақтағы балалардың денсаулығына әсерін енді болашақтың мәселесі ретінде қарастыруға болмайды. Біз бұл проблемамен бүгіннің өзінде бетпе-бет келіп отырмыз. Оның салдары күшейіп келеді және шұғыл шаралар қабылдауды талап етеді», – деді Ақмарал Әлназарова.

🍀Климаттық қауіптерді барынша азайту мақсатында Қазақстан профилактикалық бағдарламаларды, оның ішінде «Аналар саулығы» жобасын белсенді түрде дамытуда.

Сонымен қатар ДДҰ-мен әріптестікте 2026–2030 жылдарға арналған «Арал маңы өңіріндегі салауатты болашақ» жол картасын іске қосу мәселесі пысықталуда. Кейіннен климаттық медицина және денсаулық сақтау саласындағы өңіраралық хаб құру көзделген.

🌐Сессияның қорындысында Қазақстан тарапы халықаралық қауымдастықты климаттық қауіптерді ұлттық денсаулық сақтау жүйелеріне енгізуге, жергілікті ғылыми зерттеулер ауқымын кеңейтуге, ерте ескертуге арналған цифрлық құралдарды енгізуге, сондай-ақ экологиялық тұрақтылық пен ана денсаулығын сақтауға бағытталған инвестицияларды біріктіруге шақырды.

Іс-шараны ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ДДҰ-мен және ЮНФПА-мен бірлесіп ұйымдастырды.
ҚАЗАҚСТАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ КЛИМАТТЫҚ ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕРГЕ ҚАРСЫ КҮРЕСТЕ КҮШ БІРІКТІРУГЕ ШАҚЫРДЫ

Климаттың өзгеруі қоғамдық денсаулық сақтау саласына тікелей қауіп төндіріп, инфекциялық аурулардың таралуы мен антибиотиктерге төзімділіктің арту тәуекелін күшейтіп отырғаны туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі 31-конференциясы (COP31) шеңберінде Түркия павильонында өткен «Денсаулық сақтау саласындағы климатқа бағдарланған технологиялар және оларға қолжетімділікті қамтамасыз ету» тақырыбындағы жоғары деңгейдегі панельдік пікірталаста мәлімдеді.

Осы сын-қатерлерге қарсы тұру мақсатында Қазақстан «Біртұтас денсаулық» тәсілін енгізіп, биологиялық қауіпсіздікті дамытып, қауіп-қатерлерді ерте анықтау жүйесін нығайтып келеді.

«Біз өзара тиімді шарттар негізінде «технология – жергіліктендіру – оқыту» қағидаты бойынша әріптестік орнатуға ашықпыз», – деп атап өтті министр.


Қазақстан дәрі-дәрмектер мен вакциналардың құнын төмендету және жеткізілім тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Орталық Азия елдеріне, ТМҰ және ЕАЭО бірлескен сатып алулар жүргізуді ұсынды. Сондай-ақ тәжірибе алмасуға бағытталған Анталия бастамасын (AIR) қолдады.

Сөз соңында министр климаттық қауіп-қатерлердің шекара талғамайтынын, сондықтан олармен күресу үшін өңірлік ынтымақтастықты нығайтып, технологиялық мүмкіндіктерді біріктіру қажеттігін атап өтті.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
КАЗАХСТАН ПРИЗВАЛ К ОБЪЕДИНЕНИЮ УСИЛИЙ ПРОТИВ КЛИМАТИЧЕСКИХ УГРОЗ В ЗДРАВООХРАНЕНИИ

Изменение климата стало прямой угрозой общественному здоровью, увеличивая риски распространения инфекций и устойчивости к антибиотикам, заявила Министр здравоохранения РК Акмарал Альназарова на панельной дискуссии высокого уровня «Климатически ориентированные технологии здравоохранения и обеспечения доступа к ним» в павильоне Турции в рамках 31-й Конференции ООН по изменению климата (COP31).

Для противодействия этим вызовам Казахстан внедряет подход «Единое здоровье», развивает биобезопасность и укрепляет систему раннего выявления угроз.

«Мы открыты к партнёрству по принципу „технология — локализация — обучение“ на взаимовыгодных условиях», — подчеркнула министр. 



Казахстан предложил странам Центральной Азии, ОТГ и ЕАЭС проводить совместные закупки лекарств и вакцин для снижения их стоимости и стабильности поставок, а также поддержал Анталийскую инициативу (AIR) по обмену опытом.

В завершение министр отметила, что климатические угрозы не имеют границ, поэтому требуют региональной солидарности и объединения технологий.

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ БІРДЕН ТӨРТ СӘБИДІҢ АНАСЫ АТАНДЫ

Бүгін бірден төрт ұл баланы дүниеге әкелген Жетісу облысының тұрғыны перзентханадан салтанатты түрде шығарылды.

Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығында қуанышты әрі сирек кездесетін оқиға болды. Жетісу облысының 31 жастағы тұрғыны төрт ұл баланы дүниеге әкелді. Енді отбасындағы бала саны жетеуге жетті!

Нәрестелер 24 қыркүйекте жүктіліктің 30 аптасы 6 күнінде кесарь тілігі арқылы дүниеге келді. Сәбилерге Арлан, Арсылан, Әлихан және Әмірхан деген есімдер берілді.

«Бірден төрт бала күтіп жүргенімді білгенде, бойымды сан түрлі сезім биледі. Таңғалдым, қуандым, әрине, қобалжыдым. Алда оңай жол күтіп тұрмағанын түсіндім, бірақ бәрі жақсы болатынына сендім.

Маған және сәбилеріме қамқорлық көрсетіп, қолдау білдірген АГПҒО дәрігерлері мен барлық медицина қызметкерлеріне шексіз алғыс айтамын!», - дейді анасы.


Төртемге жүкті болу – өте сирек кездесетін жағдай әрі дәрігерлер үшін үлкен жауапкершілік пен кәсіби шеберлікті талап ететін күрделі үдеріс. Болашақ ана жүктіліктің 23-аптасынан бастап орталық мамандарының бақылауында болды.

Мерзімінен бұрын босану қаупінің жоғары болуына байланысты дәрігерлер ана мен сәбилердің жағдайын тұрақты бақылап, ықтимал асқынулардың алдын алу шараларын дер кезінде жүргізіп, қажетті медициналық көмек көрсетті.

Мұндай жүктілікті қадағалап-қарау акушер-гинекологтар, анестезиолог-реаниматологтар мен неонатологтардың үйлесімді жұмысын талап етті.

Әрбір осындай қуанышты оқиғаның артында медицина мамандарының орасан зор еңбегі, кәсіби біліктілігі, жауапкершілігі және ең күрделі клиникалық жағдайларда жұмыс істеуге дайын болуы жатыр.

Ананы және үлкен отбасын төрт ұлдың дүниеге келуімен шын жүректен құттықтаймыз! Арлан, Арсылан, Әлихан мен Әмірханға зор денсаулық, күш-қуат және бақытты ғұмыр тілейміз! Ал ата-анасына отбасылық амандық, мол қуаныш пен береке тілейміз!

Мұндай қуанышты оқиғалар перинаталдық көмекті дамытудың және әрбір отбасы үшін жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етудің маңызын тағы бір мәрте көрсетеді.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
ЖИТЕЛЬНИЦА ОБЛАСТИ ЖЕТЫСУ СТАЛА МАМОЙ СРАЗУ ЧЕТЫРЁХ МАЛЫШЕЙ

Сегодня состоялась торжественная выписка жительницы Жетысу, ставшей мамой сразу четверых мальчиков.

Радостное и по-настоящему редкое событие произошло в Научном центре акушерства, гинекологии и перинатологии. 31-летняя жительница области Жетысу родила четверых сыновей. Теперь в семье семеро детей!

Мальчики появились на свет 24 сентября путём кесарева сечения на сроке 30 недель и 6 дней. Их назвали Арлан, Арсылан, Алихан и Амирхан.

«Когда я узнала, что жду сразу четверых малышей, было очень много эмоций: удивление, радость и, конечно, волнение. Я понимала, что впереди непростой путь, но очень верила, что всё будет хорошо.

Я очень соскучилась по старшим детям, которые всё это время ждали нас. Больше всего хочется обнять их и увидеть, как они впервые познакомятся со своими младшими братишками.

Я бесконечно благодарна врачам и всему медицинскому персоналу НЦАГиП за заботу, поддержку и за моих мальчиков!», — говорит мама новорожденных.


Беременность четверней — большая редкость и серьёзный вызов для врачей. С 23-й недели будущая мама находилась под наблюдением специалистов центра.

Учитывая высокие риски преждевременных родов, врачи обеспечили постоянный контроль состояния матери и малышей, своевременную профилактику возможных осложнений и необходимую медицинскую помощь.

Ведение такой беременности потребовало слаженной работы акушеров-гинекологов, анестезиологов-реаниматологов и неонатологов.

За каждым таким событием стоит огромный труд медицинских специалистов, их профессионализм, ответственность и готовность работать в самых сложных клинических ситуациях.

Поздравляем маму и всю большую семью с рождением четырёх сыновей! Желаем Арлану, Арсылану, Алихану и Амирхану крепкого здоровья, сил и счастливого будущего. А родителям — радости и благополучия!

Такие события ещё раз напоминают, насколько важны развитие перинатальной помощи и доступность высокотехнологичной медицинской помощи для каждой семьи.

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ЖОСПАРЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрі Кемал Мемишоглу Анталья қаласында өткен COP31 халықаралық конференциясының шеңберінде 2027–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Құжат медициналық инфрақұрылымды дамыту, фармацевтикалық өндіріс, денсаулық сақтау саласын цифрландыру, медициналық ғылымды дамыту, кадрлар даярлау және алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдіру сияқты негізгі бағыттарды қамтиды.

«Қол қойылған жоспарды қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың нақты тетігі ретінде қарастырамыз. Біздің міндетіміз – нақты іс-шараларды айқындап, жауапты ұйымдарды белгілеп, олардың жүйелі түрде орындалуын қамтамасыз ету», – деп атап өтті Ақмарал Әлназарова.

Кездесу барысында ведомство басшысы түрік компанияларының Қазақстандағы медициналық инфрақұрылымды дамытуға қосып отырған үлесіне тоқталды. Атап айтқанда, Rönesans Holding компаниясы Көкшетау қаласында 630 төсектік көпбейінді аурухананың құрылысын жүргізуде. Ал YDA Group Түркістан және Петропавл қалаларындағы ауруханалардың құрылысына қатысуда.

Orhun Medical компаниясымен ядролық медицина мен диагностикалық инфрақұрылымды дамыту бойынша инвестициялық келісім жасалды. Қазіргі уақытта Маңғыстау және Қызылорда облыстарында ПЭТ/КТ орталықтары жұмыс істеп тұр.

Abdi İbrahim және Nobel İlaç компанияларымен дәрілік заттар мен белсенді фармацевтикалық ингредиенттер өндірісін құруды көздейтін екі ірі инвестициялық келісімге қол қойылды.

Бұдан бөлек, екі елдің реттеуші органдары арасында фармацевтикалық инспекция, зертханалық сынақтар және фармакологиялық қадағалау бағыттарындағы ынтымақтастықты кеңейту жоспарлануда.

Қазақстан тарапы Түркияның ауруханаларды цифрлық басқару тәжірибесін, оның ішінде e-Nabız платформасын енгізуге, клиникалық және әкімшілік процестерді автоматтандыруға, ресурстар мен пациенттер ағынын басқаруға қызығушылық танытты.

Кадрлардың біліктілігін арттыру бағытында тараптар бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, тағылымдамалар ұйымдастыру, клиникалық тәжірибе алмасу және Түркияның Денсаулық сақтау институттарымен (TÜSEB) ынтымақтастық орнату мәселелерін қарастырды. Сондай-ақ медициналық кадрларды аккредиттеу мен сертификаттау бойынша түрік тәжірибесін зерделеу көзделген.

Кездесу барысында Қазақстанда жетекші түрік мамандарының қатысуымен, кардиология, нейрохирургия, оңалту және шұғыл медицина бағыттары бойынша шеберл мен пациенттерге консультациялар ұйымдастыратын «Түрік медицинасы күндерін» өткізу ұсынылды.

Ынтымақтастықтың тағы бір бағыты – медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту, аурулардың алдын алу және медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттыру бойынша тәжірибе алмасу.

«Қазақстан медициналық қызметтердің қолжетімділігін кеңейтуге, аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтау жүйелерінің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі елдердің жаһандық коалициясын ілгерілету жұмыстарын жалғастыруда.

Осыған байланысты Түркия Республикасын Коалицияға қосылу мүмкіндігін қарастыруға тағы да шақырамын», – деді Қазақстанның Денсаулық сақтау министрі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жауапты ұйымдарды айқындап, 2027–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық жоспарының іс-шараларын жақын арада практикалық іске асыруға кірісуге уағдаласты.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
КАЗАХСТАН И ТУРЦИЯ ПОДПИСАЛИ ПЛАН СОТРУДНИЧЕСТВА В СФЕРЕ ЗДРАВООХРАНЕНИЯ

В рамках международной конференции COP31 в Анталье министр здравоохранения Республики Казахстан Акмарал Альназарова и министр здравоохранения Турецкой Республики Кемаль Мемишоглу подписали План сотрудничества на 2027–2028 годы.

Документ охватывает ключевые направления взаимодействия: развитие медицинской инфраструктуры, фармацевтическое производство, цифровизацию здравоохранения, медицинскую науку, подготовку кадров и развитие первичной медико-санитарной помощи.

«Рассматриваем подписанный План как практический инструмент реализации достигнутых договоренностей. Наша задача — определить конкретные мероприятия, ответственные организации и обеспечить их последовательное исполнение», — отметила А.Альназарова.

Глава ведомства в ходе встречи отметила вклад турецких компаний в развитие медицинской инфраструктуры. Это ряд таких крупных проектов, как строительство многопрофильной больницы на 630 коек в Кокшетау компанией Rönesans Holding.
YDA Group участвует в строительстве больниц в Туркестане и Петропавловске.

С Orhun Medical заключено инвестиционное соглашение на по развитию ядерной медицины и диагностической инфраструктуры. Центры ПЭТ/КТ уже работают в Мангистауской и Кызылординской областях.

С компаниями Abdi İbrahim и Nobel İlaç заключены два крупных инвестиционных соглашения, которые предусматривают создание производств лекарственных средств и активных фармацевтических ингредиентов.

Также планируется расширить сотрудничество регуляторных органов двух стран в сфере фармацевтических инспекций, лабораторных испытаний и фармаконадзора.

Кроме того, было отмечено, что Казахстан заинтересован в адаптации турецкого опыта цифрового управления больницами, включая платформу e-Nabız, автоматизацию клинических и административных процессов, управление ресурсами и потоками пациентов.

В части повышения квалификации кадров стороны планируют совместные исследования, стажировки, обмен клиническим опытом и сотрудничество с Институтами здравоохранения Турции (TÜSEB). Также предусмотрено изучение турецкого опыта аккредитации и сертификации медицинских кадров.

В ходе встречи двух министров было предложено провести Дни турецкой медицины в Казахстане с участием ведущих специалистов, мастер-классами и консультациями пациентов по кардиологии, нейрохирургии, реабилитации и экстренной медицине.

Еще одним направлением станет обмен опытом по развитию ПМСП, профилактике заболеваний и повышению доступности медицинских услуг.

«Казахстан продолжает работу по продвижению Глобальной коалиции стран по первичной медико-санитарной помощи, направленной на расширение доступности медицинских услуг, профилактику заболеваний и развитие устойчивых систем здравоохранения.
В этой связи хотела бы вновь пригласить Турецкую Республику рассмотреть возможность присоединения к Коалиции», — призвала глава казахстанского ведомства.

Стороны договорились определить ответственные организации и в скором времени приступить к практической реализации мероприятий Плана на 2027–2028 годы.

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ ДӘРІЛІК ЗАТТАР БАҒАСЫНЫҢ ОБЪЕКТИВТІ ЦИФРЛЫҚ ЕСЕБІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕДІ

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі дәрілік заттардың негізгі ассортименті бойынша баға тұрақтылығы сақталып отырғанын хабарлайды. Сонымен қатар еліміздің фармацевтикалық нарығындағы баға динамикасын бағалау әдістемесіндегі айырмашылықтарға түсініктеме береді.

Нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету және алыпсатарлық үстеме бағалардың алдын алу мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесі арқылы препараттардың қозғалысын толық көлемде есепке алып отырады. Аталған кешен 3 073 атаудағы дәрілік затты қамтиды және медициналық ұйымдар мен дәріханалардағы нақты бөлшек сауда чектерін нақты уақыт режимінде талдайды.

Үздіксіз жүргізілген цифрлық талдау нәтижелері бойынша бақыланатын дәрілік заттар ассортиментінің 78%-дан астамында бағаның өсуі байқалмаған: 1 595 атау бойынша баға толық тұрақты болса, 799 позиция бойынша нақты бөлшек сауда бағасының төмендегені тіркелген.

Сонымен қатар азаматтардың тікелей бақылау мүмкіндігі де қамтамасыз етілген. «Naqty Onim» мобильдік қосымшасы арқылы тұтынушылар дәрілік заттардың шекті бөлшек сауда бағаларының тізіліміне, өндіруші туралы мәліметтерге және препараттардың тіркеу мәртебесіне тікелей сауда орындарында қол жеткізе алады.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы (ҰСБ) фармацевтикалық өнімдер бағасының 20,9%-ға жылдық өскені туралы (2026 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша) деректерді жариялауына байланысты Министрлік бұл зерттеудің бірқатар ерекшеліктеріне назар аударуды қажет деп санайды.

ҰСБ талдауы 33 атаудан тұратын шектеулі іріктеме негізінде жасалған (негізінен рецептісіз босатылатын дәрілік заттар). Бұл ретте дәрілік заттардың дозасы, концентрациясы, шығарылу түрі мен қаптамасы сияқты маңызды параметрлер ескерілмеген. Осыған байланысты ҰСБ-ның жиынтық көрсеткіші нарықтың толық құрылымын көрсетпейді және дәрілік заттардың жалпы қолжетімділігін бағалаудың жалғыз негізі бола алмайды.

Тауарларды цифрлық таңбалау және қадағалау жүйесінің деректері дәрілік заттардың толық номенклатурасын қамтуы және нақты сауда операцияларын тіркеуінің арқасында мемлекеттік реттеу, жекелеген тәуекелдерді анықтау және нақты шаралар қабылдау үшін барынша егжей-тегжейлі әрі жедел ақпарат береді.

Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың мүдделерін қорғау және фармацевтикалық сектордың тұрақтылығын сақтау мақсатында еліміздің барлық өңірінде дәрілік заттардың бағасына тұрақты мониторинг жүргізеді.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
МИНЗДРАВ ОБЕСПЕЧИВАЕТ ОБЪЕКТИВНЫЙ ЦИФРОВОЙ УЧЕТ СТОИМОСТИ ЛЕКАРСТВЕННЫХ СРЕДСТВ

Министерство здравоохранения сообщает о сохранении стабильной ценовой ситуации на ключевой ассортимент лекарственных средств и разъясняет методологические различия в оценке динамики цен на фармацевтическом рынке страны.

Для обеспечения прозрачности рынка и предотвращения спекулятивных наценок Минздрав ведет сквозной учет движения препаратов с помощью Цифровой системы маркировки и прослеживаемости товаров. Данный комплекс охватывает 3 073 наименования лекарственных средств и анализирует фактические розничные чеки в медицинских и аптечных организациях в режиме реального времени.

По результатам непрерывного цифрового анализа, более чем на 78% отслеживаемого ассортимента рост цен отсутствует: по 1 595 наименованиям зафиксирована полная ценовая стабильность, а по 799 позициям отмечено снижение фактической розничной стоимости.

Параллельно обеспечен прямой контроль со стороны граждан: через мобильное приложение «Naqty Onim» потребители имеют доступ к реестру предельных розничных цен, данным о производителе и регистрационным статусам препаратов непосредственно в точках продаж.

В связи с публикацией данных Бюро национальной статистики Агентства по стратегическому планированию и реформам РК (БНС) о годовом росте цен на фармацевтическую продукцию на 20,9% (за сентябрь 2026 года), Министерство считает необходимым указать на ряд особенностей данного исследования.

Анализ БНС сформирован на основе ограниченной выборки из 33 наименований (преимущественно безрецептурной группы) и не учитывает такие определяющие параметры, как дозировка, концентрация, форма выпуска и фасовка. В связи с этим агрегированный показатель БНС не отражает исчерпывающую структуру рынка и не может служить единственной основой для оценки общей ценовой доступности медикаментов.

Данные Цифровой системы маркировки и прослеживаемости товаров, благодаря полному охвату номенклатуры и фиксации реальных сделок, дают более подробный и оперативный ориентир для государственного регулирования, выявления точечных рисков и принятия адресных мер реагирования.

Министерство здравоохранения ведет на постоянной основе мониторинг ценообразования во всех регионах страны с целью защиты интересов граждан и сохранения устойчивости фармацевтического сектора.

🌐 Официальный сайт

⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ҚАЗАҚСТАНДА 1000 ТӨСЕКТІК БЕС ЖАҢА БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ САЛЫНАДЫ

Қазақстанда жалпы сыйымдылығы 1000 төсектік бес заманауи көпбейінді балалар ауруханасы салынады. Жаңа медициналық мекемелер Атырау, Ақтөбе, Алматы, Шымкент және Қаскелең қалаларында бой көтереді. Бұл мыңдаған балаға ем алу үшін басқа өңірлерге бармай-ақ, тұрғылықты жеріне жақын жерде мамандандырылған медициналық көмек алуға мүмкіндік береді.

Бес аурухананың әрқайсысы 200 төсекке есептелген. Жобаларды іске асыру балаларға сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға және өңірлердегі заманауи медициналық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Жаңа ауруханалардың құрылысы мәселелері Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Муратовтың Азия даму банкі (АДБ) және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) өкілдерімен кездесуінде талқыланды.

Кездесу барысында вице-министр өңірлердегі балалар медицинасының дамуы және балалардың тұрғылықты жері бойынша мамандандырылған медициналық көмек алуына жағдай жасау маңызды екенін атап өтті.

«Біздің басты міндетіміз – баланың қай өңірде тұратынына қарамастан, сапалы медициналық көмектің барлығына қолжетімді болуын қамтамасыз ету. Жаңа ауруханалар өңірлердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, балаларды емдеу үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді», – деді Тимур Муратов.

Сонымен қатар Алматы қаласында 500 төсектік республикалық ғылыми балалар госпиталін салу мәселесі қарастырылуда. Бұл нысан балаларға мамандандырылған медициналық көмек көрсету жүйесін дамытудағы маңызды қосымша буынға айналады.

«Алматы қаласында 500 төсектік республикалық ғылыми балалар госпиталін салу мәселесін қарастырып жатырмыз және сіздермен әріптестік орнату мүмкіндіктерін пысықтаудамыз», – деп хабарлады вице-министр.

Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жобалық құжаттаманы әзірлеу және қаржыландыру тетіктерін пысықтауды қоса алғанда, жобаларды іске асыру бойынша дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Кездесудің соңында Қазақстандағы медициналық көмекті жоспарлау мен ұйымдастыру жүйесін жетілдіруге бағытталған HOPE техникалық көмек жобасына да ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық бағдарламаны дайындау және оны іске асырудың келесі кезеңдерін айқындау бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастыруға уағдаласты.

Балалар ауруханалары желісін дамыту Мемлекет басшысының денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда. Басты мақсат – балалардың тұрғылықты өңіріне қарамастан, заманауи әрі сапалы медициналық көмек алуына қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM