Қазақстан Бас прокуратурасы
17.2K subscribers
3.61K photos
3.23K videos
40 files
12K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Астанадағы халықаралық заңгерлер конгрессі: құқық, заң және әділеттілік туралы диалог
 
2025 жылғы 22-23 мамырда Астанада «Қазіргі әлемдегі заң, құқық, әділеттілік» тақырыбындағы Халықаралық заңгерлер конгрессі өтті.

Ауқымды іс-шараны Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ұйымдастырды. Форум Қазақстанның Түркі елдерінің сот-құқықтық даярлық желісіндегі төрағалығына және Академияның 10 жылдық мерейтойына арналды.

Құттықтау сөзінде Бас Прокурор Берік Асылов конгресстің тақырыбы еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қоғам өмірінің барлық салаларында әділеттілік пен заңдылықты қатаң сақтауға бағытталған «Заң және Тәртіп» идеологиялық тұжырымдамасымен үндес екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Бас Прокурор ғылымның мемлекеттің тұрақты дамуы мен табысты құқықтық реформалардың негізі ретіндегі маңыздылығына назар аударды. Ол ғылымның тиімді құқықтық жүйенің негізін қалыптастырып, заңнаманы жетілдіруге және оны қолданудың тиімділігін арттыруға ықпал ететінін айтты.

Конгресс қатысушыларына Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Асхат Жұмағали, Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов және Академияның басқа да негізгі серіктестері де құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шарада Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің және Қазақстанның жетекші заңгер-ғалымдары мен құқық саласының тәжірибелі мамандары баяндама жасады.

Конгресстің күн тәртібі кең ауқымды мәселелерді қамтыды. Қатысушылардың басты назарында құқықтық жүйелерді жаһандық өзгерістерге бейімдеу, Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің трансұлттық қауіптерге қарсы күрестегі ынтымақтастығын нығайту, қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында заңгерлік білім берумен кәсіби даярлық сапасын арттыру мәселелері болды.

Конгресс жұмысының нәтижесінде ұлттық құқықтық жүйелерді одан әрі дамытуға, құқық қорғау және сот органдары жұмысының тиімділігін арттыруға, мемлекеттік қызметтің құқықтық негіздерін күшейтуге бағытталған ұсынымдар әзірленді.

Халықаралық заңгерлер конгрессінің өтуі Құқық қорғау органдары академиясының заңғылымы және халықаралық кәсіби диалогорталығы ретіндегі жоғары мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеді.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Международный конгресс юристов в Астане: диалог о праве, законе и справедливости
 
22-23 мая 2025 года в Астане состоялся Международный конгресс юристов «Закон, право, справедливость в современном мире».

Организатором масштабного события выступила Академия правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре Республики Казахстан. Форум был приурочен председательству Казахстана в Тюркской Сети судебно-правовой подготовки и к 10 летнему юбилею Академии.

В приветственном слове Генеральный Прокурор Берик Асылов отметил, что тематика конгресса созвучна идеям Президента страны Касым-Жомарта Кемелевича Токаева по продвижению идеологе мы «Закон и Порядок», направленной на обеспечение справедливости и неукоснительного соблюдения законности во всех сферах жизнедеятельности общества.

Генеральный Прокурор также акцентировал внимание на значении науки как основы устойчивого развития государства и успешных правовых реформ. Он подчеркнул, что наука формирует фундамент эффективной правовой системы, способствует совершенствованию законодательства и повышает результативность его применения.

С приветственным словом к участникам конгресса также выступили председатели Высшего судебного совета Дмитрий Малахов, Агентства по противодействию коррупции Асхат Жумагали, Агентства по финансовому мониторингу Жанат Элиманов и другие ключевые партнёры Академии.

На мероприятии выступили представители юридического и научного сообщества из Азербайджана, Кыргызстана, Турции, Узбекистана и ведущие ученые и практические работники Казахстана в области права.

Повестка конгресса охватила широкий круг вопросов. В центре внимания участников оказались такие темы, как адаптация правовых систем к вызовам глобальных изменений, укрепление взаимодействия стран Организации тюркских государств в борьбе с транснациональными угрозами, повышение качества юридического образования и профессиональной подготовки специалистов в условиях стремительно меняющегося мира.

Итогом работы конгресса стали рекомендации, направленные на дальнейшее развитие национальных правовых систем, повышение эффективности работы правоохранительных и судебных органов, укрепление правовых основ государственной деятельности.

Проведение Международного конгресса юристов подтвердило высокий статус Академии правоохранительных органов как авторитетного центра юридической науки и международного профессионального диалога.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM