Қазақстан Бас прокуратурасы
17.4K subscribers
3.52K photos
3.17K videos
40 files
11.8K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
ШҚО прокурорлары облыстың 800-ден астам тұрғынының тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілу құқығын қорғады
 
Ұлан ауданының прокуратурасы халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің заңдылығы мәселелерін талдау барысында азаматтардың конституциялық құқықтарының өрескел бұзылу фактілерін анықтады.
 
Анықталғандай, аудандық ауруханада диспансерлік есепте тұрған 811 азамат мемлекет кепілдік берген тегін медициналық көмек шеңберінде қажетті дәрілік заттармен уақытылы қамтамасыз етілмеген.
 
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша заңбұзушылықтар жойылды. Пациенттер қажетті дәрі-дәрмектермен толық көлемде қамтамасыз етіліп, азаматтардың бұзылған конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.
 
Прокурордың ұсынысы бойынша кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 
Азаматтардың денсаулығын сақтауға арналған конституциялық құқықтарының сақталу мәселелері прокуратураның ерекше бақылауында.
 
Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1233483?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуроры ВКО защитили права свыше 800 жителей области на бесплатное лекарственное обеспечение
 
Прокуратура Уланского района проанализировав вопросы законности обеспечения населения лекарственными средствами установила факты грубых нарушений конституционных прав граждан.
 
Как выяснилось, 811 граждан состоящих на диспансерном учёте в районной больнице своевременно не были обеспечены необходимыми лекарственными средствами, гарантированными государством в рамках бесплатной медицинской помощи.
 
По акту прокурорского надзора нарушения устранены. Пациенты обеспечены необходимыми лекарственными препаратами в полном объёме, восстановлены нарушенные конституционные права граждан.

По представлению прокурора виновное должностное лицо привлечено к дисциплинарной ответственности.
 
Вопросы соблюдения конституционных прав граждан на охрану здоровья находятся на особом контроле прокуратуры.

Ссылка на сайт прокуратуры Восточно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-vko/press/news/details/1233483?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Халықаралық ынтымақтастық мәселесі талқыланды
 
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен РФ-мен шекаралас өңірлерінің прокурорлары, екі мемлекеттің құқық қорғау органдарының өкілдері және РФ-ның Орал қаласындағы Бас консулының қатысуымен халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Шараға Астрахань, Волгоград, Орынбор, Самара, Саратов облыстарының прокурорлары, Волга өңіраралық табиғат қорғау прокуроры қатысты.

Облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы РФ-ның шекаралық аймақтарымен өзара ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығына тоқталып, трансшекаралық қылмысқа қарсы іс-қимыл, есірткі заттарының заңсыз айналымы, киберқылмыс, мемлекетаралық іздеуді цифрландыру, қоршаған ортаны қорғау, төтенше жағдайлардың алдын-алу мәселелеріне көршілес облыс прокурорларының назарын аударды.

Сонымен қатар, шекаралас аумақтардың экологиялық қауіпсіздігі, киіктер миграциясы, жануарлар арасында аурулардың таралуының алдын-алу және екі мемлекеттің құзыретті органдары арасындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибе алмасуды жалғастыруға және өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін растап, өзара ынтымақтастық туралы меморандум әзірлеу бастамасын қолдады.

Қатысушылар бұндай кездесулерді тұрақты диалог алаңына айналдыруға уағдаласты.
 
Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1233544?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Обсуждены вопросы международного сотрудничества
 
По инициативе прокуратуры Западно-Казахстанской области состоялся международный круглый стол с участием прокуроров приграничных регионов РФ, представителей правоохранительных органов двух государств и Генерального консула РФ в городе Уральске.

В мероприятии приняли участие прокуроры Астраханской, Волгоградской, Оренбургской, Самарской и Саратовской областей, а также Волжский межрегиональный природоохранный прокурор.

Прокурор области Нұрбек Ұласбекұлы отметил важность развития взаимодействия с приграничными регионами РФ и акцентировал внимание коллег на вопросах противодействия трансграничной преступности, незаконному обороту наркотических средств, киберпреступности, цифровизации межгосударственного розыска, охраны окружающей среды, предупреждения чрезвычайных ситуаций.

Кроме того, особое внимание уделено вопросам экологической безопасности приграничных территорий, миграции сайгаков, профилактики распространения заболеваний среди животных, а также развитию взаимодействия между компетентными органами двух государств.

По итогам встречи участники подтвердили готовность продолжить обмен опытом и дальнейшее укрепление сотрудничества, поддержав инициативу о разработке меморандума о взаимном сотрудничестве.

Участники договорились сделать подобные встречи постоянной площадкой для диалога.
 
Ссылка на сайт прокуратуры Западно-Казахстанской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zko/press/news/details/1233544?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Пробациядағы цифрлық құралдар бақылау және қайта әлеуметтендіру тетігі ретінде
 
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қайталама қылмыстың алдын алу, әлеуметтік бейімдеу мен пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға бақылау тиімділігін арттыру мақсатында сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге бағытталған цифрлық шешімдер кешенін іске асыруда.

Негізгі бағыттардың бірі - пробация жүйесін цифрландыру.

Есептегі тұлғаларды цифрлық қайта әлеуметтендіру

Өткен жылдан бастап пробация қызметінің жұмысы цифрлық форматқа көшіріле бастады.

Бас прокуратураның бастамасымен сотталғандарды қайта әлеуметтендіру мәселелерін үйлестіру Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне бекітілді.

Пробация қызметінің есебіндегі тұлғалар «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіне енгізілді.

Енді пробация қызметкері мобильді қосымша арқылы сотталған тұлғаның есепке қойылғаны туралы сигналды әкімдіктер жанындағы Отбасын қолдау орталықтарына жолдайды.

Орталық мамандары тұрғылықты жеріне барып, есептегі адамның қажеттіліктерін зерделеп, құзыретті мемлекеттік органдарды тарта отырып қажетті көмекті ұйымдастырады.

Осы форматта 3 мыңнан астам қызмет көрсетілді. Оның ішінде: әлеуметтік төлемдер, демеушілік көмек, жұмыссыз ретінде тіркеу, құжаттарды рәсімдеу, ЭЦҚ алу, тұрғылықты жері бойынша тіркеу және консультативтік көмек бар.

Сонымен қатар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі пробация есебіндегі тұлғаларды FSM «Social» мобильді қосымшасына енгізді. Аталған жүйе азаматтардың өз бетінше жүгінуінсіз әлеуметтік-құқықтық көмекті проактивті түрде көрсетуге бағытталған.

Жүйе құжаттандыру, жұмысқа орналастыру, оқыту, медициналық және өзге де көмек көрсету мәселелері бойынша мемлекеттік органдарға арналған тапсырмалар тізбесін автоматты түрде қалыптастырады.

Жасанды интеллект алгоритмдерін пайдалану арқылы ақпарат қажетті шаралар қабылдау және атқарылған жұмыстар туралы мәліметтер енгізу үшін жергілікті атқарушы органдарға жолданады.

Осы механизм аясында сотталғандарға құжаттандыру, оқыту, жұмысқа орналастыру және медициналық көмек бағыттары бойынша 5 221 әлеуметтік қызмет көрсетілді.

Қазіргі уақытта қосымшаны «Цифрлық қадағалау» бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесіне интеграциялау мәселесі пысықталуда. Бұл прокурорларға қайта әлеуметтендіру процесін нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.
«Цифрлық қадағалау» және есептегі тұлғалардың мінез-құлқын бақылау

Екінші маңызды бағыт - бейнебақылау жүйесін пайдалану арқылы есептегі тұлғаларды цифрлық бақылауды енгізу болды.

Өткен жылдың наурыз айында Бас прокуратура қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру және құқық қорғау органдарының үйлестіруін қамтамасыз етуге арналған «Цифрлық қадағалау» бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін пайдалануға енгізді.

Жүйе қоғамдық тәртіпті бақылау үшін Қазақстан қалаларында жұмыс істейтін интеллектуалды бейнекамералармен интеграцияланған.

Бірыңғай жүйеге пробация есебіндегі тұлғалардың мінез-құлқын автоматты түрде бақылауға және сот белгілеген шектеулер мен міндеттерді бұзу фактілеріне жедел әрекет етуге арналған «Пробацияны қадағалау» мамандандырылған модулі енгізілді.

Пробация қызметкерлері үшін ақпаратты жедел алып, тиісті шаралар қабылдауға мүмкіндік беретін арнайы автоматтандырылған жұмыс орны құрылды.

Модуль келесі фактілерді тіркейді:
- есептегі тұлғалардың басқа өңірлерге шығуы;
- әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауы;
- қайталама қылмыстық құқық бұзушылықтар фактілері;
- теміржол және әуе қатынасы арқылы орын ауыстыруы;
- тыйым салынған орындарға, оның ішінде ойын-сауық мекемелеріне баруы;
- түнгі уақытта үйден шығуы.

Ақпарат мемлекеттік ақпараттық жүйелермен және мониторинг сервистерімен интеграция арқылы автоматты түрде келіп түседі.

Жүйе іске қосылған сәттен бастап 1 мыңнан астам есептегі тұлға тарапынан 6 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді.

Оның ішінде түнгі уақытта жүру, тыйым салынған орындарға бару және басқа өңірлерге өз бетінше шығу фактілері бар.

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында барлық құқық бұзушылықтар бойынша жаза түрін ауыстыру туралы ескертулер шығарылды, ал 54 құқық бұзушы жазасын әрі қарай өтеу үшін қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне жіберілді.

Іске асырылып жатқан цифрлық шешімдер сотталғандарды әлеуметтік бейімдеу және қайта әлеуметтендіру шараларының тиімділігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Цифровые инструменты пробации как механизм контроля и ресоциализации
 
Генеральной прокуратурой Республики Казахстан в целях предупреждения повторной преступности, обеспечения социальной интеграции и повышения эффективности контроля за подучетными службы пробации реализуется комплекс цифровых решений, направленных на ресоциализацию осужденных.

Одним из ключевых направлений стала цифровизация системы пробации.

Цифровая ресоциализация подучетных

С прошлого года начат перевод работы службы пробации в цифровой формат.

По инициативе Генеральной прокуратуры координация вопросов ресоциализации осужденных закреплена за Министерством труда и социальной защиты населения Республики Казахстан.

Подучетные службы пробации включены в информационную систему «Цифровая карта семьи».
Теперь сотрудник пробации посредством мобильного приложения направляет сигнал о постановке осужденного на учет в Центры поддержки семьи при акиматах.

Специалисты центров с выездом по месту жительства изучают потребности подучетного лица и организуют оказание необходимой помощи с привлечением компетентных государственных органов.

В таком формате уже оказано свыше 3 тысяч услуг, включая: социальные выплаты, спонсорскую помощь, постановку на учет в качестве безработных, оформление документов, получение ЭЦП; регистрацию по месту жительства; консультативную помощь.

Кроме того, Министерством труда и социальной защиты населения подучетные пробации включены в мобильное приложение FSM «Social», которое ориентировано на проактивное предоставление социально-правовой помощи без необходимости самостоятельного обращения граждан.

Система автоматически формирует перечень задач для государственных органов по вопросам документирования, трудоустройства, обучения, оказания медицинской и иной помощи.

С использованием алгоритмов искусственного интеллекта информация направляется в местные исполнительные органы для принятия необходимых мер и внесения сведений о проделанной работе.

В рамках данного механизма осужденным уже оказано 5 221 социальная услуга, включая документирование, обучение, трудоустройство и медицинскую помощь.

В настоящее время прорабатывается интеграция приложения в Единую информационно-аналитическую систему «Цифровой надзор», что позволит прокурорам осуществлять контроль за процессом ресоциализации в режиме реального времени.
«Цифровой надзор» и контроль поведения подучетных

Вторым важным направлением стало внедрение цифрового контроля за подучетными лицами с использованием системы видеонаблюдения.

В марте прошлого года Генеральной прокуратурой введена в эксплуатацию Единая информационно-аналитическая система «Цифровой надзор», предназначенная для повышения эффективности надзорной деятельности и координации правоохранительных органов.

Система интегрирована с интеллектуальными камерами видеонаблюдения, функционирующими в городах Казахстана для мониторинга общественного порядка.

В ЕИАС внедрен специализированный модуль «Надзор за пробацией», предназначенный для автоматизации мониторинга поведения подучетных лиц и оперативного реагирования на нарушения установленных судом ограничений и обязанностей.

Для сотрудников службы пробации создано специализированное автоматизированное рабочее место, позволяющее оперативно получать информацию и принимать меры реагирования.

Модуль фиксирует:
- выезды подучетных в другие регионы;
- совершение административных правонарушений;
- факты повторных уголовных правонарушений;
- железнодорожные и авиаперемещения;
- посещение запрещенных мест, в том числе увеселительных заведений;
- выход из дома в ночное время.

Информация поступает автоматически посредством интеграции с государственными информационными системами и сервисами мониторинга.

С момента запуска системы зафиксировано свыше 6 тысяч нарушений со стороны более 1 тыс. подучетных лиц, включая ночные перемещения, посещение запрещенных мест и самовольные выезды в другие регионы.

В целях обеспечения общественной безопасности по всем нарушениям вынесены предупреждения о замене наказания, 54 нарушителя уже направлены в учреждения уголовно-исполнительной системы для дальнейшего отбывания наказания.

Реализуемые цифровые решения позволяют значительно повысить эффективность мер социальной адаптации и ресоциализации осужденных.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Түркістан облысында «AL-FARABI» интеллектуалды ойынына 4,5 мыңнан астам жас қатысты

Түркістан облысының прокуратурасы мен Жастар ресурстық орталығының бастамасымен, әкімдіктің қолдауымен ауқымды «AL-FARABI» интеллектуалды ойыны өткізілуде.

Аталған жоба жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, білімге деген қызығушылығын арттыруға, зияткерлік әлеуетін дамытуға және белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға бағытталған.

Осы ретте Кентау қаласы, Қазығұрт және Бәйдібек аудандарында ұйымдастырылған интеллектуалды ойындарға 500-ден астам команда құрамындағы 4,5 мыңнан астам жас қатысып, білім, тарих, құқық және логика бағыттары бойынша өзара бақ сынасты.

Ашық аспан астында өткен ауқымды білім сайысына Алматы қаласы, Шымкент қаласы, Қызылорда облысы, Алматы облысының Қарасай ауданы және Түркістан облысының барлық аудан-қалаларынан 2500-ден астам жас қатысты.

«AL-FARABI» интеллектуалды ойынының басты мақсаты – дарынды жастарды анықтау, олардың танымдық қызығушылығын арттыру, білім деңгейі мен құқықтық сауаттылығын көтеру, сондай-ақ жастар арасында интеллектуалды ортаны қалыптастыру.

Жоба аясында қатысушылар түрлі тақырыптар бойынша білімдерін сынап қана қоймай, командалық жұмыс, көшбасшылық қабілет, шешім қабылдау және сыни ойлау дағдыларын дамытуға мүмкіндік алды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында жастарға «Заң мен тәртіп» қағидатының қоғамдағы маңызы түсіндіріліп, білімді, саналы әрі отаншыл ұрпақ тәрбиелеудің өзектілігі кеңінен насихатталды.

Осындай тәрбиелік және танымдық маңызы жоғары жобалардың нәтижесін кеңінен жариялау мақсатында іс-шараларға бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер шақырылды.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

«AL-FARABI» интеллектуалды ойыны жаз мезгілінде Түркістан облысының өзге де аудан-қалаларында жалғасын тауып, жастардың білімге, ғылымға және құқықтық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған ауқымды алаң ретінде өз жұмысын жалғастырады.
 
Түркістан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:


https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-turkestan/press/news/details/1233736?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM