Қазақстан Бас прокуратурасы
17.4K subscribers
3.48K photos
3.15K videos
40 files
11.7K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Цифрлық трансформация: Бас прокуратура жасанды интеллект технологияларын, робототехниканы және жаңа IT-шешімдерді игеруде
 
Мемлекетті цифрлық трансформациялау – Мемлекет басшысының стратегиялық бағытының негізгі басымдықтарының бірі. Биылғы жылдың Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жариялануы мемлекеттік органдарда заманауи IT-технологиялар мен озық цифрлық шешімдерді кеңінен енгізуге жаңа серпін берді.

Құқық қорғау жүйесі үшін бұл – жекелеген процестерді автоматтандыруға, күрделі әрі қауіпті жағдайларда тиімді жұмыс істеуге, қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге жедел ден қоюға және қызметкерлердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар цифрлық технологиялардың дамуы қылмыстылықтың сипатын да өзгертіп, құқыққа қарсы әрекеттерді жасаудың жаңа тәсілдерін қалыптастыруда. Сондықтан құқық қорғау жүйесі туындаған қауіп-қатерлерге ғана ден қоймай, уақыт талабынан озып, жаңасын-қатерлерге дайын болу үшін өзінің технологиялық әлеуетін үздіксіз дамытуы қажет.

Осы тұрғыда 2026 жылғы 17 шілдеде «USTEM Foundation» қоғамдық қорының негізін қалаушы Асылбек Мұрзахметов әріптестерімен бірге Бас прокуратура басшылығына жасанды интеллект негізіндегі заманауи әзірлемелерді таныстырды. Олардың қатарында гуманоидты роботтар, патрульдеу мен инспекция жүргізуге арналған роботтандырылған кешендер, төтенше жағдайларда жұмыс істеуге арналған жүйелер, сондай-ақсервистік және кеңесші роботтар бар.

«Цифрлық трансформация мемлекеттік органдардың қызметіне заманауи технологияларды белсенді енгізуді талап етеді. Біз жасанды интеллект пен “ақылды” шешімдерді пайдалана отырып, жаңа қауіп-қатерлергежедел ден қоюымыз, құқық қорғау жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейтуіміз, азаматтардың құқықтарын қорғауды және «Заң мен Тәртіп» қағидатын сапалы жаңа деңгейде қамтамасыз етуіміз қажет», – деді Бас Прокурор Берік Асылов.

«USTEM Foundation» қоғамдық қоры 2020 жылданбері Қазақстандағы балалар мен жастар арасында робототехника, инженерлік ойлау және STEM-білімберуді дамыту бағытында жұмыс жүргізіп келеді. Қордың қолдауымен Қазақстанның робототехникадан ұлттыққұрамасы «FIRST Global Challenge» әлем чемпионатында төрт мәрте жеңімпаз атанды.

Кездесу қорытындысы бойынша прокуратура органдары мен басқа да құқық қорғау органдарының қызметінде робототехникалық шешімдерді қолдану мүмкіндіктерін зерделеу және осы бағыттағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту жөніндегі перспективалы бағыттар айқындалды.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Цифровая трансформация: Генеральная прокуратура осваивает технологии искусственного интеллекта, робототехнику и новые IT-решения
 
Цифровая трансформация государства является одним из ключевых направлений стратегического курса Главы государства. Объявление нынешнего года Годом цифровизации и искусственного интеллекта придает этой работе новый масштаб, ориентируя госорганы на широкое внедрение современных IT-технологий и передовых цифровых решений.

Для правоохранительной системы это новые возможности: автоматизация отдельных процессов, работа в сложных и опасных условиях, более эффективное реагирование на современные угрозы и повышение безопасности сотрудников.

Одновременно цифровые технологии меняют и характер преступности, создавая новые возможности для совершения противоправных деяний. Поэтому правоохранительная система должна не только реагировать на уже возникшие угрозы, но и постоянно развивать собственные технологические возможности, чтобы опережать вызовы времени.

В этом контексте 17 июля 2026 года основатель общественного фонда «USTEM Foundation» Асылбек Мурзахметов со своими коллегами презентовал руководству Генеральной прокуратуры современные разработки на основе ИИ, включая гуманоидных роботов, роботизированные комплексы для патрулирования и инспекций, работы в условиях чрезвычайных ситуаций, а также сервисных роботов и роботов-консультантов.

«Цифровая трансформация требует активного внедрения современных технологий в деятельность государственных органов. Мы должны использовать ИИ и «умные» решения, чтобы быстрее реагировать на новые угрозы и расширять возможности правоохранительной системы, защищая права граждан и обеспечивая принцип «Закон и Порядок» на принципиально новом уровне», – отметил Генеральный Прокурор Берик Асылов.

Общественный фонд «USTEM Foundation» с 2020 года развивает робототехнику, инженерное мышление и STEM-образование среди детей и молодежи Казахстана. При поддержке фонда сборная Казахстана по робототехнике четыре раза становилась победителем мирового чемпионата «FIRST Global Challenge».

По итогам демонстрации определены перспективные направления дальнейшего взаимодействия и изучения возможностей применения робототехнических решений в деятельности органов прокуратуры и других правоохранительных органов.
 
🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Комитет қоғамдық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлерін анықтау және жою бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде
 
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті болжамдық-талдамалық қызмет шеңберінде қоғамдық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізеді.
 
Осы бағыттағы жұмыс барысында Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында (Зачаганск кенті) ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған, тиісті деңгейде күтіп-ұсталмаған және қоғамдық қауіпсіздікке әлеуетті қауіп-қатер төндірген нысан анықталды.
 
Нысанға іргелес аумақ бірнеше рет тұрмыстық қалдықтарды заңсыз төгу, алкогольдік ішімдіктер ішу және қоғамға жат өмір салтын ұстанатын адамдардың жиналу орнына айналған. Нысанның тікелей маңында қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркеліп, бұл жақын маңдағы тұрғын үйлер тұрғындарының негізді алаңдаушылығын туғызған.
 
Қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін төмендету мақсатында Комитет жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарға тиісті ұсынымдар жолданып, оларды қарау қорытындысы бойынша санитариялық іс-шаралар жүргізіліп, аумақ қоршалып, нысанға еркін кіру шектелді.
 
Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін барынша азайту бойынша шаралады одан әрі іске асыру шеңберінде а.ж. 14 шілдеде аталған нысанды бұзу жұмыстары жүргізілді.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Комитетом проводится системная работа по выявлению и устранению угроз общественной безопасности
 
В рамках осуществления прогнозно-аналитической деятельности Комитетом по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры на постоянной основе проводится мониторинг угроз общественной безопасности.
 
Проводимой работой в данном направлении в городе Уральск (с.Зачаганкс) установлен объект, который на протяжении длительного времени объект не эксплуатировался, не содержался в надлежащем состоянии и представлял потенциальную угрозу общественной безопасности.
 
Территория вокруг объекта неоднократно становилась местом несанкционированного складирования бытовых отходов, распития алкогольных напитков, а также концентрации лиц, ведущих асоциальный образ жизни. В непосредственной близости от объекта фиксировались факты нарушений общественного порядка, что вызывало обоснованную обеспокоенность жителей близлежащих домов.
 
В целях снижения рисков общественной безопасности Комитетом были направлены соответствующие рекомендации в местные исполнительные и уполномоченные органы, по итогам рассмотрения которых проведены соответствующие санитарные мероприятия, а также выполнены работы по ограждению территории и ограничению свободного доступа к объекту.
 
Кроме того, в рамках дальнейшей реализации мер по минимизации рисков общественной безопасности 14 июля т.г. проведены демонтажные работы объекта.  

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
А Ң Д А Т П А

Осы аптада Бас прокуратураның телеграм арнасында:

🔶 Дропперлік схемаларға тосқауыл: Жетісу облысында азаматтарды алаяқтық схемаларға тартқан екі «дропперлерді ұйымдастырушы» топтың қызметі тоқтатылды. Қанша адам сотталды және сот оларға қандай жаза тағайындады? Толығырақ – біздің арнада!

🔶 Қайтарылған активтер – өңірдің дамуына: Арқалықта құны 1,9 млрд теңге болатын педагогикалық университетті реконструкциялау жобасы аяқталды. Қостанай облысында осы қаражат есебінен тағы қандай әлеуметтік нысандар салынады? Толығырақ – бүгін біздің арнада!

🔶 Кәсіпкерлер алдындағы берешек өтелді: Жамбыл облысында прокуратураның араласуынан кейін 306 кәсіпкерлік субъектісі алдындағы қарыз толық өтелді. Прокурорлар қандай заң бұзушылықтарды анықтады? Барлық мәлімет – жуырда біздің арнада!

🔶 Түнгі клубтағы атыс: Астанада түнгі ойын-сауық орнында қару қолданған бұзақылық үшін сотталған азаматқа үкім шықты. Сот қандай жаза тағайындады? Толығырақты бірінші болып бізден біліңіз!

🔶 Құны 47,5 млрд теңгелік инвестициялық жоба: Солтүстік Қазақстан облысында прокуратура жобаның жүзеге асуына кедергі келтіруі мүмкін дауды реттеуге көмектесті. Дауды қалай шешті? Барлық мәлімет – біздің арнада!

🔶 1,2 млрд теңгенің тиімсіз жұмсалу қаупінің алдын алды: Абай облысында прокуратура жол инфрақұрылымын жөндеуді жоспарлау кезінде заң бұзушылықтарды анықтады. Қандай заң бұзушылықтар анықталды? Толығырақ – біздің арнада!

🔶 27 млн теңгеден астам жалақы қарызы өтелді: Шығыс Қазақстан облысында прокуратура коммуналдық кәсіпорынның 49 қызметкері алдындағы жалақы берешегін өндіріп берді. Қандай заң бұзушылықтар анықталды? Толығырақты бірінші болып бізден біліңіз!

🔶 Бизнестің құқықтары қорғалды: Алматы облысында прокуратура 2 мыңнан астам кәсіпкердің құқықтарын қалпына келтірді. Прокурорлар қандай заң бұзушылықтарды анықтады? Барлық жаңалықтар – біздің арнада!

Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграмм арнасынан оқып, бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
АНОНС
 
На этой неделе в нашем телеграм-канале Генеральной прокуратуры:

🔶 Дропперские схемы под прицелом: в области Жетісу пресечена деятельность двух групп «дропповодов», вовлекавших граждан в мошеннические схемы. Сколько человек уже осуждены и какое наказание назначил суд? Подробности – на нашем канале!

🔶 Средства возвращённых активов — на развитие региона: в Аркалыке завершена реализация проекта реконструкция педагогического университета стоимостью 1,9 млрд тенге. Какие ещё социальные объекты построят в Костанайской области за счёт этих средств? Подробности - уже сегодня!
 
🔶 Задолженность перед предпринимателями: в Жамбылской области после вмешательства прокуратуры погашены долги перед 306 субъектами бизнеса. Какие нарушения были выявлены? Все детали скоро на нашем канале!

🔶 Стрельба в ночном клубе: в Астане вынесли приговор мужчине, устроившему вооружённое хулиганство в ночном заведении. Какое наказание назначил суд? Подробности расскажем первыми!

🔶 Инвестпроект стоимостью 47,5 млрд тенге: в Северо-Казахстанской области прокуратура помогла урегулировать спор, который мог повлиять на его реализацию. Как удалось разрешить конфликт? Все подробности — на нашем канале.

🔶 Риск неэффективного расходования 1,2 млрд тенге: в области Абай прокуратура выявила нарушения при планировании ремонта дорожной инфраструктуры. Какие нарушения были выявлены? Подробнее смотрите у нас на канале!

🔶 Более 27 млн тенге долга по зарплате: в ВКО прокуратура добилась выплаты задолженности перед 49 работниками коммунального предприятия. Какие нарушения были выявлены? Подробности расскажем первыми!

🔶 Защита прав бизнеса: в Алматинской области прокуратура восстановила права более 2 тысяч предпринимателей. Какие нарушения выявили прокуроры? Все новости смотрите у нас на канале!

Эти и другие новости читайте на телеграм-канале Генеральной прокуратуры и смотрите нас в социальных сетях:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қайтарылған активтер қаражаты Арқалықтағы университетті реконструкциялауға бағытталды
 
Арқалық қаласында жалпы құны 1,9 млрд теңгені құрайтын «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университетінің ғимаратын реконструкциялау» әлеуметтік жобасы толық аяқталды.

Жоба прокуратура органдарының заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі жүргізіп жатқан жұмысы аясында Арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен іске асырылды.

Реконструкция нәтижесінде шамамен 2,5 мың студенттің білім алуына, университеттің профессор-оқытушылар құрамының тиімді еңбек етуіне қолайлы әрі заманауи жағдай жасалды. Сонымен қатар, бұл жоба өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беріп, білікті мамандар даярлау ісін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Биыл Қостанай облысында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен қалыптастырылған Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты арқылы 6 әлеуметтік нысанның құрылысы мен реконструкциясы жоспарланған.

Олардың қатарында Арқалық қаласындағы әуежай, аурухана, перзентхана және студенттер жатақханасы, Жітіқара қаласындағы емхана, сондай-ақ Денисов ауданының Перелески ауылындағы дәрігерлік амбулатория бар.

Қайтарылған активтер қаражаты есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік жобалардың іске асырылу барысы Қостанай облысы прокуратурасының бақылауында.
 
Қостанай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1260183?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Средства возвращенных активов на правлены на реконструкцию университета в Аркалыке

В городе Аркалыке завершена реализация социального проекта «Реконструкция здания Аркалыкского педагогического университета имени Ы. Алтынсарина» общей стоимостью 1,9 млрд теңге.
 
Проект реализован за счет средств Специального государственного фонда, в рамках проводимой работы органами прокуратуры по возврату незаконно выведенных активов.

В результате реконструкции созданы современные и комфортные условия для обучения порядка 2,5 тысячи студентов, работы профессорско-преподавательского состава университета, а также дальнейшего социально-экономического развития региона и подготовке высококвалифицированных специалистов.

Всего в текущем году в Костанайской области за счёт средств Специального государственного фонда, сформированного из возвращенных активов, запланировано строительство и реконструкция 6 социальных объектов. В их числе - аэропорт, больница, родильный дом и общежитие в городе Аркалыке, поликлиника в г.Житикаре, а также врачебная амбулатория в селе Перелески Денисовского района.

Ход реализации социальных проектов, финансируемых за счет возвращённых активов, находится на контроле прокуратуры Костанайской области.

Ссылка на сайт прокуратуры Костанайской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kostanay/press/news/details/1260183?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Invest Caravan: Абай облысының прокуроры түркиялық инвестормен кездесті
 
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының тапсырмасымен өткізіліп жатқан Invest Caravan акциясы аясында Абай облысының прокуроры Нұрсұлтан Рақышев «MIRYILDIZ KZ Ltd» жеке компаниясының бас директоры Эмрах Эрдеммен кездесті.

Кездесу барысында «Жанан» алтын кен орны үшін металлургиялық зауыт салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды. Инвестор жобаны іске асырудың қазіргі кезеңі туралы айтып, сондай-ақ мемлекеттік органдардың қолдауын қажет ететін бір қатар мәселелерді көтерді.

Облыс прокуроры инвесторларға құқықтық қолдау көрсетудің қолданыстағы тетіктерін, оның ішінде прокурорлық сүзгі институтын және прокуратура органдары жанынан құрылған инвесторларды сүйемелдеу жөніндегі арнайы топтардың жұмысын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сондай-ақ прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етіп, кез келген әкімшілік кедергілер мен олардың заңды құқықтарының бұзылуына жедел ден қоюға дайын екені атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша инвестор көтерген барлық мәселелер бақылауға алынды. Сонымен қатар инвестициялық жобаны сүйемелдеу және оны кедергісіз іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі алдағы шаралар айқындалды.

Өз кезегінде Эмрах Эрдем прокуратура органдарымен өзара іс-қимылдың тиімділігін атап өтіп, көрсетілген қолдау мен бұған дейін туындаған мәселелердің жедел шешілгені үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ инвестициялық жобаны іске асыру барысында ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
 
Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1260308?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Invest Caravan: Прокурор области Абай провел встречу с турецким инвестором
 
Прокурор области Абай Нурсултан Ракишев в рамках акции Invest Caravan, проводимой по поручению Генеральной прокуратуры Республики Казахстан, встретился с Генеральным директором Частной компании «MIRYILDIZ KZ Ltd» Эмрахом Эрдемом.

В ходе встречи обсуждены вопросы реализации инвестиционного проекта по строительству металлургического завода для золоторудного месторождения «Жанан». Инвестор рассказал о текущем этапе подготовки проекта, а также обозначил вопросы, требующие содействия со стороны государственных органов.

Прокурор области подробно разъяснил действующие механизмы защиты прав инвесторов, включая институт прокурорского фильтра и деятельность специальных групп по сопровождению инвесторов, созданных при органах прокуратуры. Подчеркнуто, что органы прокуратуры обеспечивают правовую поддержку инвесторов и готовы оперативно реагировать на любые административные барьеры и нарушения их законных прав.

По итогам встречи все озвученные вопросы взяты на контроль. Определены дальнейшие меры по сопровождению инвестиционного проекта и обеспечению его беспрепятственной реализации.

В свою очередь, Эмрах Эрдем отметил эффективность взаимодействия с органами прокуратуры, поблагодарил за оказанную поддержку и оперативное решение ранее возникших вопросов, а также выразил готовность к дальнейшему конструктивному сотрудничеству.
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Абай:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1260308?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM