Қазақстан Бас прокуратурасы
17.2K subscribers
3.59K photos
3.22K videos
40 files
12K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Республика күніне орай
 
Республика күні қарсаңында Бас прокуратурада ұлттық мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасуындағы Республика күнінің айрықша орны мен тарихи маңызы атап өтілді.

1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Мемлекеттік Егемендік туралы декларация еліміздің Тәуелсіздікке қарай жасаған маңызды қадамдарының бірі болды.

Бас Прокурор Берік Асылов прокуратура органдарының мемлекет мүддесін қорғау, заңдылықты нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етудегі жауапты миссиясына тоқталды.

Ол заң үстемдігін орнықтыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыру жолында прокурорлардың кәсіби біліктілігі мен адалдығының маңызын атап өтті.

Бүгінде прокуратура органдары Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді іске асыруға, «Заң мен Тәртіп» қағидатын орнықтыруға және азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Ұлттық мереке қарсаңында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығымен орталық және аумақтық деңгейдегі прокуратура органдарының 29 қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Бұл – олардың заңдылықты қамтамасыз етуге, ел мүддесіне адал қызмет етуге және азаматтардың құқықтарын қорғауға қосқан үлесінің лайықты бағасы.

Салтанатты жиын мерекелік концерттік бағдарламамен қорытындыланды.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Ко Дню Республики
 
В преддверии Дня Республики в Генеральной прокуратуре состоялось торжественное мероприятие, посвящённое национальному празднику.

В ходе мероприятии была отмечена особая роль Дня Республики в становлении казахстанской государственности.

Принятие 25 октября 1990 года Декларации о государственном суверенитете стало одним из ключевых исторических шагов на пути страны к Независимости.

Генеральный Прокурор Берик Асылов подчеркнул ответственную миссию органов прокуратуры в защите интересов государства, укреплении законности и обеспечении прав и свобод граждан. Особое внимание было уделено профессионализму, принципиальности и добросовестному исполнению служебного долга как основным условиям утверждения верховенства закона и укрепления доверия общества к государственным институтам.

Сегодня органы прокуратуры последовательно реализуют задачи, поставленные Главой государства, в том числе по утверждению принципа «Закон и Порядок», эффективной защите прав граждан и предупреждению правонарушений.

Накануне национального праздника Указом Главы Государства Касым-Жомарта Кемелевича Токаева государственными наградами отмечены заслуги 29 сотрудников прокуратуры центрального и территориального уровней.

Высокая оценка их труда стала признанием вклада в укрепление законности, защиту прав граждан и добросовестное служение государству.

Завершилось мероприятие праздничной концертной программой.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Футбол 60 баланы біріктірді: Абай облысының прокуратурасы профилактикалық жұмысты жалғастыруда
 
Абай облысының прокуратурасы «FC Semey» футбол клубымен бірлесіп, балаларға «Елорда» командасына қарсы футзалдан өткен үй матчына баруды ұйымдастырды.
 
Іс-шара балалардың бос уақытын мазмұнды әрі қауіпсіз ұйымдастыруға, оларды спорттық өмірге тартуға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
 
Абай облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ерекше назар аударады. Спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік береді, олардың бойында салауатты өмір салтына деген ұмтылысты, тәртіптілікті, жауапкершілікті және өзара сындарлы қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді.
 
Мұндай бастамалар жасөспірімдер арасындағы қылмыстылықтың алдын алуға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ олардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
 
Абай облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандарды спортқа, мәдени және қоғамдық пайдалы іс-шараларға тарту бағытындағы жұмысты жалғастырып, олардың бос уақытын қауіпсіз әрі мазмұнды өткізуіне жағдай жасайтын болады.
 
60 бала — спортты, дамуды және салауатты өмір салтын таңдауға берілген 60 мүмкіндік.
 
Абай облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/org/prokuratura-abay/press/news/details/1317015?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Футбол объединил 60 детей: прокуратура области Абай продолжает профилактическую работу
 
Прокуратурой области Абай совместно с футбольным клубом «FC Semey» для детей организовано посещение домашнего матчапо футзалу с командой «Елорда».
 
Мероприятие направлено на организацию содержательного и безопасного досуга, их вовлечение в спортивную жизнь и профилактику правонарушений.
 
Прокуратура области Абай уделяет особое внимание профилактике правонарушений среди несовершеннолетних. Организация спортивных и культурных мероприятий позволяет эффективно занимать свободное время подростков, способствует формированию у них здоровых жизненных ориентиров, дисциплинированности, ответственности и навыков конструктивного взаимодействия.
 
Подобные инициативы являются частью комплексной профилактической работы, направленной на предупреждение подростковой преступности, защиту прав и законных интересов детей, а также создание условий для их полноценного развития.
 
Прокуратура области Абай продолжит работу по вовлечению несовершеннолетних в спорт, культурные и общественно полезные мероприятия, создавая условия для их безопасного и содержательного досуга.
 
60 детей — 60 возможностей выбрать спорт, развитие и здоровый образ жизни.
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Абай:

https://www.gov.kz/org/prokuratura-abay/press/news/details/1317015?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз.

📌 Дүйсенбі

🔹 Стипендиялар төленді: Алматы прокуратурасының араласуымен колледждің 676 студентіне 50 млн теңге көлеміндегі берешек өтелді. Олардың құқықтары қалай қалпына келтірілді? Толығырақ осы жерден оқыңыз.

🔹 Тарифтер төмендетілді: Ақмола облысының прокуратурасы Зеренді ауданында жылу ақысын 72%-ға, ауызсу тарифін 8,22%-ға арзандатуға ықпал етті. Бұл өзгеріс 2 903 тұтынушыға қалай әсер етті? Толығырақ сілтемеден көріңіз!

🔹 Алтын медаль және Паралимпиадаға жолдама: Бас Прокурор Берік Асылов Жапонияда өткен Азия пара ойындарында жеңіске жетіп, жарыс рекордын жаңартқан әрі 2028 жылғы Паралимпиадаға лицензия алған Еркін Ғаббасовты құттықтады. Осы жерден оқыңыз.

📌 Сейсенбі

🔹 «Заң мен Тәртіп» әр адамнан басталады: еліміздің барлық өңірінде прокуратура қылмыстың алдын алуға, балаларды қорғауға және жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жобаларды жүзеге асыруда. Қандай бастамалар нәтиже беріп жатыр? Осы жерден оқыңыз!

🔹 Тәуелсіздік пен заңдылық: Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Құрылтай депутаттары Үнзила Шапақ және Ирина Тенмен кездесіп, мемлекеттілікті, ұлттық бірлікті және «Заң мен Тәртіп» қағидатын нығайту мәселелерін талқылады. Толығырақ сілтемеде!

🔹 Прокуратура жұмысының қорытындылары: Бас Прокурор Берік Асылов Қасым-Жомарт Тоқаевқа заңдылықты қамтамасыз ету, активтерді қайтару және азаматтардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыс нәтижелерін баяндады. Президент қандай тапсырмалар жүктеді? Толығырақ осы жерден көріңіз.

📌 Сәрсенбі

🔹 Жер мемлекетке қайтарылды: Ақтөбе облысында прокуратураның күш салуымен ауданы 94 гектардан асатын, құны 1,7 млрд теңге жер учаскелері мемлекет меншігіне өтті. Жерді бөлу кезінде қандай заң бұзушылықтар анықталды? Толығырақ осында.

🔹 Оқушылар оқулықтармен қамтамасыз етілді: прокуратураның араласуынан кейін Шымкентте 46 мыңнан астам оқушы қажетті оқулықтарды алды. Қандай кемшіліктер анықталды және мектептердің оқулық қорына бақылау қалай күшейтіледі? Толығырақ сілтемеден оқыңыз!

🔹 «Таза Қазақстан»: Абай облысында пробация есебіндегі 30-ға жуық адам әлеуметтік қызмет көрсету орталығының аумағын абаттандыруға атсалысты. Қоғамға пайдалы еңбек олардың әлеуметтік бейімделуіне қалай көмектеседі? Осы жерден көріңіз.

📌 Бейсенбі

🔹 Балаларды қорғау және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу: Бас Прокурор Берік Асылов Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізіп, буллингке, нашақорлыққа және жасөспірімдер құқық бұзушылығының жолын кесуге қатысты шараларды талқылады. Балалардың қауіпсіздігін нығайту үшін қандай шешімдер ұсынылды? Толығырақ сілтемеде!

🔹 Инвесторға қаражат қайтарылды: Жетісу облысы прокуратурасының араласуынан кейін Steelers кәсіпорнына артық төленген 14,6 млн теңгеден астам ҚҚС қайтарылды. Прокуратура ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қалай жәрдемдеседі? Толығырақ осы жерден оқыңыз!

🔹 Жаңа инвестициялық жобалар: Қызылорда облысында күн электр станциясы мен жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Жалпы құны 173 млрд теңгеден асатын нысандар 1 350 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл жобалар өңір экономикасына қандай серпін береді? Осы жерден көріңіз.

📌 Жұма

🔹 Тұрғын үй көмегін желеу еткен алаяқтық: Астанада 51 азаматты 413 млн теңгеден астам сомаға алдаған ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 мүшесі сот алдында жауап береді. Қаскөйлер тұрғындарды қалай алдаған? Толығырақ осында.

🔹 Инвестициялық жобаға кедергі жойылды: Ұлытау облысының прокуратурасы Қаражал қаласында құны 2,5 млрд теңге болатын темір-марганец кенін өндіру жобасына қойылған ауыртпалықты алып тастауға қол жеткізді. Осы жерден оқыңыз!

🔹 Республика күніне орай: Бас Прокурор Берік Асылов Бас прокуратурада өткен салтанатты жиынға қатысты. Мереке қарсаңында орталық және аумақтық прокуратура органдарының 29 қызметкері мемлекеттік наградалармен марапатталды. Сілтемеден оқыңыз!

Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграм арнасынан оқып бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM