Қазақстан Бас прокуратурасы
17.4K subscribers
3.67K photos
3.25K videos
40 files
12.1K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің (бұдан әрі - БАӘ) Әділет министрлігімен аса ірі мөлшердегі алаяқтық үшін күдікті қазақстандықты ұстап беру туралы шешім қабылданды.

Р.Найзабай Қазақстан Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол күштері және БАӘ-дегі Қазақстан Бас консулдығының әрекеттесуімен елге жеткізілді.

Ол өткен жылғы жазда 7 автокөлік иелерін алдап, көліктерін заңсыз иеленгені үшін күдікті болып табылады. Кейіннен автокөліктерді жалған құжатпен сатып жіберген.
Келтірілген шығынның жалпы соммасы 30 млн. теңгені құрды.

Қылмыс жасағаннан кейін, күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланды.

Қазіргі уақытта Р.Найзабай Астана қаласының тергеу изоляторына қамауға алынды.
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

По запросу Генпрокуратуры Казахстана Министерством юстиции Объединенных Арабских Эмиратов (далее - ОАЭ) принято решение о выдаче казахстанца, подозреваемого в совершении мошенничества в особо крупном размере.

Найзабай Р. доставлен в страну силами Генпрокуратуры и Интерпола МВД Казахстана при содействии Генконсульства Казахстана в ОАЭ.

Он подозревается в том, что летом прошлого года путем обмана заполучил автомашины 7-ми владельцев, после чего продал их по подложным документам.
Общая сумма ущерба составила 30 млн.тенге.

После совершения преступления подозреваемому удалось скрыться от органов уголовного преследования, в связи с чем он был объявлен в международный розыск.

В настоящее время Найзабай Р. водворен в следственный изолятор г.Астаны.
Обращение_Генерального_Прокурора.docx
16.5 KB
Генеральный Прокурор РК Кайрат Кожамжаров обратился к прокурорам в рамках Послания Президента.
Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен жиналыс өтті.
Жиналыста Академияның білім беру мен ғылыми іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелері, олардың тиімділігі, кадрлық қамтамасыз ету, сондай-ақ алдағы кезеңдегі міндеттер талқыланды.
Халықаралық ынтымақтастық саласындағы жұмыстарға, оның ішінде Өңірлік Хаб аясындағы өзара әрекеттестікке ерекше назар аударылды.
Өңірлік Хаб – Академия базасында құрылған Орталық Азия елдерінің құқық қорғау органдары қызметкерлерін қылмысқа қарсы іс-қимылдардың заманауи әдістерін оқытуға арналған орталық.
Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген білім берудің сапасын арттыру басымдығына тоқталып, Бас Прокурор ғылыми зерттеулер мен білім беру бағдарламаларының бағыттарын құқық қорғау органдардың жұмыс тәжірибесінде қолдану қажеттілігін атап өтті.
«Академияның білім беру қызметі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсіби біліктілік деңгейін жоғарылатуға, ал ғылым тәжірибеге, оның ішінде заң шығарушылық қызметке септігін тигізуі керек», - деді Қ.Қожамжаров.
Жиналыстың қорытындысы бойынша бірқатар нақты нұсқаулар берілді.
Сегодня в Академии правоохранительных органов состоялось совещание под председательством Генпрокурора Кайрата Кожамжарова.
На совещании обсуждены вопросы организации образовательной и научной деятельности, их эффективности, кадрового обеспечения, а также задачи на предстоящий период.
Отдельное внимание уделено работе в сфере международного сотрудничества, в т.ч. взаимодействию в рамках Регионального Хаба.
Региональный Хаб – центр, созданный на базе Академии, для обучения сотрудников правоохранительных органов стран Центрально-Азиатского региона современным методам противодействия преступности.
Отмечая приоритет повышения качества образования, обозначенный Главой государства в Послании, Генпрокурор акцентировал внимание на необходимости практического применения научных исследований и ориентированности образовательных программ на работу органов правопорядка.
«Образовательная деятельность Академии должна способствовать повышению профессионального уровня сотрудников правоохранительных органов, а наука – помогать практике, особенно в нормотворческом аспекте», - резюмировал К.Кожамжаров.
По итогам совещания дан ряд конкретных рекомендаций.
АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2018 жылғы 18 қаңтарда Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан 52 адам қаза болып, 5 адам түрлі дәрежедегі жарақаттар алды.

Жолаушыларды автомобильмен тұрақты емес тасымалдау саласына талдау осы саладағы жүйелі бұзушылықтардың бар екендігі туралы куәландырады.
Тасымалдау техникалық ақаулы және заңсыз қайта жабдықталған автобустармен, рұқсат құжаттарынсыз, жол қозғалысының, жолаушыларды тасымалдау және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұза отырып жүзеге асырылады.

Бұл азаматтардың өмірі мен денсаулығына орны толмас зардап қаупін тудырады – жолаушылар автокөліктеріндегі оқиғалар адам өлімінің себебі болып отыр.

Осыған байланысты, Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров Бас көлік прокуратурасына және облыс прокурорларына аталған салада тексерулер ұйымдастыруды тапсырды.

Аталған шаралардың мақсаты белгіленген жолаушыларды тасымалдау талаптарын өрескел бұзушы тасымалдаушылар қызметінің жолын кесу, сондай-ақ жолдардағы апаттар мен төтенше жағдайлардың себептерін жою болып табылады.
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ

18 января 2018 года в Актюбинской области, в результате возгорания пассажирского автобуса погибло 52 человека, 5 получили травмы различной степени тяжести.

Анализ в сфере нерегулярных пассажирских автоперевозок свидетельствует о системных нарушениях в данной отрасли.
Перевозки осуществляются на технически неисправных и незаконно переоборудованных автобусах, без разрешительных документов, с нарушением правил дорожного движения, перевозки пассажиров и пожарной безопасности.

Это создает угрозу необратимых последствий для жизни и здоровья граждан – происшествия с пассажирским автотранспортом служат причиной гибели людей.

В этой связи Генеральный Прокурор Кайрат Кожамжаров поручил Главной транспортной прокуратуре и прокурорам областей организовать проверки в данной сфере.

Целью данных мероприятий является пресечение деятельности перевозчиков, грубо нарушающих установленные требования перевозки пассажиров, а также устранение причин, способствующих авариям и чрезвычайным ситуациям на дорогах.
«Компания Углежок» ЖШС жұмысшыларының алдындағы қарыз өтелді

2018 жылғы 20 қаңтарда «YouTube» бейне-хостингінде «Компания Углежок» ЖШС-гі жұмысшыларының жалақысы төленбей жатқандығы туралы ұжымдық өтініш орналастырылған болатын.

Прокурорлық ықпал ету шарасымен «Компания Углежок» ЖШС-нің жұмысшылар алдындағы 1.4 млн.теңге қарыз-жалақысы толығымен өтелді.
Задолженность перед работниками ТОО «Компания Углежок» погашена

На видео-хостинге «YouTube» 20 января 2018 года было размещено коллективное обращение работников ТОО «Компания Углежок» о невыплате зарплаты.

Принятыми мерами прокурорского реагирования задолженность по заработной плате перед работниками ТОО «Компания Углежок» на сумму 1,4 млн. тенге полностью погашена.
Бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың төрағалығымен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысы өтті. Отырыста өткен жылда атқарылған жұмыстың нәтижелері талқыланды және Елбасының тапсырмаларын ескере отырып, алдағы кезеңнің міндеттері белгіленді.
Алқа жұмысына Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Владимир Жұмақанов, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері қатысты.
Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Бас прокуратураның қызметкерлеріне арналған сөзінде Елбасының биылғы Жолдауының негізгі бағыттарына және елдегі заңдылықты қамтамасыз етудегі прокуратура органдарының үйлестіруші рөліне аса назар аударды.
Өз кезегінде Бас Прокурор алға қойылған міндеттер мен бағыттарды атап өтті.
Елдегі криминогендік ахуал жақсарған. Қылмыстық құқықбұзушылықтың саны 12%-ға, оның ішінде жеке басқа қарсы 20%-ға және меншікке қарсы 11%-ға төмендеген.
Алайда, қылмыстық істердің төрттен бірі ақталу негіздемесімен қысқартылып отыр, яғни көптеген азаматтар қылмыстық процеске негізсіз тартылған.
Осыған орай Қайрат Қожамжаров прокурорлардан сотқа дейінгі процестің барлық кезеңдерінде қадағалауды күшейтуді тапсырды.
«Азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне қатысты бірде бір тергеу әрекеті прокурорлық қадағалаудың назарынан тыс қалмауы тиіс. Прокурор жұмысының негізгі көрсеткіші азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуы болмақ», - деп атап өтті ведомство басшысы.
Сонымен қатар сотта мемлекеттік айыптауды сапалы іске асыру және істің мән жайын жан-жақты зерттеуді қолға алу қажеттігі айтылды.
Бас Прокурор пробация саласындағы аумақтық прокурорлардың жұмысын сынады.
«Пробациялық бақылауда тұрған сотталғандар арасында қылмыстың қайталануы 4 есе өскен ( 248-ден 938-ге дейін), бірақ осы бағытта нақты шаралар жасалмаған», - деді ол.
Сотталғандар санының азаюына қарамастан, жыл сайын олардың өтініштерінің саны 26 % өсіп келеді. Бұның барлығы қылмыстық-атқару жүйесіндегі тереңдеп кеткен проблемалар мен жемқорлықтың жоғары деңгейіне байланысты болып тұр.
Пенитенциарлық саладағы өзекті мәселелер Республиканың құқық қорғау органдарының Үйлестіру кеңесінде бөлек талқыланбақ.
Әлеуметтік-экономикалық салада өздерін қорғауды дербес жүзеге асыра алмайтындардың, шектеусіз тұлғалар қатарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен адамдардың өміріне орны толмас зардаптың алдын алуға қажет болған жағдайда тиісті шаралар қабылдау - басты бағыт болып табылады.
Қайрат Қожамжаров: «Азаматтардың шағымдары мен өтініштерін сапалы қарау – негізгі міндет болып қала береді. Бірде бір өтініш ескерусіз қалмасын. Қай жерде адам құқығы бұзылатын болса, дер кезінде шара қолдануды қамтамасыз ету керек», - деп талап етті.
​Осыған байланысты Бас Прокурор барлық орынбасарларын, қызмет басшылары мен аумақтық прокурорларды азаматтарға өтініштерін қанағаттандырудан бас тарту себептерін жеке түсіндіруге міндеттейтін тиісті өкімге қол қойды.
Мемлекет басшысының тапсырмасынан туындайтын тағы бір басымды бағыт – қылмыстық процесті одан әрі цифрлау болып табылады. Сондықтан қылмыстық сот өндірісін электрондық форматқа кезең-кезеңмен көшіру жалғастырылмақ.
Сондай-ақ Қайрат Қожамжаров қылмыскерлерді және ұрланған активтерді шетелден қайтару мәселелеріндегі халықаралық серіктестікті күшейтудің маңызын атап өтті.
Сөз соңында Бас прокурор елдің барлық құқық қорғау жүйесіндегі кадрларды оқыту және қайта даярлаудағы Құқық қорғау органдары академиясының әлеуетін одан әрі дамыту, сондай-ақ прокуратура органдары қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыру қажеттігіне назар аударды.
Ведомство басшысы: «Қоғамға өзіне жауапкершілік жүктей алатын, азаматтарға қолжетімді, заңдылықты нығайту ісінде белсенді және беделі мінсіз прокурор қажет», - деп сөзін түйіндеді.
Алқа қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Сегодня под председательством Генерального Прокурора Кайрата Кожамжарова состоялось расширенное заседание коллегии Генеральной прокуратуры, на котором обсуждены итоги работы за истекший год и определены задачи на предстоящий период с учетом поручений Главы государства.
В работе коллегии приняли участие помощник Президента – Секретарь Совета Безопасности Владимир Жумаканов, а также ответственные работники Администрации Президента.
Обращаясь к сотрудникам Генпрокуратуры, Секретарь Совбеза сделал акцент на ключевых направлениях нынешнего Послания Главы государства и координирующей роли органов прокуратуры в обеспечении законности в стране.
Генеральный Прокурор обозначил конкретные задачи и векторы, на которых прокуроры сосредоточат усилия в предстоящем периоде.
Отмечено об улучшении криминогенной ситуации в стране. Количество уголовных правонарушений снижено на 12%, в т.ч. против личности на 20% и собственности на 11%.
Вместе с тем, в настоящее время четверть уголовных дел прекращается по реабилитирующим основаниям, по которым граждане необоснованно вовлекаются в уголовный процесс.
В этой связи К.Кожамжаров потребовал от прокуроров усилить надзор в ходе досудебного расследования.
«Ни одно следственное действие, ограничивающее права и интересы граждан не должно оставаться вне поля зрения прокурорского надзора. Главным показателем эффективности прокурора будет защита конституционных прав граждан», - подчеркнул глава ведомства.
Также поручено обеспечить качественный подход к поддержанию гособвинения в суде для полного и всестороннего исследования обстоятельств дела.
Генпрокурор подверг критике работу территориальных прокуроров в сфере пробации.
«Имеет место рост рецидива среди осужденных, состоящих на пробационном контроле в 4 раза (с 248 до 938), но по данному направлению нет конкретных мероприятий», - заявил он.
Несмотря на снижение тюремного населения, ежегодно растет число обращений осужденных на 26 %, что связано с системными проблемами и высоким уровнем коррупции в уголовно-исполнительной системе.
Актуальные вопросы в пенитенциарной сфере будут предметом отдельного обсуждения на Координационном совете правоохранительных органов Республики.
В социально-экономической сфере первостепенным является принятие мер по защите прав и законных интересов граждан, не способных самостоятельно защитить себя, неограниченного круга лиц, а также когда это необходимо для предотвращения необратимых последствий для жизни людей и безопасности государства.
«Ключевой задачей остается качественное рассмотрение жалоб и заявлений граждан. Ни одно обращение не должно остаться без внимания. Нужно знать, где нарушаются права и своевременно реагировать», - потребовал К.Кожамжаров.
​В этой связи Генпрокурор подписал соответствующее распоряжение, которым обязал своих заместителей, руководителей Служб и территориальных прокуроров лично разъяснять гражданам причины отказа в удовлетворении обращений.
Еще одним приоритетным направлением, вытекающим из поручения Главы государства, признана дальнейшая цифровизация уголовного процесса. Поэтому будет продолжен поэтапный переход уголовного судопроизводства в электронный формат.
Также К.Кожамжаров подчеркнул важность усиления международного партнерства в вопросах выдачи преступников и возврата похищенных активов из зарубежа.
В завершение отмечена необходимость дальнейшего развития потенциала Академии правоохранительных органов в обучении и переподготовке кадров правоохранительной системы, а также повышения профессионального уровня сотрудников органов прокуратуры.
«Обществу нужен прокурор, умеющий принимать на себя ответственность, доступный для граждан, активный в деле укрепления законности и с безупречной репутацией», - резюмировал глава ведомства.
По итогам коллегии дан ряд конкретных поручений.
Бас прокуратурамен қала ішіндегі жолаушылар автобус тасымалын ұйымдастыру заңдылығына талдау нәтижесімен Премьер – Министрдің атына заңдылықты бұзушылықты, сондай-ақ оларға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс енгізілді.
Елімізде автокөлік саласында бірқатар мәселелердің бар екендігі, оның ішінде құқықтық реттеудің жетіспеушілігі, бағдарламалық құжаттың болмауы және салықтық әкімшілендіруде бірыңғай тәжірибенің қолданылатындығы анықталды.
Бұл кемшіліктердің салдары бүкіл республика бойынша көлік тасымалымен айналысатын кәсіпкерлік субъектілеріне әсерін тигізуде.
Мысалыға, Өскемен қаласында салық органының пікірінше жолаушы тасымалдаушылар бірлескен қызметті жүзеге асыру кезінде салық салу режимін дұрыс қолданбаған.
Қоғамдық мүдделерді қорғау мақсатында ағымдағы жылдың 18 қаңтарында Өскемен қаласының прокуроры көлік тасымалдаушыларға қатысты салық ескертулерді жою туралы арызбен жүгінді.
Осы жағдайдың туындауына тағы бір маңызды себеп - қаржыландырудың жеткіліксіздігінен жергілікті атқарушы органдарымен автопарктердің шығындарының субсидияланбауы.
​Бас прокуратураның қадағалау актісінде жолаушылар тасымалының сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тарифтерді қалыптастырудағы ашықтықты қамтамасыз ету, адал бәсекелестік және әлеуметтік жауапкершілік жағдайында көлік қызметтерін дамыту үшін кешенді шараларды қабылдау ұсынылды.
Генпрокуратурой по результатам анализа состояния законности при организации внутригородских пассажирских автобусных перевозок внесено представление об устранении нарушений законности, причин и условий им способствующих в адрес Премьер-Министра.
Установлено, что в автотранспортной отрасли страны имеется ряд проблемных вопросов, в числе которых недостаточное правовое регулирование, отсутствие программного документа и единой практики применения налогового администрирования.
Последствия указанных пробелов уже сказываются на субъектах предпринимательства, занятых в сфере автоперевозок по всей Республике.
К примеру, в городе Усть-Каменогорске фискальный орган усмотрел неверное применение налогового режима автопредприятиями при осуществлении совместной деятельности.
В целях защиты общественных интересов 18 января т.г. прокурор г. Усть-Каменогорска обратился в суд с заявлением об отмене налоговых уведомлений в адрес автоперевозчиков.
Другой не менее важной причиной складывающейся ситуации стало отсутствие субсидий убытков автопарков со стороны местных исполнительных органов ввиду недостаточного финансирования.
В акте реагирования Генпрокуратурой предложено принять комплексные меры по улучшению качества и доступности пассажирских автоперевозок, обеспечению прозрачности формирования тарифов, развитию транспортных услуг в условиях добросовестной конкуренции и социальной ответственности.
По итогам работы расширенного заседания коллегии Генеральной прокуратуры от 26 января 2018г. установлены существенные недостатки в деле обеспечения законности в уголовном и гражданском процессах, сфере исполнения уголовных наказаний, а также исполнительном производстве.

Выявленные нарушения стали предметом рассмотрения Дисциплинарной комиссии Генеральной прокуратуры.

Приказами Генерального прокурора Республики Казахстан освобождены от занимаемых должностей за совершение дисциплинарного проступка - прокурор г.Алматы Миразов Г.Т., а также за ненадлежащую организацию надзорной деятельности, системные нарушения в уголовном процессе, неэффективное представительство интересов государства - заместители прокуроров Актюбинской области Сыздыков Д.Н. и Южно-Казахстанской области Кожахметов А.А.

Прокуроры Актюбинской области Кайбжанов М.Ж., Акмолинской области Ташимбаев Т.Г., Северо-Казахстанской области Асылов Б.Н., а также заместители прокуроров Павлодарской области Мырзакеров Б.К., Алматинской области Бакиров С.С., Кызылординской области Еламанов Ж.Б., Атырауской области Шалабаев С.Р., Тюлеубаев М.А., Мангистауской области Досекенов А.А., и прокуроры города Тараз Сеилханов Б.С. и района Казыбек би г.Караганды Каржаспаев Д.С. привлечены к различным видам дисциплинарной ответственности.
2018 жылдың 26 қаңтарында өткен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа отырысы жұмысының қорытындысы бойынша қылмыстық және азаматтық процесте, қылмыстық жазаны атқару саласында, сондай-ақ атқару өндірістерінде заңдылықты қамтамасыз етуде айтарлықтай кемшіліктер анықталды.
Анықталған бұзушылықтар Бас прокуратураның Тәртіптік комиссиясында қаралды.
Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен тәртіптік теріс қылығы үшін Алматы қаласы прокуроры Ғ.Т.Миразов лауазымынан босатылды, сондай-ақ қадағалау қызметін лайықты ұйымдастырмағаны, қылмыстық процесте жүйелі бұзушылықтарға жол бергені және сотта мемлекет мүддесін тиімсіз өкілдік еткені үшін Ақтөбе облысы прокурорының орынбасары Д.Н. Сыздықов пен Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары А.А.Қожахметов атқарған қызметтерінен босатылды.
Ақтөбе облысының прокуроры М.Ж. Қайыбжанов, Ақмола облысының прокуроры Т.Ғ. Тәшімбаев, Солтүстік Қазақстан облысының прокуроры Б.Н. Асылов, сондай-ақ бірқатар облыс прокурорларының орынбасарлары, оның ішінде Павлодар облысы прокурорының орынбасары Б.К. Мырзакеров, Алматы облысы прокурорының орынбасары С.С. Бакиров, Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Ж.Б. Еламанов, Атырау облысы прокурорының орынбасарлары С.Р. Шалабаев, М.А. Төлеубаев, Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары А.А. Досекенов, және Тараз қаласының прокуроры Б.С. Сейілханов пен Қарағанды облысы Қазыбек би ауданы прокуроры Д.С.Қаражаспаев әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
По поручению К.Кожамжарова заместители Генерального прокурора, руководители служб центрального аппарата проводят выездные совещания с личным составом территориальных органов прокуратуры.

Вместе с рассмотрением итогов деятельности за прошлый год, перед прокурорами регионов ставятся задачи по повышению эффективности надзорной деятельности.

В области защиты общественных интересов на прокуроров областей возложена персональная ответственность за обеспечение общественно-политической стабильности.

В этой связи поручено своевременно реагировать на социальные проблемы в трудовых, жилищных, коммунальных и земельных правоотношениях.

Кроме того, приоритетными обозначены вопросы сопровождения целевого использования средств бюджета и Нацфонда, в том числе выделяемых на реализацию государственных программ.

Поручено принять комплекс мер по разрешению экологических проблем регионов и обеспечению транспортной безопасности.

В уголовном процессе требуется повысить роль процессуальных прокуроров в надзоре за соблюдением конституционных прав граждан с момента регистрации правонарушения до вынесения судебного приговора.

В свою очередь, прокуроры областей выступили с отчетами о первых результатах реализации Закона по вопросам модернизации основ правоохранительной деятельности.

Так, органами уголовного преследования ведется свыше 300 досудебных расследований в электронном формате, более 100 в порядке приказного производства.

Представители Генпрокуратуры предупредили коллег об ответственности за незаконное вовлечение граждан в уголовный процесс, волокиту и низкое качество следствия.

Перед специальными прокурорами поставлена задача расследовать уголовные дела, затрагивающие права неограниченного круга лиц, либо связанные с причинением существенного ущерба интересам государства.

По поручению К.Кожамжарова каждый прокурор предупрежден о строгой ответственности за несоблюдение антикоррупционного законодательства, Кодекса чести и служебной дисциплины, в том числе во внеслужебное время.
Қ. Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша Бас Прокурордың орынбасарлары, орталық аппарат қызметтерінің басшылары аумақтық прокуратура органдарының жеке құрамымен көшпелі жиналыстар өткізуде.

Өткен жылдың жұмыс нәтижесін қараумен қатар, өңір прокурорларының алдына қадағалау қызметінің тиімділігін арттыру бойынша міндеттер қойылды.

Облыс прокурорларына қоғамдық мүддені қорғау саласындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде жеке жауапкершілік жүктелді.
Осыған орай еңбек, тұрғын үй, коммуналдық және жер қатынастарындағы әлеуметтік мәселелерге уақтылы ықпал ету тапсырылды.

Сонымен қатар бюджет пен Ұлттық қор, соның ішінде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдалануын қадағалау мәселелеріне басымдылық берілді.

Өңірлердің экологиялық мәселелерін шешу және көлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша кешенді шаралар қабылдау тапсырылды.

Қылмыстық процесте құқық бұзушылық тіркелген сәттен бастап, сот үкімі шыққанға дейін азаматтардың конституциялық құқықтарының қорғалуын қадағалаудағы процессуалдық прокурорлардың рөлін арттыру талап етіледі.

Облыс прокурорлары өз кезегінде Құқық қорғау қызметінің процестік негіздерін жаңғырту мәселелері бойынша заңды іске асырудағы алғашқы нәтижелері туралы есеп берді.

Мысалы, қылмыстық қудалау органдары 300-ден астам сотқа дейінгі тергеуді электронды форматта жүргізуде, 100-ден астамы бұйрық өндірісі тәртібінде.

Бас прокуратура өкілдері әріптестеріне азаматтарды қылмыстық процеске заңсыз тартуға, әуре-сарсаңға салу және тергеудің төмен сапасы үшін жауапкершілік артылатыны туралы ескертті.

Арнайы прокурорлардың алдына шектеусіз тұлғалар қатарының құқықтарына қатысты немесе мемлекет мүддесіне қомақты зиян келтірумен байланысты қылмыстық істерді тергеу міндеттері қойылды.

Қ. Қожамжаровтың тапсырмасы бойынша әрбір прокурор жемқорлыққа қарсы заңнаманың, Ар-намыс кодексі мен қызметтік тәртіптің, соның ішінде жұмыстан тыс уақытта да сақталуына қатаң жауапкершілік жүктелетіні туралы ескертілді.
Бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаровтың Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстандағы Төтенше Елшісі Мохаммад Ахмад Әл-Жабер мырзамен кездесуі өтті.

Тараптар екіжақты құқықтық ынтымақтастықты нығайту, сонымен қатар шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады.

Қазіргі таңда қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және экстрадициялау туралы бұрын қол қойылған келісімдер барынша тиімді жүзеге асырылуда.

Сотталғандарды беру туралы шартқа қол қою – ҚР мен БАӘ арасындағы қылмыстық-құқықтық салада толыққанды халықаралық құжаттар пакетін қалыптастырады. Аталмыш құжат сотталған азаматтарға жазаларын өз отанында өтеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар шетелдік әріптестермен терроризм және экстремизммен күресу, ұрланған активтерді қайтару және іздеуде жүрген қылмыскерлерді экстрадициялау жөніндегі ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Бас Прокурор қазақстандық прокуратураның құқықтық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша конструктивті диалог үшін ашықтығын және өзара іс-қимылды тереңдете түсуге дайын екенін атап өтті.
Сегодня состоялась встреча Генерального Прокурора Кайрата Кожамжарова с Полномочным и Чрезвычайным Послом Объединенных Арабских Эмиратов в Республике Казахстане г-ном Мохаммадом Ахмад Аль-Джабер.

Стороны обсудили вопросы укрепления двустороннего правового сотрудничества, в частности расширения договорно-правовой базы.

В настоящее время достаточно эффективно реализуются ранее подписанные договоры об экстрадиции и правовой помощи по уголовным делам.

Подписание Договора о передаче осужденных сформирует полный пакет международных договоров в уголовно-правовой сфере между РК и ОАЭ. Данный документ позволит осужденным гражданам отбывать наказание у себя на родине.

Также обсуждены вопросы сотрудничества с зарубежными коллегами в области борьбы с терроризмом и экстремизмом, возврата похищенных активов и экстрадиции беглых преступников.

Генеральный Прокурор подчеркнул открытость казахстанской прокуратуры для конструктивного диалога по всем направлениям правового сотрудничества и выразил готовность к углублению взаимодействия.