Қазақстан Бас прокуратурасы
17.4K subscribers
3.66K photos
3.25K videos
40 files
12.1K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
АРНАЙЫ ПРОКУРОР ЖАСӨСПІРІМГЕ ҚАТЫСТЫ ІСТІ ӨНДІРІСІНЕ ҚАБЫЛДАДЫ
Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша арнайы прокурор Оңтүстік Қазақстан облысының кішкентай тұрғынына қатысты зорлық әрекеттері туралы арыз бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді өз өндірісіне қабылдады.
Қылмыстық-процестік кодекске сәйкес, кәмелеттік жасқа толмағандардың құқығын сақтау және орын алған оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Процестің барлық қатысушыларының өтінішхаттары негізінде кешенді сот-медициналық сараптамаға кәсіби мамандар жұмылдырылатын болады.
Қылмыстық істің тергелу барысы Бас прокуратураның бақылауында.
Істің фигуранттары жасөспірім болғандықтан, Қылмыстық-процестік кодекстің 532-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың құпиялылыққа деген құқықтарын сақтау қажеттігін ескертеміз.
Жеке өмір туралы мәліметтерді көпшілік алдында, сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарын қолдану арқылы жария еткен үшін Қылмыстық кодекстің 147-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
Тергеу нәтижесі туралы ақпарат жасөспірімдердің құқығы мен заңды мүдделерін ескере келе, қоғам назарына тиісті көлемде жеткізіледі.
Қазақстан делегациясы Біріккен Араб Әмірліктерінде сапарда

2018 жылғы 26 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қайрат Қожамжаровтың басшылығымен қазақстандық делегация Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми іссапарда.

Бүгін Қайрат Қожамжаров БАӘ Федералдық Прокуроры мырза Аль-Шамсимен кездесті.

Әріптестер құқықтық ынтымақтастықты нығайту және шарттық-құқықтық базаны кеңейту мәселелерін талқылады.

«Жасалған құқықтық көмек туралы келісімдер шеңберінде біздің мемлекеттер арасында тиімді ынтымақтастық күшейтілді.

Бүгінгі кездесуіміз қылмыскерлерді экстрадициялау және ұрланған қаражатты қайтару сұрақтары бойынша екіжақты қарым-қатынастарға жаңа импульс береді» деп Қайрат Қожамжаров атап өтті.

Қазақстанға соңғы 3 жылда БАӘ-ден іздеуде жүрген 10 адам экстрадицияланды.

Сонымен қатар, талқылау барысында терроризм және экстремизм, транснационалды қылмысқа қарсы күресу саласындағы ынтымақтастық сұрақтары қаралды.

Біріккен Араб Әмірліктері осы сұрақтар бойынша Қазақстан үшін белсенді серіктес болып табылады.

2013-2017 жылдар аралығында бірлескен шаралар қабылдаудың арқасында БАӘ территориясында Қазақстан азаматтарынан тұратын бір топ ИШИМ (ИГИЛ) эмиссарлары және көмекшілері әшкереленді.

Кездесу соңында қазақстандық делегация мүшелері шетелдік әріптестеріне алғысын білдіріп, құқықтық салада өзара іс-қимылды одан әрі кеңейту қажеттігін айтты.
Казахстанская делегация находится в Объединенных Арабских Эмиратах

С 26 марта 2018 года казахстанская делегация под руководством Генерального Прокурора Республики Казахстан Кайрата Кожамжарова находится с официальным визитом в Объединенных Арабских Эмиратах.

Сегодня Кайрат Кожамжаров провел встречу с Федеральным Прокурором ОАЭ г-ном Аль-Шамси.

Коллеги обсудили аспекты укрепления правового сотрудничества и расширения договорно-правовой базы.

«Между нашими странами налажено эффективное сотрудничество в рамках заключенных договоров о правовой помощи. Данный визит придаст новый импульс двусторонним отношениям по вопросам экстрадиции преступников и возврату похищенных средств», - подчеркнул К.Кожамжаров.

За последние 3 года из ОАЭ в Казахстан экстрадировано 10 разыскиваемых лиц.

Также в ходе обсуждения затронуты вопросы сотрудничества в области борьбы с терроризмом и экстремизмом, транснациональной преступностью.

Объединенные Арабские Эмираты для Казахстана ключевой партнер в этом вопросе. В период 2013-2017 г.г., благодаря совместным усилиям, на территории ОАЭ нейтрализована группа пособников и эмиссаров ИГИЛ из числа граждан Казахстана.

В завершение встречи, члены казахстанской делегации поблагодарили зарубежных коллег за теплый прием и отметили необходимость дальнейшего расширения взаимодействия в правовой сфере.
О задержании сотрудника прокуратуры

28.03.2018 года сотрудниками Группы внутренней безопасности прокуратуры Южно-Казахстанской области совместно с Антикоррупционной службой области при возврате части суммы от ранее полученной взятки задержан прокурор прокуратуры Енбекшинского района г.Шымкента У.
Денежные средства получены за решение вопроса по уводу гр. К. от уголовной ответственности.
По делу проводятся необходимые следственные действия.
Иная информация в интересах следствия не разглашается.
Прокуратура қызметкерінің ұсталғандығы туралы

28.03.2018ж. Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының Ішкі қауіпсіздік тобы Облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесе Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасының қызметкері У-ды осыған дейін алынған параның бөлігін қайтару кезінде ұстады.
Ақашалай қаражат азамат К-ны қылмыстық жауапкершіліктен босату мәселесін шешу үшін алынған.
Іс бойынша тиісті тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Қосымша ақпарат тергеуге байланысты жария етілмейді.
О подписании Договора между Республикой Казахстан и Монголией о передаче осужденных лиц

Сегодня в Астане состоялась церемония подписания Договора между Республикой Казахстан и Монголией о передаче осужденных лиц.
Договор подписан Генеральным Прокурором Кайратом Кожамжаровым и Чрезвычайным и Полномочным Послом Монголии в Республике Казахстан Лувсаном Баттулгой.
Данный международный документ позволит гражданам обеих стран, в случае их осуждения за преступления к лишению свободы за рубежом, отбывать наказание, назначенное иностранным судом, у себя на родине, что в свою очередь создаст благоприятные условия для реабилитации и интеграции в общество осужденных казахстанских и монгольских граждан.
Заключение международных соглашений такого рода обусловлено требованиями ст.11 Конституции Республики Казахстан, в соответствии с которой государство гарантирует своим гражданам защиту и покровительство за ее пределами.
Напомним, ранее Казахстан уже заключил с Монголией договоры о выдаче лиц, совершивших преступление, для привлечения их к уголовной ответственности или для приведения приговора в исполнение, а также о правовой помощи и правовых отношениях по гражданским и уголовным делам.
Таким образом, Монголия стала очередным государством, с которым у Казахстана создана вся необходимая международно-правовая база для эффективного сотрудничества в области борьбы с преступностью, обеспечения законности и правопорядка, а также защиты основополагающих прав и интересов граждан обеих стран.
Бас прокуратураның Талдау орталығы
WSIS - 2018 PRIZES дүниежүзілік конкурстың финалына шықты

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің Талдау орталығы 2018 жылдың 18-24 наурызы аралығында Женевада өткен «IT қауымдастығы – 2018» (WSIS-2018) Дүниежүзілік саммитінің конкурсында «Жоба-чемпион» атағын жеңіп алды.
«WSIS-2018 PRIZES» конкурсында талдау орталығы «Әлемнің тұрақты даму мақсаттары-2030» (БҰҰ) жобасын іске асырудағы қосқан елеулі үлесі үшін сертификатқа ие болды және «WSIS-2018 сәтті тәжірибелерінің үлгілері» жарияланымында жарық көреді.
Ақпараттық қоғам бойынша Дүниежүзілік саммиттің конкурсы – теңдесі жоқ ғаламдық платформа. Ол «Әлемнің тұрақты даму мақсаттары-2030» іске асырудағы сәтті тәжірибелерді анықтау және көрсету үшін қызмет етеді. Бұл мақсаттарды әлемдік көшбасшылар 2015 жылғы қыркүйекте өткен БҰҰ-ның саммитінде қабылдады.
2018 жылғы конкурсқа бүкіл әлем бойынша 685 жоба келіп түсті, оның 492-і дауыс беру арқылы номинацияға ие болды. Сарапшылардың іріктеуі бойынша ақтық сынға 90 чемпион-жоба жіберілді. Жалпы дауыс беруге 1 млн астам адам қатысты.
Айта кету керек, «WSIS» конкурсы пайда болған кезден бастап 300 мыңнан астам талапкер «Жеңімпаз» атануға ниет білдірді.

Анықтама: Талдау орталығы – өткен жылдардың ықпал ететін факторлары мен тарихын ескере отырып, прокурорларға қызметінде шешім қабылдауға көмектесетін жүйелер кешені. Жүйе өзін-өзі оқытады және болашақта қабылдау үшін тек тиімді шешімдер ғана ұсынатын болады.
Талдау орталығы 2017 жылғы ақпанда құрылды. Бір жыл ішінде мемлекеттің әр түрлі бағытындағы жұмыс тиімділігін бақылауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ дайын шешімдерді ұсынатын және заңдардағы осал тұстарды көрсете отырып, міндеттерді басымдыққа айналдыратын 6 ақылды жүйе құрылды. Аталған жоба «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасына енгізілген.
Жүйелер қазірдің өзінде аймақтардағы қылмыстың әлеуетті драйверлерін автоматты сәйкестендіруге, қылмыстарды жасыру фактілерін анықтауға, «жасыратын» істерді табуға және т.б. қабілетті.
«WSIS-2018 PRIZES» конкурсының сайтының сілтемесі: https://www.itu.int/net4/wsis/prizes/2018/
Аналитический Центр Генеральной прокуратуры вышел в финал всемирного конкурса WSIS - 2018 PRIZES

Аналитический Центр Комитета по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры Республики Казахстан завоевал звание Проект-чемпиона в конкурсе Всемирного саммита IT сообщества – 2018 (WSIS-2018), который проходил в Женеве 18-24 марта 2018 года.
В конкурсе WSIS-2018 PRIZES аналитический центр был удостоин сертификата о признании за выдающийся вклад в реализацию «Цели Устойчивого Развития мира – 2030» (ООН) и будет отражен в публикации «Примеры успешного опыта WSIS- 2018».
Конкурс Всемирного Саммита информационного общества является глобальной платформой не имеющей аналогов, служит для выявления и демонстрации успешного опыта в реализации «Цели Устойчивого Развития мира 2030». Эти цели были приняты мировыми лидерами на саммите Организации Объединенных Наций в сентябре 2015 года.
В 2018-ом году на конкурс со всего мира поступило 685 проектов, посредством голосования номинировано – 492. Экспертами для финала было отобрано 90 проектов-чемпионов. В общем голосовании приняло участие более 1 млн. человек.
Следует отметить, с момента своего основания конкурс на соискание наград WSIS привлек более 300 тысяч заинтересованных сторон.

Справочно: Аналитический Центр – это комплекс систем, которые помогают принимать решения прокурорам в их деятельности, с учетом влияющих факторов и истории предыдущих лет, на которых система самообучается, и в будущем должна будет предлагать к принятию только эффективные решения.
Аналитический Центр образован в феврале 2017 года. За один год было создано 6 умных систем, позволяющие наблюдать за эффективностью работы государства в разных направлениях, а также предлагать готовые решения, и приоритезировать задачи указывая на слабые места в законах. Данный проект состоит в программе «Цифровой Казахстан».
Системы уже сейчас способны автоматически идентифицировать потенциальные драйверы преступности в регионах, выявлять факты укрытия преступлений, находить дела, которые «прячут» и пр.
Ссылка на сайт конкурса WSIS-2018 PRIZES https://www.itu.int/net4/wsis/prizes/2018/
Прокуратура қызметкері пара алу күдігімен ұсталды

29 наурыз күні Бас прокуратураның Ішкі тергеу департаменті қызметкерлерімен Жамбыл облысы прокурорының аға көмекшісі Д. Әбдіхалық және бұрын сотты болған А. Өтешбаев ұсталды.
Д.Әбдіхалық 1,2 млн теңге мөлшеріндегі параны А. Өтешбаев арқылы алуға оқталғаны үшін күдікті.
Ақшалай қаражат Тараз қаласындағы ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанды қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстыру (қоныс колониясы) мәселесін шешу үшін берілмек болған.
Қазіргі таңда екеуі де ұсталып, Тараз қаласындағы ІІБ-ның уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
Іс бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Қосымша ақпарат тергеуге байланысты жария етілмейді.
По подозрению в покушении на получение взятки задержан сотрудник прокуратуры

29 марта т.г. сотрудниками Департамента внутренних расследований Генеральной прокуратуры задержаны старший помощник прокурора Жамбылской области Әбдіхалық Д. и ранее судимый Утешбаев А.
Әбдіхалық Д. подозревается в покушении на получение взятки в размере 1,2 млн.тенге через посредника - Утешбаева А. для решения вопроса о переводе одного из осужденных Учреждения ЖД-158/2 г.Тараз в учреждение минимальной безопасности (колония - поселение).
В настоящее время оба фигуранта задержаны и водворены в ИВС УВД г.Тараз.
По делу проводятся необходимые следственные действия.
Иная информация в интересах следствия не разглашается.
Прокуратура нысандардың өртке қарсы қауіпсіздігін тексеруді тапсырды

Өртке қарсы қауіпсіздік саласындағы бұзушылықтың алдын алу мақсатында Бас прокуратура өртке қарсы қызмет органдарына барлық республика бойынша сауда нысандарын жоспардан тыс тексеруді ұйымдастыруды тапсырды.
Екі ай ішінде 1,5 мың шаршы метр және одан да үлкен құрылыс ауданы бар 1151 нысанды қамту жоспарланған.
Сауда нысандарынан басқа, прокуратураның талабы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқуды жүзеге асыратын жеке мекемелер, сондай-ақ жалпы білім беретін оқу орындары тексеріледі.
Аталған іс-шаралардың мақсаты – өртке қарсы қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзып отырған нысандардың қызмет жолын кесу, осындай іс-әрекеттерге ықпал ететін себептерді жою.
Өртке қарсы қызмет органдары осы жылдың бірінші жартыжылдығына жоспарланған сауда орталықтарын ғана тексере алатынын атап өтеміз.
Уәкілетті мемлекеттік органдарға адамның өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупі болған кезде жоспардан тыс тексеріс жүргізуді тапсыру құқығы прокуратура органдарына тиесілі.
Прокуратура поручила проверить противопожарную безопасность ряда объектов

В целях профилактики нарушений в сфере пожарной безопасности Генеральная прокуратура поручила органам противопожарной службы внепланово организовать по всей стране проверки объектов торговли.
В течение двух месяцев планируется охватить 1 151 объект, относящийся к высокой степени риска с площадью строений 1,5 тыс. м² и более.
Помимо объектов торговли, по требованию прокуратуры будут проверены частные учреждения, осуществляющие дошкольное воспитание и обучение, а также общеобразовательные учебные заведения.
Целью данных мероприятий является пресечение деятельности рассматриваемых объектов, грубо нарушающих требования пожарной безопасности, а также устранение причин, способствующих таким действиям.
Отметим, что органы противопожарной службы могут проверить только те объекты, которые запланированы на первое полугодие этого года.
Право, поручить уполномоченным госорганам провести внеплановую проверку при наличии угрозы причинения вреда жизни и здоровью человека, принадлежит органам прокуратуры.
Бас прокуратура блокчейн технологиясын енгізуде

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінде блокчейн технологиясы бойынша прокуратура қызметкерлеріне арналған үш күндік семинар-тренинг өткізілді. Шара Еуропа одағының «Қазақстандағы қылмыстық сот төрелігін жетілдіру» (EUCJ) жобасының жәрдем көрсетуімен ұйымдастырылды.
Тренингтің мақсаты – ақпараттық технологиялар өнімдерінің қауіпсіздігін, ақпараттың өзгермеуінің кепілдігін, сондай-ақ дербес деректердің қорғалуын қамтамасыз ету үшін блокчейн технологиясын прокуратура жұмысына енгізу.
Тәуелсіз сарапшы, әлемдегі ең танымал ақпараттық-сараптамалық ресурстардың бірі «Blockchair» негізін салушы - Едиге Давлетгалиев блокчейн технологиясын қолдану тәжірибесімен бөлісті. Ол аталған технологияның архитектурасы, оны мемлекеттік секторға интеграциялау мүмкіндіктері, халықаралық стандарттар тұрғысынан деректер желісін жетілдіру мүмкіндіктері туралы айтып берді, сондай-ақ блокчейнді жасаудың негізгі сәттерін іс жүзінде көрсетті.
Семинар қатысушылары алған білімдер мен меңгерген дағдылар Бас прокуратураның «Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі» жобасын үшінші адамсыз, блокчейнді қолдану арқылы іске асыруға көмектесетінін атап өтті.
Бұл технологияны енгізудің нәтижесінде деректер, оның ішінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы бұрмалау болдырылмайды, азаматтар айыппұлдардың, олардың төленгені туралы деректердің т.б. дұрыстығына сенімді болады.
Блокчейн – біркелкі бөлінген жеке-жеке деректер базасында сақталатын шифланған ақпарат (цифрлы есепке алу журналы).
Blockchain термині оның міндеттері мен мақсатына сипаттама береді: «Block» - блок, құрсау, «chain» - тізбек. Осылайша, қатаң реттілікті ұстанатын блоктар тізбегі. Блоктардағы ақпарат кодталған криптографиялық нысанда сақталады. Блоктарды өзгерту үшін бүкіл тізбек бойынша ескі блоктар туралы ақпаратты ретімен есептеу қажет.
Блокчейнге барлық деректер жинақталады және тұрақты түрде толықтырылып отыратын деректер базасы қалыптастырылады. Бұл деректер базасынан бір нәрсені алып тастау немесе блокты ауыстыру/басқасын қою мүмкін емес. Ол «шексіз» - онда транзакцияның шексіз санын жазуға болады. Блокчейннің басты ерекшеліктерінің бірі осы.
Генеральная прокуратура внедряет технологию блокчейн

В Комитете по правовой статистике и специальным учетам Генеральной прокуратуры прошел трехдневный семинар-тренинг по технологии блокчейн для сотрудников прокуратуры. Мероприятие организовано при содействии проекта Европейского союза «Совершенствование уголовного правосудия в Казахстане» (EUCJ).
Целью тренинга является введение технологии блокчейн в работе органов прокуратуры для обеспечения безопасности продуктов информационных технологий, гарантии неизменности информации, а также охраны персональных данных.
Опытом применения технологии блокчейн поделился независимый эксперт, основатель «Blockchair», одного из самых популярных аналитическо-информационных ресурсов в мире - Едиге Давлетгалиев. Он рассказал об архитектуре данной технологии, возможностях ее интеграции в государственный сектор, возможностях совершенствования сетей данных с точки зрения международных стандартов, а также продемонстрировал на практике ключевые моменты создания блокчейн.
Участники семинара отметили, что полученные знания и приобретённые навыки, помогут продолжить реализацию проекта Генеральной прокуратуры «Единый реестр административных правонарушений» с применением блокчейн, без привлечения третьих лиц.
Результатом внедрения этой технологии станет исключение возможности фальсификации данных, в т.ч. сведений об административных правонарушениях, когда граждане будут уверены в достоверности данных о штрафах, об их оплате и т.п.
Напомним, Блокчейн – это зашифрованная информация, хранящаяся в раздельных равномерно распределенных базах данных (цифровой учетный журнал).
Сам термин Blockchain частично характеризует его задачи и назначение: «Block» – это блоки, «chain» – цепочка. Тем самым, это связанная цепочка блоков, в которой выдерживается строгая последовательность. Информация в блоках хранится в закодированной криптографической форме. Для изменения в блоках, необходимо последовательное считывание информации о старых блоках по всей цепи.
Все данные в блокчейн накапливаются и формируют постоянно дополняемую базу данных. С этой базы данных невозможно ничего удалить или провести замену/подмену блока. И она «безгранична» - туда может быть записано бесконечное количество транзакций. Это одна из главных особенностей блокчейна.
Бас прокуратура заңсыз сот актілеріне наразылық келтірді

Жыл басынан бері Жоғарғы Сот Бас Прокурордың наразылығы негізінде 11 сот актісін қайта қарап, мемлекет пайдасына 2,6 млрд. теңге өндірді.
Бұл мемлекеттік сатып алу, салық және т.б. дауларға қатысты.
Мысалы, Алматы қаласының соттары заңсыз салық органыны хабарламасының күшін жойып, «OLIMPKZ» букмекерлік кеңсесі ЖШС-ін 1,8 млрд. теңгеге ойын бизнесіне салық төлеуден босатқан.
Букмекерлік кеңсе ойыншылардан интернет ұтыстар қабылдайды. Ойыншы ұтылса, ол Олимптің кірісі және түскен қаражаттан ойын бизнесіне салық төленуі тиіс. Алайда, Олимп салықты төлемеген. Нәтижесінде мемлекетке 1,8 млрд. теңге мөлшерінде залал келтірді.
Бұл орайда Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры наразылық енгізді.
Жоғарғы Сот наразылықтың уәждерімен келісіп, 2018 жылдың 27 наурызында жергілікті соттардың сот актілерінің күшін жойды және Олимптің өтінішін қанағаттандырмады.
Сол күні Олимп 1,8 млрд. теңге көлемінде салықты төледі.

Сонымен қатар, Жоғарғы Сот Бас Прокурордың басқа да істер бойынша наразылығы негізінде 800 млн. теңге қосымша салық салуды заңды деп таныды. Өйткені салық төлеушілер тауарды белгілі бір тұлғалардан алғанын дәлелдей алмады.
О работе Генеральной прокуратуры Республики Казахстан
по опротестованию незаконных судебных актов

За истекший период текущего года Верховным Судом по протестам Генерального Прокурора пересмотрено 11 судебных актов в пользу государства на 2,6 млрд. тенге.
Это споры о государственных закупках, налоговые и др.
К примеру, суды г.Алматы незаконно отменили уведомление налогового органа и освободили ТОО «Букмекерская контора «OLIMPKZ» (далее - Олимп) от уплаты налога на игорный бизнес на 1.8 млрд.тенге.
Букмекерская контора принимала от игроков интернет-ставки. Если игрок проигрывает это доход Олимпа, с которого он должен заплатить налог на игорный бизнес. Однако Олимп такой налог не платил и причинил ущерб государству на 1,8 млрд. тенге.
Генеральным Прокурором Республики Казахстан принесен протест.
Верховный Суд согласился с доводами протеста. 27 марта 2018 года судебные акты местных судов отменены, в удовлетворении заявления Олимпа отказано.
В этот же день Олимп оплатил налог 1,8 млрд. тенге.
Также по другим делам Верховный Суд по протестам Генерального Прокурора признал законным доначисление налогов еще на 800 млн. тенге, так как получение товаров от конкретных поставщиков налогоплательщиками не доказано.
Ұрланған активтерді қайтару шаралары

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы қылмыстық жолмен алынған және елден тысқары жерге заңсыз шығарылған мүлікті қайтару бойынша жұмыс нәтижесінде «RothschildBankZurich» швейцарлық банктен 1,3 миллионнан астам АҚШ доллары көлеміндегі «тыйым салынған» ақшалай қаражатты анықтады.
Белгілі болғандай, қаржы М. Абдралиевке тиесілі, ол 2012 жылдан бастап халықаралық іздестірілуде. М. Абдралиев «Қорғас ісі» бойынша қылмыстық қауымдастықтың мүшелері Т. Жақаевқа, И. Әбдірахмановқа және Б. Құрманалиевке шет елде ақшалай қаражатты заңдастыруға көмектескені үшін күдікті.
Осыған байланысты, прокурор швейцарлық банктегі ақшалай қаражатты тәркілеу туралы өтінішхатты сотқа жолдады.
Биылғы жылдың 29 наурызында Алматы қаласының Алмалы аудандық соты прокурордың өтінішхатын қанағаттандырды.
Одан басқа, аталған қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында «ТАТ Кредит» ЖШС-ның кеңсесін тінту кезінде М. Абдралиевке тиесілі 762 мың АҚШ доллары және 915 мың теңге алынды.
Прокуратура ақшалай қаражатты тәркілеу үшін сотқа тиісті өтінішхат жолдады.
Нәтижесінде прокуратура органдарының бастамасы бойынша 2,1 млн.астам АҚШ доллары мемлекеттің пайдасына тәркіленді.
Атап өту қажет, қылмыстық-процестік заңнамаға өзгерістердің енгізілуіне байланысты биылдан бастап үкім шыққанға дейін заңсыз жолмен алынған мүлік тәркілеуге жатады.