Қазақстан Бас прокуратурасы
17.4K subscribers
3.66K photos
3.25K videos
40 files
12.1K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
«ОБВИНЕНИЕ АБЛЯЗОВА»

Генеральной прокуратурой Республики Казахстан расследуется уголовное дело в отношении Аблязова М.К. по факту организации убийства Татишева Е.Н.

31 июля 2018 года Аблязов уведомлен через средства массовой информации, в том числе через французскую газету «Le FIGARO» о необходимости явиться в прокуратуру Казахстана для участия в следственных действиях по расследуемому уголовному делу.

В связи с тем, что Аблязов и его защитник не явились по вызову лица, осуществляющего досудебное расследование, Генеральная прокуратура Республики Казахстан в соответствии с частью 8 статьи 206 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан (далее - УПК РК) публикует настоящее сообщение о квалификации деяний подозреваемого Аблязова Мухтара Кабуловича, 16.05.1963 года рождения.

По результатам досудебного производства и на основании собранных доказательств, 17 августа т.г. действия Аблязова М.К. квалифицированы по статьям 28 части 3 – 96 части 2 пунктами «ж», «з» Уголовного кодекса Республики Казахстан (в редакции от 16.07.1997 года).

Аблязов М.К. подозревается в организации умышленного убийства бывшего председателя правления АО «Банк ТуранАлем» Татишева Е.Н., совершенного из корыстных побуждений в группе лиц по предварительному сговору с Тоқмади М.

В соответствии со ст. 64, 206 УПК РК разъясняется, что подозреваемый и его защитник вправе ознакомиться и получить копию постановления о квалификации деяния подозреваемого в Генеральной прокуратуре Республики Казахстан по адресу: Республика Казахстан, город Астана, проспект Мәңгілік ел, 14.

Кроме того, подозреваемый вправе дать пояснения по существу подозрения, а также в случае не согласия с предъявленной квалификацией обжаловать постановление в соответствии со ст.105 УПК РК прокурору или в суд.

Напоминаем, ранее подозреваемый Аблязов М.К. вызывался Генеральной прокуратурой на 16 августа т.г. для проведения допроса и иных следственных действий. Однако в назначенное время он не явился и не уведомил о причинах, препятствующих его явке.
«ӘБЛЯЗОВТЫ АЙЫПТАУ»

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Е.Н. Тәтішевті өлтіру әрекетін ұйымдастыруға байланысты М.Қ. Әблязовқа қатысты қылмыстық істі тергеуде.

2018 жылдың 31 шілдесі күні Әблязов бұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде «Le FIGARO» француз басылымы арқылы тергеліп жатқан қылмыстық іс бойынша Қазақстан прокуратурасына тергеу әрекеттеріне қатысу үшін келу қажеттілігі хабардар етілді.

Әблязов және оның қорғаушысы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізушісінің шақыруына келмеді. Сол себіпті Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодекстің 206-бабы 8-бөлігіне сай (одан әрі қарай – ҚР ҚПК) 16.05.1963 жылы туған күдікті Әблязов Мұхтар Қабылұлының әрекетін саралау туралы хабарламаны жариялайды.

Сотқа дейінгі іс жүргізу мен жинақталған дәлелдемелердің негізінде а.ж. 17 тамызында М.Қ. Әблязовтың әрекеті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің (16.07.1997ж редакция) 28-бабы 3-бөлігі, 96-бабы 2-бөлігінің «ж», «з» тармақтары бойынша сараланды.

М.Қ. Әблязов «Банк ТұранӘлем» АҚ бұрыңғы басқарма төрағасы Е.Н. Тәтішевті пайдакүнемдік ниетпен М.Тоқмадимен алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен қасақана өлтіруді ұйымдастырғаны үшін күдікті.

ҚР ҚПК 206, 64-баптарына сәйкес күдікті және қорғаушысы оның іс-әрекетін саралау туралы қаулыны және көшірмесін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғ.,14 мекен-жайынан алуға құқылы.

Бұдан бөлек, күдікті күдік негізін түсіндіруге құқылы, сондай-ақ тағылған айыппен келіспеген жағдайда қаулы бойынша ҚР ҚПК 105-бабына сәйкес прокурорға немесе сотқа шағымдана алады.

Осыған дейін күдікті М.Қ. Әблязов жауап алу және басқа тергеу әрекеттеріне қатысу үшін а.ж. 16 тамызында Бас прокуратураға шақырылғанын еске саламыз. Алайда, белгіленген уақытта ол келген жоқ, келуге тосқауыл болған себептерін түсіндірген жоқ.
В Генеральной прокуратуре прошла встреча
с делегацией ФБР


Астана, 27 августа 2018 года. Сегодня Генеральный Прокурор Кайрат Кожамжаров встретился с делегацией Федерального Бюро Расследований (ФБР) во главе с заместителем Директора Дэвидом Л. Боудичем.

Зарубежные коллеги обсудили вопросы конструктивного двустороннего сотрудничества по исполнению запросов оказания взаимной правовой помощи. За последние три года их поступило всего 16, в том числе 6 из ФБР США, которые реализованы в полном объеме.

Отдельно затронута тема выдачи лиц в порядке экстрадиции между Казахстаном и США, а также передаче осужденных для отбывания наказания в своих государствах.

Кроме того, делегация ФБР проинформирована о деятельности надзорного органа, его функциях и задачах, достижениях в сфере международного сотрудничества, проводимых в стране реформах по модернизации и гуманизации уголовной политики.

Отмечая большой опыт работы ФБР в противодействии транснациональной преступности, Кайрат Кожамжаров выразил готовность к расширению взаимодействия.

В ходе встречи также обсуждена деятельность Академии правоохранительных органов при Генеральной прокуратуре, а также перспектива обмена опытом с Национальной академией ФБР, известной своей уникальной учебной программой для сотрудников правоохранительных органов мира.

В завершение встречи Генеральный Прокурор поблагодарил коллег за визит и выразил надежду на укрепление двусторонних отношений.
Бас прокуратурада ФТБ делегациясымен кездесу өтті

Астана, 2018 жылғы 27 тамыз.
Бүгін Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров Федералдық Тергеу Бюросы (ФТБ) Директорының орынбасары Дэвид Л. Боудич бастаған делегациямен кездесті.

Шетелдік әріптестер өзара құқықтық көмек көрсету сауалдарын жүзеге асыру бойынша екіжақты сындарлы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Соңғы 3 жылда жалпы 16 сауал түскен, оның ішінде АҚШ ФТБ-дан 6 және олардың барлығы толықтай көлемде іске асырылды.

Кездесу барысында Қазақстан мен АҚШ арасындағы экстрадициялау тәртібі арқылы тұлғаларды ұстап беру мәселесі жеке қозғалды, сондай-ақ сотталғандарды өз мемлекеттерінде жазасын өтеу үшін беру айтылды.

Бұдан бөлек, ФТБ делегациясы қадағалау органының қызметтері, оның міндеттері мен функциялары, халықаралық ынтымақтастық саласындағы жетістіктер және елімізде жүргізіліп жатқан қылмыстық саясатты жаңғырту, сондай-ақ ізгілендіру бойынша реформалар туралы хабардар етілді.

ФТБ-ның трансұлттық қылмысқа қарсы іс-қимыл жұмысында үлкен тәжірибесін атап өткен Қ. Қожамжаров осы мәселеде екіжақты қарым-қатынасты кеңейтуге дайын екендігін жеткізді.

Кездесуде Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметі, сондай-ақ әлемнің құқық қорғау органдары қызметкерлері үшін бірегей оқыту бағдарламасымен танымал ФТБ-ның Ұлттық академиясымен тәжірибе алмасу да сөз болды.

Кездесу соңында Бас Прокурор әріптестеріне сапарлары үшін алғыс айтып, екіжақты қарым-қатынастың нығая түсетініне сенім білдірді.
ГФР делегациясы Қазақстанның
Бас прокуратурасында болды

2018 жылғы 28 тамыз, Бас Прокурор Қайрат Қожамжаров қылмыстық сот ісін жүргізудегі герман моделіне қатысты сараптамалық қорытындылар беру үшін Астанаға келген ГФР делегациясымен кездесті.

Өз кезегінде Қ. Қожамжаров Қазақстан Республикасы Президентінің қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғау, тараптардың бәсекелестік деңгейін арттыру және әсіре қатаңдықты төмендету бойынша жүргізіп отырған саясаты туралы айтып берді.

«Мемлекет басшысы өткен жылдың желтоқсанында құқық қорғау қызметін жаңғырту туралы заңға қол қойды. Осы заң Германияның тәжірибесі бойынша ұстау мерзімін 48 сағатқа дейін кемітіп, адам құқықтарын шектейтін санкциялардың бәрін сотқа берді және бұйрықтық іс жүргізуді енгізді», - деп атап өтті Қ. Қожамжаров.

Гессен жер сотының президенті Вильгельм Вольф пен Франкфурт қаласының Бас прокуроры Альберт Шрайбер Қазақстанның ЭЫДҰ елдерінің тәжірибесі бойынша қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру жөніндегі белсенді ұстанымын атап өтті.

Қазақстанның Бас прокуроры ведомстволар арасындағы қалыптасып отырған қарым-қатынастар нығая түсетініне және екі мемлекеттің аумағында да заңдылық пен құқық тәртібін одан әрі қамтамасыз ету мақсатында дамитынына сенім білдірді.
Делегация ФРГ посетила Генеральную прокуратуру Казахстана

28 августа 2018 г., Генеральный Прокурор Кайрат Кожамжаров встретился с делегацией ФРГ, которая прибыла в Астану для дачи экспертных заключений по вопросам германской модели уголовного судопроизводства.

В свою очередь, К.Кожамжаров рассказал о проводимой Президентом Республики Казахстан политике по повышению уровня защиты прав граждан в уголовном процессе, состязательности сторон и снижении его репрессивности.

«В декабре прошлого года Глава государства подписал закон о модернизации правоохранительной деятельности, который по опыту Германии снизил до 48 часов сроки задержания, передал суду все санкции, ограничивающие права человека и ввел приказное производство», - отметил К.Кожамжаров.

Президент земельного суда Гессена Вильгельм Вольф и Главный прокурор г.Франкфурт Альберт Шрайбер подчеркнули активную позицию Казахстана в совершенствовании уголовного и уголовно-процессуального законодательства по опыту стран ОЭСР.

Генпрокурор Казахстана выразил уверенность, что складывающиеся отношения между ведомствами будут крепнуть и развиваться в целях дальнейшего обеспечения законности и правопорядка на территориях обоих государств.
Бас прокуратурада ГФР сарапшыларымен жұмыс кеңесі өтті

Бас прокуратурада Жоғарғы Сот судьяларының, Бас прокуратураның, құқық қорғау органдары мен арнайы органдар жеке құрамының ГФР келген сарапшылармен жұмыс кеңесі ұйымдастырылды.

Оған Германия тарапынан Гессен жер сотының президенті Вильгельм Вольф, Франкфурт қаласының Бас прокуроры Альберт Шрайбер, Гессен жер сотының бұрынғы Бас прокуроры Ханс-Йозеф Блумензатт және Франкфурт қаласы полициясының бұрынғы президенті Ахим Тиль, Висмар қаласындағы институттың ғылыми қызметкері Дмитрий Олейник қатысты.

Д. Олейник герман процесінің негізгі жағдайы туралы баяндама жасады. Ол сондай-ақ қылмыстық істерді тергеуді ұйымдастыру жөнінде, полицияның нақтылы деректерді жинауы, оларға прокуратураның құқықтық баға беріп, барлық процестік шешімдер қабылдайтыны туралы айтып берді.

Сондай ақ кеңес қатысушыларын тергеу амалдарын жүргізудің ерекшеліктері, оларды санкциялау, бұлтартпау шараларын таңдау, ведомство және сот бақылауы туралы мәселелер қызықтырды.

Талқылау барысында сарапшылар Германия мен Қазақстанның қылмыстық процесін салыстыра келіп, екі елдің де заңнамаларына енгізілуі мүмкін жекелеген институттарға назар аударды.

Сонымен қатар германдық әріптестер құқық қорғау қызметін цифрландыру саласындағы нәтижелермен, оның ішінде тергеу жүргізумен және соттардың қылмыстық істерді электрондық форматта қарауымен таныстырылды.
В Генеральной прокуратуре состоялось рабочее совещание с экспертами из ФРГ

В Генеральной прокуратуре состоялось рабочее совещание судей Верховного Суда, личного состава Генеральной прокуратуры, правоохранительных и специальных органов с экспертами из ФРГ.

С германской стороны приняли участие Президент земельного суда Гессена Вильгельм Вольф, Главный прокурор г.Франкфурт Альбрехт Шрайбер, экс-Генеральный прокурор земли Гессен Ханс-Йозеф Блумензатт и экс-президент полиции г.Франкфурт Ахим Тиль, научный сотрудник института г.Висмар Дмитрий Олейник.

Д.Олейник выступил с докладом об основных положениях германского уголовного процесса. Рассказал об организации расследования уголовных дел, о сборе полицией фактических данных, по которым прокуратура даёт правовую оценку и принимает все процессуальные решения.

Участников совещания интересовали особенности производства следственных действий, их санкционирование, избрание мер пресечения, а также организация ведомственного и судебного контроля.

В ходе обсуждения эксперты провели сравнение уголовного процесса Германии и Казахстана, и обратили внимание на отдельные институты, которые могут быть внедрены в законодательство обеих стран.

Также германским коллегам продемонстрированы результаты в области цифровизации правоохранительной деятельности, в том числе проведение расследований и рассмотрения судами уголовных дел в электронном формате.
Үрімшідегі прокурорлардың шекара кездесуі

Үрімшіде (ҚХР) Қазақстанның Бас прокуратурасы және Қытайдың Жоғарғы Халық прокуратурасы өкілдерінің кезекті шекара кездесуі өтті.

Жалпы күштермен елдер арасында өзекті мәселелер бойынша әлеуетті, құқық қорғау және арнайы қызметтердің желісі бойынша стратегиялық серіктестік қалыптасты.

Екіжақты қатынастарға жаңа импульс ШЫҰ қатысушыларының бас прокурорларының 15-ші отырысы шеңберінде Санкт-Петербургте 2017 жылғы қарашада екі елдің бас прокуратуралары қол қойған Ынтымақтастық туралы Меморандум және Шекаралас ынтымақтастық туралы келісім пайда болды.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды, қылмысқа қарсы күрес, оның ішінде терроризмге және экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында тәжірибелерімен бөлісті.

Қазақстандық делегацияның өкілдері қылмыстық істер және сотталғандарды ұстап беру бойынша халықаралық-құқықтық көмек көрсету мәселелерін қарауда көмек көрсеткені үшін шетелдік әріптестерге алғыс білдірді.

Соңғы екі жылда Қытайдан Қазақстанға одан әрі жазаны өтеу үшін қытай соты соттаған 15 қазақстандық көшірілді.
Іс-шара жүргізілген шекара кездесуінің хаттамасына қол қоюымен аяқталды.

Айта кету керек, бұл екі елдің қадағалау органдарының екінші кездесуі. Біріншісі 2017 жылғы желтоқсанда Алматы қаласында өткен еді.
Приграничная встреча прокуроров в Урумчи

В г. Урумчи (КНР) состоялась очередная приграничная встреча представителей Генеральной прокуратуры Казахстана и Верховной Народной прокуратуры Китая.

Общими усилиями между странами сложилось стратегическое партнерство по линии силовых, правоохранительных и специальных служб по актуальным вопросам.

Новый импульс двусторонним отношениям придали Меморандум о сотрудничестве и Соглашение о приграничном сотрудничестве, подписанные генеральными прокуратурами двух стран в ноябре 2017 года в Санкт-Петербурге в рамках 15-го заседания генеральных прокуроров-участников ШОС.

В ходе встречи стороны обсудили актуальные вопросы сотрудничества, поделились опытом в сфере борьбы с преступностью, в т.ч. противодействия терроризму и экстремизму.

Представители казахстанской делегации выразили признательность зарубежным коллегам за содействие в рассмотрении вопросов оказания международно-правовой помощи по уголовным делам и перевода осужденных.

За последние два года из Китая в Казахстан для дальнейшего отбывания наказания переведены 15 казахстанцев, осужденных китайским судом.
Мероприятие завершилось подписанием протокола проведенной приграничной встречи.

Напомним, что это вторая по счету встреча надзорных органов обеих стран. Первая прошла в декабре 2017 года в г. Алматы.
ЗАВЕРШЕНО ДОСУДЕБНОЕ РАССЛЕДОВАНИЕ
ПО ФАКТУ ОРГАНИЗАЦИИ УБИЙСТВА ТАТИШЕВА Е.Н.

Генеральной прокуратурой Республики Казахстан завершено досудебное расследование в отношении Аблязова М.К. по факту организации убийства бывшего председателя правления АО «БТА банк» Татишева Е.Н.

17 августа 2018 года, действия Аблязова квалифицированы по статьям 28 части 3 – 96 части 2 пунктами «ж,з» Уголовного кодекса Республики Казахстан (в редакции 1997 года).

Генеральная прокуратура Республики Казахстан в соответствии со статьей 294 Уголовно-процессуального кодекса (далее-УПК) объявляет подозреваемому Аблязову и его защитнику об окончании производства следственных действий и начале ознакомления с материалами уголовного дела.

В соответствии со статьей 296 УПК разъясняется, что подозреваемый и его защитник вправе ознакомиться с материалами уголовного дела совместно и раздельно, выписывать любые сведения и в любом объеме, снимать копии с документов, в том числе с помощью научно-технических средств, за исключением сведений, содержащих государственные секреты или иную охраняемую законом тайну.

Кроме того, подозреваемый вправе заявлять ходатайства о производстве дополнительных следственных действий либо принятии других процессуальных решений, а также на рассмотрение дела судом с участием присяжных заседателей.

Ознакомление с материалами уголовного дела состоится 5 сентября 2018 года в здании Представительства Генеральной Прокуратуры Республики Казахстан по адресу: г.Алматы, ул. Богенбай батыра, д.145.
Бас прокуратура табиғи ресурстарды
заңсыз өндіру жолдарын кесті

Бас прокуратурада өткізілген кеңес барысында жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықты тексерудің қорытындылары жарияланды.

Қиыршық тас, құм, топырақ, қара топырақ және басқа кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің 700-ден астам фактісі анықталды.

Қоршаған ортаға 1,5 млрд астам теңгеге зиян келтірілді.
Мысалы, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстарында 17-ге жуық субъект жер пайдалану құқығын алмастан, табиғи ресурстарды заңсыз өндірген.

Жамбыл облысында «ISS Ingineering» және «Bahon-Строй» компаниялары темір жол және автомобиль жолдарын салу үшін 197 мың текше метр жер қойнауын өз беттерінше алып қойған. Келтірілген залалдың мөлшері 626 млн теңгені құрады.

Прокуратураның ұсынысы бойынша Экология департаменті сот тәртібімен зиянды өндіру шараларын қабылдады.
Алматы, Жамбыл және Батыс Қазақстан облыстарында 200 жағдай бойынша жер қойнауын пайдалану қызметі экологияға зиян келтіре отырып, қоршаған ортаға шығарылатын эмиссия бойынша уәкілетті органның рұқсатынсыз жүзеге асырылған.

Астананың маңынан заңсыз 54 карьер анықталды, ол жерден шамамен 176 мың текше метр қара топырақ, 38 мың текше метр құм ұрланған.
Мемлекетке 300 млн теңгеден астам зиян келтірілді.
Аталған факт бойынша 11 адамға, оның ішінде ішкі істер органдарының пайдалы қазбаларды ұрлауға қолдау көрсеткен 5 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс тергеп-тексерілді. Олардың барлығы сотталды.

Жер қойнауын пайдалану кезінде бұзылған жердің құнарлылығын қалпына келтіруге қатысты мемлекеттік бақылаудың болмау себебінен Ақмола, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қостанай және Қызылорда облыстарында 147 астам субъект жерді қорғау жөніндегі жұмыстарды орындаудан өз беттерінше бас тартқан.

Қазба өндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін 5 жыл бойы олар карьерлерді консервациялау және жою шараларын қабылдамайды.
Анықталған барлық заң бұзушылықтар бойынша 62 адамға 6,9 млн теңге сомасындағы әкімшілік айыппұл салынды, 11 келісім-шарт бұзылып, 147 жосықсыз жер қойнауын пайдаланушыны жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға мәжбүрлеу туралы 3 талап енгізілді.

Жер қойнауын пайдаланушылардың заңсыз иелігіндегі 82 жер телімін алу мәселесі қарастырылуда.
Мемлекет кірісіне экологиялық зиян, салық және басқа міндетті төлемдер, айыппұлдар ретінде 821 млн теңге өндірілді.

Бас Прокурор Премьер-Министрге жер қойнауын заңсыз өндіру әрекеттерін анықтауға, оның алдын алудың тиімділігін арттыруға және жол бермеуге қатысты ұсыну енгізді.
Генеральная прокуратура пресекла
незаконную добычу природных ресурсов

На совещании в Генеральной прокуратуре подведены итоги проверки состояния законности в сфере недропользования.
Выявлено более 700 фактов незаконной добычи общераспространенных полезных ископаемых – щебня, песка, глины, чернозема и других их видов.

Окружающей среде причинен ущерб на сумму более 1,5 млрд тенге.
К примеру, в Западно-Казахстанской, Жамбылской, Кызылординской, Мангистауской и Павлодарской областях порядка 17 субъектов без получения прав на землепользование, неправомерно добывали природные ресурсы.

В Жамбылской области компании «ISS Ingineering» и «Bahon-Строй» самовольно изъяли из недр 197 тыс кубометров суглинков для строительства железнодорожных путей и автомобильных дорог. Размер причиненного ущерба составил 626 млн тенге.

По представлению прокуратуры Департаментом экологии в судебном порядке приняты меры по возмещению вреда.
В Алматинской, Жамбылской и Западно-Казахстанской областях в 200 случаях деятельность по недропользованию осуществлялась в ущерб экологической безопасности без разрешения уполномоченного органа на эмиссии в окружающую среду.

Вокруг Астаны выявлены 54 незаконных карьера, где похищено порядка 176 тыс кубометров чернозема, 38 тыс кубометров песка.
Ущерб государству составил более 300 млн тенге.
По данному факту расследовано уголовное дело в отношении 11 лиц, в т.ч. 5 сотрудников органов внутренних дел, покровительствовавших хищению ископаемых. Все они осуждены.

Из-за отсутствия госконтроля за рекультивацией нарушенных в процессе недропользования земель, в Акмолинской, ВКО, Жамбылской, ЗКО, Костанайской и Кызылординской областях более 147 субъектов самоустранились от выполнения работ по охране земель.

На протяжении 5 лет после прекращения добычи ископаемых, они не принимают мер по консервации и ликвидации карьеров.
По всем выявленным нарушениям законности к административной ответственности в виде штрафа на сумму 6,9 млн тенге привлечено 62 лица, расторгнуто 11 контрактов, внесено 3 иска о понуждении 147 недобросовестных недропользователей ликвидировать последствия недропользования.

Инициирован вопрос об изъятии 82 земельных участков, находившихся в незаконном владении у недропользователей.
В доход государства взыскан 821 млн тенге в виде возмещения экологического ущерба, налогов и других обязательных платежей, штрафов.

Генеральным Прокурором внесено Премьер-Министру представление о повышении эффективности профилактики, выявления и предотвращения незаконной добычи недр.