Қазақстан Бас прокуратурасы
17.4K subscribers
3.64K photos
3.25K videos
40 files
12.1K links
ҚР Бас прокуратурасы
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми telegram-арнасы. Генеральная прокуратура РК
Официальный telegram-канал Генеральной прокуратуры Республики Казахстан. +7 7172 30 17 78
Download Telegram
Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық – ел беделінің айғағы: Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғ.М. Қойгелдиев Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де ашық дәріс өткізді
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң факультетінің студенттерімен және оқытушыларымен «Заң және Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында  Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Мәмбетұлы Қойгелдиевпен ашық кездесу өтті.

Өз дәрісінде Ғалымжан Қойгелдиев халықаралық-құқықтық өзара іс-қимылдың басты бағыттарын, атап айтқанда, Қазақстанның 37 елмен 82 шарт жасасу арқылы бекіткен шарттық-құқықтық базаның қалыптасқанын, экстрадицияның, құқықтық көмек көрсетудің практикасын, сондай-ақ жазасын өз отанында өтеу үшін сотталғандарды беру бойынша ізгілік миссиясын талқылай отырып, түсіндірді.

«Қылмыс бір ғана ортада шектеліп қалмайды. Сол себепті кибералаяқтық, есірткі саудасы, трансұлттық қылмыстарының схемасы толығымен халықаралық бірыңғай көзқарасты талап етеді. Біздің еліміз де бұл талаптардан сырт қалмайды. Өйткені бұл жай ғана формальділік емес, бұл қаншама тағдырлар, нақты істер», – деп атап өтті.

Ашық диалог форматында Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдерінен қылмыскерлерді экстрадициялау, басқа да мемлекеттермен осы салада бірлескен іс-шаралар атқару, сондай-ақ шетелдегі жазасын өтеу орнындағы қазақстандық азаматтарды елге қайтару туралы нақты мысалдар келтірілді.
Іс-шара соңында патриоттық құндылықтар мен ұлттық болмыс тақырыбына ерекше назар аударылды.

«Қазақстан — ұлы мемлекет. Біздің ата-бабаларымыз батырлығымен және ержүректігімен қатар, дала дипломатиясының майталмандары ретінде де ерекшеленген. Олар келіссөз жүргізудің хас шеберлері және бітімгершіліктің кепілі бола білді. Бұл – біздің генетикалық жадымыз. Яғни, генетикалық тұрғыда болашақ ұрпақ үшін қорғауды қажет ететін заң мен тәртіп».

Кездесу барысында студенттер белсенділік танытып, құқық, әділдік және кәсіби таңдау туралы сұрақтар қойып, пікірлерін ортаға салды. Көпшіліктің пікірінше, бұл кездесу жай ғана дәріс емес, шын мәнінде қоғамға қызмет ету және дамуға деген ынталандыру үлгісі болды.

«Сіздердің батылдықтарыңыз бен табандылықтарыңыз тағдырларыңызды және болашақтағы орындарыңызды айқындайды. Осы ойды есте сақтаңыздар. Бұл өмірдің бұлжымас заңы», – деп ой салды.

Бас прокуратура Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басшылығына ықыласты әрі зияткерлік ортаның басын қосқаны үшін алғыс білдіріп, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін жеткізді.
 
#ЗАҢменТӘРТІП

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В фокусе — международно-правовое сотрудничество: заместитель Генерального Прокурора Г.М. Койгелдиев провёл открытую лекцию в КазНУ имени аль-Фараби
 
В рамках реализации принципа «Закон и Порядок» в Казахском национальном университете имени аль-Фараби состоялась открытая встреча заместителя Генерального Прокурора Республики Казахстан Галымжана Мамбетовича Койгелдиева со студентами и преподавателями юридического факультета.

В своей лекции Галымжан Койгелдиев раскрыл ключевые аспекты международно-правового взаимодействия: договорно-правовую базу, заключённые Казахстаном 82 договоров с 37 странами, практику экстрадиции, оказания правовой помощи, а также гуманную миссию по передаче осуждённых лиц для отбывания наказания на родине.

«Преступность давно перестала знать границы. Кибераферы, наркоторговля, транснациональные схемы требуют слаженного международного ответа. И наша страна активно участвует в этом процессе. Это не формальность — это реальные судьбы, реальные кейсы», — подчеркнул он.

В формате живого диалога были приведены конкретные примеры экстрадиции преступников из стран Европы, Азии и Ближнего Востока, совместных операций с другими государствами, а также случаи успешного возвращения казахстанских граждан из зарубежных учреждений исполнения наказаний.

Особое внимание в завершении встречи было уделено патриотическим ценностям и национальной идентичности.

«Казахстан — великая страна. Наши предки отличались не только храбростью и смелостью, но и были мастерами степной дипломатии. Они умели договариваться и сохранять мир. Это — наша генетическая память. Это и есть закон и порядок, который мы должны защищать для будущих поколений».

Студенты активно включились в диалог, задавали вопросы, делились мнением о праве, справедливости и профессиональном выборе. По признанию многих, встреча стала не просто лекцией, а настоящей мотивацией к развитию и служению обществу.

«Ваша смелость и решительность определяют вашу судьбу и то место, где вы в конце концов окажетесь. Запомните эту мысль. Она проверена жизнью», — обратился Койгелдиев к будущим юристам.

Генеральная прокуратура выражает благодарность руководству КазНУ имени аль-Фараби за приглашение и создание тёплой, интеллектуальной атмосферы, а также подтверждает готовность к дальнейшему партнёрству в рамках правового просвещения молодёжи.

#ЗАКОНиПОРЯДОК

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жамбыл облысының прокурорлары 2 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғады
 
Жамбыл ауданының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізіп, нәтижесімен инватакси қызметін ұйымдастыру бойынша елеулі бұзушылықтарды анықтады.
 
Жергілікті атқарушы орган қызмет көрсетудің тиісті деңгейін қамтамасыз етпегені белгілі болды.
 
Атап айтқанда, 12.02.2025 жылы аудан әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «мүмкіндігі шектеулі адамдарды тасымалдау қызметін көрсету бойынша» шарт жасасып, онда инватакси тек жұмыс күндері және 8 сағат ішінде жұмыс істейтінін көрсеткен.
 
Мұндай шарт талаптары қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бұзуға әкеп соғады.
 
Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде инватаксидің жұмыс кестесі қайта қаралып, заңнама талаптарына сәйкестендірілді.
 
Енді демалыс және мереке күндерін қоса алғанда, қызметтер тәулік бойы қолжетімді, бұл ауданның ерекше қажеттіліктері бар 2 мыңнан астам адамның құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді.
 
Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
 
#Заң_және_Тәртіп

Жамбыл облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/974158?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуроры Жамбылской области защитили права свыше 2 тыс лиц с ограниченными возможностями
 
Прокуратура Жамбылского района провела анализ состояния законности в сфере защиты прав лиц с ограниченными возможностями, по результатам выявила серьезные нарушения в организации услуг инватакси.
 
Установлено, что местный исполнительный орган не обеспечил должный уровень обслуживания.
 
В частности, 12.02.2025 года Отдел занятости и социальных программ акимата района заключил договор на «услуги по перевозке людей с ограниченными возможностями», где указано, что инватакси работает только в рабочие дни и в течение 8 часов.
 
Такие условия противоречат требованиям действующего законодательства и существенно ущемляют права лиц с инвалидностью.
 
В результате прокурорского надзора график работы инватакси пересмотрен и приведен в соответствие с законодательством.
 
Теперь услуги доступны круглосуточно, включая выходные и праздничные дни, это позволило защитить права более 2 тыс людей с особыми потребностями района.
 
Виновное должностное лицо привлечено к дисциплинарной ответственности.
 
#Закон_и_Порядок
 
Ссылка на сайт прокуратуры Жамбылской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhambyl/press/news/details/974158?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокуратураның ықпалымен жалақы қарызы өндірілді
 
Қызылорда облысы прокуратурасы еңбек заңнамасының сақталуына, оның ішінде жалақының уақытылы төленуіне талдау жүргізді.
 
Облыс көлемінде бірқатар жұмыскерлердің конституциялық құқықтары шектеліп, жұмыскерлердің алдында жалақы қарызы қалыптасқаны анықталды.
 
Мәселен, «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жұмыспен қамтылған 2360 тұлғаға қатысты қаңтар айының 263,9 млн теңге жалақысы төленбеген.
 
Қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесімен 2360 жас жұмыскердің жалақысы толық төленіп, конституциялық құқықтары қалпына келтірілді, жұмыспен қамту саласындағы уәкілетті мекеменің басшылары мен қызметкерлері тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
 
Облыс прокуратурасы осы тектес заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында қадағалау шараларын күшейтіп, азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда.
 
#Заң_мен_Тәртіп
#Жауапкершілік
 
Қызылорда облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/974632

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
По инициативе прокуратуры взыскана задолженность по зарплате
 
Прокуратура Кызылординской области провела анализ соблюдения трудового законодательства, в том числе своевременной выплаты заработной платы.
 
Установлено, что в регионе были нарушены конституционные права ряда работников, в результате чего образовалась задолженность по заработной плате.
 
Так, 2360 работников, трудоустроенных в рамках программы «Молодежная практика», не получили заработную плату за январь в размере 263,9 млн тенге.
 
По результатам внесенного акта прокурорского надзора задолженность была полностью погашена, конституционные права 2360 молодых работников восстановлены, а руководители и сотрудники уполномоченного учреждения в сфере занятости привлечены к дисциплинарной ответственности.
 
Прокуратура области усиливает надзорные меры для предотвращения подобных нарушений и продолжает системную работу по защите трудовых прав граждан.
 
#Закон_и_Порядок
#Ответственность
 
Ссылка на сайт прокуратуры Кызылординской области:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/974632?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Жетісу облысында интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл күшейтілді
 
«Заң және Тәртіп» идеологиясын жүзеге асыру аясында Жетісу облысының прокуратурасында прокурор Мадияр Басшыбаевтың төрағалығымен интернет-алаяқтыққа қарсы күрес мәселелері бойынша алқа отырысы өтті.
 
Жиынға құқық қорғау органдарының, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері мен байланыс операторлары қатысты.
 
Қазіргі таңда киберқылмыстар саны артып келеді. 2024 жылы 500-ден астам өңір тұрғыны алаяқтардың құрбанына айналды.
 
Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен бірқатар шаралар қабылданды:

• азаматтарға алаяқтық схемалары туралы белсенді түрде ақпарат беріледі;

• «Қазақтелеком» АҚ, «Қайнар Медиа» ЖШС және байланыс операторларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды;

• ұлттық банк жанынан іске қосылған Антифрод-орталық күмәнді операциялар бойынша 12,5 миллион теңгені бұғаттады;

• заманауи бағдарламалық кешендер сатып алынып, Telegram-арнасы арқылы қаражатты заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырған ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді. Нәтижесінде 75 азамат зардап шекті.
 
Сонымен қатар, прокуратура құқық қорғау органдарын заңсыз қолданылатын SIM-бокстарды анықтау және жою бойынша шаралар қабылдауға бағыттауда.
 
Арнайы операция барысында жергілікті тұрғыннан 7 SIM-бокс, 6,5 мыңнан астам SIM-карта, роутерлер мен мобильді телефондар тәркіленді.
 
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
 
Зардап шеккендердің құқықтарын қорғау мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылы «дропперлерден» 36 миллион теңге өндіріліп, 29 талап-арыз қанағаттандырылды. Сондай-ақ, 100-ден астам жәбірленуші үшін 149 миллион теңге көлеміндегі несие қарыздарын өндіріп алу уақытша тоқтатылды.
 
Отырыстың қорытындысы бойынша интернет-алаяқтыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған қосымша шаралар әзірленді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
 
#Заң_мен_Тәртіп
#Жауапкершілік
           
Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/974148?lang=kk&ysclid=m9csczqj1f202895437

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
В области  Жетісу усилены меры противодействия интернет-мошенничеству

В рамках реализации идеологии «Закони Порядок» под председательством прокурора области Мадияра Басшыбаева состоялось заседание коллегии по вопросам борьбы с интернет-мошенничеством.

В мероприятии приняли участие представители правоохранительных органов, местных исполнительных органов и финансовых организаций.

Отмечено, что число преступлений в сфере киберпреступности продолжает расти.

В 2024 году более 500 жителей региона стали жертвами мошенников.

При координации прокуратуры области принимается комплекс мер;

• ведется активное информирование граждан о схемах обмана;

• заключены меморандумы о сотрудничестве с АО «Казахтелеком», ТОО «Кайнар Медиа» и операторами связи.

• при Национальном банке запущен Антифрод-центр, который заблокировал 12,5 млн тенге по подозрительным операциям;

• приобретены современные программные комплексы, что позволило выявить ОПГ, обналичивавшую деньги через Telegram-канал. В результате пострадали 75 граждан.

Кроме того, в области проводится ликвидация незаконных SIM-боксов, используемых для анонимных звонков.

В ходе спецоперации у местного жителя изъяты 7 SIM-боксов, 6,5 тыс SIM-карт, роутеры и мобильные телефоны.

Начато досудебное расследование.

Прокуратура также ориентирует органы следствия на защиту прав пострадавших. В 2025 году с «дропперов» уже взыскано 36 млн тенге по 29 искам, а для более 100 потерпевших приостановлено взыскание кредитов на 149 млн тенге.

По итогам заседания разработан ряд дополнительных мер для усиления борьбы с интернет-мошенничеством. Работа в данном направлении продолжается.
 
#Закон_и_Порядок
#Ответственность
 
Ссылка на сайт прокуратуры области Жетісу:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/974148?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз.
 
🔹 Дүйсенбі
 
▪️Алаяқтың экстрадициясы: Бас прокуратура Қырғызстаннан Қазақстан азаматшасын экстрадициялады. Ол 230 млн теңгеден астам қаражатты қашықтықтан банк есепшоттарына қол жеткізу арқылы ұрлаған. Оған қандай жаза тағайындалуы мүмкін? Толығырақ сілтеме арқылы оқыңыз.
 
▪️Бағаның жоғарылауы және жабдықтың жетіспеушілігі: Ақтөбе облысында прокуратура медициналық қызметтерге бағаның негізсіз өсуін және қажетті диагностикалық жабдықтың болмауын анықтады. Бұзушылықтарды жою үшін қандай шаралар қабылданды? Толығырақ мұнда.
 
▪️Бизнеске қысым көрсету: Алматы облысында прокуратура 100 млрд теңгеден астам қаржы салған инвесторлардың құқықтарын қалпына келтірді. Құжаттар бойынша негізсіз бас тарту және есепшоттардың заңсыз бұғатталу мәселесі қалай шешілді? Толығырақ осы жерден оқыңыз.
 
🔹 Сейсенбі
 
▪️Шенеуніктер заңға қарсы: Алматыда прокуратура қала әкімінің орынбасарының тапсырмасымен кәсіпкерлікке қарсы заңсыз тексерулерді анықтады. Қандай қызметкерлер жауапқа тартылды және бұл кәсіпкерлерге қалай әсер етті? Толығырақ сілтеме арқылы.
 
▪️LRT ісі бойынша мүлік қайтарылды: Астанада прокуратура мемлекетке 920 млн теңгеге тең мүлікті қайтаруды қамтамасыз етті. Қандай активтер қайтарылды және алда не жоспарлануда? Толығырақ оқыңыз мұнда!
 
▪️Алименттер бойынша миллиондар: Алматы облысында алимент төлемей жүрген ондаған адам жазаланды, оның ішінде алты адам түрмеге жіберілді. Прокуратура 1 млрд теңгеден астам қаржыны қалай өндіріп алды? Толығырақ осы жерден біліңіз.
 
🔹 Сәрсенбі
 
▪️421 млн теңгеге жасалған алаяқтық: Ақтөбеде құрылысшылардың алдындағы міндеттемелерді орындамағаны үшін қылмыстық іс ашылды. Прокуратура зардап шеккендерге қалай көмек көрсетті? Толығырақ мұнда.
 
▪️ Мектептерде «Заң және Тәртіп» пәнін енгізуді Бас прокурор Берік Асылов ұсынды. Толығырақ сілтеме арқылы.
 
▪️15,9 млн теңге ұрлау: Ұлытау облысында балабақша бухгалтері рұқсат етілмеген аударымдар жасағаны үшін сотталды. Оған қандай жаза тағайындалды және бұл оның болашағына қалай әсер етеді? Толығырақ мұнда.
 
🔹 Бейсенбі
 
▪️«STOP наркотик!»: Шығыс Қазақстан облысында есірткі қылмыстарын анықтауға көмек көрсеткен азаматтарға сыйақы берілетін пилоттық жоба басталды. Бұл бастама қалай жұмыс істейді және қанша қаражат төленді? Толығырақ мұнда.
 
▪️Алимент мәселесі: Жамбыл облысында бес баланың анасы 1,4 млн теңге қарызын медиациялық келісім арқылы өтеді. Қалай келісім жасалды және енді оған не күтіп тұр? Толығырақ оқыңыз мұнда.
 
▪️Марихуана өндіретін заңсыз лаборатория: Ақмола облысында ер адам есірткі өндірісін ұйымдастырғаны үшін сотталды. Оған қандай жаза тағайындалды және тәркіленген заттар қандай болды? Толығырақ мұнда!
 
🔹 Жұма
 
▪️Инвесторлардың жер мәселелері: Павлодар облысының прокуратурасы ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға кедергі келтірген негізсіз тосқауылдарды жойды. Бизнесті қолдау үшін қандай шаралар қабылданды? Толық мәліметтерді осында оқыңыз.
 
▪️Жалақы бойынша қарыз толық төленді: Түркістан облысының прокуратурасы «Таза су» кәсіпорнының 139 қызметкеріне 14 млн теңге жалақысын төлеуді талап етті. Бұл қалай іске асырылды? Толығырақ осында оқыңыз.
 
▪️Жалақы бойынша қарызды өндіру: Қызылорда облысының прокуратурасы «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы бойынша жалақысын ала алмаған жас жұмысшыларға 263,9 млн теңгені төлеуді қамтамасыз етті. Олардың құқықтары қалай қалпына келтірілді? Толық мәліметтерді осында оқыңыз.
 
Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграм арнасынан оқып бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:
 
🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Напоминаем о главных и актуальных новостях прошедшей недели.
 
🔹 Понедельник
 
▪️Экстрадиция мошенницы: Генеральная прокуратура экстрадировала гражданку Казахстана из Кыргызстана по обвинению в хищении более 230 млн тенге через дистанционный доступ к банковским счетам. Какое наказание ей грозит? Узнайте подробности здесь.
 
▪️Завышенные цены и нехватка оборудования: в Актюбинской области прокуратура выявила необоснованное повышение цен на медицинские услуги и отсутствие необходимого диагностического оборудования. Какие меры были предприняты для устранения нарушений? Подробности читайте здесь.
 
▪️Давление на бизнес: в Алматинской области прокуратура восстановила права инвесторов, вложивших более 100 млрд тенге. Необоснованные отказы в документах и незаконные аресты счетов – как решилась ситуация? Читайте здесь.
 
🔹 Вторник
 
▪️Чиновники против закона: в Алматы прокуратура выявила незаконные проверки бизнеса, организованные по поручению заместителя акима города. Кто понёс ответственность и как это сказалось на предпринимателях? Узнайте здесь.
 
▪️Возврат по делу LRT: в Астане прокуратура добилась возврата государству имущества на 920 млн тенге. Что в списке активов и что планируют вернуть дальше? Читайте подробности здесь!
 
▪️Миллионы на алименты: в Алматинской области осуждены десятки неплательщиков алиментов, шесть из которых получили реальные сроки. Как прокуратура добилась взыскания более 1 млрд тенге? Подробности читайте здесь.
 
🔹 Среда
 
▪️Мошенничество на 421 млн тенге: в Актобе раскрыто преступление, связанное с невыполнением обязательств перед дольщиками. Как прокуратура защищает пострадавших и что им удалось вернуть? Узнайте здесь.
 
▪️ Введение в школах предмета «Закон и Порядок» предложил Генпрокурор Берик Асылов. Подробнее по ссылке.
 
▪️Хищение 15,9 млн тенге: бухгалтер детского сада в Улытау осуждена за несанкционированные перечисления средств. Какой приговор она получила и что это значит для её будущего? Читайте здесь.
 
🔹 Четверг
 
▪️«STOP наркотик!»: в Восточно-Казахстанской области стартовал уникальный пилотный проект, где граждане получают вознаграждения за информацию о наркопреступлениях. Как работает эта инициатива и сколько уже было выплачено? Подробности читайте здесь.
 
▪️Проблема алиментов: в Жамбылской области мать пятерых детей погасила долг по алиментам на 1,4 млн тенге через медиативное соглашение. Как удалось договориться и что теперь ждёт должницу? Читайте здесь.
 
▪️Подпольная лаборатория марихуаны: в Акмолинской области осуждён мужчина за организацию подпольного производства наркотиков. Какое наказание ему назначено и что нашли в ходе обыска? Узнайте здесь!
 
🔹 Пятница
 
▪️Проблемы с землёй для инвесторов: прокуратура Павлодарской области ликвидировала необоснованные барьеры, которые мешали реализации крупных инвестиционных проектов. Какие шаги были предприняты для поддержки бизнеса? Узнайте подробности здесь.
 
▪️Задолженность по зарплате погашена: прокуратура Туркестанской области добилась выплаты 14 млн тенге 139 работникам предприятия «Таза су», которые не получали заработную плату. Какие меры были приняты? Читайте подробности здесь.
 
▪️Взыскание задолженности по зарплате: прокуратура Кызылординской области добилась выплаты 263,9 млн тенге молодым работникам в рамках программы «Молодёжная практика», которые не получили зарплату. Как были восстановлены их права? Узнайте подробности здесь.

Эти и другие новости читайте в нашем телеграм канале Генеральной прокуратуры и смотрите нас в социальных сетях:  
 
🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Шымкент қаласының прокурорлары бизнес субъектілерінің құқығын қорғады  
 
Кәсіпкерлердің құқығын қорғау – прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі.  
 
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті жеке сарапшының қорытындысына сәйкес Әкімшіліктің лауазымды тұлғалары мен «Жасыл-Жер» ЖШС-не қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша заңсыз қылмыстық іс бастады.
 
Сарапшының қорытындысында "Кенбаба" Этнопаркінің аумағын күтіп ұстау және қызмет көрсету жұмыстарының көлемі сметалық құнға негізсіз қосылғаны, нәтижесінде жұмыстардың құны 230 млн теңгеге өсіп кеткені көрсетілген.  
Одан бөлек, тергеу органы қылмыстық іс шеңберінде тінту және басқа да тергеу әрекеттерін жүргізіп, бизнес субъектілерін қылмыстық қудалау орбитасына тартқан, салдарынан олардың қалыпты қызметіне кедергі келді.
 
Қала прокуратурасы қылмыстық істі зерделеу барысында қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтатты.
 
Кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты прокурорлық қадағалау шаралары қолданылды.  
 
#Заң_мен_Тәртіп
 
Шымкент қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/974986?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Прокурорами Шымкента защищены права субъектов бизнеса
 
Защита прав предпринимателей одно из приоритетных направлений надзорной деятельности органов прокуратуры.
 
ДЭР по г.Шымкент на основании заключения частного специалистане законно начато досудебное производство в отношении должностных лиц Акимата и ТОО «Жасыл-Жер» по факту хищения бюджетных средств.
 
Из заключения специалиста следует, что объем работ по содержанию и обслуживанию территории частного парка Этнопарк «Кенбаба» были необоснованно включены в сметную стоимость, в результате этого стоимость работ была завышена на сумму 230 млн тенге.
 
Вместе с тем, в рамках уголовного дела орган досудебного расследования провел обыски и другие следственные действия, что привело к вовлечению в орбиту уголовного преследования субъектов бизнеса, тем самым нарушило нормальное функционирование деятельности предприятия.
 
По результатам изучения прокуратурой города уголовное дело прекращено за отсутствием состава уголовного правонарушения.
 
В отношении виновных должностных лиц приняты меры прокурорского надзора.
 
#ЗакониПорядок
 
Ссылка на сайт прокуратуры города Шымкент:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/974986?lang=ru

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Алматыда Мәлік Ғабдуллиннің 110 жылдығына арналған дөңгелек үстелөтті
 
Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «МәлікҒабдуллиннің мұрасы және жас заңгерлер миссиясы - құқықтық тәртіп және ұрпақтар сабақтастығы»тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара «Болашақ прокурор кеңістігі» жобасы шеңберінде Бас прокуратураның және Алматы қаласы прокуратурасының қолдауымен өткізілді.

Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментінің Басқарма бастығы Ернұр Уәли, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Рақышев және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың факультет деканы Ғабит Кенжебаев сөз сөйледі.

Сондай-ақ дөңгелек үстел жұмысына прокуратура, профессорлық-оқытушылық құрам және университеттің студенттік қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Қатысушылар Мәлік Ғабдуллин тұлғасының тарихи-құқықтық мəнiн, оның мемлекеттік және ғылыми көзқарасты дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ жастардың қазiргi қоғамдағы құқықтық тәртіп пен құқықтық сананы нығайтудағы рөлін талқылады.

Құқықтық мәдениетті дамыту, азаматтық жауаптылықты және заң мамандығындағы ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Соңында қатысушылар осындай іс-шаралардың жастар арасында құқықтық диалогты дамыту, патриотизмді тәрбиелеу және заңгер мамандығының беделін арттыру үшін маңыздылығын атап өтті.

#Заң_мен_Тәртіп

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM