Посольство Казахстана в Узбекистане
651 subscribers
5.32K photos
476 videos
1.25K links
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі/Қозоғистон Республикасининг Ўзбекистон Республикасидаги элчихонаси/Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Uzbekistan/Посольство Республики Казахстан в Республике Узбекистан
Download Telegram
🔷2025 жылғы 30 мамырда Алматыда Қазақстан мен Өзбекстанның Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысы өтті.
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоилов екіжақты ынтымақтастықты кеңейту және парламентаралық қатынастарды дамыту жөніндегі уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.
Отырысты ашқан Мәжіліс спикері соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасында жоғары деңгейдегі бірқатар өзара сапар өтіп, тарихи құжаттарға қол қойылғанын атап өтті. Ол екі ел арасындағы парламентаралық ықпалдастықтың жүйелі сипат алып, нақты мазмұнмен толыға түскеніне назар аударды. Бұл үрдіс көпжақты алаңдарда да жүзеге асуда.
Өз кезегінде, Нуриддин Исмоилов парламентаралық диалог елдер арасындағы сенімді нығайтудың маңызды факторы екенін және мемлекет басшыларының стратегиялық келісімдерін жүзеге асыруға септігін тигізетінін айтты.
Кеңестің екінші отырысының негізгі тақырыбы экономика, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект сияқты бағыттар бойынша ынтымақтастықтың перспективаларына, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы жобаларға арналды.
Сонымен қатар Мәжіліс спикері күн тәртібіндегі басым бағыттарға назар аударды. Олардың қатарында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екіжақты тауар айналымын 2030 жылға қарай 10 миллиард долларға дейін ұлғайту міндеті де бар. Депутаттар осы межеге тезірек қол жеткізу үшін қажетті заңнамалық шараларды талқылады.
Отырыс барысында депутаттар жоғары деңгейде қол жеткізілген үш негізгі көлік-логистика жобасының жүзеге асырылу мәселелерін де талқылады. Олар: Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысы, Ташкент облысында Көпфункционалды логистика орталығын құру, сондай-ақ Қызылорда – Үшқұдық теміржол және автомобиль жолының құрылысы.
Сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисының Заң шығарушы палатасы делегациясына Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің тапсырмаларын орындау бойынша жүзеге асырылған өнеркәсіптік жобалар таныстырылды.

Толығырақ parlam.kz сайтында.

t.me/mazhilis_kz
👍7🔥1
Посольство Казахстана в Узбекистане
🔷2025 жылғы 30 мамырда Алматыда Қазақстан мен Өзбекстанның Парламентаралық ынтымақтастық кеңесінің екінші отырысы өтті. Қазақстан Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов пен Өзбекстан Олий Мажлисі Заң шығару палатасының спикері Нуриддин Исмоилов екіжақты…
🔶30 мая 2025 года в Алматы прошло Второе заседание Совета межпарламентского сотрудничества Казахстана и Узбекистана.
Председатель Мажилиса Парламента Казахстана Ерлан Кошанов и Спикер Законодательной палаты Олий Мажлиса Узбекистана Нуриддин Исмоилов обсудили ход реализации договоренностей по расширению двустороннего сотрудничества и развитию межпарламентских отношений.
Открывая заседание, Председатель Мажилиса подчеркнул, что в последние годы между Казахстаном и Узбекистаном состоялся целый ряд взаимных визитов на высшем уровне и подписаны исторические документы. Он отметил, что и парламентское взаимодействие между двумя странами приобретает системный характер и наполняется предметным содержанием, в том числе на многосторонних площадках.
В свою очередь, Нуриддин Исмоилов подчеркнул, что межпарламентский диалог становится важным фактором укрепления доверия между странами и способствует выполнению стратегических договоренностей глав государств.
Главными темами Второго заседания Совета стали перспективы сотрудничества по таким направлениям, как экономика, информационные технологии и искусственный интеллект, а также проекты в культурно-гуманитарной и туристической сферах.
Спикер Мажилиса акцентировал внимание на приоритетных пунктах повестки. Среди них – задача по наращиванию двустороннего товарооборота между Казахстаном и Узбекистаном до 10 млрд долларов к 2030 году. Парламентарии обсудили законодательные меры, необходимые для скорейшей реализации поставленной задачи.
В ходе заседания депутаты обсудили также вопросы реализации договорённостей на высшем уровне по трём ключевым транспортно-логистическим проектам: строительству железнодорожной линии Дарбаза – Мактаарал, созданию Многофункционального центра логистики в Ташкентской области, а также строительству железной и автомобильной дорог Кызылорда – Учкудук.
Кроме того, делегации Законодательной палаты Олий Мажлиса были презентованы промышленные проекты, реализованные в рамках исполнения поручений президентов Казахстана и Узбекистана.

Подробнее на сайте parlam.kz.
🔥6🥰2👍1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бүгін Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

Осыған орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешеніне барып, гүл шоғын қойды.

Мемлекет басшысы боздақтардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

t.me/aqorda_resmi
🙏6👍1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Сегодня – День памяти жертв политических репрессий и голода

Президент Касым-Жомарт Токаев посетил Музейно-мемориальный комплекс жертв политических репрессий и тоталитаризма «АЛЖИР».

Глава государства возложил цветы к мемориалу и почтил память павших минутой молчания.

t.me/aqorda_resmi
👍7🙏2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады

– Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.


t.me/aqorda_resmi
❤7👍3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства Касым-Жомарт Токаев поздравил с Днем защиты детей

– Поздравляю с Днем защиты детей! Воспитать подрастающее поколение, дать ему лучшие знания и привить высокие моральные качества – наш общий долг. Государство создает все условия для всестороннего развития детей. Желаю каждому ребенку счастливого детства и светлого будущего! – написал Президент на своей странице в социальной сети Х.


t.me/aqorda_resmi
❤8👍1
🔷2025 жылғы 2 маусым — Ташкентте «Green University» қоршаған ортаның және климаттың өзгеруі жөніндегі Орталық Азия университетінің қабырғасында Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) Аймақтық кеңсесінің ресми ашылуы өтті.
Ашылу салтанатына Өзбекстан Республикасының Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов, Халықаралық табиғатты қорғау одағының бас директоры Гретель Агилар, дипломатиялық корпустың, мемлекеттік органдардың, ғылыми қауымдастық пен БАҚ өкілдері қатысты.
Форум аясында Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов кеңсені аймақтың негізгі экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған стратегиялық үйлестіру және сараптау орталығы ретінде құрудың маңыздылығын атап өтті. Кеңсе қызметі биоалуантүрлілікті сақтау, климаттың өзгеруінің салдарымен күресу және табиғатты тұрақты пайдалануды ынталандыру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға көмектесетінін айтты. Сондай-ақ, Елші Қазақстанның экологиялық жобаларды жүзеге асырудағы тәжірибесімен, соның ішінде құрғақ аймақтардағы жердің тозуын және ормандардың жойылуын болдырмау, сондай-ақ трансшекаралық су ресурстарын басқару, ақбөкен мен тұран жолбарыстарының популяциясын қалпына келтіру және т.б. бастамаларымен бөлісті.
📌Анықтама: Халықаралық табиғатты қорғау одағы (IUCN) — табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мәселелерімен айналысатын әлемдегі ең ірі ұйым. 1948 жылы негізі қаланған оның штаб-пәтері Гландта (Швейцария) орналасқан.
👍6❤2🔥2