Посольство Казахстана в Узбекистане
651 subscribers
5.32K photos
476 videos
1.25K links
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі/Қозоғистон Республикасининг Ўзбекистон Республикасидаги элчихонаси/Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Uzbekistan/Посольство Республики Казахстан в Республике Узбекистан
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларға арналған құттықтауы

Қадірлі қауым!


Сіздерді Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуымен құттықтаймын!

Абай – төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан ұлы ақын.

Ол жаңа әдебиетіміздің негізін қалап, дүниетанымымыздың көкжиегін кеңейтті. Өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын қасиеттерді кеңінен дәріптеді. Отанға деген сүйіспеншіліктің және ел мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін көрсетті.

Хәкім Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы. Оның ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды. Бүгінгі салтанатты іс-шараның түпкі мәні де – осында.

Бұл өңір – Абаймен қатар Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов сынды ұлттың ұлы перзенттерін дүниеге әкелген киелі өлке. Мемлекет осы аймақты ұлттық құндылықтар мекені ретінде өркендетуге баса мән береді.

Ұлы ойшылдың өміршең өлеңдері мен қастерлі қара сөздері әлі талай ұрпаққа рухани азық болары анық.

Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

t.me/aqorda_resmi
❤6
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Приветствие Президента Касым-Жомарта Токаева участникам торжественных мероприятий, посвященных 180-летию Абая Кунанбайулы

Уважаемые участники!

Поздравляю вас со 180-летним юбилеем Абая Кунанбайулы!

Абай – личность мирового значения, великий поэт, внесший неоценимый вклад в развитие культуры и обновление самосознания нашего народа.

Будучи основоположником современной казахской литературы, он расширил горизонты нашего мировоззрения.

Поэт призывал молодых людей быть образованными, трудолюбивыми и ответственными гражданами. Его идеи и сегодня служат делу формирования нового качества нации, а жизненный путь является образцом любви к Родине и самоотверженного служения обществу.

Богатое наследие Хакима Абая стало духовным ориентиром не только для казахского народа, но и для всего человечества. Его мысли и заповеди никогда не утратят своей актуальности. Поэтому очень важно исследовать и популяризировать творчество Абая, постигая глубокий смысл его произведений.

Этой цели посвящено и сегодняшнее мероприятие, проходящее на священной земле, которая наряду с Абаем дала миру таких великих сыновей, как Шакарим Кудайбердиулы и Мухтар Ауэзов. Государство придает большое значение развитию этого региона как очага национальной культуры.

Бессмертные стихи и мудрые Слова назидания, несомненно, будут служить духовной пищей еще многим поколениям.

Мы всегда будем хранить верность наследию великого Абая!

t.me/aqorda_resmi
❤6
🔷В Узбекистане в честь 180-летия со дня рождения великого казахского поэта, мыслителя, просветителя и музыканта Абая
Кунанбаева проводится широкий цикл культурно-просветительских мероприятий, направленных на всестороннее изучение и популяризацию его богатого литературного,
философского и музыкального наследия.
Торжества начались с возложения венка кпамятнику Абаю Кунанбаеву в Ташкенте.
В церемонии приняли участие Посол
Республики Казахстан в Республике Узбекистан Бейбут Атамкулов, Председатель Комитета Республики Узбекистан по межнациональным отношениям и дружественным
связям с зарубежными странами Кахраман Сариев, Председатель Союза писателей Узбекистана Сирожиддин Саидов, Управляющий директор НАО «Фонд Отандастар» Ержан
Мукаш, Председатель Казахского национального культурного центра Узбекистана Серикбаев Усенов, руководители региональных филиалов центра, председатели
национальных культурных центров Узбекистана, представители обществ дружбы, атакже активная молодёжь.
Продолжением программы стала международная
конференция «Абай — любимый поэт казахского и узбекского народов» в Союзе писателей Узбекистана. В работе форума приняли участие известные
учёные-абаяведы двух стран. А также Узбекском национальном академическом драматическом театре состоялся торжественный концерт, посвящённый юбилею
великого поэта.
В течение предстоящей недели в различных городах Узбекистана пройдут научно-практические конференции, тематические
встречи, литературные чтения с участием поэтов, писателей и учёных, посвящённые жизни и творчеству Абая Кунанбаева.
13 марта 2018 года в
Республике Узбекистан было принято Постановление Президента Шавката Мирзиёева №ПП-3598 «О широком изучении и пропаганде творчества Абая Кунанбаева». Этот
документ предусматривает реализацию комплекса мероприятий, направленных напопуляризацию его литературного и философского наследия, укрепление культурного
диалога и взаимопонимания между народами.
❤7🙏3🔥2
Посольство Казахстана в Узбекистане
🔷В Узбекистане в честь 180-летия со дня рождения великого казахского поэта, мыслителя, просветителя и музыканта Абая Кунанбаева проводится широкий цикл культурно-просветительских мероприятий, направленных на всестороннее изучение и популяризацию его богатого…
🔶Өзбекстанда ұлы қазақ ақыны, ойшылы,ағартушысы және сазгері Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай, оның
бай әдеби, философиялық және музыкалық мұрасын жан-жақты зерттеу мен насихаттауға бағытталған ауқымды мәдени-ағартушылық іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Мерекелік шаралар Ташкент қаласында Абай
Құнанбайұлы ескерткішіне гүл шоғын қою рәсімінен басталды. Салтанатқа Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов, Өзбекстан Республикасының
Халықаралық және достық байланыстар жөніндегі комитетінің төрағасы Қахраман Сариев, Өзбекстан Жазушылар одағының төрағасы Сирожиддин Саидов, «Отандастар
қоры» КЕАҚ басқарушы директоры Ержан Мұқаш, Өзбекстандағы Қазақ ұлттық мәдени орталығының төрағасы Серікбаев Үсенов, орталықтың аймақтық филиал басшылары,
Өзбекстандағы ұлттық мәдени орталықтардың төрағалары, достық қоғамдарының өкілдері, сондай-ақ белсенді жастар қатысты.
Бағдарламаның жалғасы ретінде Өзбекстан
Жазушылар одағында «Абай — қазақ және өзбек халықтарының сүйікті ақыны» аттыхалықаралық конференция өтті. Форум жұмысына екі елдің белгілі абайтанушы
ғалымдары қатысты. Сондай-ақ Өзбек ұлттық академиялық драма театрында ұлы ақынның мерейтойына арналған салтанатты концерт ұйымдастырылды.
Алдағы аптада Өзбекстанның әртүрлі
қалаларында Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналғанғылыми-практикалық конференциялар, тақырыптық кездесулер, ақындар, жазушылар
және ғалымдардың қатысуымен әдеби оқулар өтеді.
Өзбекстан Республикасы Президенті Ш.М.Мирзиёевтің 2018 жылғы
13 наурызда №ПП-3598 «Абай Құнанбайұлы шығармашылығын кеңінен зерттеу және насихаттау туралы» қаулысы қабылданған болатын. Бұл құжат оның әдеби және
философиялық мұрасын дәріптеуге, халықтар арасындағы мәдени диалог пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыруды көздейді.
🔥7👍4🙏2😁1
🔷12 августа 2025 года в Агентстве стратегических реформ при Президенте Республики Узбекистан состоялось мероприятие, посвящённое подведению итогов первого форсайт-семинара «Центральная Азия 2050», прошедшего в Ташкенте 27–28 мая текущего года.
В обсуждении приняли участие директор Агентства стратегических реформ (АСР) Баходир Рахматов, руководитель Проектного офиса АСР Delivery Unit Азиза Умарова, главы дипломатических миссий стран Центральной Азии, а также представители Министерства иностранных дел Узбекистана.
Участникам были представлены основные результаты форсайт-семинара и проект Дорожной карты по реализации предложенных инициатив. В ходе презентации Азиза Умарова обозначила ключевые направления взаимодействия в рамках Дорожной карты и сообщила о подготовке книги «Центральная Азия – 2050», в которую войдут аналитические материалы и экспертные оценки перспектив развития региона.
Посол Казахстана Бейбут Атамкулов в своём выступлении подчеркнул значимость форсайт-методологии для выработки практических решений в условиях стремительного сближения стран Центральной Азии и призвал к консолидации усилий всех государств региона для запуска новых масштабных проектов.
Напомним, что 27–28 мая в Ташкенте состоялся первый форсайт-семинар, объединивший экспертов и аналитиков из пяти стран Центральной Азии. По его итогам были сформулированы новые идеи и инициативы, направленные на дальнейшее укрепление сотрудничества и развитие региональной интеграции.

🔶2025 жылғы 12 тамызда Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық реформалар агенттігінде 27–28 мамырында Ташкентте өткен «Орталық Азия 2050» алғашқы форсайт-семинардың қорытындыларын талқылауға арналған іс-шара өтті.
Талқылауға Стратегиялық реформалар агенттігінің директоры Баходир Рахматов, Агенттігінің Delivery Unit Жобалық кеңсесінің жетекшісі Азиза Умарова, Орталық Азия елдерінің дипломатиялық миссияларының басшылары, сондай-ақ Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қатысты.
Қатысушыларға форсайт-семинардың негізгі нәтижелері мен ұсынылған бастамаларды іске асыруға арналған Жол картасының жобасы таныстырылды. Презентация барысында Азиза Умарова Жол картасы аясындағы өзара іс-қимылдың негізгі бағыттарын атап өтіп, өңірдің даму перспективалары жөніндегі талдамалық материалдар мен сараптамалық бағалар енгізілетін «Орталық Азия – 2050» кітабының дайындалып жатқанын хабарлады.
Қазақстан Елшісі Бейбіт Атамқұлов өз сөзінде Орталық Азия елдерінің қарқынды жақындасу жағдайында практикалық шешімдер әзірлеу үшін форсайт-әдістемесінің маңыздылығын атап өтіп, өңір елдерінің барлығының күш-жігерін біріктіріп, жаңа ауқымды жобаларды іске қосуға шақырды.
Еске сала кетейік, 27–28 мамырда Ташкентте Орталық Азияның бес елінен сарапшылар мен талдаушыларды біріктірген алғашқы форсайт-семинар өтті. Семинар қорытындысы бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өңірлік интеграцияны дамытуға бағытталған жаңа идеялар мен бастамалар әзірленді.
❤7🔥2👌2👍1