Посольство Казахстана в Узбекистане
652 subscribers
5.27K photos
471 videos
1.25K links
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі/Қозоғистон Республикасининг Ўзбекистон Республикасидаги элчихонаси/Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Uzbekistan/Посольство Республики Казахстан в Республике Узбекистан
Download Telegram
🔷2026 жылғы 13–14 ақпанда Ташкент қаласында Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның су-энергетика саласындағы ведомстволары басшыларының жұмыс кездесуі өтті.
Қазақстан Республикасын кездесуде Энергетика министрі Ерлан Аккенженов бастаған салалық министрліктердің делегациясы таныстырды.
Толығырақ сілтеме бойынша 🔗

🔶13-14 февраля 2026 года в Ташкенте состоялась рабочая встреча руководителей водно-энергетических ведомств Казахстана, Узбекистана, Кыргызстана и Таджикистана.
Республика Казахстан была представлена делегацией профильных министерств во главе с Министром энергетики Ерланом Аккенженовым.
Подробнее по ссылке 🔗

🔗O'zbek tilida:
🔗In English:
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥3⚡1
🔷ҚР-ның ӨР-дағы Елшілігінде ҚР-ның ӨР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б. Атамқұловтың «NRG BI» компаниясының директоры Д. Әділхановпен кездесуі өтті. Кездесу барысында тараптар компанияның Өзбекстандағы ағымдағы қызметін және елдің құрылыс нарығындағы қатысу аясын кеңейту перспективаларын талқылады.

❗️Анықтама: «NRG BI» – Өзбекстандағы «BI Group» компаниясының еншілес құрылымы болып табылады және негізінен Ташкент қаласында тұрғын үй және көпфункционалды құрылыс жобаларын іске асырып, елордалық құрылыс нарығында елеулі үлеске ие.
«BI Group» – 1995 жылы құрылған Қазақстандағы ірі инвестициялық-құрылыс компанияларының бірі.

Толығырақ ⬅️

🔶В Посольстве РК в РУ состоялась встреча Чрезвычайного и Полномочного Посла РК в РУ Б. Атамкулова с Директором компании «NRG BI» Д. Адильхановым. В ходе беседы стороны обсудили текущую деятельность компании в Узбекистане и перспективы расширения ее присутствия на строительном рынке страны.

❗️Справочно: «NRG BI» является дочерней структурой «BI Group» в Узбекистане и реализует проекты в сегменте жилой и многофункциональной застройки, преимущественно в г. Ташкент, занимая значимую долю столичного строительного рынка.
«BI Group» – одна из крупнейших инвестиционно-строительных компаний Казахстана, основанная в 1995 году.

Подробнее по ссылке ⬅️

🔗O'zbek tilida:
🔗In English:
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥3⚡1👏1
🔷В столице Узбекистана — городе Ташкент — проходит 3-й Международный шахматный турнир «Аль-Бируни», организованный по правилам FIDE в группах Masters, Challengers, Futures и OPEN с участием ведущих шахматистов из разных стран.

Казахстан на соревнованиях представляют Алдияр Ансат, Абдильхаир Абильмансур и Михаил Должников.

Сегодня Посол Казахстана в Узбекистане Бейбут Атамкулов принял участие в церемонии символического «первого хода» в партии казахстанского спортсмена Алдияра Ансата против шахматиста из Армении Артура Давтяна.

Глава Дипмиссии пожелал участникам турнира гениальных ходов, уверенных побед и новых спортивных высот.

В рамках визита Посол также посетил Международную шахматную академию Узбекистана и Республиканскую специализированную детско-юношескую спортивную школу по шахматам, где ведётся подготовка молодых шахматистов и развитие интеллектуального спорта в стране.

❗️Развитие шахмат на государственном уровне играет важную роль в формировании интеллектуального потенциала общества. Этот вид спорта способствует развитию логического мышления, стратегического планирования, усидчивости и дисциплины у молодёжи, формируя новое поколение мыслящих и стратегически ориентированных граждан.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3🔥2
Посольство Казахстана в Узбекистане
🔷В столице Узбекистана — городе Ташкент — проходит 3-й Международный шахматный турнир «Аль-Бируни», организованный по правилам FIDE в группах Masters, Challengers, Futures и OPEN с участием ведущих шахматистов из разных стран. Казахстан на соревнованиях представляют…
🔶Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Masters, Challengers, Futures және OPEN топтары бойынша FIDE ережелеріне сәйкес ұйымдастырылған «Әл-Бируни» ІІІ халықаралық шахмат турнирі өтіп жатыр. Жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен келген үздік шахматшылар қатысуда.

Дүбірлі додада Қазақстан намысын Алдияр Аңсат, Әбділқайыр Әбілмансұр және Михаил Должников қорғауда.

Бүгін Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Бейбіт Атамқұлов қазақстандық спортшы Алдияр Аңсат пен армениялық шахматшы Артур Давтян арасындағы партияның салтанатты «алғашқы жүрісін» жасады.

Дипломатиялық миссия басшысы турнирге қатысушыларға тапқырлық, сенімді жеңістер мен жаңа спорттық белестер тіледі.

Шара барысында Елші Өзбекстанның Халықаралық шахмат академиясы және шахмат бойынша Республикалық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен танысты. Бұл мекемелерде жас шахматшыларды даярлау және елдегі интеллектуалды спортты дамыту жұмыстары жүргізілуде.

❗️Шахматты мемлекеттік деңгейде дамыту — қоғамның интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Спорттың бұл түрі жастардың логикалық ойлау қабілетін, стратегиялық жоспарлау дағдысын, төзімділігі мен тәртібін арттырып, ой-өрісі кең, стратегиялық мақсаттарға бағытталған жаңа буынды қалыптастыруға ықпал етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥3🎉1
🔷17 февраля 2026 г. состоялась встреча Посла Казахстана в Узбекистане Бейбута Атамкулова с Главой регионального офиса Международного института по управлению водными ресурсами (IWMI) Барбарой Януш-Павлеттой.

В ходе беседы стороны обсудили текущее состояние сотрудничества в
области использования и управления водными ресурсами Центральной Азии,
включая развитие новых подходов в водосберегательных технологиях, системе
подготовки кадров.

Посол Б.Атамкулов ознакомил Главу регионального офиса IWMI с ходом
подготовки к Региональному экологическому саммиту, который состоится в г.Астане в апреле 2026 года, а также с инициативой Президента Казахстана К.Токаева о создании Международной водной организации под эгидой ООН.

В этом контексте стороны обменялись мнениями о реализации данной
инициативы и о роли организации в системе ООН. Подчёркнута важность создания эффективной модели, способной усилить глобальное водное
управление и международное сотрудничество в условиях нарастающих
климатических вызовов.

В свою очередь, Б.Януш-Павлетта сообщила о взаимодействии IWMI с профильными государственными органами и ВУЗами Казахстана.
Проинформировала о планируемом проведении ряда панельных сессий в рамках предстоящего Регионального экологического саммита.

В завершение встречи стороны выразили взаимную заинтересованность в
укреплении партнёрских связей и развитии практического сотрудничества.
👍5🔥3❤1👌1
Посольство Казахстана в Узбекистане
🔷17 февраля 2026 г. состоялась встреча Посла Казахстана в Узбекистане Бейбута Атамкулова с Главой регионального офиса Международного института по управлению водными ресурсами (IWMI) Барбарой Януш-Павлеттой. В ходе беседы стороны обсудили текущее состояние…
🔶2026 жылғы 17 ақпанда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Халықаралық су ресурстарын басқару институтының (IWMI) өңірлік кеңсесінің басшысы Барбара Януш-Павлеттамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Орталық Азиядағы су ресурстарын пайдалану және басқару саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйін, соның ішінде су үнемдеу технологиялары бойынша жаңа тәсілдерді дамыту мен кадр даярлау жүйесін талқылады.

Елші Б.Атамқұлов IWMI өңірлік кеңсесінің басшысын 2026 жылғы сәуір айында Астана қаласында өтетін Өңірлік экологиялық саммитке дайындық барысымен, сондай-ақ Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың БҰҰ аясында Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі бастамасымен таныстырды.

Осы тұрғыда тараптар аталған бастаманы іске асыру мәселелері және ұйымның БҰҰ жүйесіндегі рөлі жөнінде пікір алмасты. Климаттық сын-қатерлер күшейіп отырған жағдайда жаһандық су басқаруды және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қабілетті тиімді модель қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Өз кезегінде Б.Януш-Павлетта IWMI-дің Қазақстанның бейінді мемлекеттік органдарымен және жоғары оқу орындарымен өзара іс-қимылы туралы хабарлады. Сондай-ақ алдағы Өңірлік экологиялық саммит аясында бірқатар панельдік сессиялар өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік байланыстарды нығайтуға және практикалық ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік білдірді.
👍6
🔤🔤🔤🔤🔤🔤🔤🔤🔤🔤
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2026 жылғы 15 наурызда (07.00-ден 20.00-ге дейін) Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігі жанындағы № 431 референдум учаскесінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы бойынша республикалық референдум өтеді.
Дауыс беру күні 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан Республикасының әрбір азаматы республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Аталған құқықты жүзеге асыру үшін Елшілік Сізді референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізіміне енгізуі қажет.
Өзбекстан Республикасының аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты бар барлық азаматтар Елшілік жанындағы № 431 референдум учаскесінің дауыс берушілер тізіміне енгізіледі.

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Дауыс берушілер тізіміне енгізілу үшін Өзбекстан Республикасының аумағында жүрген әрбір азамат алдын ала өз деректерін (аты-жөні, туған күні, ЖСН, тұрғылықты мекенжайы, байланыс деректері) «Референдум – 2026» белгісімен kazconsul_tash@mfa.kz электрондық поштасына жолдауы қажет.

📌Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, №431 учаскенің телефоны бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:
+998 71 231 61 74.


🔤🔤🔤🔤🔤🔤🔤🔤🔤🔤
УВАЖАЕМЫЕ СООТЕЧЕСТВЕННИКИ!
15 марта 2026 года (с 07.00 до 20.00)
на участке референдума № 431 при Посольстве Республики Казахстан в Республике Узбекистан состоится республиканский референдум по новой Конституции Республики Казахстан.
Каждый гражданин Казахстана, достигший 18-летнего возраста на день голосования, обладающий активным избирательным правом, имеет конституционное право участвовать в республиканском референдуме.
Для реализации данного права Посольству необходимо Вас включить в список граждан, имеющих право участвовать в референдуме.
В список голосующих участка референдума № 431 при Посольстве Республики Казахстан в Республике Узбекистан включаются все граждане, постоянно или временно проживающие на территории Узбекистана, имеющие действительные паспорта гражданина Республики Казахстан.

УВАЖАЕМЫЕ ГРАЖДАНЕ!
Для включения Вас в список голосующих, каждому гражданину, находящемуся на территории Республики Узбекистан необходимо заблаговременно сообщить свои данные (ФИО, дата рождения, ИИН, адрес места жительства, контактные данные) на электронный адрес kazconsul_tash@mfa.kz c отметкой «Референдум - 2026».

📌В случае возникновения дополнительных вопросов, просим обратиться по номерам телефона № 431 участка: +998 71 231 61 74.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥4👏2