Посольство Казахстана в Узбекистане
652 subscribers
5.27K photos
471 videos
1.25K links
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі/Қозоғистон Республикасининг Ўзбекистон Республикасидаги элчихонаси/Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Uzbekistan/Посольство Республики Казахстан в Республике Узбекистан
Download Telegram
🇰🇿🇺🇿2026 жылғы 18 сәуірде Орталық Азия халықаралық институтында Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінің қолдауымен «Өзбекстан–Қазақстан қатынастарының жаңа серпіні. Бұхара саммитінен кейінгі қадамдар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара мемлекеттер басшыларының Бұхарадағы бейресми кездесуінің қорытындылары аясында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру тұрғысынан Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қатынастардың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылауға арналды.

Пікірталасқа Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Заң шығару палатасының өкілдері, талдау орталықтарының сарапшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасынан іс-шараға Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының директоры Жандос Шаймарданов, сондай-ақ ҚР СІМ жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы Валерий Ситенко қатысты.
Толығырақ

🇰🇿🇺🇿18 апреля 2026 г. в Международном институте Центральной Азии при содействии Посольства Казахстана в Узбекистане состоялся круглый стол на тему «Новая динамика узбекско-казахстанских отношений. Что дальше после саммита в Бухаре?».

Мероприятие было посвящено обсуждению текущего состояния и перспектив развития отношений между Казахстаном и Узбекистаном в контексте реализации договоренностей, достигнутых по итогам недавней неформальной встречи Глав государств в Бухаре.

В дискуссии приняли участие представители Законодательной палаты Олий Мажлиса Республики Узбекистан, аналитических центров и экспертных кругов, а также журналисты.

От Республики Казахстан в мероприятии участвовали Посол Казахстана в Узбекистане Бейбут Атамкулов, директор Казахстанского института стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан Жандос Шаймарданов, а также старший эксперт Института внешнеполитических исследований при МИД Казахстана Валерий Ситенко.
Подробнее по ссылке


🔗O'zbek tilida:
🔗In English:
👍5⚡1🔥1
🔷2026 жылғы 20–22 сәуір аралығында ИННОПРОМ. Орталық Азия 6-шы халықаралық өнеркәсіптік көрмесі Ташкент қаласында өтуде. Қазақстан делегациясын Ерсайын Нагаспаев бастап келді.
20 сәуірде Орталық Азия елдері мен Ресей Федерациясы өнеркәсіп министрлерінің бірінші отырысы барысында Е. Нагаспаев өңірлік кооперацияның тұрақты оң динамикасын атап өтті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның Орталық Азия елдерімен тауар айналымы 8,8 млрд АҚШ долларына жетті, ал өнеркәсіптік кооперацияның жиынтық көлемі 7,2 млрд АҚШ долларын құрады. Сонымен қатар, Ресей негізгі сауда-экономикалық әріптес мәртебесін сақтап отыр: өнеркәсіп өнімдері бойынша өзара сауда көлемі 26,8 млрд АҚШ долларына жетіп, жалпы құны 52,6 млрд АҚШ долларын құрайтын 177 жоба іске асырылуда.
«Технологиялық хабтар – Еуразияның жаңа өнеркәсіптік ландшафты» атты басты пленарлық сессияда сөйлеген сөзінде Е. Нагаспаев Қазақстанның индустриялық саясатының басымдықтарын атап өтті. Олардың қатарында өнеркәсіптік кластерлерді дамыту және шикізатты терең өңдеу, технологиялар трансферін кеңейту, жасанды интеллект пен ESG саласындағы шешімдерді енгізу, сондай-ақ елдің Еуразиядағы негізгі транзиттік-логистикалық хаб ретіндегі рөлін нығайту бар. Қазақстанда бәсекеге қабілетті инвестициялық орта қалыптасқаны, оның ішінде Астана халықаралық қаржы орталығы және жеңілдікті шарттары бар арнайы экономикалық аймақтар желісі бар екені атап өтілді. Стратегиялық бастамалардың бірі ретінде инновациялар, цифрлық экономика және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Alatau City» жобасы көрсетілді.
«ИННОПРОМ. Орталық Азия» көрмесіне ТМД және Азия елдерінен 35 мемлекеттен делегациялар қатысуда. Экспозицияда шамамен 350 компанияның әзірлемелері ұсынылған. Көрменің жалпы аумағы шамамен 18 мың шаршы метрді құрайды.
👍4