Посольство Казахстана в Узбекистане
679 subscribers
5.34K photos
479 videos
1.25K links
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі/Қозоғистон Республикасининг Ўзбекистон Республикасидаги элчихонаси/Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Uzbekistan/Посольство Республики Казахстан в Республике Узбекистан
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

 Қымбатты отандастар!
 
Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен құттықтаймын!

Бұл – мыңжылдықтардан тамыр тартатын қазақ мемлекеттілігінің қайта жаңғыруын айшықтайтын қастерлі мереке.

Біз егемендік жылдарында талай сын-қатерді еңсеріп, биік белестерді бағындырдық. Осылайша, еліміздің іргесін бекемдеп, елдігіміздің тұғырын нығайта түстік.

Қазақстан Тәуелсіздіктің 35 жылдық межесіне экономикасы қуатты, қоғамы жасампаз, күллі әлем қауымдастығы құрметпен қарайтын, беделі зор әрі ықпалды орта держава, өркениетті мемлекет ретінде жетіп отыр.

Биыл біз ұлт жылнамасының жаңа парағын ашып, тарихи өрлеу дәуіріне бетбұрыс жасадық.

Алдымызда тұрған мақсат – баршаға айқын. Біз мықты мемлекеттік институттары мен сапалы адам капиталы бар, жаһандық бәсекеге қабілетті, озық, дамыған, жасампаз, зайырлы ел болуымыз керек.

Осы орайда, Конституциямыздың заңды күшіне енуі халықаралық қоғамдастықтың назарын аударған, тарихи мән-мағынасы аса ерекше оқиға болды.

Конституция мемлекеттік басқару жүйесінің толығымен жаңаруына, еліміздің саяси, экономикалық, мәдени және әлеуметтік салаларында түбегейлі өзгерістер жасауға үлкен серпін берді.

Біз Конституцияда айқындалған құндылықтарға сүйене отырып, стратегиялық бағдарымыздан айнымай, міндетті түрде алға қадам басамыз, алдымызға қойған барлық міндеттерді жүзеге асырамыз.

Қазір біз озық технологиялар мен инновацияларды жүйелі дамытып, жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін ел игілігіне жарата бастадық.

Заманауи өндіріс орындарын ашып, инфрақұрылымды жаңғыртып, мектептер, ауруханалар және басқа да әлеуметтік нысандарды салып жатырмыз. Халқымыздың игілігі үшін көптеген жобаны іске асыру жоспарымызда бар.

Ең бастысы, біз алысқа көз тігетін ұлт ретінде жасампаз мақсаттар мен ұлы мұраттар жолында ұйысып, жарқын болашаққа зор сеніммен ұмтыламыз.

Бүгінде білімпаздық, адал еңбек, жоғары жауапкершілік және шынайы отаншылдық қасиеттері халқымыздың болмысына сіңіп, өмірлік дағдысына айналуда.

Біз Заң мен Тәртіп, Тазалық пен Қоршаған ортаға қамқорлық, Бірлік пен Келісім құндылықтарын кең ауқымда дәріптеп, қоғамда жаңа этика қалыптастыру ісін қолға алдық.

Осылайша, егемендігіміздің тұғырын күшейтіп, Әділетті, Қауіпсіз, Озық әрі Таза Қазақстанды құрып жатырмыз.

Еліміздің шаңырағы биік, ұлтымыздың рухы асқақ болсын!

Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіресін!

Республика күні құтты болсын!

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿 Поздравление Президента Касым-Жомарта Токаева
с Днем Республики


 Уважаемые соотечественники!
 
Поздравляю вас с национальным праздником – Днем Республики!

Этот праздник имеет исключительную значимость, символизируя возрождение многовековой казахской государственности.

Мы прошли большой и тернистый путь суверенного развития, наполненный знаковыми событиями и весомыми достижениями.

К 35-летию Независимости Казахстан состоялся как зрелое государство с сильной экономикой и прогрессивным обществом, уважаемая и влиятельная средняя держава.

Нынешний год открывает рубежный этап, по сути, новый цикл в летописи страны.

Мы созидаем развитое, прогрессивное, светское государство, в котором институциональная прочность и качество человеческого капитала являются залогом глобальной конкурентоспособности.

Вступление в силу Конституции стало особым с исторической точки зрения событием, привлекшим внимание международного сообщества.

Конституция придала мощный импульс обновлению системы государственного управления, коренным изменениям в политике, экономике, культуре и социальной сфере.

Опираясь на конституционные ценности, мы будем твердо следовать нашим стратегическим курсом поступательных преобразований, реализуем все стоящие перед нами задачи.

Сейчас мы планомерно внедряем передовые технологии и инновации, расширяем применение искусственного интеллекта.

Открываем современные производства, модернизируем инфраструктуру, возводим школы, больницы и другие социальные объекты. В наших планах множество проектов, направленных на повышение благополучия народа.

Но самое главное – мы как нация уверенно смотрим в будущее, сплотившись вокруг созидательных целей и вдохновляющих идеалов.

Стремление к знаниям и добросовестному труду, высокая ответственность и подлинный патриотизм становятся неотъемлемой частью мировоззрения наших граждан.

Мы строим наш общий дом, укрепляя дух нации, формируя новую общественную этику, укореняя ценности Закона и Порядка, Чистоты и Природолюбия, Единства и Согласия.

Убежден, что совместными усилиями мы упрочим наш Суверенитет, построим Справедливый, Безопасный, Прогрессивный и Чистый Казахстан.

Пусть гордо реет наш небесно-голубой флаг!

Пусть процветает наша Родина! 

С Днем Республики!

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💙 Кішкентай патриоттардан үлкен құттықтау!


#Kazakhstan #RepublicDay #25october
👍3❤1
🔷 Ташкент қаласындағы Абай ескерткішінің жанында Қазақстан Республикасының Елшілігі ұлттық мереке – Республика күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды.

Толығырақ: https://www.gov.kz/org/mfa-tashkent?lang


🔶 Toshkent shahridagi Abay haykali poyida Qozog‘iston Elchixonasi tomonidan milliy bayram — Qozog‘iston Respublikasi kuniga bag‘ishlangan tantanali tadbir tashkil etildi.

Bafasil: https://www.gov.kz/org/mfa-tashkent?lang


🔷 У памятника Абая в Ташкенте Посольством Казахстана организовано торжественное мероприятие, посвящённое национальному празднику — Дню Республики Казахстан.

Подробнее: https://www.gov.kz/org/mfa-tashkent?lang
👍4❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔷 Өзбекстан Республикасы Олий Мәжлісі Заң шығару палатасының халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік мәселелері жөніндегі комитетінің төрағасы Улугбек Убайдуллаевич Шерматовтың құттықтауы.

🔶 O‘zbekiston Respublikasi Oliy Majlisi Qonunchilik palatasining Xalqaro ishlar, mudofaa va xavfsizlik masalalari qo‘mitasi raisi Ulug‘bek Ubaydullayevich Shermatovning tabrigi.

🔷 Поздравление Председателя Комитета Законодательной палаты Олий Мажлиса Республики Узбекистан по международным делам, вопросам обороны и безопасности Улугбека Убайдуллаевича Шерматова.
👍3❤1
📢 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Іс-шараға Құрылтай депутаттары, Үкіметтің және Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың басшылары, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысады.

📹 Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 11:00-ден бастап республикалық телеарналардан, сондай-ақ Ақорданың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

📢 Prezident Qosim-Jomart Toqayev 28-oktabr kuni Qozog‘iston xalqiga Murojaatnoma bilan chiqadi.

Tadbirda Qurultoy deputatlari, Hukumat va Qozog‘iston Xalq Kengashi a’zolari, markaziy va mahalliy davlat organlari rahbarlari, jamoatchilik hamda mehnat jamoalari vakillari ishtirok etadi.

📹 Davlat rahbarining Murojaatnomasi soat 11:00 dan boshlab respublika telekanallarida, shuningdek, Oqordaning ijtimoiy tarmoqlardagi rasmiy sahifalarida to‘g‘ridan-to‘g‘ri efirga uzatiladi.

📢 Президент Касым-Жомарт Токаев 28 октября выступит с Посланием к народу Казахстана.
В мероприятии примут участие депутаты Курултая, члены Правительства и Народного Совета Казахстана, руководители центральных и местных государственных органов, представители общественности и трудовых коллективов.
📹 Послание Главы государства будет транслироваться в прямом эфире с 11:00 на республиканских телеканалах, а также на официальных страницах Акорды в социальных сетях.
2026 жылғы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ералы Тоғжанов қазақтың көрнекті ақыны әрі жыршысы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына арналған мерекелік концертке қатысты.
Ташкент облысының Жоғары Шыршық ауданында өткен іс-шараға ауданның қазақ мәдени орталықтарының өкілдері, Елшілік өкілдері, сондай-ақ қазақстандық «Абылай ханның қара жолы» халықаралық тарихи-мәдени автоэкспедициясының қатысушылары қатысты.
Өз сөзінде Е. Тоғжанов жиналған қауымды Қазақстанның ұлттық мерекесі – Республика күнімен құттықтады. Ол Жамбыл Жабаевтың қазақ халқының тарихындағы ерекше орнын, ұлттық сана-сезімді, тарихи жады мен рухани-мәдени мұраны сақтауға қосқан баға жетпес үлесін атап өтті.
Елші қазақ және өзбек халықтарының тарихи және мәдени жақындығына ерекше назар аударып, ортақ рухани мұра, ғасырлар бойы қалыптасқан достық пен өзара құрмет дәстүрлері қазіргі Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың берік негізін құрайтынын атап көрсетті.
Өзбекстандағы Қазақ мәдени орталығының төрағасы С. Үсенов те Жамбыл Жабаев шығармашылығының өзбек халқының мәдени дәстүрлерімен жақындығына назар аударды. Жамбыл шығармашылығы халық даналығын, әділдікті, достық пен өзара құрметті жырлаған өзбектің көрнекті ақындары мен бахшилерінің мұрасымен үндеседі.
Салтанатты іс-шара барысында Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасына, қазақ мәдениетінің байлығы мен ұлттық дәстүрлеріне арналған мерекелік концерттік бағдарлама ұсынылды.
🔹2026 yil 25 oktabr kuni Qozog‘iston Respublikasining O‘zbekiston Respublikasidagi Favqulodda va Muxtor Elchisi Yerali Tugjanov taniqli qozoq shoiri va oqini Jambil Jaboyev tavalludining 180 yilligiga bag‘ishlangan bayram konsertida ishtirok etdi.
Toshkent viloyatining Yuqori Chirchiq tumanida bo‘lib o‘tgan tadbirda tumandagi qozoq madaniy markazlari vakillari, Elchixona vakillari, shuningdek, Qozog‘istonning «Abilay xonning qora yo‘li» xalqaro tarixiy-madaniy avtoekspeditsiyasi ishtirokchilari qatnashdilar.
Ye. Tugjanov o‘z nutqida yig‘ilganlarni Qozog‘istonning milliy bayrami – Respublika kuni bilan tabrikladi. U Jambil Jaboyevning qozoq xalqi tarixidagi alohida o‘rnini, milliy o‘zlikni anglash, tarixiy xotira va ma’naviy-madaniy merosni saqlashga qo‘shgan beqiyos hissasini ta’kidladi.
Elchi qozoq va o‘zbek xalqlarining tarixiy va madaniy yaqinligiga alohida e’tibor qaratib, mushtarak ma’naviy meros, ko‘p asrlik do‘stlik va o‘zaro hurmat an’analari zamonaviy Qozog‘iston–O‘zbekiston hamkorligining mustahkam asosini tashkil etishini ta’kidladi.
O‘zbekistondagi Qozoq madaniy markazi raisi S. Usenov ham Jambil Jaboyev ijodining o‘zbek xalqining madaniy an’analari bilan yaqinligiga e’tibor qaratdi. Jambil ijodi xalq donishmandligi, adolat, do‘stlik va o‘zaro hurmatni tarannum etgan taniqli o‘zbek shoirlari va baxshilari merosi bilan hamohangdir.
Tantanali tadbir Jambil Jaboyevning ijodiy merosi, qozoq madaniyatining boyligi va milliy an’analariga bag‘ishlangan bayram konsert dasturi bilan hamohang tarzda o‘tdi.
🔸25 октября 2026 года Чрезвычайный и Полномочный Посол Республики Казахстан в Республике Узбекистан Ералы Тугжанов принял участие в праздничном концерте, посвящённом 180-летию со дня рождения выдающегося казахского поэта и акына Жамбыла Жабаева.
В мероприятие, состоявшемся в Верхнечирчикском районе Ташкентской области, приняли участие представители казахских культурных центров района, представители Посольства, участники казахстанской международной историко-культурной автоэкспедиции «Абылай ханның қара жолы»,
В своём выступлении Е. Тугжанов поздравил собравшихся с национальным праздником – Днём Республики Казахстан. Подчеркнул особое место Жамбыла Жабаева в истории казахского народа, его неоценимый вклад в сохранение национального самосознания, исторической памяти и духовно-культурного наследия.
Особое внимание Посол уделил исторической и культурной близости казахского и узбекского народов, подчеркнув, что общее духовное наследие, многовековые традиции дружбы и взаимного уважения составляют прочную основу современного казахстанско-узбекского сотрудничества.
Председатель казахского культурного центра в Узбекистане С.Усенов также обратил внимание на близость творчества Жамбыла Жабаева с культурными традициями узбекского народа. Творчество Жамбыла созвучно наследию выдающихся узбекских поэтов и бахши, воспевавших мудрость народа, справедливость, дружбу и взаимное уважении.
Торжественное мероприятие сопровождалось праздничной концертной программой, посвящённой творческому наследию Жамбыла Жабаева, богатству казахской культуры и национальным традициям.