Посольство Казахстана в Узбекистане
678 subscribers
5.36K photos
481 videos
1.25K links
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі/Қозоғистон Республикасининг Ўзбекистон Республикасидаги элчихонаси/Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Uzbekistan/Посольство Республики Казахстан в Республике Узбекистан
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа 2024 жылмен құттықтауы
 
Қадірлі Отандастар!
 
Бәріміз бір ел болып Жаңа жылды қарсы алып отырмыз. Баршамыз ескі жылды ой елегінен өткіземіз, алдағы жылға жоспар жасап, жаңа мақсат қоямыз. Біз осы сәтте бір-бірімізге ақ тілегімізді арнаймыз, сый-құрмет көрсетеміз. Қасиетті Отанымыздың берекелі бірлігі жұртымыздың осындай тату тірлігінен басталады.

2023 жыл Қазақстан үшін табысы мен тауқыметі қатар келген жыл болды. Өмірде қуаныш пен қиындықтың алма-кезек болуы – заңдылық. Бірақ біз еңсемізді тік ұстап, келешекке әрдайым сеніммен қараймыз.

Биыл жұртымыз Жаңа жылды көптен күткен жағымды жаңалықпен қарсы алуда. Жақында халқымыздың саны 20 миллионға жетті. Еліміз үшін бұл ақ түйенің қарны жарылған күн болды. Халық санының өсуі – мықты мемлекет болудың және өркендеудің кепілі. Ал бақытты отбасы – бақуатты елдің арқауы.

Қазақстан стратегиялық бағдары айқын ел ретінде тұрақты дамып келе жатыр. Біз ынтымақ-бірліктің және қажырлы еңбектің арқасында ауқымды іс-шаралар атқардық. Жаңару мен жаңғыру жолындағы маңызды реформаларды жүзеге асырдық. Осылайша, мемлекеттігіміздің тұғырын бекемдей түстік.

Заң мен Тәртіп үстемдігін орнатуды мемлекеттік саясаттың негізгі бағдары деп жарияладық. Осы бағытта нақты шараларды қабылдауға кірістік. Білім беру және денсаулық сақтау саласында ауқымды жобаларды қолға алдық. Әділдікке негізделген жаңа экономикалық үлгіге көше бастадық. Яғни, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту үшін аса маңызды қадам жасадық.

Шетелден миллиардтаған доллар инвестиция тарттық. Соның арқасында елімізге аса қажет өндірістер ашылды. Жұмыс орындары пайда болды. Ел экономикасының басты қозғаушы күші ретінде шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көрсететін болдық.

Заңсыз алынған экономикалық активтерді елге қайтару жұмысы жалғасуда. Мемлекетке қайтарылған қаржы көп ұзамай халықтың игілігіне жұмсалатын болды, яғни мектептер салына бастады. Жылдар бойы игерілмей келген миллиондаған гектар жер адал шаруаларға берілетін болды.

t.me/aqorda_resmi
👍6🔥1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Aqorda 🇰🇿
⚡️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жаңа 2024 жылмен құттықтауы   Қадірлі Отандастар!   Бәріміз бір ел болып Жаңа жылды қарсы алып отырмыз. Баршамыз ескі жылды ой елегінен өткіземіз, алдағы жылға жоспар жасап, жаңа мақсат қоямыз. Біз осы сәтте бір-бірімізге…
⚡️Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Новым 2024 годом
 
Дорогие соотечественники!
 
Совсем скоро наступит Новый год, который мы встречаем всей страной. В эти моменты мы все говорим друг другу теплые пожелания, подводим итоги уходящего года, строим планы на год грядущий. С такого единения нашего народа начинается единство нашей священной Родины.

Уходящий 2023 год стал для нашей страны годом больших достижений и непростых испытаний. Радости и трудности неизбежно сменяют друг друга – это закон жизни. Но мы всегда уверенно смотрим в будущее.

В этом году численность населения Казахстана перешагнула знаменательный рубеж, достигнув 20 миллионов человек. Это была долгожданная и воодушевляющая новость для всех нас. Рост населения – залог мощи и процветания государства, а счастливая семья – основа благополучия страны.

Казахстан неуклонно движется своим стратегическим курсом устойчивого прогресса. Благодаря сплоченности, упорному труду всех граждан мы воплотили в жизнь масштабные реформы на пути обновления и модернизации, укрепили фундамент нашего государства.

Мы провозгласили ключевой задачей государственной политики обеспечение верховенства закона и порядка, приняв конкретные меры в этом направлении. Запущены крупные проекты в сферах образования и здравоохранения, начат переход к новой экономической модели, основанной на принципах справедливости. Все эти важные шаги нацелены на повышение качества жизни граждан.

Привлечены миллиарды долларов иностранных инвестиций, в результате чего открыты необходимые стране предприятия, созданы новые рабочие места. Всестороннюю поддержку получил малый и средний бизнес, который является главной движущей силой национальной экономики.

Продолжается работа по возврату незаконно приобретенных экономических активов. Возвращенные государству средства уже идут на благо народа, к примеру, на строительство школ. Добросовестным аграриям будут переданы не используемые долгие годы миллионы гектаров земельных угодий.

t.me/aqorda_resmi
👍7
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Жұмысшылардың, инженерлердің және шаруалардың еселі еңбегі, әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қастерлі Отанымызға қалтқысыз қызметі, кәсіпкерлердің табысты жобалары, мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығы және ғалымдардың елге пайдалы зерттеулері арқылы ұлтымыздың жасампаздық әлеуеті арта түсті. Өз кәсібін мінсіз атқарып жүрген мұғалімдер, медицина қызметкерлері және басқа да еңбек адамдары – бүгінгі күннің нағыз батырлары.

Волонтерлер, меценаттар, құтқарушылар және өзге де жанашыр азаматтар игі істер жасап, жанкешті ерлік көрсетіп, тілектестік пен қамқорлықтың озық үлгісін танытты. Біз жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру, еңбекқорлық пен білімпаздықты дәріптеу және креативті экономиканы дамыту үшін көптеген маңызды жұмысты қолға алдық.

Елімізде кәсіби спортпен қатар, бұқаралық спорт қарқынды дамуда. Әсіресе, балалар дене шынықтырумен белсенді айналысатын болды. Сол себепті мемлекет ауылдық және қалалық жерлерде жаңа спорт нысандарын салып жатыр.

Қазақстан ұзақ мерзімге арналған ұлттық мүддесіне сай келетін салиқалы сыртқы саясат жүргізіп, халықаралық аренадағы беделін арттыра түсті. Бір сөзбен айтқанда, осы жыл біздің еліміз үшін мол табысқа, жарқын сәттерге және маңызды оқиғаларға толы болды. Жалпы, экономикамыз 4,9 пайызға өсті. Тұтас жұрт болып көптеген өзекті мәселені шеше бастадық. Осылайша, еліміздің дамуына тың серпін бердік.

Ең бастысы, біз жалпыға бірдей мүмкіндік беретін Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Жүргізілген реформалар өз жемісін бере бастады. Бұл – бәрімізге ортақ іс. Сондықтан мен осы маңызды жұмысқа атсалысқан барша азаматқа алғыс айтамын.

t.me/aqorda_resmi
👍6
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Aqorda 🇰🇿
⚡️Жұмысшылардың, инженерлердің және шаруалардың еселі еңбегі, әскерилер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қастерлі Отанымызға қалтқысыз қызметі, кәсіпкерлердің табысты жобалары, мәдениет қайраткерлерінің шығармашылығы және ғалымдардың елге пайдалы…
⚡️Созидательный потенциал нашей нации нашел свое воплощение в трудовых подвигах рабочих, инженеров, фермеров и крестьян, беззаветной службе Родине военнослужащих и сотрудников сил правопорядка, успешных проектах предпринимателей, общественно полезных трудах ученых, творчестве деятелей культуры. Сегодня истинными героями нашего времени стали профессионалы своего дела – педагоги, медицинские работники и все люди труда.

Пример солидарности и взаимной поддержки показали добрые дела волонтеров, меценатов, героические поступки спасателей и просто неравнодушных граждан.
Мы начали важную работу по формированию новой общественной этики, продвижению в обществе ценностей труда и культа знаний, развитию креативной экономики.

Наряду с профессиональным в стране активно развивается массовый спорт. Особенно важно, что все больше детей стало заниматься физической культурой. Поэтому в городах и селах нашей страны сейчас возводятся новые спортивные объекты.

Благодаря сбалансированному, конструктивному внешнеполитическому курсу Казахстан укрепил свои позиции на международной арене в полном соответствии с долгосрочными национальными интересами. Одним словом, уходящий год был отмечен впечатляющими успехами, яркими моментами и важными событиями. В целом экономика Казахстана выросла на 4,9 процента. Мы вместе занялись решением многих наболевших проблем, тем самым придав новый импульс развитию страны.

Мы твердо встали на путь созидания Справедливого Казахстана – государства равных возможностей для всех. Проведенные реформы уже начали приносить свои плоды, и я благодарен всем согражданам за вклад в общее дело.

t.me/aqorda_resmi
👍7
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Жаңа жыл – әрдайым жаңа міндеттер жүктелетін, жаңа сын-қатерлерді еңсеретін кезең. Біз келесі жылы ұлттың қайта өрлеуінің куәсі боламыз. Мен бұған кәміл сенемін. Алайда бәсекеге қабілетті әрі дамыған ел болу үшін әлі де көп тер төгуіміз қажет.

Жаңа жылда мемлекеттігімізді нығайту және халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы жүйелі реформалар жалғасын табады. Біз заң мен тәртіптің үстемдігін орнықтыру үшін кешенді шаралар қабылдаймыз. Мемлекет тарапынан өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, энергетика және экономиканың басқа да салаларын өркендетуді көздейтін тың бастамалар қолға алынады. Біз әлеуметтік жағдайы төмен, көмекке мұқтаж жандарға әрдайым қамқор боламыз. Мұғалім, дәрігер, құтқарушы, әскери қызметші, тәртіп сақшысы және басқа да кәсіп иелеріне қолдау көрсетеміз.

Біз жас ұрпақтың жарқын болашағына жол ашатын маңызды шешімдер қабылдап жатырмыз. Жақында Ұлттық қордағы қаржының бір бөлігі балалардың есепшотына түсе бастайды. Еліміздің жастары болашаққа нық сеніммен қарауы керек.

Келесі жылы ұлтымыздың тарихына байланысты бірқатар іс-шара өткізіледі. Халқымыздың тұлғаларын есте сақтап, олардың еңбегін дәріптеу – ұрпақ парызы.

Сондай-ақ алдағы жылы елімізде Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтеді. Спортшыларымыз Жазғы олимпиадаға қатысады. Түптеп келгенде, әр азамат өз саласының нағыз маманы болуы керек. Сонда ғана Отанымыз өсіп-өркендейді.

t.me/aqorda_resmi
👍7
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Aqorda 🇰🇿
⚡️Жаңа жыл – әрдайым жаңа міндеттер жүктелетін, жаңа сын-қатерлерді еңсеретін кезең. Біз келесі жылы ұлттың қайта өрлеуінің куәсі боламыз. Мен бұған кәміл сенемін. Алайда бәсекеге қабілетті әрі дамыған ел болу үшін әлі де көп тер төгуіміз қажет. Жаңа жылда…
⚡️Новый год – это всегда новые задачи и вызовы. Уверен, в следующем году мы станем свидетелями нового подъема нашей нации. Но нам предстоит много трудиться, чтобы построить конкурентоспособную, процветающую страну.

В новом году мы продолжим системные реформы, нацеленные на укрепление нашей государственности, повышение благополучия народа. Мы примем комплексные меры для утверждения в обществе диктатуры закона и порядка. Государство будет создавать новые точки роста в промышленности, сельском хозяйстве, энергетике и других секторах экономики. Мы всегда будем помогать социально уязвимым и нуждающимся гражданам. Получат поддержку учителя, врачи, спасатели, военнослужащие, сотрудники правоохранительных органов, представители других профессий.

Государством принимаются серьезные меры, открывающие широкие возможности подрастающему поколению. Совсем скоро часть средств Национального фонда начнет поступать на счета детей. Важно, чтобы наша молодежь уверенно смотрела в будущее.

В наступающем году состоится ряд мероприятий, посвященных нашей многовековой истории. Чтить память выдающихся сынов народа, прославлять их великие деяния – долг потомков.

В 2024 году в Казахстане пройдут Всемирные игры кочевников, наши лучшие спортсмены примут участие в летних Олимпийских играх. Чтобы обеспечить поступательное развитие страны, каждый гражданин должен быть настоящим профессионалом своего дела.

t.me/aqorda_resmi
👍8
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Біз әрбір таңға үміт артамыз, әрбір жылдан жақсылық күтеміз. Ал үміттің ақталуы, арман-мақсаттың орындалуы өзімізге байланысты. Ең бастысы, еліміздегі татулықты, тыныштық пен тұрақтылықты бағалайық. Бірлігі мықты елдің рухы биік болады. Ұлы Абай айтқандай, бірлік дегеніміз – ең алдымен, ақылға – бірлік. Мемлекеттігімізді сақтау үшін ауызбіршілігімізді сақтайық. Қастерлі Отанымызды көркейтеміз десек, табанды еңбек етейік.

Дамыған мемлекет болу үшін озық білімге ұмтылып, жаңа технологияны, соның ішінде жасанды интеллектіні игеруіміз қажет. Әрдайым бір-бірімізге қамқор болайық. Үлкенге – құрмет, кішіге – ізет көрсетейік. Балаларымыздың тәрбиесіне баса мән берейік. Үлгі-өнеге болып, ұлағатты ұрпақ өсірейік.

Тәуелсіздік ұрпақтары жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп өсіп келеді. Олар өнерде, спортта, ғылымда және бизнесте зор табысқа жетуде. Біз жастарымыздың осындай мықты, адал азамат болғанын мақтан тұтамыз. Қазақстанның болашағы – отаншыл, білімді, еңбекқор азаматтардың, яғни жастардың қолында. Мен жас ұрпақтың жасампаздық қуатына сенемін!

Біз – бәріміз тек болашаққа, тек алға ұмтылатын мемлекет болуымыз керек. Біз бір ел болып біріксек, кез келген белесті бағындырамыз. Ең бастысы, еліміз тыныш, іргеміз бүтін болсын!

Жаңа жылға дейін санаулы секундтар қалды. Табалдырықтан аттағалы тұрған жыл бәріміз үшін жетістіктерге толы болсын!

⚡️Сонымен қатар бүгін Жаңа жылдың қарсаңында жұмыс істеп жатқан адамдарға арнайы құттықтауымды жолдаймын. Сіздер елімізге адал қызмет етіп жүрсіздер. Мен баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін.

Жаңа жыл әр шаңыраққа, әр азаматқа қуаныш пен шаттық әкелсін!

Үлкендеріміз аман болсын!
Балалардың арманы орындалсын!
Еңбектеріңіз жемісті болсын!
Төрт құбыламыз түгел болсын!
Көк туымыз мәңгі желбіресін! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿
Әнұранымыз шырқала берсін!
Жаңа жыл құтты болсын, ағайын!

t.me/aqorda_resmi
👍9
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Aqorda 🇰🇿
⚡️Біз әрбір таңға үміт артамыз, әрбір жылдан жақсылық күтеміз. Ал үміттің ақталуы, арман-мақсаттың орындалуы өзімізге байланысты. Ең бастысы, еліміздегі татулықты, тыныштық пен тұрақтылықты бағалайық. Бірлігі мықты елдің рухы биік болады. Ұлы Абай айтқандай…
⚡️Мы с надеждой встречаем каждый новый день, ждем от каждого нового года только хорошее. Сбудутся ли наши мечты, реализуются ли наши планы, зависит только от нас самих. Самое главное, мы должны ценить согласие, мир и стабильность в стране. Единство возвышает дух народа. Как говорил великий Абай, единство должно быть в умах. Нам необходимо беречь единство и упорно трудиться во имя сохранения государственности и процветания нашей священной Родины.

Чтобы стать развитой страной, мы должны стремиться к передовым знаниям и новым технологиям, в том числе осваивать искусственный интеллект. Важно заботиться друг о друге, почитать старших, уважать младших. Особое внимание следует уделять воспитанию детей, показывая им хороший пример.

Поколение Независимости, воплощающее в себе лучшие качества, уже добивается больших успехов в искусстве, спорте, науке, бизнесе. Мы гордимся тем, что они стали такими деятельными и ответственными гражданами. Будущее Казахстана – в руках патриотичной, образованной, трудолюбивой молодежи. Я верю в созидательную силу подрастающего поколения!

Мы должны построить государство, которое устремлено в будущее и идет только вперед. Вместе мы покорим любые высоты. Главное, чтобы в нашей стране всегда были мир и спокойствие!

До Нового года остались считанные мгновения. Пусть грядущий год станет для всех нас годом больших свершений!

От чистого сердца желаю каждому гражданину нашей страны и всем жителям Казахстана радости и счастья!

⚡️Мои особые поздравления всем, кто по долгу службы встречает Новый год не дома. Выражаю вам искреннюю благодарность за честный и добросовестный труд.

Пусть Новый год принесет счастье и радость каждой семье, каждому гражданину!

Пусть будет в добром здравии наше старшее поколение и сбываются мечты детей! Желаю всем успехов и новых достижений!

Пусть в веках звучит наш славный гимн, пусть всегда высоко реет наш бирюзовый флаг! 🇰🇿🇰🇿🇰🇿

С Новым годом, уважаемые друзья!

t.me/aqorda_resmi
👍9
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңажылдық құттықтау сөзі

Новогоднее поздравление Президента Касым-Жомарта Токаева

🎦 t.me/aqorda_resmi
👍11
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Жаңа 2024 жыл құтты болсын!

С Новым 2024 годом!

t.me/aqorda_resmi
👍15
🔹Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек!
Мемлекет Басшысы «Egemen Qazaqstan» жалпыұлттық газетіне сұхбатты берді (https://kazpravda.kz/n/prezident-respubliki-kazahstan-kasym-zhomart-tokaev-kak-progressivnaya-natsiya-my-dolzhny-smotret-tolko-vpered/)

🔸Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев: Как прогрессивная нация мы должны смотреть только вперед!
Глава государства дал интервью общенациональной газете «Egemen Qazaqstan» (https://kazpravda.kz/n/prezident-respubliki-kazahstan-kasym-zhomart-tokaev-kak-progressivnaya-natsiya-my-dolzhny-smotret-tolko-vpered/)
👍10
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✉️ Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрі Фумио Кишидаға көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇯🇵 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияның батысындағы Ното түбегінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Премьер-министр Фумио Кишидаға көңіл айтты.

– Еліңізде орын алған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Осындай ауыр сәтте Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға Қазақстан халқының және өзімнің атымнан қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.


t.me/aqorda_resmi
👍8😢3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
✉️ Глава государства направил телеграмму соболезнования Премьер-министру Японии Фумио Кишиде
 
🇰🇿🇯🇵 Президент Касым-Жомарт Токаев выразил соболезнования Премьер-министру Японии Фумио Кишиде в связи с многочисленными человеческими жертвами в результате землетрясения на полуострове Ното на западе страны.
 
– С глубокой скорбью воспринял новость о разрушительном стихийном бедствии в Вашей стране, в результате которого погибло и пострадало большое количество людей. От имени народа Казахстана и от себя лично выражаю соболезнования Вам и семьям, потерявшим родных и близких. Желаю скорейшего выздоровления всем пострадавшим и благополучного возвращения пропавших граждан в свои семьи, – говорится в телеграмме.


t.me/aqorda_resmi
😢9
🔹2024 жылғы 9 қаңтардан бастап Қазақстанда шетелдіктер үшін туристік алым жойылады.

🔸С 9 января 2024 года в Казахстане будет отменен туристический сбор для иностранцев.

🔹2024 yil 9 yanvardan boshlab Qozog'istonda chet elliklar uchun turistik to'lov bekor qilinadi.

🔸Starting from January 9, 2024, Kazakhstan will abolish the tourist tax for foreigners.
👍10🔥6