Посольство Казахстана в Узбекистане
679 subscribers
5.34K photos
479 videos
1.25K links
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі/Қозоғистон Республикасининг Ўзбекистон Республикасидаги элчихонаси/Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Uzbekistan/Посольство Республики Казахстан в Республике Узбекистан
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇺🇿 Бахтиёр Саидов құрмет көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Өзбекстан Президентінің ізгі тілегін жеткізді

➤ Министрдің айтуынша, екі ел басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қарым-қатынасты нығайту үшін жоғары меже қойып отыр. Осыған орай Бахтиёр Саидов бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды сапалы жүзеге асыру жөніндегі бірлескен жұмыс жоспарын баяндады.

➤ Сонымен қатар кездесу барысында су шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық және Орталық Азиядағы өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

➤ Бұдан бөлек, алдағы уақытқа жоспарланған екіжақты және көпжақты сипаттағы кездесулер мен іс-шаралар кестесі қарастырылды.

t.me/aqorda_resmi
👍9
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Aqorda 🇰🇿
🇺🇿 Бахтиёр Саидов құрмет көрсеткені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Өзбекстан Президентінің ізгі тілегін жеткізді ➤ Министрдің айтуынша, екі ел басшылары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтастық қарым-қатынасты нығайту үшін жоғары меже қойып отыр.…
🇺🇿 Бахтиёр Саидов поблагодарил лидера нашей страны за теплый прием и передал ему наилучшие пожелания Президента Узбекистана

➤ По словам министра, главы государств задали высокую планку для укрепления союзнических отношений между Казахстаном и Узбекистаном. В этой связи, Бахтиёр Саидов поделился планами о совместной работе по обеспечению качественной реализации ранее достигнутых договоренностей на высшем уровне.

➤ В ходе беседы также были обсуждены вопросы сотрудничества в водохозяйственной сфере и поддержания региональной безопасности в Центральной Азии.

➤ Кроме того, был рассмотрен график предстоящих встреч и мероприятий двустороннего и многостороннего характера.

t.me/aqorda_resmi
👍13
Forwarded from MFA Qazaqstan 🇰🇿
​​🇰🇿🇺🇿 Қазақстан мен Өзбекстан стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарын нығайтуды жалғастыруда

Қазақ тарапының шақыруымен Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов Астанаға ресми сапармен келді.

Келіссөздер барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен ӨР Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидов екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады, атап айтқанда екі ел арасындағы саяси, экономикалық, су-энергетикалық, транзит-көліктік және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың басым бағыттарын қарастырды.

ҚР Сыртқы істер министрі мемлекет басшыларының саяси еріктерінің арқасында Қазақстан мен Өзбекстан бауырластыққа, теңдікке, өзара құрмет пен сенімге негізделген толық форматты өзара іс-қимылды ойдағыдай құрып жатқанын атап өтті.

🇰🇿🇺🇿 Казахстан и Узбекистан продолжают укреплять отношения стратегического партнёрства и союзничества

По приглашению казахстанской стороны Министр иностранных дел Республики Узбекистан Бахтиёр Саидов совершил официальный визит в Астану.

В ходе переговоров Заместитель Премьер-Министра – Министр иностранных дел РК Мурат Нуртлеу и Министр иностранных дел РУ Бахтиёр Саидов обсудили широкий круг вопросов двустороннего сотрудничества, в частности рассмотрели приоритетные направления политического, экономического, водно-энергетического, транзитно-транспортного и культурно-гуманитарного взаимодействия между двумя странами.

Министр иностранных дел РК отметил, что, благодаря политической воле глав государств, Казахстан и Узбекистан успешно выстраивают полноформатное взаимодействие, которое основывается на братстве, равенстве, взаимном уважении и доверии.

@PressMFAKZ
👍14
Forwarded from MFA Qazaqstan 🇰🇿
🔹 «Өзбекстан – Қазақстан үшін орны ерекше, сенімді одақтас әрі маңызды әріптес мемлекет. Біз өзбек елінің көптеген салалардағы тың жетістіктерін шынайы ниетпен қабылдап, жоғары бағалаймыз» – деп мәлімдеді М. Нұртілеу.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің 2021 жылғы желтоқсанда Астанаға және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы желтоқсанда Ташкентке жасаған өзара мемлекеттік сапарлары шеңберінде қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзінде іске асырылуын егжей-тегжейлі қарастырды.

Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасында берік шарт-құқықтық база қалыптасқанын, өзара іс-қимылдың жаңа форматының институционалдық негіздері қаланғанын атап өтті. 2022 жылы Ташкентте қол қойылған одақтастық қатынастар және шекараны белгілеу туралы шарттар елдеріміздің қарым-қатынастарын үйлесімді дамыту үшін берік негіз қалады.

@PressMFAKZ
🔥12👍2
Forwarded from MFA Qazaqstan 🇰🇿
🔸 «Узбекистан занимает особое место для Казахстана, является надежным союзником и важным стратегическим партнёром. Мы искренне приветствуем и высоко ценим новые достижения вашей страны во многих областях», – заявил М. Нуртлеу.

Главы внешнеполитических ведомств подробно рассмотрели практическую реализацию достигнутых договоренностей в рамках взаимных государственных визитов Президента Узбекистана Шавката Мирзиёева в Астану в декабре 2021 года и Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева в Ташкент в декабре 2022 года.

Стороны отметили, что между Казахстаном и Узбекистаном сформирована солидная договорно-правовая база, заложены институциональные основы нового формата взаимодействия. Подписанные в Ташкенте в 2022 году договоры о союзнических отношениях и демаркации границы заложили прочный фундамент для гармоничного развития отношений наших стран.

@PressMFAKZ
👍13
Forwarded from MFA Qazaqstan 🇰🇿
🔹 Қазақстан – Өзбекстанның ең ірі сауда серіктестерінің «үштігіне» кіреді. Қабылданған шаралардың арқасында соңғы жылдары екіжақты сауда айналымы тұрақты түрде 4 млрд АҚШ долларынан асты.

Министрлер экономикалық әріптестікті тереңдетуге, өзара сауданы 10 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтуға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесуге келісті.

Қазақ-өзбек шекарасында «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығын салу жөніндегі жобаны іске асырудың маңыздылығы аталып өтті, оның іске қосылуы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді.

Бүгінде айтарлықтай прогресс байқалатын өнеркәсіптік кооперация саласына ерекше назар аударылды. Екі ел үкіметтерінің бірлескен күш-жігерінің арқасында 156 млн АҚШ доллары сомасына 12 бірлескен жоба іске асырылды. Шамамен 1 млрд АҚШ доллары сомасына 21 жаңа бірлескен жоба пысықталуда.

@PressMFAKZ
👍12
Forwarded from MFA Qazaqstan 🇰🇿
🔸 Казахстан входит в «тройку» крупнейших торговых партнёров Узбекистана. Благодаря предпринимаемым мерам, в последние годы двусторонний торговый оборот устойчиво превышает 4 млрд долларов США.

Министры договорились содействовать углублению экономического партнёрства, увеличению взаимной торговли до 10 млрд долларов США, расширению деловых связей.

Подчеркнута важность реализации проекта по строительству Международного центра промышленной кооперации «Центральная Азия» на казахско-узбекской границе, запуск которого будет способствовать расширению торгово-экономических и инвестиционных связей.

Особое внимание было уделено сфере промышленной кооперации, где сегодня наблюдается значительный прогресс. Благодаря совместным усилиям правительств двух стран, реализовано 12 совместных проектов на сумму 156 млн долларов США. Прорабатывается 21 новый совместный проект на сумму порядка 1 млрд долларов США.

@PressMFAKZ
👍12
Forwarded from MFA Qazaqstan 🇰🇿
🔹 Бүгінгі таңда Қазақстан мен Өзбекстан халықтарының достығы шынайы тату көршілік пен өзара сыйластықтың жарқын үлгісі. Қазақстан мен Өзбекстанның өскелең ұрпақтары арасындағы байланысты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер беретін жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жоспарлары осы мақсатқа сай келеді.

Рухани құндылықтарды жаңғырту мақсатында ортақ мәдени-гуманитарлық мұраны зерделеу және дәріптеу бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу ұсынылды.

Кездесу барысында министрлер көпжақты құрылымдар шеңберінде одан әрі тығыз өзара іс-қимыл жасасуға, екі мемлекеттің халықаралық бастамаларын ілгерілету кезінде өзара қолдау көрсетуге бейілділігін растап, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша «сағат теңестерді».

@PressMFAKZ
👍11
Forwarded from MFA Qazaqstan 🇰🇿
🔸 Сегодня дружба народов Казахстана и Узбекистана является ярким примером истинного добрососедства и взаимного уважения. Этой задаче отвечают планы по открытию филиалов вузов, что предоставит новые возможности для укрепления связей между подрастающими поколениями Казахстана и Узбекистана.

В целях возрождения духовных ценностей предложено проведение совместных исследований по изучению и популяризации общего культурно-гуманитарного наследия.

В ходе встречи министры «сверили часы» по актуальным вопросам региональной и международной повестки дня, подтвердили приверженность далее тесно взаимодействовать в рамках многосторонних структур, оказывать взаимную поддержку при продвижении международных инициатив двух государств.

@PressMFAKZ
👍15❤1