Посольство Казахстана в Узбекистане
670 subscribers
5.33K photos
476 videos
1.25K links
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі/Қозоғистон Республикасининг Ўзбекистон Республикасидаги элчихонаси/Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Uzbekistan/Посольство Республики Казахстан в Республике Узбекистан
Download Telegram
🇰🇿🇺🇿2024 жылғы 7 тамызда Өзбекстан Республикасының Президенті Ш. Мирзиеевтің мемлекеттік сапары қарсаңында Қазақстан-Өзбекстан Іскерлік кеңесінің VI отырысы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшісі Б.Атамқұлов, Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі С.Ниязходжаев, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары А.Қуантыров, Қазақстан Республикасы Сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы М.Кәрімсақов, Өзбекстан Сауда-өнеркәсіп палатасы төрағасының орынбасары Д.Расулов, сондай-ақ екі елдің кәсіпкерлері мен іскер топтарының өкілдері қатысты.
Кездесу нәтижесінде бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылып, атап айтқанда, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрелік орталығы мен Ташкент халықаралық арбитраж орталығы арасында Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат екі елдің кәсіпкерлері арасындағы дауларды шешудің құқықтық негіздерін нығайтуға арналған. Сонымен қатар, тараптар Қазақстан Республикасында Өзбекстан Республикасының сауда үйі мен бизнес орталығын ашуды, сондай-ақ Ташкентте қазақ-өзбек іскерлік қауымдастығын құруды көздейтін Хаттамаға қол қойды.
🔥8👍3👌1
🇰🇿🇺🇿 7 августа 2024 года в предверии государственного визита Президента Республики Узбекистан Ш.Мирзиёева состоялось 6-е Заседание Казахстанско-Узбекского Делового Совета.
В мероприятии приняли участие Посол Республики Казахстан в Республике Узбекистан Б.Атамкулов, Посол Республики Узбекистан в Республике Казахстан С.Ниязходжаев, Заместитель министра иностранных дел РК А.Куантыров, председатель правления Внешнеторговой палаты РК М.Каримсаков, заместитель председателя Торгово-промышленной палаты Узбекистана Д.Расулов, а также предприниматели и представители деловых кругов обеих стран.
По итогам заседания заключены ряд двухсторонних документов, в частности, подписано Соглашение о сотрудничестве между арбитражным центром Национальной палаты предпринимателей «Атамекен» и Ташкентским международным арбитражным центром. Документ призван укрепить правовую основу для разрешения споров между предпринимателями двух стран. Кроме того, сторонами подписан Протокол, предусматривающий открытие торгового дома и бизнес-центра Республики Узбекистан в Республике Казахстан, а также создание Казахстанско-Узбекской бизнес-ассоциации в Ташкенте.
👍10❤2🎉1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇿 Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді

🇰🇿🇺🇿 Президент Узбекистана Шавкат Мирзиёев прибыл с государственным визитом в Казахстан

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥9👍3👌1
🇰🇿🇺🇿 «Қазақстан – Өзбекстан» бизнес-форумы аясында өткен екіжақты кездесуде Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин мен Өзбекстан Премьер-Министрінің орынбасары Жамшид Ходжаев $4,4 млрд сомасына 34 инвестициялық жобаны және $2,6 млрд-қа 7 сауда келісімін бірлесе жүзеге асыруға келісті. Келісімдер тиісті құжаттар тізімімен бекітілді.
https://primeminister.kz/news/kazakstan-men-ozbekstan-7-mlrd-koleminde-investitsiyalyk-zhobalar-men-sauda-kelisimderin-zhuzege-asyruga-kelisti-28919

🇰🇿🇺🇿Казахстан и Узбекистан договорились о реализации инвестпроектов и торговых контрактов на $7 млрд - Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
https://primeminister.kz/ru/news/kazakhstan-i-uzbekistan-dogovorilis-o-realizatsii-investproektov-i-torgovykh-kontraktov-na-7-mlrd-28919
🔥11👍2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿 Қазақстан мен Өзбекстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

✔️Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықты дамытуға тың серпін беретінін айтты.

– Қазақстан халқы Сіздің бүгінгі сапарыңызға үлкен мән беріп отырғанын атап өткім келеді. Мұның өзі көп дүниеден хабар береді. Жалпы, соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар жақсы жағына қарай түбегейлі өзгерді. Екі ел ынтымақтастығын нақты мазмұнмен толықтыруға бар күш-жігерімізді саламыз. Бүгін біз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын құжаттарға қол қоямыз. Сондықтан бұл сапардың жөні бөлек, – деді Қазақстан Президенті.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿 Президенты Казахстана и Узбекистана провели переговоры в узком составе

✔️Тепло поприветствовав Президента Узбекистана, Глава государства отметил, что его визит имеет огромное значение с точки зрения придания дальнейшего импульса развитию сотрудничества и союзничества между странами.

– Хотел бы отметить, что народ Казахстана с большим вниманием относится к Вашему визиту. Это говорит о многом. В последние годы атмосфера взаимоотношений между нашими странами кардинально изменилась в лучшую сторону. Мы будем прилагать все усилия для того, чтобы наполнять конкретным содержанием наше сотрудничество. Данный визит имеет очень большую роль, поскольку мы подпишем документы, которые определят конкретные направления сотрудничества и союзничества наших государств, – сказал Президент Казахстана.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇺🇿 Өзбекстан Президенті көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының маңызына тоқталды

– Бұл сапар тарихи мәнге ие. Бүгінгі кездесуіміз екі халық арасындағы сан ғасырға жалғасқан достық және тату көршілік қатынастардың тінін нығайта түсіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды жаңа деңгейге көтереді, – деді Шавкат Мирзиёев.


✔️Келіссөз барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзит, инвестиция, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, мәдени-гуманитарлық және өнеркәсіп кооперациясы салаларындағы ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырды.

✔️Президенттер қазақ-өзбек қатынастары барлық бағыт бойынша өркендеп келе жатқанын атап өтті.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇺🇿 Шавкат Мирзиёев поблагодарил Касым-Жомарта Токаева за радушный прием и подчеркнул важность данного государственного визита в Казахстан

– Сегодняшний визит имеет историческое значение. Наша встреча еще более укрепит многовековые узы дружбы и добрососедства между двумя народами, выведет отношения стратегического партнерства и союзничества на новый уровень, – отметил Президент Узбекистана.


✔️В ходе переговоров собеседники обсудили перспективы дальнейшего укрепления взаимодействия в политической, торгово-экономической, транспортно-транзитной, инвестиционной, энергетической, аграрной, водной, культурно-гуманитарной сферах и промышленной кооперации. Рассмотрены также вопросы региональной и международной повестки дня.

✔️Президенты с удовлетворением отметили поступательное развитие казахско-узбекских отношений по всем направлениям.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты

▪️Кеңес отырысында екі елдің сауда-экономика, көлік-транзит, су шаруашылығы және энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейтудің басым бағыттары талқыланды.

▪️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-өзбек қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында тұрақты дамып келе жатқанын атап өтіп, еліміз Өзбекстанмен ынтымақтастықты нығайта түсуге айрықша көңіл бөлетінін жеткізді.

– Былтыр Одақтастық қатынастар туралы тарихи шартқа қол қойдық. Бүгін алдағы он жылға арналған Стратегиялық әріптестікті және одақтастықты дамыту бағдарламасын бекітеміз. Осы маңызды қадамдар екі елдің байланысын ілгерілетуге айрықша серпін беретініне сенімдімін, – деді Президент.


t.me/aqorda_resmi
👍4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿 Касым-Жомарт Токаев и Шавкат Мирзиёев приняли участие в заседании первого Высшего межгосударственного совета Казахстана и Узбекистана

▪️В ходе мероприятия были обсуждены ключевые направления расширения сотрудничества двух стран в торгово-экономической, транспортно-транзитной, водохозяйственной и энергетической, культурно-гуманитарной сферах.

▪️Глава нашего государства отметил, что казахско-узбекские отношения поступательно развиваются в духе стратегического партнерства и союзничества. Казахстан уделяет особое внимание укреплению сотрудничества с Узбекистаном.

– В прошлом году мы подписали исторический Договор о союзнических отношениях. Сегодня утверждаем Программу стратегического партнерства и союзничества на ближайшие 10 лет. Уверен, что эти важные документы придадут новый импульс развитию связей между двумя странами, – сказал Президент.


t.me/aqorda_resmi
👍4
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қысқа уақыт ішінде өзара тауар айналымын бес миллиард долларға дейін жеткізіп, таяу жылдары бұл көрсеткішті екі еселеуге елдеріміздің әлеуеті жетеді

– Ауыл шаруашылығы, машина жасау, энергетика, коммуникация, цифрландыру секілді перспективті салалардағы ынтымақтастық әлеуетін толық пайдалану маңызды. Бұл ретте қазақ-өзбек шекарасындағы «Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығын тезірек іске қосу қажет. Мемлекетаралық кеңес пен Өңіраралық ынтымақтастық форумының қызметінен де елеулі нәтиже күтеміз. Өңірлік кооперацияға зор үміт артамыз. Қазіргі кезде жалпы сомасы 3 миллиард доллардан асатын 70-ке жуық бірлескен жобамыз бар. Оның аясында 14 мың жұмыс орны ашылады. Біз бұл бағыттағы байланыстарды одан әрі нығайтып, бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға әзірміз, – деді Президент.


▪️Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит артықшылықтарын барынша тиімді пайдалану маңызды екенін айтты. Бұл ретте Мемлекет басшысы тарифтерді оңтайландыру, әкімшілік рәсімдерді жеңілдету және жүк жеткізу мерзімін қысқарту жөнінде бірлескен шаралар қабылдау қажет екеніне назар аударды.

▪️Мемлекетаралық кеңес отырысы барысында трансшекаралық өзендердің су ресурстарын кешенді әрі рационалды пайдалану, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері қозғалды.

t.me/aqorda_resmi
👍3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Aqorda 🇰🇿
🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, қысқа уақыт ішінде өзара тауар айналымын бес миллиард долларға дейін жеткізіп, таяу жылдары бұл көрсеткішті екі еселеуге елдеріміздің әлеуеті жетеді – Ауыл шаруашылығы, машина жасау, энергетика, коммуникация, цифрландыру…
🇰🇿 По мнению Касым-Жомарта Токаева, имеются все возможности в короткие сроки довести взаимный товарооборот до 5 млрд долларов и в ближайшее время удвоить этот показатель

– Важно полноценно раскрыть потенциал сотрудничества в таких перспективных отраслях, как сельское хозяйство, машиностроение, энергетика, коммуникации, цифровизация. В этом ключе необходимо как можно скорее запустить Международный центр промышленной кооперации «Центральная Азия» на казахско-узбекской границе. Значительных результатов ожидаем от деятельности Межправительственного совета и Форума межрегионального сотрудничества. Большие надежды связываем с промышленной кооперацией. На сегодня у нас имеется около 70 совместных проектов на сумму свыше 3 млрд долларов, предполагающих создание более 14 тысяч рабочих мест. Мы готовы к дальнейшему углублению сотрудничества в этом направлении и созданию комфортных условий для бизнеса, – подчеркнул Глава нашего государства.


▪️Касым-Жомарт Токаев считает необходимым максимально эффективно использовать уникальные транзитно-транспортные преимущества. Немаловажной задачей он назвал совместную выработку мер по оптимизации тарифов, упрощению административных процедур и сокращению сроков доставки грузов.

▪️Кроме того, в ходе заседания Межгосударственного совета были рассмотрены вопросы комплексного и рационального использования водных ресурсов трансграничных рек, укрепления культурно-гуманитарного сотрудничества.

t.me/aqorda_resmi
👍3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿 Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президентіне Қазақстан Республикасының ең жоғарғы мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыс етті.

✔️Мемлекет басшысы Қазақстанда Шавкат Мирзиёевті Өзбек елінің нағыз көшбасшысы, халықаралық деңгейдегі саясаткер, екі халық арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері ретінде танитынын және құрметтейтінін айтты.

– Егемен ел ретінде даму жылдарында екі мемлекет арасында жан-жақты серіктестік пен стратегиялық одақтастық жолға қойылды. Берік шарттық-құқықтық база қалыптасты. Шекараны толықтай шегендеп алдық. Өзара сенімді саяси диалогтың арқасында біз сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды қарқынды түрде ілгерілетіп келеміз. Негізгі халықаралық құрылымдар аясында тығыз ықпалдастық орнаттық. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі қазақ-өзбек қатынастары үлгі етуге тұрарлық әрі нағыз бауырластық деңгейде, – деді Президент.


t.me/aqorda_resmi
👍3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿 Глава государства наградил Шавката Мирзиёева орденом «Алтын Қыран»

✔️Касым-Жомарт Токаев вручил Президенту Узбекистана высшую государственную награду Республики Казахстан – орден «Алтын Қыран».

✔️Президент подчеркнул, что в нашей стране Шавката Мирзиёева знают и уважают как подлинного лидера узбекского народа, политика международного масштаба, выдающегося государственного деятеля, внесшего неоценимый вклад в укрепление дружбы и сотрудничества наших стран.

– За годы суверенного развития между двумя государствами налажено всестороннее партнерство и стратегическое союзничество, сформирована солидная договорно-правовая база, полностью завершено оформление границ. Благодаря доверительному политическому диалогу мы динамично развиваем торгово-экономические и культурно-гуманитарные связи, тесно взаимодействуем в рамках ключевых международных структур. Одним словом, современные казахско-узбекские отношения являются образцовыми и по-настоящему братскими, – сказал Глава государства.


t.me/aqorda_resmi
👍2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🤝🇺🇿 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

🇰🇿🤝🇺🇿Глава государства Касым-Жомарт Токаев наградил Президента Узбекистана Шавката Мирзиёева орденом «Алтын Қыран»

🎦 t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3