Посольство Казахстана в Узбекистане
652 subscribers
5.32K photos
476 videos
1.25K links
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі/Қозоғистон Республикасининг Ўзбекистон Республикасидаги элчихонаси/Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Uzbekistan/Посольство Республики Казахстан в Республике Узбекистан
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жеңіс күнімен құттықтауы

Құрметті отандастар!

Сіздерді Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Осы мерейлі күнді еліміздің әрбір азаматы ерекше көңіл-күймен қарсы алып, Жеңімпаз аға буынға шексіз ризашылығын білдіреді.

Фашизмге қарсы сұрапыл соғыс халқымызға орасан зор қайғы-қасірет әкелді. Біздің қаһарман жауынгерлеріміз асқан ерлік пен батылдық танытып, азаттық пен әділдік жолында аянбай күресті. Жүз мыңдаған сарбазымыз ұрыс даласында қаза тапты. Тылдағы жұрт та адам айтқысыз қиындыққа қарамастан тынымсыз тер төгіп, Жеңісті жақындатуға өлшеусіз үлес қосты. Олар егіс алқабында, зауыттар мен фабрикаларда күн-түн демей жұмыс істеп, майданды қамтамасыз етті.

Біз отандастарымыздың қайтпас қайсарлығы мен қажырлы еңбегін ешқашан ұмытпаймыз. Жанқиярлық пен ерліктің озық үлгісін көрсеткен батырларымыздың есімін әрдайым ұлықтаймыз. Ардагерлерімізге қамқорлық жасап, қолдау білдіреміз.

Қазақстанда Жеңіс күніне орай көптеген іс-шара өткізіліп жатыр. Еліміз бойынша бес жүзге жуық көшені қаһарман ерлеріміздің атымен атау туралы шешім қабылданды. Ауқымды әскери шеру өтті. Мұның бәрі зұлмат соғыстың зардабын халқымыз ешқашан жадынан шығармауы үшін қажет.

Біз Жеңіс күнінде бейбіт өмірдің қадірін ұғынып, достық пен тыныштықтың маңыздылығын терең түсінеміз. Осы мызғымас құндылықтар әрдайым халқымыздың әл-ауқатын арттырудың және Қазақстанды тұрақты дамытудың берік негізі болып қала береді. Мен бұған кәміл сенемін.

Қадірлі ардагерлерімізге және барша отандастарымызға зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

t.me/aqorda_resmi
👍5❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с Днем Победы

Уважаемые соотечественники!

От всей души поздравляю вас с 80-летием Великой Победы!

Этот знаменательный юбилей каждый казахстанец празднует с особым чувством огромной благодарности перед поколением Победителей.

Кровопролитная война с фашизмом оставила неизгладимый след в истории нашего народа. Наши доблестные воины проявили исключительную отвагу и мужество, отстаивая идеалы свободы и справедливости. Сотни тысяч из них погибли в жестоких сражениях. Ценою неимоверных усилий и тяжких лишений казахстанцы приближали Победу и в тылу. Дни и ночи они работали на полях, на заводах и фабриках, обеспечивая нужды фронта.

Мы бережно храним память о боевых и трудовых подвигах наших соотечественников. Свято чтим имена героев, показавших подлинный пример самоотверженности и мужества, окружаем заботой и поддержкой ветеранов.

В Казахстане в честь юбилея Победы реализуется обширный план мероприятий. Принято решение назвать именами героев около 500 улиц по всей стране. Состоялся масштабный военный парад. Все это нужно, чтобы никогда не были забыты горькие уроки той страшной войны.

День Победы еще раз напоминает нам о том, как важно беречь мир, дружбу и спокойствие на нашей земле. Убежден, что эти незыблемые ценности всегда будут твердой основой благополучия нашего народа и поступательного прогресса Казахстана.

Желаю нашим дорогим ветеранам и всем соотечественникам крепкого здоровья, счастья и мирного неба!

С Днем Великой Победы!

t.me/aqorda_resmi
👍6
🔹Бүгін Ташкентте Ұлы Отан соғыс Жеңісінің 80 жылдығын атап өту аясында «Бауырластар зираты» мемориалдық кешенінде Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті.

Іс-шараға шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары, шетелдік мекемелердің қызметкерлері, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері мен Ташкент қаласының тұрғындары қатысты.

Қазақстандықтар үшін бұл — ерекше күн, өйткені жүздеген мың отандастарымыз бостандық пен әділеттілік идеалдарын қорғап, қатал шайқастарда қаза тапты.

Біз отандастарымыздың жауынгерлік және еңбек ерліктерін зор құрметпен есте сақтаймыз.

Құрметті ардагерлерімізге және барлық азаматтарға зор денсаулық, бақыт пен бейбіт аспан тілейміз!
Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймыз!


🔹Сегодня в Ташкенте в честь празднования 80-летия Великой Победы в ВОВ состоялась торжественная церемония возложения цветов к Вечному огню на территории мемориального комплекса «Братские могилы».

В мероприятии приняли участие Главы дипломатических миссий, сотрудники загранучреждений разных стран, а также представители общественных организаций и жители Ташкента.

Для казахстанцев это действительно особенный день, так как сотни тысяч наших соотечественников погибли в жестоких сражениях, отстаивая идеалы свободы и справедливости.

Мы бережно храним память о боевых и трудовых подвигах наших соотечественников.

Желаем нашим дорогим ветеранам и всем гражданам крепкого здоровья, счастья и мирного неба!
С Днем Великой Победы!
❤6👍3🔥1🙏1
Посольство Казахстана в Узбекистане
🔹Бүгін Ташкентте Ұлы Отан соғыс Жеңісінің 80 жылдығын атап өту аясында «Бауырластар зираты» мемориалдық кешенінде Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті. Іс-шараға шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының басшылары, шетелдік мекемелердің…
🔹Bugun Toshkentda Ikkinchi jahon urushida Qozonilgan Buyuk Gʻalabaning 80 yilligini nishonlash doirasida “Birodarlar qabristoni” yodgorlik majmuasida Abadiy alangaga gulchambarlar qoʻyish marosimi boʻlib oʻtdi.

Tadbirda xorijiy davlatlarning diplomatik missiyalari rahbarlari, xorijdagi muassasalar xodimlari, shuningdek, jamoat tashkilotlari vakillari va toshkentliklar ishtirok etdilar.

Qozogʻistonliklar uchun bu alohida kun, chunki yuz minglab vatandoshlarimiz ozodlik va adolat gʻoyalarini himoya qilib, mudhish janglarda halok boʻlishgan.

Biz vatandoshlarimizning jangovar va mehnat qahramonliklarini ehtirom bilan yodda saqlaymiz.

Aziz faxriylarimizga va barcha fuqarolarga mustahkam sogʻliq, baxt va tinch osmon tilaymiz!
Buyuk Gʻalaba kuni muborak boʻlsin!
👍5❤1🔥1🙏1
🔷2025 жылғы 12 мамыр, Ташкент – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының Қайта құру және даму қорының Атқарушы директоры Шухрат Вафаевпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан мемлекеттері басшыларының жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулерінің қорытындысы бойынша қол жеткізілген келісімдерді іске асыру мәселелері талқыланды.
Толығырақ:

🔶Ташкент, 12 мая 2025 года – состоялась встреча Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Республике Узбекистан Бейбута Атамкулова с Исполнительным директором Фонда реконструкции и развития Республики Узбекистан Шухратом Вафаевым.
В ходе встречи обсуждены вопросы реализации договорённостей, достигнутых между Главами государств Казахстана и Узбекистана по итогам двусторонних встреч на высшем уровне.
Подробнее:


🔗O'zbek tilida:
🔗In English:
👍11❤1🔥1
🔷2025 жылғы 14 мамырда Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасының су-энергетика ведомстволары басшыларының жұмыс кездесуі өтті.
Келіссөздерге қазақстандық тараптан Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Аккенженов, Су шаруашылығы және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ «KEGOC» АҚ және Жаңартылатын энергия көздерін қолдау бойынша есептік-финанстық орталықтың өкілдері қатысты.
Толығырақ:

🔶14 мая 2025 года в Ташкенте состоялась рабочая встреча руководителей водно-энергетических ведомств Республики Казахстан, Кыргызской Республики и Республики Узбекистан.
Казахстанскую сторону на переговорах представляли Министр энергетики Республики Казахстан Ерлан Аккенженов, Министр водного хозяйства и ирригации Республики Казахстан Нуржан Нуржигитов, а также представители АО «KEGOC» и Расчетно-финансового центра по поддержке возобновляемых источников энергии (ВИЭ).
Подробнее:


🔗O'zbek tilida:
🔗In English:
🔥6👍3🙏1
Forwarded from MFA Qazaqstan 🇰🇿
​​🇰🇿📞🇺🇿 Қазақстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлерінің телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Бахтиёр Саидовпен телефон арқылы сөйлесті.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың жағдайы мен перспективаларын, сондай-ақ өңірлік және халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылдарды талқылады.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайтуға, сондай-ақ биік және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге өзара бейілділік білдірілді.

Сонымен қатар министрлер ағымдағы жылға жоспарланған іс-шаралар кестесін қарастырды.

🇰🇿📞🇺🇿 О телефонном разговоре министров иностранных дел Казахстана и Узбекистана

Состоялся телефонный разговор Заместителя Премьер-министра – Министра иностранных дел Республики Казахстан Мурата Нуртлеу с Министром иностранных дел Республики Узбекистан Бахтиёром Саидовым.

Главы внешнеполитических ведомств обсудили состояние и перспективы дальнейшего развития двустороннего сотрудничества, а также взаимодействие в рамках региональных и международных организаций.

Выражена обоюдная готовность всемерно содействовать укреплению стратегического партнёрства и союзничества между Казахстаном и Узбекистаном, а также реализации договорённостей, достигнутых на высшем и высоком уровнях.

Вместе с тем, министры рассмотрели график предстоящих мероприятий в текущем году.

@PressMFAKZ
👍7
🔷Ташкент, 2025 жылғы 16 мамыр – Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының Тау-кен өнеркәсібі және геология министрі Бобир Исламовпен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Салалық өзара іс-қимылдың оң динамикасы, соның ішінде тиісті ұлттық компаниялар арасындағы байланыстардың дамуы, бірлескен геологиялық барлау жобаларын іске асыру, геологиялық-техникалық деректер алмасу, сондай-ақ мұнай-химия, цифрландыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық атап өтілді.
Тараптар 2025 жылғы 20 наурызда Хива қаласында өткен Қазақстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрлерінің бірінші отырысы барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру шеңберінде сирек жер және стратегиялық маңызды материалдар бойынша бірлескен жұмыс тобын құру бастамасын қарастырды.
Сараптамалық диалогты тереңдету мақсатында 2025 жылы салалық министрліктердің, ғылыми институттардың және бизнес өкілдерінің қатысуымен бірлескен қазақстан-өзбек геологиялық барлау конференциясын өткізу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара мүдделілік бар екенін растап, барлық деңгейде белсенді жұмыс байланыстарын қолдауға ниетті екендерін білдірді.

🔶Ташкент, 16 мая 2025 года – состоялась встреча Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Республике Узбекистан Бейбута Атамкулова с Министром горнодобывающей промышленности и геологии Республики Узбекистан Бобиром Исламовым.
В ходе беседы стороны обсудили актуальные вопросы двустороннего сотрудничества в сфере геологии и недропользования. Отмечена положительная динамика отраслевого взаимодействия, включая развитие контактов между профильными национальными компаниями, в том числе по вопросам реализации совместных геологоразведочных проектов, обмена геолого-техническими данными, а также взаимодействия в нефтехимии, цифровизации и промышленной безопасности.
Стороны рассмотрели инициативу создания совместной рабочей группы по редкоземельным и критическим материалам во исполнение договорённостей, достигнутых в ходе первого заседания Совета министров иностранных дел Казахстана и Узбекистана (г. Хива, 20 марта 2025 года).
В целях углубления экспертного диалога предложено рассмотреть возможность проведения в 2025 году совместной казахстанско-узбекской геологоразведочной конференции с участием профильных министерств, научных институтов и представителей бизнеса.
По итогам встречи стороны подтвердили взаимную заинтересованность в дальнейшем развитии сотрудничества и обозначили намерение поддерживать активные рабочие контакты на всех уровнях.
👍6🔥2🙏1