Посольство Казахстана в Узбекистане
652 subscribers
5.31K photos
476 videos
1.25K links
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі/Қозоғистон Республикасининг Ўзбекистон Республикасидаги элчихонаси/Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Uzbekistan/Посольство Республики Казахстан в Республике Узбекистан
Download Telegram
🔷2025 жылғы 7 қарашада Самарқанд қаласында Қазақстан Республикасының Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Самарқанд облысы әкімінің міндетін атқарушы Адиз Бобоевтың кездесуі өтті.

Қазақстандық делегация құрамында туристік және қонақ үй бизнесінің өкілдері, Түркістан қаласының халықаралық әуежайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі мен Самарқанд қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығының өкілдері болды.

Келіссөздер барысында тараптар туризм саласындағы қазақстан-өзбек ынтымақтастығын кеңейту перспективаларын, соның ішінде қонақ үй инфрақұрылымын дамыту, туристік бағыттар мен сервистік қызметтерді жетілдіру, сондай-ақ өңірлердің туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша облыс басшылары көтерілген бастамаларды қолдап, Самарқанд және Түркістан облыстары арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Сапар аясында екі елдің туристік компаниялары өкілдерінің қатысуымен практикалық сессия өтті, онда тікелей іскерлік байланыстар орнату және туристік өнімдерді ілгерілету тәжірибесімен алмасу жолдары талқыланды.

Түркістан облысының делегациясы сондай-ақ «Жібек жолы» халықаралық туризм және мәдени мұра университетінде, Самарқанд халықаралық туризм академиясында болып, көне Самарқандтың басты көрікті орындарымен танысты.

🔶 7 ноября 2025 года в г.Самарканде состоялась встреча акима Туркестанской области Республики Казахстан Нуралхана Кушерова с исполняющим обязанности хокима Самаркандской области Адизом Бобоевым.

В состав казахстанской делегации вошли представители туристического и гостиничного бизнеса, международного аэропорта г.Туркестан, а также Посольства Республики Казахстан в Республике Узбекистан и Генерального консульства Казахстана в г.Самарканд.

В ходе переговоров стороны обсудили перспективы расширения казахстанско-узбекского сотрудничества в сфере туризма, включая развитие гостиничной инфраструктуры, совершенствование туристических маршрутов и сервисных услуг, а также реализацию совместных проектов, направленных на повышение туристической привлекательности регионов.

По итогам встречи руководители областей поддержали высказанные инициативы и подписали Меморандум о сотрудничестве между Самаркандской и Туркестанской областями.
В продолжение визита состоялась практическая сессия с участием представителей туристических компаний обеих сторон, в ходе которой обсуждались пути установления прямых деловых контактов и обмена опытом в продвижении туристических продуктов.

Делегация Туркестанской области также посетила Международный университет туризма и культурного наследия «Шёлковый путь» и Самаркандскую международную академию туризма, а также ознакомилась с основными достопримечательностями древнего Самарканда.

🔗O'zbek tilida:
🔗In English:
👍8⚡1
🔷2025 жылғы 10 қарашада Ташкент қаласында өңірлік өзара іс-қимылды нығайту, орнықты аграрлық секторды дамыту және өңірдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне арналған Орталық Азия елдерінің ауыл шаруашылығы министрлерінің алғашқы кездесуі өтті.
Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Вице-министрі Ербол Тасжүреков басқарды.
Отырыс барысында қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін арттыруды, АӨК цифрландыруды, инновациялық технологияларды енгізуді, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалануды қоса алғанда, аграрлық саладағы ынтымақтастықты тереңдету перспективаларын талқылады. Өзара сауданы дамыту, бірлескен инвестициялық бастамалар және өңірдің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан делегацияларының басшылары Бірлескен декларациясы мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын іске асыру шеңберінде Қазақстан тарапының бастамасымен дайындалған 2030 жылға дейінгі Орталық Азияның Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Жоспарына қол қойды. Қабылданған құжаттар өңірлік интеграцияны нығайту, бірлескен іс-қимылдардың тиімділігін арттыру және Орталық Азияның тұрақты азық-түлік жүйесін қалыптастыру үшін стратегиялық маңызға ие.
Іс-шара аясында Вице-министр Е.Тасжурековтың Министр И.Абдурахмоновпен екіжақты кездесуі өтті. Тараптар мал шаруашылығы, бау-бақша, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады, сондай-ақ өзара сауданы арттырудың және өнім сапасының стандарттарын жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.


🔶10 ноября 2025 года в г. Ташкент состоялась первая встреча Министров сельского хозяйства стран Центральной Азии, посвященная вопросам укрепления регионального взаимодействия, развития устойчивого аграрного сектора и обеспечения продовольственной безопасности в регионе. Казахстанскую делегацию возглавил Вице-министр сельского хозяйства Республики Казахстан Ербол Тасжуреков.
В ходе заседания участники обсудили перспективы углубления сотрудничества в аграрной сфере, включая повышение уровня продовольственной безопасности, цифровизацию АПК, внедрение инновационных технологий, а также рациональное использование водных ресурсов. Отдельное внимание было уделено вопросам развития взаимной торговли, совместных инвестиционных инициатив и расширения экспортных возможностей региона.
По итогам встречи главы делегаций Казахстана, Узбекистана, Кыргызстана и Таджикистана подписали Совместную декларацию и План продовольственной безопасности Центральной Азии до 2030 года, подготовленные по инициативе казахстанской стороны в рамках реализации поручений Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева. Принятые документы имеют стратегическое значение для укрепления региональной интеграции, повышения эффективности совместных действий и формирования устойчивой продовольственной системы Центральной Азии.
В рамках мероприятия также состоялась двусторонняя встреча Вице-министра Е.Тасжурекова с Министром И.Абдурахмоновым. Стороны обсудили возможности расширения сотрудничества в сфере животноводства, садоводства, переработки сельхозпродукции и логистики, а также отметили важность наращивания взаимной торговли и совершенствования стандартов качества продукции.

🔗O'zbek tilida:
🔗In English:
👍5❤2🔥2⚡1
🔷2025 жылғы 11 қарашада Ташкент қаласында «Trans Logistica Uzbekistan 2025» халықаралық көрмесі аясында Өзбекстан Республикасының Көлік министрлігі ұйымдастырған халықаралық авиациялық-логистикалық форум өтті. Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасының Көлік Вице-министрі Талғат Ластаев басқарды.
Іс-шара барысында қатысушылар заманауи авиация индустриясының негізгі тенденциялары мен сын-қатерлерін, авиациялық инфрақұрылымды дамыту, авиатасымалдардың тиімділігін арттыру, сондай-ақ көлік және логистика саласында инновациялық және «жасыл» технологияларды енгізу мәселелерін талқылады.
Толығырақ:

🔶11 ноября 2025 года в г. Ташкент состоялся Международный авиационно-логистический форум, организованный Министерством транспорта Республики Узбекистан в рамках международной выставки «Trans Logistica Uzbekistan 2025». Казахстанскую делегацию возглавил Вице-министр транспорта Республики Казахстан Талгат Ластаев.
В ходе мероприятия участники обсудили ключевые тенденции и вызовы современной авиационной индустрии, вопросы развития авиационной инфраструктуры, повышения эффективности авиаперевозок, а также внедрения инновационных и «зелёных» технологий в сфере транспорта и логистики.
Подробнее:

🔗O'zbek tilida:
🔗In English:
👍5❤2⚡1
🔷2025 жылдың 12 қарашасында Ташкент қаласында «Әйелдердің құқықтарын және гендерлік теңдікті қамтамасыз етудің жаһандық және өңірлік тәсілдері» тақырыбындағы Орталық Азия елдерінің әйелкөшбасшылары диалогының отырысы өтті.
Іс-шараға Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрайымы Танзила Нарбаева, Орталық Азия елдерінің парламенттерінің өкілдері, халықаралық ұйымдар мен БҰҰ, азаматтық қоғам институттары және сарапшылар қауымдастығы қатысты. Қазақстан Республикасын Мәжіліс Төрағасының орынбасары Дания Еспаева басқарған делегация өкілдік етті. Сондай-ақ шараға Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің хатшысы Нұргүл Тау және Президент жанындағы Әйелдер істерi және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Әзиза Шүжеева қатысты.
Форум барысында қатысушылар әйелдердің қоғамдық өмірдің барлық салаларындағы қатысуын кеңейту мәселелерін талқылады: саясатта, кәсіпкерлікте, білім беруде, инновацияда, БАҚ-та, сондай-ақ денсаулық сақтау, құқықтық қорғау және зорлық-зомбылыққа қарсы күрес салаларында.
Толығырақ:


🔶12 ноября 2025 года в Ташкенте состоялось заседание Диалога женщин-лидеров стран Центральной Азии на тему «Глобальные и региональные подходы по обеспечению прав женщин и гендерного равенства».
В заседании приняли участие Председатель Сената Олий Мажлиса Республики Узбекистан Танзила Нарбаева, представители парламентов стран Центральной Азии, международных организаций, ООН, институтов гражданского общества и экспертных кругов.
Республику Казахстан представила делегация во главе с Заместителем Председателя Парламента Мажилиса Дания Еспаева. Также участие приняли Посол Казахстана в Узбекистане Бейбут Атамкулов, Секретарь Комитета по социально-культурному развитию Мажилиса Парламента Нургуль Тау, член Национальной комиссии по делам женщин и семейно-демографической политике при Президенте Республики Казахстан Азиза Шужеева.
В ходе форума участники обсудили актуальные направления расширения участия женщин во всех сферах общественной жизни: в политике, предпринимательстве, образовании, инновациях, средствах массовой информации, а также в сфере здравоохранения, правовой защиты и борьбы с насилием.
Подробности здесь:

🔗O'zbek tilida:
🔗In English:
👍5❤2🔥2⚡1