Посольство Казахстана в Узбекистане
651 subscribers
5.27K photos
472 videos
1.25K links
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі/Қозоғистон Республикасининг Ўзбекистон Республикасидаги элчихонаси/Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Uzbekistan/Посольство Республики Казахстан в Республике Узбекистан
Download Telegram
🔷14 ноября 2025 года в Ташкенте, в рамках Государственного визита Президента Казахстана Касым-Жомарта Токаева в Узбекистан, состоялась премьера оперы «Хан Султан. Золотая Орда», представленной Государственным академическим театром оперы и балета имени Абая.
Постановка стала одним из самых ярких культурных событий в Центральной Азии. Спектакль посетили главы министерств культуры стран Центральной Азии и Азербайджана.
Опера представляет собой глубокую драму о власти, судьбе и выборе между традиционным укладом жизни и грядущими переменами. Музыка Хамита Шангалиева в видении режиссера Давида Ливермора, создают эффект полного погружения в эпоху Золотой Орды. Зритель воочию наблюдает человеческие трагедии на фоне исторических событий Золотой Орды – государства, чьё духовное наследие занимает особое место в истории тюркских народов.
Работа над постановкой оперы стала примером международного научного сотрудничества. В проекте участвовали исследователи из Казахстана, России и Турции: руководитель Центра исследования Золотой Орды Ильнур Миргалиев, профессор Мармара университета в Стамбуле Ильяс Кемалогу и кандидат исторических наук Нурлан Атыгаев. Либретто оперы, созданное Маралтаем Ыбыраевым, основано на пьесе драматурга Алмаса Нусипа.
Режиссер спектакля Давиде Ливерморе – признанный мастер мировой оперной сцены, работавший с легендарными певцами и крупнейшими театрами планеты. Его постановки украшали афиши La Scala, Римской оперы, Teatro Regio в Турине и Carlo Felice в Генуе. Его участие подняло проект на международный уровень.
Музыкальным руководителем и дирижером-постановщиком выступил Заслуженный деятель РК, главный дирижер Театра имени Абая Нуржан Байбусинов.
Премьера в Ташкенте стала не просто очередным театральным событием, а диалогом казахской и узбекской истории и культуры. Их синтез создает своеобразный «художественный мост» между двумя народами, напоминая о единой культурной памяти. До Ташкентской премьеры опера была представлена в Алматы, Стамбуле и Казани, где также вызвала большой интерес и теплый прием публики.
⚡4❤2🔥2
🔶2025 жылғы 14 қарашада Ташкентте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ұсынған «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті.
Қойылым Орталық Азия аймағының мәдени өміріндегі ең жарқын оқиғалардың бірі болды.
Опера – билік, тағдыр және дәстүрлі өмір салты мен келешек өзгерістер арасындағы таңдауды терең ашып көрсететін драмалық туынды. Хамит Шаңғалиевтің музыкасы режиссер Давиде Ливерморенің көркемдік шешімімен үйлесе отырып, көрерменді Алтын Орда дәуіріне толықтай бойлататын әсерлі атмосфера жасайды. Көрермен Алтын Орда тарихындағы оқиғалар аясында өрбитін адамдық трагедияларды көзбен көріп, сол кезеңнің рухын терең сезіне алады. Алтын Орда – түркі халықтарының тарихында ерекше орын алатын рухани мұраның қайнар көзі.
Операны сахналау жұмысы халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың үлгісіне айналды. Жобаға Қазақстан, Ресей және Түркияның ғалымдары атсалысты. Алтын Орданы зерттеу орталығының жетекшісі Ильнур Миргалиев, Ыстамбұлдағы Мармара университетінің профессоры Ильяс Кемалоғлу және тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлан Атығаев. Маралтай Ыбыраев жазған опера либреттосы драматург Алмас Нүсіптің пьесасы негізінде әзірленген.
Спектакльдің режиссері Давиде Ливерморе – әлемдік опера өнерінің мойындалған шебері, талай аңызға айналған әншілермен және әлемнің жетекші театрларымен жұмыс істеген тұлға. Оның қойылымдары Ла Скала, Рим операсы, Туриндегі Театро Реджио және Генуядағы Карло Феличе театрларында сахналанған. Мэтрдің жобаға қатысуы операны халықаралық деңгейге көтерді.
Музыкалық жетекші әрі қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы театрдың бас дирижері Нұржан Байбосынов.
Ташкенттегі премьера қазақ және өзбек мәдениеті мен тарихының терең үндестігін паш еткен шығармашылық диалогқа айналды. Бұл синтез екі халықтың мызғымас ортақ тарихи жадын, рухани жақындығын айшықтаған өзіндік «өнер көпірін» қалыптастырды. Бұған дейін опера Алматы, Ыстамбұл және Қазан қалаларында сахналанып, көрерменнің зор қызығушылығы мен ыстық ықыласына ие болған еді.
⚡3❤2🔥2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇿Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен келіссөз жүргізді

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.

✔️Кездесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі дамыту перспективасын егжей-тегжейлі талқылады.

✔️Президенттер сауда, өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары секілді басым бағыттардағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту мәселелерін қарастырды.

✔️Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Глава государства провел переговоры с Президентом Узбекистана Шавкатом Мирзиёевым

✔️Касым-Жомарт Токаев выразил признательность Шавкату Мирзиёеву за приглашение посетить Ташкент с государственным визитом, а также за теплый прием и традиционное гостеприимство.

✔️В ходе встречи главами государств были обстоятельно обсуждены дальнейшие перспективы развития казахско-узбекского стратегического партнерства и союзничества.

✔️Президенты рассмотрели вопросы укрепления сотрудничества в таких приоритетных направлениях, как торговля, промышленная кооперация, транспорт и логистика, энергетика, сельское хозяйство, водные ресурсы, а также взаимодействие в культурно-гуманитарной сфере.

✔️Состоялся обмен мнениями по актуальным вопросам региональной и международной повестки.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты

🟦Жиынның күн тәртібінде екі елдің сауда-экономика, көлік-транзит, су-энергетика және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

🟦Мемлекет басшысы қонақжайлығы үшін Президент Шавкат Мирзиёевке ризашылығын білдіріп, сапарының басты мақсаты – қос халықтың достығын нығайтып, тату көршілік байланыстарын күшейту, сондай-ақ түрлі саладағы өзара тиімді ықпалдастықты дамыту екеніне назар аударды.

– Құрметті Шавкат Миромонович, Өзіңіздің қажырлы еңбегіңіздің арқасында еліңізде көптеген оң өзгеріс болып жатыр. Халықтың әл-ауқатын жақсартуды көздейтін маңызды бастамалар қолға алынды. Өзбекстан – біз үшін туыстас, ағайын ел, тату көрші әрі сенімді серіктес. Қос ел арасындағы достықтың тамыры терең, халықтарымыздың рухани құндылықтары ортақ деуге болады. Қазақ-өзбек қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық рухында қарқынды дамып келе жатыр, – деді Мемлекет басшысы.


🟦Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық ахуал аумалы-төкпелі кезеңде сан қырлы ықпалдастықтың даму қарқынын арттыру қажет екенін атап өтті.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡3
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Президенты Казахстана и Узбекистана приняли участие во втором заседании Высшего межгосударственного совета

🟦На заседании были рассмотрены актуальные вопросы двустороннего взаимодействия в торгово-экономической, транзитно-транспортной, водно-энергетической и культурно-гуманитарной сферах.

🟦Глава государства выразил благодарность Президенту Шавкату Мирзиёеву за теплое гостеприимство и подчеркнул, что главной целью визита является укрепление дружбы между народами, развитие добрососедских отношений и расширение взаимовыгодного сотрудничества.

– Уважаемый Шавкат Миромонович, благодаря Вашим неустанным усилиям в Узбекистане происходят масштабные позитивные изменения. Реализуются важные инициативы, направленные на повышение благосостояния народа. Для нас Узбекистан – братское, родственное государство, добрый сосед и надежный партнер. Дружба между нашими народами имеет глубокие исторические корни, а духовные ценности во многом являются схожими. Казахско-узбекское сотрудничество поступательно развивается в духе стратегического партнерства и союзничества, – заявил Глава государства.


🟦Касым-Жомарт Токаев отметил необходимость наращивания динамики развития многогранного взаимодействия в условиях непростой международной обстановки.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев видео байланыс арқылы Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жобаларын іске қосу рәсіміне қатысты.

✔️Тараптар өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында жалпы құны 1,2 миллиард доллар болатын 7 жоба әзірлеген.

✔️Мемлекеттер басшылары символикалық түймені басып, бірнеше жобаны бастап берді.

✔️Атап айтқанда, Сырдария және Түркістан облыстарында «Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығы, Ташкентте «Tenge Bank» бас кеңсесі қызметіне кірісті. Сондай-ақ Ташкент облысында көпбейінді логистика орталығының, Жаңа Ташкентте «Астана» тұрғын үй орамының, Қашқадария облысында алкилбензол өндіретін мұнай-газ химиясы кешенінің, Жаңа Ташкентте «Астана» қонақ үйінің, ал елордамызда «Ташкент» қонақ үйінің құрылысы басталды.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡2🔥1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Президенты Казахстана и Узбекистана приняли участие в церемонии запуска совместных проектов

✔️Президент Касым-Жомарт Токаев и Президент Шавкат Мирзиёев в режиме видеоконференцсвязи приняли участие в церемонии запуска совместных проектов Казахстана и Узбекистана.

✔️К запуску было подготовлено 7 проектов на общую сумму 1,2 млрд долларов в сферах промышленности, строительства, нефтегазохимии, финансов, логистики и туризма.

✔️Нажав символическую кнопку, главы государств дали старт деятельности Международного центра промышленной кооперации «Центральная Азия» в Сырдарьинской и Туркестанской областях, головного офиса «Tenge Bank» в Ташкенте, началу строительства многопрофильного центра логистики в Ташкентской области, жилого квартала «Астана» в Новом Ташкенте, нефтегазохимического комплекса по производству линейного алкилбензола в Кашкадарьинской области, гостиничного комплекса «Астана» в Новом Ташкенте, а также гостиничного комплекса «Ташкент» в столице Казахстана.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Қасым-Жомарт Тоқаевқа Өзбекстанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

🟦Президент Шавкат Мирзиёев Мемлекет басшысын «Олий Даражали Дустлик» («Жоғары дәрежелі достық») орденімен марапаттады.

🟦Қасым-Жомарт Тоқаев бұл марапатты жеке өзіне ғана емес, тұтас Қазақстан халқына көрсетілген шексіз құрметтің белгісі ретінде қабыл алғанын атап өтті.
Сонымен қатар өзбек көшбасшысының екі ел арасындағы достық пен тату көршілік байланысты нығайтуға қосқан үлесін айрықша бағалайтынын жеткізді.

– Бұл жоғары награда достық, бейбітшілік және құрмет секілді қазақстандықтардың жанына жақын құндылықтарды әрі сонымен үндес өзбек халқының рухын айшықтайды. Орденнің атауы елдеріміз арасындағы қарым-қатынастың мазмұнын дәлме-дәл сипаттайды. Қазақстан мен Өзбекстанның достығы – баға жетпес байлығымыз. Біз оны көзіміздің қарашығындай сақтап, бауырлас халықтардың игілігі үшін өркендетеміз. Бірлескен қажыр-қайраттың арқасында қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын ұдайы жаңа мазмұнмен байыта береміз деп сенемін. Ұлы Абай мен Науаи достықтың озық үлгісін дәріптеп, өзара сенім халықтардың татулығын нығайтатынын, бір-біріне құрмет оны шыңдай түсетінін насихат етті. Осы өсиетке сүйеніп, біз Өзбекстанмен бауырластық одақты нығайтуға баса мән береміз, – деді Мемлекет басшысы.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2⚡1