Посольство Казахстана в Узбекистане
651 subscribers
5.27K photos
472 videos
1.25K links
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі/Қозоғистон Республикасининг Ўзбекистон Республикасидаги элчихонаси/Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Uzbekistan/Посольство Республики Казахстан в Республике Узбекистан
Download Telegram
📣2026 жылдың 22-24 сәуірі аралығында Қазақстан астанасында қоршаған орта мен су ресурстары проблемаларын талқылау және өзекті мәселелер бойынша келісімдерге қол жеткізу үшін мемлекет басшыларын, сарапшылар және халықаралық ұйымдардың жетекшілерін бір алаңда біріктіретін алғашқы Өңірлік экологиялық саммит өтеді.

Іс-шара мақсаты - қоршаған ортаға қатысты мәселелерді шешудің бірлескен практикалық шешімдерін шығару үшін ашық халықаралық платформа құру.

Орталық Азия елдерінен, Еуропалық Одақтан, ШЫҰ-нан және Таяу Шығыстан шамамен 1500 қатысушы ағымдағы мәселелерді талқылау және мемлекетаралық келісімдерге қол жеткізу үшін саммитке қатысады деп күтілуде.

❓Саммитте негізгі 8 тақырып бойынша мәселелер талқыланады. Олар:

✅Экологиялық жəне табиғи тəуекелдерге бейімделу жəне экономикалық орнықтылық;
✅Азық-түлік қауіпсіздігі жəне өңір экожүйесі
✅Табиғи ресурстарды орнықты басқару;
✅Атмосфералық ауаның ластануымен күрес жəне қалдықтарды басқару;
✅Экологиялық амбицияларға қол жеткізу тетіктері;
✅Əділетті жəне инклюзивті өтпелі кезең;
✅Экологиялық жəне цифрлық құзыреттер;
✅Климаттық өтуді қолдау.

Саммит аясында Орталық Азия мемлекет басшылары тарапынан ортақ декларация қабылдау жоспарлануда.

❗️2026 жылы БҰҰ-мен серіктестікте Өңірлік экологиялық саммитті (ӨЭС 2026) өткізу ұсынысын Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы барысында жариялаған болатын.

Саммиттің халықаралық серіктестері: БҰҰ, ЭЫДҰ, ХЭА, ХЖЭА, АДБ, ДБ, ЕҚҚДБ, IWMI, SWITCH-Asia.

Толық ақпарат https://res2026.kz/ веб-сайтында.

🔗O'zbek tilida:
🔗In English:
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍1🕊1
📣С 22 по 24 апреля 2026 года в столице Казахстана впервые пройдет Региональный экологический саммит, который соберет на одной площадке лидеров государств, экспертов и руководителей международных организаций для обсуждения проблем экологии и водных ресурсов, а также для достижения соглашений по ключевым вопросам.

Цель мероприятия - формирование открытой международной платформы для выработки совместных практических решений по экологическим вызовам.

Для обсуждения актуальных проблем и достижения межгосударственных договорённостей ожидается участие в работе Саммита порядка 1500 участников из стран Центральной Азии, Европейского союза, ШОС и Ближнего Востока.

❓На Саммите будут обсуждаться вопросы по 8-и ключевым темам. Это:

✅Адаптация и экономическая устойчивость к экологическим природным рискам;
✅Продовольственная безопасность и экосистема региона;
✅Устойчивое управление природными ресурсами;
✅Борьба с загрязнением атмосферного воздуха и управление отходами;
✅Механизмы достижения экологических амбиций;
✅Справедливый и инклюзивный переход;
✅Экологические и цифровые компетенции;
✅Поддержка климатического перехода.

В рамках Саммита планируется принятие совместной декларации глав государств Центральной Азии.

❗️Инициатива проведения Регионального экологического саммита 2026 года (РЭС 2026) в партнерстве с ООН была озвучена Президентом Республики Казахстан Касым-Жомартом Токаевым в ходе 78-й сессии Генеральной Ассамблеи ООН в 2023 году.

Международные партнеры Саммита: ООН, ОЭСР, МЭА, ИРЕНА, АБР, ВБ, ЕБРР, IWMI, SWITCH-Asia.

Подробная информация на сайте: https://res2026.kz/

🔗O'zbek tilida:
🔗In English:
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🔥1🥰1
🔷Ташкент, 2026 жылғы 30 қаңтар – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Л.Кудратовпен кездесуі өтті.

Тараптар Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың Өзбекстан Республикасына жасаған өткен мемлекеттік сапарының қорытындыларын, сондай-ақ оның нәтижелері бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және қабылданған тапсырмаларды орындау жоспарларын атап өтті.

Ағымдағы жылға арналған іс-шаралар кестесіне, оның ішінде жоғары және ең жоғары деңгейлердегі байланыстарға, сондай-ақ бірлескен үкіметаралық және салалық ынтымақтастық тетіктерінің жоспарланған отырыстарына ерекшеназар аударылды, қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын мониторингтеуге баса мән берілді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық күн тәртібінің кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде елдер арасындағы өзара сауданың жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ инвестициялық ынтымақтастық пен өзара инвестицияларды ынталандыру жөніндегі практикалық шараларды талқылады.
Толығырақ:

🔗O'zbek tilida:
🔗In English:
🔥5❤2👌1
Посольство Казахстана в Узбекистане
🔷Ташкент, 2026 жылғы 30 қаңтар – Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Б.Атамқұловтың Өзбекстан Республикасының инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Л.Кудратовпен кездесуі өтті. Тараптар Қазақстан Республикасының…
🔶Ташкент, 30 января 2026 года – состоялась встреча Чрезвычайного и Полномочного Посла Республики Казахстан в Республике Узбекистан Б.Атамкулова с Министром инвестиций, промышленности и торговли Республики Узбекистан Л.Кудратовым.

Стороны отметили итоги прошедшего государственного визита Президента Республики Казахстан К.Токаева в Республику Узбекистан, а также планы по реализации достигнутых договорённостей и исполнению поручений, принятых по его итогам.

Особое внимание было уделено графику мероприятий на текущий год, включая контакты на высшем и высоком уровнях, а также планируемые заседания совместных межправительственных и отраслевых механизмов сотрудничества, с акцентом на мониторинг хода реализации достигнутых договорённостей.

В ходе встречи стороны обсудили широкий круг вопросов двусторонней торгово-экономической повестки, включая состояние и перспективы развития взаимной торговли между странами, а также инвестиционное сотрудничество и практические меры по стимулированию взаимных инвестиций.
Подробнее по ссылке:

🔗O'zbek tilida:
🔗In English:
👍6🔥3👏1
🔷2026 жылғы 3 ақпанда Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстан жөніндегі Арнайы өкілі Исматулла Иргашевтің кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар Ауғанстанмен сауда-экономикалық және гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың қазіргі жай-күйі мен перспективаларын талқылап, инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Елші Б. Атамқұлов Өзбекстанның Ауғанстанда ұзақ мерзімді бейбітшілік пен тұрақтылық орнатуға жәрдемдесу, сондай-ақ ауған халқына гуманитарлық көмекті жалғастыру бағытындағы күш-жігерін жоғары бағалады. Дипломатиялық миссия басшысы гуманитарлық қолдауды сақтаудың маңыздылығын және Ауғанстанды өңірдің сауда-экономикалық байланыстарына кезең-кезеңімен тарту қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар ауған мәселесі бойынша Арнайы өкілдердің Байланыс тобы жұмысының тиімділігі ерекше атап өтілді. Аталған топтың келесі отырысы ағымдағы жылдың 16 ақпанында Астана қаласында өтеді.

Өз кезегінде Арнайы өкіл И.Иргашев Өзбекстанның Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету және экономикалық қолдау шаралары туралы ақпарат беріп, көлік-логистика және басқа да салалардағы ірі жобаларды іске асыру перспективаларына қатысты бағаларымен бөлісті.

Сұхбат барысында өңірлік қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелері де қарастырылып, Ауғанстан бағыты бойынша қазақстандық-өзбекстандық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара дайындық білдірілді.

🔗O'zbek tilida:
🔗In English:
👍7🔥2👌2💯1