Посольство Казахстана в Узбекистане
654 subscribers
5.26K photos
471 videos
1.24K links
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігі/Қозоғистон Республикасининг Ўзбекистон Республикасидаги элчихонаси/Embassy of the Republic of Kazakhstan to the Republic of Uzbekistan/Посольство Республики Казахстан в Республике Узбекистан
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎥Стартовал ПРИЕМ ЗАЯВОК на международный конкурс Astana AI Film Festival для креаторов со всего мира

Официальный сайт Astana AI Film Festival (AAIFF) aaiff.ai открыл прием заявок для креаторов со всего мира на участие в международном конкурсе AI-фильмов.

Фестиваль пройдет в Астане с 28 сентября по 1 октября 2026 года в рамках Astana AI Week — недели, посвященной искусственному интеллекту.

Для участия необходимо создать короткометражный AI-фильм продолжительностью до 10 минут и загрузить его на платформу фестиваля aaiff.ai с описанием проекта.

Заявка подается через сайт фестиваля aaiff.ai. Работу можно разместить двумя способами: загрузить на YouTube и приложить ссылку, либо разместить на облачном сервисе (Google Drive) и указать ссылку на него. Общий призовой фонд фестиваля составляет 1 миллион долларов США.

Официальный сайт фестиваля: https://aaiff.ai/




🎥Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түрлі елдерінің креаторларынан ӨТІНІМ ҚАБЫЛДАУДЫ бастады

Astana AI Film Festival (AAIFF) ресми сайты — aaiff.ai әлемнің түрлі елдерінің креаторларынан халықаралық AI-фильмдер байқауына қатысуға өтінім қабылдауды бастады.
Фестиваль 2026 жылғы 28 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Астанада Astana AI Week — жасанды интеллект апталығы аясында өтеді.

Қатысушылар ұзақтығы 10 минутқа дейінгі қысқаметражды AI-фильм әзірлеп, оны жобаның сипаттамасымен бірге aaiff.ai фестиваль платформасына жүктеуі қажет.

Өтінім фестивальдің ресми сайты арқылы қабылданады. Жұмысты екі жолмен жіберуге болады: YouTube платформасына жүктеп, сілтемесін көрсету немесе Google Drive сервисіне жүктеп, сілтемесін жолдау.
Фестивальдің жалпы жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларын құрайды.

Фестивальдің ресми сайты: https://aaiff.ai/



#Kazakhstan #AstanaAIFF #DigitalDiplomacy #AIFilmFestival #Astana2026
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥2❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
 
Құрметті отандастар!
 
Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Халқымыздың рухани өмірінде ерекше орын алатын бұл мейрамды бүкіл мұсылман қауымы қадір тұтады. Осы киелі мерекеде рухани кемелденуге жол ашатын мейірімділік пен қайырымдылық, өзара құрмет пен сенім, жанашырлық пен тілеулестік қасиеттері кеңінен дәріптеледі.

Құрбан айт күндері азаматтарымыз өзгеге қол ұшын беру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және ел болашағы үшін ортақ жауапкершілікті сезіну айрықша маңызды екенін ұғына түседі. Бұл – әділдік пен адамгершілікті, ой мен сана тазалығын арқау еткен ислам ілімінің ұлағатын дұрыс түсініп, тағылымын тереңірек тануға зор ықпал ететін ерекше кезең.

Түптеп келгенде, біздің асыл дініміз де, еліміздегі басқа дәстүрлі діндер де халқымыздың рухани дамуына, ұрпақтар арасындағы сабақтастық пен қоғамдағы ынтымақ-бірліктің артуына негіз болып отыр.  

Бәріміз үшін еліміздің Егемендігі мен Тәуелсіздігінен биік ешнәрсе жоқ. Конституция – халқымыздың болмыс-бітімінің айнасы, ұлттық бірегейлігіміздің өзегі. Сондықтан ел тұтастығын күшейту, этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту мемлекет саясатының аса маңызды бағыты, конституциялық міндеті саналады.

Ел ішіндегі тұрақтылық пен тыныштықты көздің қарашығындай сақтау – әрбір отаншыл азаматтың перзенттік парызы. Бұл – қазіргідей алмағайып заманда мемлекетімізді одан әрі көркейтіп, Әділетті және Озық Қазақстанды құрудың бірден-бір шарты.

Біз алдағы уақытта халқымыздың ырысты ынтымағы мен жасампаз рухының арқасында биік белестерді бағындыра береміз. Мен бұған кәміл сенемін.  

Баршаңызға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Құрбан айт қабыл болсын!

t.me/aqorda_resmi
❤5👍2🕊1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚜️Поздравление Главы государства Касым-Жомарта Токаева с праздником Курбан айт
 
Дорогие соотечественники!
 
Сердечно поздравляю мусульман Казахстана со священным праздником Курбан айт!

Этот праздник занимает особое место в духовной жизни нашего народа, его с большим воодушевлением ждут во всем исламском мире. Он взывает к милосердию, состраданию, нравственному самосовершенствованию, взаимному уважению, доверию, солидарности.

Благословенные дни Курбан айта напоминают о важности поддержки друг друга, почитания старших, общей ответственности за благополучие страны. Это время зрелости, глубокого осознания и правильного понимания ислама, который базируется на справедливости, чистоте помыслов, гуманизме.

Прогрессивные ценности ислама и других традиционных религий выступают надежным фундаментом духовного развития нашего народа, преемственности поколений, единства и согласия в нашем обществе.

Для всех нас нет ничего выше Суверенитета и Независимости страны. Конституция – это зеркало повседневного бытия нашего народа, сердцевина нашей идентичности. Поэтому укрепление национального единства, обеспечение межэтнического и межконфессионального согласия являются незыблемым приоритетом государственной политики и важнейшей конституционной задачей.

Беречь стабильность и гармонию в стране как зеницу ока – долг каждого ответственного гражданина. На фоне сложных глобальных вызовов это основа дальнейшего процветания нашей Родины, ключевое условие построения Справедливого, Прогрессивного Казахстана.

Убежден, в единстве и созидательном патриотизме – наша главная сила.

Желаю всем соотечественникам крепкого здоровья, счастья и благополучия!

С праздником Курбан айт!
 
t.me/aqorda_resmi
❤6👍2👏1
🇰🇿🇺🇿Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыруға арналған Жол картасына қол қойылды

✍️ Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі жол картасына қол қою рәсімі өтті.

✔️Аталған Жол картасы Қазақстан Президентінің 2025 жылы 14-15 қараша күндері Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтардың іс жүзіндегі жалғасы ретінде қабылданды.

✔️Құжатқа өнеркәсіп, мұнай химиясы, логистика, металлургия, агроөнеркәсіп кешені, туризм және «жасыл» энергия салаларын қамтитын жаңа жобалар енді.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
Посольство Казахстана в Узбекистане
🇰🇿🇺🇿Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы уағдаластықтарды жүзеге асыруға арналған Жол картасына қол қойылды ✍️ Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі…
🇰🇿🇺🇿Подписана Дорожная карта по реализации достигнутых договоренностей между Казахстаном и Узбекистаном

✍️ В Астане  в присутствии Главы государства Касым-Жомарта Токаева и Президента Узбекистана Шавката Мирзиёева состоялась церемония подписания Дорожной карты по торгово-экономическому сотрудничеству.

✔️Подписание Дорожной карты стало практическим продолжением договоренностей, достигнутых в ходе государственного визита Президента Казахстана в Узбекистан 14-15 ноября 2025 года.
 
✔️Новые проекты документа охватывают сферы промышленности, нефтехимии, логистики, металлургии, агропромышленного комплекса, туризма и «зеленой» энергетики.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5
🇰🇿🇺🇿«ШЕКАРАСЫЗ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ»: ТҮРКІСТАН МЕН ТАШКЕНТ ОБЛЫСТАРЫ СЕРІКТЕСТІКТІ КҮШЕЙТУДЕ

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттерінің өңіраралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі тапсырмаларына сәйкес, Ташкент облысында Түркістан және Ташкент облыстарының қатысуымен «Шекарасыз ынтымақтастық» халықаралық бизнес-форумы өтті.

Форумға Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров бастаған ресми және бизнес-делегация қатысып, сауда-экономикалық, инвестициялық және туристік ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Іс-шараға екі өңірден 200-ге жуық кәсіпкер мен инвестор жиналды.

Форум барысында Ташкент облысының хокимі З.Мирзаев пен Түркістан облысының әкімі Н.Көшеров сөз сөйлеп, екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен өңіраралық байланыстарды нығайтудың маңызын атап өтті.

Кездесуде Түркістан облысының инвестициялық және туристік әлеуеті таныстырылып, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, сондай-ақ «Орталық Азия» халықаралық өнеркәсіптік кооперация орталығы жобасын іске асыру мәселелері қаралды.

Форум қорытындысында тараптар іскерлік байланыстарды кеңейтіп, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөнінде уағдаласты.

Форум туралы «24KZ» телеарнасында ⬅️


🇰🇿🇺🇿«СОТРУДНИЧЕСТВО БЕЗ ГРАНИЦ»: ТУРКЕСТАНСКАЯ И ТАШКЕНТСКАЯ ОБЛАСТИ УКРЕПЛЯЮТ ПАРТНЁРСТВО

В соответствии с поручениями Президентов Казахстана и Узбекистана по развитию межрегионального сотрудничества в Ташкентской области состоялся международный бизнес-форум «Сотрудничество без границ» с участием представителей Туркестанской и Ташкентской областей.

В форуме приняла участие официальная и бизнес-делегация Туркестанской области во главе с акимом области Н.Кушеровым. Стороны обсудили вопросы развития торгово-экономического, инвестиционного и туристического сотрудничества. В мероприятии приняли участие около 200 предпринимателей и инвесторов из двух регионов.

В ходе форума хоким Ташкентской области З.Мирзаев и аким Туркестанской области Н.Кушеров подчеркнули важность дальнейшего укрепления стратегического партнёрства и межрегиональных связей между двумя странами.

Участникам были представлены инвестиционный и туристический потенциал Туркестанской области, а также рассмотрены вопросы развития промышленной кооперации и реализации проекта Международного центра промышленной кооперации «Центральная Азия».

По итогам форума стороны договорились расширять деловые контакты и совместно реализовывать новые инвестиционные проекты.

Подробнее о форуме у Телеканала «24KZ» ⬅️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥2❤1👏1
▪️4 маусым – Қазақстан үшін ерекше әрі терең мағыналы күн. Бұл күн еліміздің егемендігін, бірлігін және тәуелсіздік пен мемлекеттілікті нығайту жолындағы тарихи жетістіктерін айшықтайды.

Мемлекеттік рәміздер – жай ғана ресми белгілер емес. Олар – халықтың рухын, ар-намысын, қадір-қасиетін және еркіндікке, өркендеуге, кемел болашаққа деген асқақ сенімін бейнелейтін қасиетті құндылықтар. Қазақстанның Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны миллиондаған азаматтарды біріктіріп, әрқайсымызға еліміздің бай тарихын, ортақ құндылықтарымызды және оның болашағы үшін ортақ жауапкершілігімізді еске салады.

Бұл рәміздер Отанға деген мақтаныш пен құрмет сезімін арттырып, ұрпақтарды бейбітшілікке, тұрақтылыққа және жасампаздыққа ұмтылу жолында біріктіреді.

Мемлекеттік рәміздер күні бізге бірліктің, патриотизмнің және Қазақстанның ажырамас болмысы мен күш-қуатының негізі болып табылатын ұлттық құндылықтарға құрметпен қараудың маңызын тағы бір мәрте еске салады.

Осы айтулы мереке күні Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінде Қазақстанның жас азаматтарына арналған экскурсия ұйымдастырылды.

Балалар үшін танымдық бағдарлама әзірленіп, оның аясында дипломаттар Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран туралы, сондай-ақ олардың жасалу тарихы мен ел үшін маңызы жөнінде әңгімеледі.

Кездесу барысында мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті қалыптастырудағы, патриоттық тәрбие берудегі және Отанға деген құрметті нығайтудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Бұл кездесу балалардың туған елімен, оның тарихы мен құндылықтарымен байланысын тереңірек сезінуге мүмкіндік берген шынайы тағылымды әрі шабыттандыратын шара болды.


▪️4-iyun — Qozog‘iston uchun alohida va chuqur ma’noga ega bo‘lgan sana. Bu kun mamlakatimiz suvereniteti, birdamligi hamda mustaqillik va davlatchilikni mustahkamlash yo‘lidagi tarixiy taraqqiyotini ifodalaydi.

Davlat ramzlari shunchaki rasmiy atributlar emas. Ular xalqning ruhi, sha’ni, qadr-qimmati va erkinlik, taraqqiyot hamda farovonlikka bo‘lgan mustahkam ishonchini o‘zida mujassam etgan muqaddas timsollardir.

Qozog‘istonning Davlat bayrog‘i, Gerbi va Madhiyasi millionlab fuqarolarni birlashtirib, har birimizga mamlakatimizning buyuk tarixi, umumiy qadriyatlarimiz hamda uning kelajagi uchun mushtarak mas’uliyatimizni eslatib turadi.

Bu ramzlar Vatanga bo‘lgan faxr va hurmat tuyg‘usini mustahkamlab, avlodlarni tinchlik, barqarorlik va bunyodkorlik sari yagona maqsad yo‘lida birlashtiradi.

Davlat ramzlari kuni bizga birlik, vatanparvarlik va Qozog‘istonning milliy o‘zligi hamda qudratining ajralmas qismi bo‘lgan muqaddas qadriyatlarni e’zozlash naqadar muhim ekanini yana bir bor eslatadi.

Ushbu bayram kuni Qozog‘iston Respublikasining O‘zbekiston Respublikasidagi Elchixonasida Qozog‘istonning yosh fuqarolari uchun ekskursiya tashkil etildi.

Bolalar uchun maxsus ma’rifiy dastur tayyorlanib, uning doirasida diplomatlar Davlat bayrog‘i, Gerbi va Madhiyasi, shuningdek, ularning yaratilish tarixi hamda mamlakat hayotidagi ahamiyati haqida so‘zlab berdilar.

Alohida e’tibor davlat ramzlarining milliy o‘zlikni shakllantirish, vatanparvarlik tuyg‘usini tarbiyalash va Vatanga hurmatni mustahkamlashdagi o‘rniga qaratildi.

Mazkur uchrashuv bolalarga o‘z Vatani, uning tarixi va qadriyatlari bilan bog‘liqlik tuyg‘usini yanada chuqurroq his etishga yordam bergan, ilhomlantiruvchi va mazmunli tadbir bo‘ldi.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍2🔥1🎉1