QR Energetıka mınıstrligi
✔
3.68K subscribers
7.1K photos
724 videos
2 files
2.46K links
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Пресс-служба Министерства энергетики РК


https://www.facebook.com/minenergork
https://www.instagram.com/ministry_of_energy/

https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press?lang=kk
Download Telegram
🔷АНОНС!

2026 жылғы 5 маусымда сағат 11:00-де Өскемендегі жоғары политехникалық колледжінде (Серікпаев, 5) Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуі өтеді.

Азаматтарды белсенді қатысуға және Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жеке сұрақтар қоюға шақырамыз.
_______

🔶АНОНС!

5 июня 2026 года в 11:00 часов в Высшем политехническом колледже города Усть-Каменогорска (ул. Серикбаева, 5) состоится встреча вице-министра энергетики Республики Казахстан Сунгата Есимханова с населением Восточно-Казахстанской области.

Приглашаем граждан принять активное участие и лично задать вопросы вице-министру энергетики Республики Казахстан.
❤2👍2🔥1👏1
🔷+300 млн кВт/сағ: Қазақстан электр энергиясының профицитін бекітті

▪️Биылғы жылдың бес айында Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемі 53,6 млрд кВт/сағ құрады, ал тұтыну 53,3 млрд кВт/сағ деңгейіне жетті.

▪️Осылайша, электр энергиясын өндірудегі профицит шамамен 300 млн кВт/сағ құрады.

▪️Тұрақты профицит елдің энергетикалық жүйесінің теңгерімді дамуын, генерациялайтын қуаттардың тұрақты жұмысын және ішкі сұранысты сенімді қамтамасыз етуді көрсетеді.

▪️2026 жылы электр энергиясын өндіру көлемін 126,5 млрд кВт/сағ деңгейінде қамтамасыз ету жоспарлануда.

▪️Биыл Қазақстанда дәстүрлі және жаңартылатын энергия көздері есебінен 2,6 ГВт қуат енгізілмек. Атап айтқанда 4 газ станциясын іске қосу, сондай-ақ екі электр станциясын кеңейту жоспарланған.

▪️Сонымен қатар, 10 жаңа ЖЭК нысаны іске қосылады, оның ішінде 4 жел электр станциясы, 5 күн электр станциясы және 1 су электр станциясы бар.

▪️Бұл жобаларды іске асыру 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына қарай елдегі энергия тапшылығы мәселесін толық шешуге, ал 2029 жылға қарай электр энергиясы бойынша тұрақты профицитке шығуға мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
QR Energetıka mınıstrligi
🔷+300 млн кВт/сағ: Қазақстан электр энергиясының профицитін бекітті ▪️Биылғы жылдың бес айында Қазақстанда электр энергиясын өндіру көлемі 53,6 млрд кВт/сағ құрады, ал тұтыну 53,3 млрд кВт/сағ деңгейіне жетті. ▪️Осылайша, электр энергиясын өндірудегі профицит…
🔶+300 млн кВт·ч: Казахстан закрепил профицит электроэнергии

▪️По итогам пяти месяцев текущего года в Казахстане объем выработки электроэнергии составил 53,6 млрд кВт·ч, тогда как потребление достигло 53,3 млрд кВт·ч.

▪️Таким образом, профицит производства электроэнергии составил около 300 млн кВт·ч.

▪️Стабильный профицит свидетельствует о сбалансированном развитии энергосистемы страны, устойчивой работе генерирующих мощностей и надежном обеспечении внутреннего спроса на электроэнергию.

▪️В 2026 году планируется обеспечить выработки электроэнергии на уровне 126,5 млрд кВт/ч.

▪️В текущем году в Казахстане ожидается ввод 2,6 ГВт мощностей традиционной и возобновляемой энергии. В частности, будут введены 4 газовые станции, а также планируется расширение двух электростанции.

▪️Кроме того, будут введены 10 новых объектов ВИЭ, включая 4 ветроэлектростанции, 5 солнечных электростанций и 1 гидроэлектростанцию.

▪️Реализация этих проектов позволит уже к концу первого квартала 2027 года полностью решить вопрос энергодефицита в стране, а к 2029 году обеспечить выход на устойчивый профицит электроэнергии.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
QR Energetıka mınıstrligi pinned «🔶+300 млн кВт·ч: Казахстан закрепил профицит электроэнергии ▪️По итогам пяти месяцев текущего года в Казахстане объем выработки электроэнергии составил 53,6 млрд кВт·ч, тогда как потребление достигло 53,3 млрд кВт·ч. ▪️Таким образом, профицит производства…»
⚜️«Адал азамат» жол картасы аясында студенттер Астана ЖЭО-2 болды

▪️2026 жылғы 3 маусымда «Адал азамат» 2025–2027 жылдарға арналған жол картасын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университетінің студенттері үшін «Астана-Энергия» АҚ Астана ЖЭО-2 нысанына танымдық экскурсия ұйымдастырды.

▪️Іс-шараның мақсаты – жастар арасында патриоттық құндылықтарды дәріптеу, мемлекеттік қызметтің беделін арттыру, сондай-ақ студенттерді энергетика саласының қызметімен және мемлекеттік сектордағы кәсіби даму мүмкіндіктерімен таныстыру.

▪️Экскурсия барысында студенттер елордадағы маңызды энергетикалық нысандардың бірі – Астана ЖЭО-2 жұмысының ерекшеліктерімен танысты. Қатысушылар турбиналық (машиналық) залды және бас басқару қалқанын аралап көрді. Мұнда «Астана-Энергия» АҚ Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Олег Гармонщиков пен бас инженер Нұртілек Тасатқан станцияның негізгі энергетикалық жабдықтарының жұмысы, технологиялық процестерді басқару және бақылау жүйелері туралы жан-жақты ақпарат берді.

▪️Кәсіпорын өкілдері студенттерге жылу электр орталығының өндірістік циклі, жабдықтарды пайдалану ерекшеліктері, энергиямен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету шаралары және ЖЭО-2 қаланың энергетикалық жүйесіндегі рөлі жөнінде баяндады.

▪️Кездесу барысында Электр энергетикасын дамыту департаменті басқармасының басшысы Берік Зарлық электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, энергетикалық жүйенің сенімділігін қамтамасыз ету, генерациялау қуаттарын және электр желілік инфрақұрылымды жаңғырту, инвестициялар тарту және саланың кадрлық әлеуетін дамыту мәселелері туралы айтты.

▪️Кадрлық саясат департаменті басқармасының басшысы Майгүл Сүлейменова студенттерді мемлекеттік сектордағы кәсіби даму мүмкіндіктерімен таныстырып, энергетика саласы мен мемлекеттік басқару жүйесіне жас мамандарды тартудың маңыздылығын атап өтті.

▪️Осындай іс-шаралар жастардың мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыруға, стратегиялық маңызы бар салалардың қызметі туралы хабардарлығын кеңейтуге және білім беру ұйымдары, мемлекеттік органдар мен энергетика кәсіпорындары арасындағы өзара байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️В рамках Дорожной карты «Адал Азамат» студенты вузов посетили Астанинскую ТЭЦ-2

▪️3 июня 2026 года в рамках реализации Дорожной карты «Адал Азамат» на 2025–2027 годы Министерство энергетики Республики Казахстан организовало выездное ознакомительное посещение Астанинской ТЭЦ-2 АО «Астана-Энергия» для студентов Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева и Университета КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева.

▪️Мероприятие направлено на популяризацию патриотических ценностей среди молодежи, повышение престижа государственной службы, а также ознакомление студентов с деятельностью энергетической отрасли и перспективами профессиональной реализации в государственном секторе.

▪️В ходе посещения студенты ознакомились с работой одного из ключевых энергетических объектов столицы. Участники посетили турбинный (машинный) зал и главный щит управления, где заместитель Председателя Правления по производству АО «Астана-Энергия» Олег Гармонщиков и главный инженер Нуртилек Тасаткан рассказали о функционировании основного энергетического оборудования, системах управления и контроля технологических процессов станции.

▪️Представители предприятия подробно ознакомили студентов с производственным циклом теплоэлектроцентрали, особенностями эксплуатации оборудования, мерами по обеспечению надежности энергоснабжения и значением ТЭЦ-2 для устойчивого функционирования энергетической системы города.

▪️В рамках встречи руководитель управления департамента развития электроэнергетики Берік Зарлық рассказал о ключевых направлениях государственной политики в сфере электроэнергетики, мерах по обеспечению надежности энергосистемы, модернизации генерирующих мощностей и электросетевой инфраструктуры, привлечению инвестиций и развитию кадрового потенциала отрасли.

▪️Руководитель управления департамента кадровой политики Майгуль Сулейменова проинформировала студентов о возможностях профессионального развития в государственном секторе и подчеркнула важность привлечения молодых специалистов в энергетическую отрасль и систему государственного управления.

▪️Подобные мероприятия способствуют формированию у молодежи интереса к государственной службе, повышению осведомленности о деятельности стратегически важных отраслей экономики и укреплению связи между образовательными организациями, государственными органами и предприятиями энергетического комплекса.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2❤1
Мемлекеттік рәміздер күні құтты болсын!🇰🇿

Еліміздің егемендігі мен бірлігінің нышаны болған ұлттық рәміздерімізге құрмет әрдайым жоғары болғай!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Азаматтық жауапкершілік пен ортақ құндылықтар: ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті🇰🇿

▪️Астана, 2026 жылғы 4 маусым — Бүгін Қазақстан мемлекеттік күнтізбедегі маңызды мерекелердің бірі – Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде. Осыған орай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде министрліктің басшылығы, қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысқан салтанатты жиын өтті.

▪️Ресми шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін бірлесіп орындаумен басталды. Қатысушылар Ту, Елтаңба және Әнұран еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің, тарихи сабақтастығының басты нышандары болып табылатынын, сондай-ақ барлық қазақстандықтарды біріктіретін ортақ құндылықтар екенін атап өтті.

▪️Мемлекеттік басқару жүйесінде еңбек ететін мамандар үшін мемлекеттік рәміздерге деген құрмет күнделікті кәсіби міндетті адал атқарумен тығыз байланысты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Аппарат басшысы Айдын Ашуев өз сөзінде ерекше атап өтті.

▪️«Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштіктің берік негізі. Ту, Елтаңба және Әнұран бізге мемлекеттік қызметтің басты мақсатын – қоғам игілігі үшін еңбек етуді үнемі еске салып отырады. Әрбір мемлекеттік қызметші күнделікті нақты шешімдері мен адал еңбегі арқылы Отанға деген адалдығын дәлелдеп, елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға және мемлекеттік егемендігін күшейтуге өз үлесін қосуы тиіс», – деді Айдын Ашуев.

▪️Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі барлық қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік, әр отбасыға амандық пен бақ-береке, Отанымызға одан әрі өркендеу тілейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Гражданская ответственность и общие ценности: Минэнерго РК отметило День государственных символов🇰🇿

▪️Астана, 4 июня 2026 года — Казахстан сегодня отмечает одну из главных дат государственного календаря — День государственных символов. Торжественное собрание, объединившее руководство, сотрудников министерства и подведомственных организаций, прошло сегодня на площадке Министерства энергетики РК.

▪️Официальная церемония открылась совместным исполнением Государственного гимна. Участники отметили, что Флаг, Герб и Гимн остаются главными маркерами независимости, суверенитета и исторической преемственности нашего государства, служа базовым объединяющим фактором для всех граждан страны.

▪️Для специалистов системы государственного управления бережное отношение к национальным атрибутам традиционно пересекается с вопросами ежедневного профессионального долга. Именно на этом акцентировал внимание коллег руководитель аппарата Министерства энергетики Республики Казахстан Айдын Ашуев.

▪️«Уважение к государственным символам является фундаментом гражданской ответственности и патриотизма. Флаг, Герб и Гимн постоянно напоминают нам о главном смысле нашей службы — работе на благо общества. Каждый государственный служащий своими ежедневными, прагматичными решениями и честным трудом обязан доказывать преданность Родине, внося вклад в развитие экономической устойчивости и укрепление суверенитета страны», — подчеркнул Айдын Ашуев.

▪️Министерство энергетики РК поздравляет казахстанцев с Днем государственных символов и желает мира, благополучия и дальнейшего процветания нашей Родине.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴LIVE

➡️ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың ШҚО тұрғындарымен кездесуі

➡️Встреча вице-министра энергетики РК Сунгата Есимханова с населением ВКО

https://www.facebook.com/share/v/1dcETyA25F/?mibextid=
❤1👍1
⚜️Теңіздегі газ бөлу кешенінің құрылысы қарқын алуда

▪️Жұмыс сапары аясында Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов KMG PetroChem компаниясының кеңсесіне барып, Теңіз кен орнындағы газ бөлу кешенін салу жобасының іске асырылу барысы туралы есеппен танысты. Сонымен қатар, компания басшылығы KMG PetroChem-тің перспективалы жобаларының мәртебесі жөнінде ақпарат ұсынды.

▪️Қазіргі уақытта газ бөлу кешені жобасы белсенді кезеңде жүзеге асырылуда: құрылыс алаңында 8 мыңнан астам қада қағылып, кешеннің негізгі нысандары орналасатын аумақты дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы орындалу деңгейі 14 пайыздан асты.

▪️Сонымен қатар, жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Жабдықтар мен құрылыс материалдарының бір бөлігі отандық кәсіпорындарда өндірілуде. Атап айтқанда, пропан сақтауға арналған буллиттерді, электр энергиясын тарату станцияларын, көміртекті болаттан жасалған колонналарды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, сыртқы қаптамасы бар құбырларды, қадаларды және басқа да өнімдерді өндіруге тапсырыстар орналастырылған.

▪️Бүгінде құрылыс алаңында 1300-ден астам адам еңбек етуде, олардың 70 пайыздан астамы – Атырау облысының тұрғындары.

▪️Жоба «Силлено» полиэтилен зауытын қажетті шикізатпен – жылына 1,6 млн тоннаға дейін этанмен қамтамасыз етуге бағытталған. Этан «Теңізшевройл» ЖШС жеткізетін тазартылған құрғақ газдан бөлініп алынады.

▪️Магистральдық құбыржолдар жобасы бойынша 2025 жылдың соңында EPC-мердігер анықталды. Қазіргі уақытта жобалау жұмыстары (жұмыс жобасы) қарқынды жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы 2026 жылдың екінші жартысына жоспарланған.

✔️Сонымен қатар, вице-министрге компанияның терефтал қышқылы (ТФҚ)/полиэтилентерефталат (ПЭТФ), желілік алкилбензол (LAB) және карбамид өндіру бойынша перспективалы жобаларының іске асырылу мәртебесі таныстырылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1👏1
⚜️Строительство газосепарационного комплекса на Тенгизе набирает темпы

▪️В рамках рабочей поездки вице-министр энергетики Санжар Жаркешов посетил офис KMG PetroChem, где был заслушан отчет о ходе реализации проекта строительства газосепарационного комплекса на месторождении Тенгиз. Кроме того, руководством компании была представлена информация о статусе перспективных проектов KMG PetroChem.
В настоящее время проект ГСК находится в активной фазе: на площадке забито свыше 8-и тыс. свай, ведется подготовка территории под основные объекты комплекса. Общий прогресс проекта составляет более 14%.

▪️Параллельно реализуются меры по увеличению доли местного содержания — часть оборудования и строительных материалов изготавливается на отечественных предприятиях. В частности, размещены заказы на производство буллитов хранения пропана, станции распределения электроэнергии, колонны из углеродистой стали, сосуды под давлением, трубы с внешним покрытием, сваи и др.

▪️На сегодняшний день на площадке задействовано более 1300 человек, из них свыше 70% — жители Атырауской области.

▪️Проект направлен на обеспечение полиэтиленового завода «Силлено» необходимым сырьем — этаном до 1,6 млн тонн в год, который будет извлекаться из сухого очищенного газа, поступающего от ТОО «Тенгизшевройл».

▪️По проекту магистральных трубопроводов в конце 2025 года определен EPC-подрядчик, активно ведутся работы по проектированию (Рабочий проект). Начало строительно-монтажных работ запланировано на вторую половину 2026 года.

✔️Кроме того, вице-министру была представлена информация о статусе реализации перспективных проектов компании по производству ТФК/ПЭТФ, линейного алкилбензола (ЛАБ) и карбамида.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤1
🔹Өскемендегі жаңа ЖЭО қаланың жылу энергиясы тапшылығын жабуға мүмкіндік береді

▪️Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, өңірдің энергетика саласының қазіргі жағдайы, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы туралы баяндап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

▪️Кездесуді ашқан вице-министр электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту Энергетика министрлігі жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.

▪️Кездесу барысында Риддер жылу электр орталығының жұмысына ерекше назар аударылды. Сұңғат Есімхановтың айтуынша, 2023–2025 жылдары станцияны жаңғыртуға 20,2 млрд теңге бағытталды. Нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейі 75%-дан 43%-ға дейін төмендеп, қаланы жылумен қамту жағдайы тұрақтандырылды. 2026 жылы станцияны одан әрі жаңғыртуға 2,6 млрд теңге қарастырылған. Оның аясында екі қазандық пен 3,3 шақырым жылу желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

▪️Сондай-ақ кездесуде Өскемен қаласында жаңа жылу электр орталығын салу жобасы туралы ақпарат берілді. Жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ іске асыруда. Болашақ станцияның электр қуаты 360 МВт, ал жылу қуаты 1000 Гкал/сағатты құрайды. Бұл қаланың қазіргі жылу энергиясы тапшылығын толық өтеуге мүмкіндік береді.

▪️Құрылыс үшін Өскемен қаласының сол жағалауынан жер учаскесі белгіленді. Жоба заманауи таза көмір технологияларын қолдануды көздейді. Қазіргі уақытта құрылыс алаңын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

▪️Вице-министр Сұңғат Есімханов өңір тұрғындарының электрмен және жылумен жабдықтау, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және облыстың энергетикалық жүйесін одан әрі дамыту мәселелері бойынша қойған сұрақтарына жауап берді.

▪️Вице-министр барлық келіп түсетін өтініштер мен ұсыныстар Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.

▪️Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Сұңғат Есімханов Риддер жылу электр орталығындағы жөндеу науқанының барысымен және алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM