Азаматтық жауапкершілік пен ортақ құндылықтар: ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті🇰🇿
▪️ Астана, 2026 жылғы 4 маусым — Бүгін Қазақстан мемлекеттік күнтізбедегі маңызды мерекелердің бірі – Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтуде. Осыған орай Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде министрліктің басшылығы, қызметкерлері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері қатысқан салтанатты жиын өтті.
▪️ Ресми шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін бірлесіп орындаумен басталды. Қатысушылар Ту, Елтаңба және Әнұран еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің, тарихи сабақтастығының басты нышандары болып табылатынын, сондай-ақ барлық қазақстандықтарды біріктіретін ортақ құндылықтар екенін атап өтті.
▪️ Мемлекеттік басқару жүйесінде еңбек ететін мамандар үшін мемлекеттік рәміздерге деген құрмет күнделікті кәсіби міндетті адал атқарумен тығыз байланысты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Аппарат басшысы Айдын Ашуев өз сөзінде ерекше атап өтті.
▪️ «Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – азаматтық жауапкершілік пен отансүйгіштіктің берік негізі. Ту, Елтаңба және Әнұран бізге мемлекеттік қызметтің басты мақсатын – қоғам игілігі үшін еңбек етуді үнемі еске салып отырады. Әрбір мемлекеттік қызметші күнделікті нақты шешімдері мен адал еңбегі арқылы Отанға деген адалдығын дәлелдеп, елдің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға және мемлекеттік егемендігін күшейтуге өз үлесін қосуы тиіс», – деді Айдын Ашуев.
▪️ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі барлық қазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, елімізге бейбітшілік, әр отбасыға амандық пен бақ-береке, Отанымызға одан әрі өркендеу тілейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Гражданская ответственность и общие ценности: Минэнерго РК отметило День государственных символов🇰🇿
▪️ Астана, 4 июня 2026 года — Казахстан сегодня отмечает одну из главных дат государственного календаря — День государственных символов. Торжественное собрание, объединившее руководство, сотрудников министерства и подведомственных организаций, прошло сегодня на площадке Министерства энергетики РК.
▪️ Официальная церемония открылась совместным исполнением Государственного гимна. Участники отметили, что Флаг, Герб и Гимн остаются главными маркерами независимости, суверенитета и исторической преемственности нашего государства, служа базовым объединяющим фактором для всех граждан страны.
▪️ Для специалистов системы государственного управления бережное отношение к национальным атрибутам традиционно пересекается с вопросами ежедневного профессионального долга. Именно на этом акцентировал внимание коллег руководитель аппарата Министерства энергетики Республики Казахстан Айдын Ашуев.
▪️ «Уважение к государственным символам является фундаментом гражданской ответственности и патриотизма. Флаг, Герб и Гимн постоянно напоминают нам о главном смысле нашей службы — работе на благо общества. Каждый государственный служащий своими ежедневными, прагматичными решениями и честным трудом обязан доказывать преданность Родине, внося вклад в развитие экономической устойчивости и укрепление суверенитета страны», — подчеркнул Айдын Ашуев.
▪️ Министерство энергетики РК поздравляет казахстанцев с Днем государственных символов и желает мира, благополучия и дальнейшего процветания нашей Родине.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴LIVE
➡️ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың ШҚО тұрғындарымен кездесуі
➡️Встреча вице-министра энергетики РК Сунгата Есимханова с населением ВКО
https://www.facebook.com/share/v/1dcETyA25F/?mibextid=
➡️ҚР Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімхановтың ШҚО тұрғындарымен кездесуі
➡️Встреча вице-министра энергетики РК Сунгата Есимханова с населением ВКО
https://www.facebook.com/share/v/1dcETyA25F/?mibextid=
❤1👍1
⚜️Теңіздегі газ бөлу кешенінің құрылысы қарқын алуда
▪️ Жұмыс сапары аясында Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов KMG PetroChem компаниясының кеңсесіне барып, Теңіз кен орнындағы газ бөлу кешенін салу жобасының іске асырылу барысы туралы есеппен танысты. Сонымен қатар, компания басшылығы KMG PetroChem-тің перспективалы жобаларының мәртебесі жөнінде ақпарат ұсынды.
▪️ Қазіргі уақытта газ бөлу кешені жобасы белсенді кезеңде жүзеге асырылуда: құрылыс алаңында 8 мыңнан астам қада қағылып, кешеннің негізгі нысандары орналасатын аумақты дайындау жұмыстары жүргізілуде. Жобаның жалпы орындалу деңгейі 14 пайыздан асты.
▪️ Сонымен қатар, жергілікті қамту үлесін арттыру бойынша шаралар қабылдануда. Жабдықтар мен құрылыс материалдарының бір бөлігі отандық кәсіпорындарда өндірілуде. Атап айтқанда, пропан сақтауға арналған буллиттерді, электр энергиясын тарату станцияларын, көміртекті болаттан жасалған колонналарды, қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды, сыртқы қаптамасы бар құбырларды, қадаларды және басқа да өнімдерді өндіруге тапсырыстар орналастырылған.
▪️ Бүгінде құрылыс алаңында 1300-ден астам адам еңбек етуде, олардың 70 пайыздан астамы – Атырау облысының тұрғындары.
▪️ Жоба «Силлено» полиэтилен зауытын қажетті шикізатпен – жылына 1,6 млн тоннаға дейін этанмен қамтамасыз етуге бағытталған. Этан «Теңізшевройл» ЖШС жеткізетін тазартылған құрғақ газдан бөлініп алынады.
▪️ Магистральдық құбыржолдар жобасы бойынша 2025 жылдың соңында EPC-мердігер анықталды. Қазіргі уақытта жобалау жұмыстары (жұмыс жобасы) қарқынды жүргізілуде. Құрылыс-монтаж жұмыстарының басталуы 2026 жылдың екінші жартысына жоспарланған.
✔️ Сонымен қатар, вице-министрге компанияның терефтал қышқылы (ТФҚ)/полиэтилентерефталат (ПЭТФ), желілік алкилбензол (LAB) және карбамид өндіру бойынша перспективалы жобаларының іске асырылу мәртебесі таныстырылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍1👏1
⚜️Строительство газосепарационного комплекса на Тенгизе набирает темпы
▪️ В рамках рабочей поездки вице-министр энергетики Санжар Жаркешов посетил офис KMG PetroChem, где был заслушан отчет о ходе реализации проекта строительства газосепарационного комплекса на месторождении Тенгиз. Кроме того, руководством компании была представлена информация о статусе перспективных проектов KMG PetroChem.
В настоящее время проект ГСК находится в активной фазе: на площадке забито свыше 8-и тыс. свай, ведется подготовка территории под основные объекты комплекса. Общий прогресс проекта составляет более 14%.
▪️ Параллельно реализуются меры по увеличению доли местного содержания — часть оборудования и строительных материалов изготавливается на отечественных предприятиях. В частности, размещены заказы на производство буллитов хранения пропана, станции распределения электроэнергии, колонны из углеродистой стали, сосуды под давлением, трубы с внешним покрытием, сваи и др.
▪️ На сегодняшний день на площадке задействовано более 1300 человек, из них свыше 70% — жители Атырауской области.
▪️ Проект направлен на обеспечение полиэтиленового завода «Силлено» необходимым сырьем — этаном до 1,6 млн тонн в год, который будет извлекаться из сухого очищенного газа, поступающего от ТОО «Тенгизшевройл».
▪️ По проекту магистральных трубопроводов в конце 2025 года определен EPC-подрядчик, активно ведутся работы по проектированию (Рабочий проект). Начало строительно-монтажных работ запланировано на вторую половину 2026 года.
✔️ Кроме того, вице-министру была представлена информация о статусе реализации перспективных проектов компании по производству ТФК/ПЭТФ, линейного алкилбензола (ЛАБ) и карбамида.
В настоящее время проект ГСК находится в активной фазе: на площадке забито свыше 8-и тыс. свай, ведется подготовка территории под основные объекты комплекса. Общий прогресс проекта составляет более 14%.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤1
🔹Өскемендегі жаңа ЖЭО қаланың жылу энергиясы тапшылығын жабуға мүмкіндік береді
▪️ Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарымен есептік кездесу өткізіп, өңірдің энергетика саласының қазіргі жағдайы, инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылуы туралы баяндап, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
▪️ Кездесуді ашқан вице-министр электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту Энергетика министрлігі жұмысының негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
▪️ Кездесу барысында Риддер жылу электр орталығының жұмысына ерекше назар аударылды. Сұңғат Есімхановтың айтуынша, 2023–2025 жылдары станцияны жаңғыртуға 20,2 млрд теңге бағытталды. Нәтижесінде жабдықтардың тозу деңгейі 75%-дан 43%-ға дейін төмендеп, қаланы жылумен қамту жағдайы тұрақтандырылды. 2026 жылы станцияны одан әрі жаңғыртуға 2,6 млрд теңге қарастырылған. Оның аясында екі қазандық пен 3,3 шақырым жылу желісіне жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
▪️ Сондай-ақ кездесуде Өскемен қаласында жаңа жылу электр орталығын салу жобасы туралы ақпарат берілді. Жобаны «Самұрық-Энерго» АҚ іске асыруда. Болашақ станцияның электр қуаты 360 МВт, ал жылу қуаты 1000 Гкал/сағатты құрайды. Бұл қаланың қазіргі жылу энергиясы тапшылығын толық өтеуге мүмкіндік береді.
▪️ Құрылыс үшін Өскемен қаласының сол жағалауынан жер учаскесі белгіленді. Жоба заманауи таза көмір технологияларын қолдануды көздейді. Қазіргі уақытта құрылыс алаңын дайындау жұмыстары жүргізілуде. Құрылысты 2029 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.
▪️ Вице-министр Сұңғат Есімханов өңір тұрғындарының электрмен және жылумен жабдықтау, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және облыстың энергетикалық жүйесін одан әрі дамыту мәселелері бойынша қойған сұрақтарына жауап берді.
▪️ Вице-министр барлық келіп түсетін өтініштер мен ұсыныстар Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында екенін атап өтті.
▪️ Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Сұңғат Есімханов Риддер жылу электр орталығындағы жөндеу науқанының барысымен және алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарымен танысты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔸Новая ТЭЦ в Усть-Каменогорске позволит покрыть дефицит тепловой энергии города
▪️ Вице-министр энергетики Сунгат Есимханов провел отчетную встречу с жителями Восточно-Казахстанской области, в ходе которой рассказал о текущем состоянии энергетической отрасли региона, реализации инфраструктурных проектов и ответил на вопросы населения.
▪️ Открывая встречу, вице-министр отметил, что обеспечение надежного электроснабжения и модернизация энергетической инфраструктуры остаются одними из ключевых направлений работы Министерства энергетики.
▪️ Отдельное внимание было уделено работе Риддерской ТЭЦ. По словам Сунгата Есимханова, в период с 2023 по 2025 годы на модернизацию станции было направлено 20,2 млрд тенге. В результате износ оборудования снижен с 75% до 43%, а ситуация с теплоснабжением города стабилизирована. В 2026 году на дальнейшее обновление станции предусмотрено 2,6 млрд тенге, включая ремонт двух котлов и 3,3 километра тепловых сетей.
▪️ Также на встрече была представлена информация о строительстве новой ТЭЦ в Усть-Каменогорске. Проект реализуется АО «Самрук-Энерго». Электрическая мощность будущей станции составит 360 МВт, тепловая — 1000 Гкал/ч, что позволит покрыть существующий дефицит тепловой энергии города.
▪️ Для строительства определен земельный участок на левом берегу Усть-Каменогорска. Проект предусматривает применение современных технологий на базе чистого угля. На сегодня ведутся работы по подготовке площадки для строительных работ. Завершение строительства планируется к концу 2029 года.
▪️ Вице-министр Сунгат Есимханов ответил на вопросы жителей региона, касающиеся электроснабжения, теплоснабжения, реализации инфраструктурных проектов и дальнейшего развития энергетической системы области.
▪️ Вице-министр подчеркнул, что все поступающие обращения находятся на постоянном контроле Министерства энергетики.
▪️ В ходе рабочей поездки в ВКО Сунгат Есимханов проинспектировал ход ремонтной кампании и подготовку к предстоящему отопительному сезону на Риддерской ТЭЦ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Апта қорытындылары 1-7 маусым
📌Қазақстанда көмірден газ, дизель отыны және кокс өндірілмек
📌Ерлан Ақкенженов АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісімен кездесті
📌Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
📌BEW 2026 форумында Орталық Азиядағы энергетикалық ауысымның перспективалары талқыланды
📌+300 млн кВт/сағ: Қазақстан электр энергиясының профицитін бекітті
📌Энергетика министрлігі студенттер үшін Астана ЖЭО-2-ге экскурсия ұйымдастырды
📌Азаматтық жауапкершілік пен ортақ құндылықтар: ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті
📌Теңіздегі газ бөлу кешенінің құрылысы қарқын алуда
📌Өскемендегі жаңа ЖЭО қаланың жылу энергиясы тапшылығын жабуға мүмкіндік береді
📌Қазақстанда көмірден газ, дизель отыны және кокс өндірілмек
📌Ерлан Ақкенженов АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісімен кездесті
📌Қазақстан мен Түркия энергетика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
📌BEW 2026 форумында Орталық Азиядағы энергетикалық ауысымның перспективалары талқыланды
📌+300 млн кВт/сағ: Қазақстан электр энергиясының профицитін бекітті
📌Энергетика министрлігі студенттер үшін Астана ЖЭО-2-ге экскурсия ұйымдастырды
📌Азаматтық жауапкершілік пен ортақ құндылықтар: ҚР Энергетика министрлігі Мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті
📌Теңіздегі газ бөлу кешенінің құрылысы қарқын алуда
📌Өскемендегі жаңа ЖЭО қаланың жылу энергиясы тапшылығын жабуға мүмкіндік береді
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Дайджест недели 1-7 июня
📌Газ, дизтопливо и кокс из угля будут производить в Казахстане
📌Ерлан Аккенженов встретился с помощником госсекретаря США
📌Казахстан и Турция обсудили перспективы сотрудничества в энергетике
📌На форуме BEW 2026 обсудили перспективы энергетического перехода в Центральной Азии
📌+300 млн кВт·ч: Казахстан закрепил профицит электроэнергии
📌Минэнерго организовало экскурсию на Астанинскую ТЭЦ-2 для студентов
📌 Гражданская ответственность и общие ценности: Минэнерго РК отметило День государственных символов
📌Строительство газосепарационного комплекса на Тенгизе набирает темпы
📌 Новая ТЭЦ в Усть-Каменогорске позволит покрыть дефицит тепловой энергии города
📌Газ, дизтопливо и кокс из угля будут производить в Казахстане
📌Ерлан Аккенженов встретился с помощником госсекретаря США
📌Казахстан и Турция обсудили перспективы сотрудничества в энергетике
📌На форуме BEW 2026 обсудили перспективы энергетического перехода в Центральной Азии
📌+300 млн кВт·ч: Казахстан закрепил профицит электроэнергии
📌Минэнерго организовало экскурсию на Астанинскую ТЭЦ-2 для студентов
📌 Гражданская ответственность и общие ценности: Минэнерго РК отметило День государственных символов
📌Строительство газосепарационного комплекса на Тенгизе набирает темпы
📌 Новая ТЭЦ в Усть-Каменогорске позволит покрыть дефицит тепловой энергии города
👍1