QR Energetıka mınıstrligi
✔
3.68K subscribers
7.1K photos
724 videos
2 files
2.46K links
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Пресс-служба Министерства энергетики РК


https://www.facebook.com/minenergork
https://www.instagram.com/ministry_of_energy/

https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press?lang=kk
Download Telegram
🔹Жер қойнауын зерттеуді цифрландыру: Энергетика министрлігі мен Shell Қазақстан жер қойнауын зерделеу бойынша пилоттық ІТ-жобаны іске қосады

▪️Астана, 2026 жылғы 8 маусым — Қазақстанда жер қойнауын зерттеу жаңа технологиялық деңгейге көтерілуде. Бүгін Энергетика министрлігі, «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ және «Шелл Қазақстан» компаниясы көмірсутек шикізатын геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

▪️Серіктестіктің негізгі бағыты – әлемдік озық тәжірибемен алмасу және көмірсутек шикізаты бойынша геологиялық архивтерді цифрландыру.

▪️Құжат мамандарды бірлесіп оқытуға және жер қойнауын кешенді талдауға арналған тұрақты алаң қалыптастырады.

▪️Меморандумның практикалық өзегіне заманауи геоақпараттық жүйені әзірлеу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру кіреді. Бұл цифрлық платформа жинақталған тарихи геологиялық деректерді терең өңдеуге және интерпретациялауға мүмкіндік береді.

▪️Цифрландыру республиканың ресурстық әлеуетін тереңірек түсінуге жол ашып, саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады деп күтілуде.

▪️«Меморандумға қол қою мемлекеттік органдар, ұлттық институттар және халықаралық серіктестер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Қазақстан үшін геологиялық барлау жұмыстарының тиімділігін арттыру, оның ішінде цифрлық технологиялар мен геологиялық деректермен жұмыс істеудің заманауи тәсілдерін белсенді енгізу басымдықтардың бірі болып саналады. Білімді, тәжірибені және технологиялық шешімдерді біріктіру еліміздің ресурстық әлеуетін тиімдірек ашуға және саланың жүйелі дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров.

▪️Өз кезегінде еліміздің геологиялық деректер қорының операторы технологиялық интеграцияның маңыздылығын атап өтті.

▪️«Ұлттық геологиялық қызмет Қазақстанның ашық әрі заманауи геологиялық платформасын дәйекті түрде дамытуда. Shell секілді халықаралық серіктестермен өзара іс-қимыл көмірсутек шикізаты бойынша геологиялық деректердің талдамалық және интерпретациялық базасын күшейтіп, жер қойнауын пайдалану саласында қабылданатын шешімдердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді», – деді «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Ғалиев.

▪️Шетелдік концерн өкілдері де қазақстандық өндіруші салаға жаһандық ІТ-құралдарды енгізу бастамасын жоғары бағалады.

▪️«Меморандумға қол қою, оның ішінде тарихи геологиялық деректерді өңдеу мен интерпретациялауға арналған цифрлық платформаны әзірлеу жөніндегі пилоттық жобаны жоспарлау Shell компаниясының Қазақстан Республикасымен ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа бейілділігін растайды. Біз Қазақстанның экономиканы цифрландыру жөніндегі стратегиялық басымдығын қолдаймыз және озық технологиялар мен компаниямыздың жаһандық тәжірибесін пайдалану көмірсутек шикізатын геологиялық барлау тиімділігін арттыруға өз үлесін қосады деп есептейміз», – деп пікір білдірді Shell концернінің Қазақстандағы аға вице-президенті және төрағасы Сюзанн Куган.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
🔸Цифровизация геологоразведки: Минэнерго и Shell запускают пилотный ИТ-проект по изучению недр Казахстана

▪️Астана, 8 июня 2026 года — Изучение недр в Казахстане переходит на новый технологический уровень. Сегодня Министерство энергетики РК, АО «Национальная геологическая служба» и компания «Шелл Казахстан» подписали Меморандум о сотрудничестве в сфере изучения и анализа данных по углеводородам (УВС).

▪️Главный акцент партнерства сделан на обмене передовым мировым опытом и цифровизации архивной геологической информации по углеводородам.
Документ создает устойчивую платформу для совместного обучения специалистов и проведения фундаментального анализа недр.

▪️Практическим ядром Меморандума станет запуск пилотного проекта по разработке современной геоинформационной системы (ГИС). Эта цифровая площадка позволит глубоко обрабатывать и интерпретировать накопившиеся исторические геологические данные.

▪️Ожидается, что цифровизация значительно расширит понимание ресурсного потенциала республики и укрепит инвестиционную привлекательность отрасли.

▪️«Подписание Меморандума является важным шагом в укреплении сотрудничества между государственными органами, национальными институтами и международными партнёрами. Для Казахстана приоритетом является повышение эффективности геологоразведочных работ, в том числе через активное внедрение цифровых технологий и современных подходов к работе с геологическими данными. Объединение знаний, опыта и технологических решений позволит нам более эффективно раскрывать ресурсный потенциал страны и обеспечит системное развитие отрасли», — отметил вице-министр энергетики Республики Казахстан Ерлан Акбаров.

▪️В свою очередь профильный оператор геологической базы страны подтвердил важность технологической интеграции.

▪️«Национальная геологическая служба последовательно развивает открытую и современную геологическую платформу Казахстана. Взаимодействие с международными партнёрами, такими как «Шелл», позволит усилить аналитическую и интерпретационную базу геологических данных УВС и повысить качество принимаемых решений в сфере недропользования», — подчеркнул Председатель Правления АО «Национальная геологическая служба» Ерлан Галиев.

▪️Представители иностранного концерна также высоко оценили интеграцию глобальных IT-инструментов в казахстанскую добывающую индустрию.

▪️«Подписание Меморандума, в том числе планирование пилотного проекта по разработке цифровой платформы для обработки и интерпретации исторических геологических данных, подтверждает приверженность компании «Шелл» долгосрочному сотрудничеству с Республикой Казахстан. Мы поддерживаем стратегический приоритет Казахстана по цифровизации экономики и считаем, что применение передовых технологий и глобального опыта нашей компании позволит внести вклад в повышение эффективности геологоразведки в сфере УВС», — прокомментировала старший вице-президент и Председатель концерна «Шелл» в Казахстане Сюзанн Куган.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3
🇰🇿🇰🇷Қазақстан мен Корея министрлерінің кездесуінде энергетикалық әріптестікті дамыту басты тақырып болды

▪️Қазақстан мен Корея арасындағы стратегиялық әріптестікті нығайту аясында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов пен Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және табиғи ресурстар министрі Ким Чжон Кванның кездесуі өтті.
Тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылап, саланың негізгі бағыттары бойынша әріптестікті одан әрі кеңейтуге өзара мүдделілігін растады.

▪️Келіссөздер барысында электр энергетикасы саласындағы өзара іс-қимылдың және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асырудың оң серпіні атап өтілді. Энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту, жаңа генерациялық қуаттарды салу, заманауи технологияларды енгізу және энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

▪️Сондай-ақ таза энергетика, жаңартылатын және баламалы энергия көздері саласындағы ынтымақтастықты дамыту, тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін тәжірибе мен технологиялар алмасу мәселелері қаралды.

▪️Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, технологиялық дамуға және Қазақстан мен Корея арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған өзара тиімді жобаларды бірлесіп іске асыру жұмыстарын жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍1
🇰🇿🇰🇷Развитие энергетического партнерства стало ключевой темой встречи министров Казахстана и Кореи

▪️В рамках укрепления стратегического партнерства между Республикой Казахстан и Республикой Корея состоялась встреча Министра энергетики Ерлана Аккенженова с Министром торговли, промышленности и природных ресурсов Республики Корея Ким Чжон Кваном.

▪️Стороны обсудили текущее состояние и перспективы двустороннего сотрудничества в энергетической сфере, подтвердив взаимную заинтересованность в дальнейшем расширении партнерства по ключевым направлениям отрасли.

▪️В ходе переговоров отмечена положительная динамика взаимодействия в сфере электроэнергетики и реализации совместных инвестиционных проектов. Особое внимание было уделено вопросам модернизации энергетической инфраструктуры, строительству новых генерирующих мощностей, внедрению современных технологий и повышению надежности энергоснабжения.

▪️Также обсуждены вопросы развития сотрудничества в области чистой энергетики, возобновляемые и альтернативные источники энергии, а также обмен опытом и технологиями для достижения целей устойчивого развития.

▪️По итогам встречи подтверждена готовность продолжить совместную работу по реализации взаимовыгодных проектов, направленных на обеспечение энергетической безопасности, технологическое развитие и укрепление экономических связей между Казахстаном и Кореей.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4
⚜️Ерлан Ақкенженов WPC Energy басшылығымен Астанада өтетін Дүниежүзілік энергетикалық конгресті дайындау мәселелерін талқылады

▪️Астана, 2026 жылғы 9 маусым — Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов WPC Energy ұйымының президенті Педро Мираспен кездесу өткізіп, тараптар 2028 жылы Астанада өтетін WPC Energy-дің 26-шы Дүниежүзілік энергетикалық конгресіне дайындық мәселелерін талқылады.

▪️WPC Energy делегациясын қарсы алған министр Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздік, тұрақты даму, технологиялық инновациялар және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері бойынша диалог жүргізуге арналған жетекші халықаралық алаңдардың бірі ретінде ұйыммен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін атап өтті.

▪️Кездесу барысында тараптар алдағы Конгреске дайындық барысын қарастырды. Аталған Конгресс тарихта алғаш рет Орталық Азия өңірінде өтетін болады. Қазақстан бұл форумды ірі халықаралық іс-шара ретінде ғана емес, сонымен қатар сенімді энергетикалық серіктес және жаһандық энергетикалық диалогтың маңызды қатысушысы ретіндегі мәртебесін нығайтуға мүмкіндік ретінде қарастыратыны атап өтілді.

▪️Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделілігін растады және 2028 жылы Астанада өтетін WPC Energy Дүниежүзілік энергетикалық конгресі халықаралық энергетикалық қауымдастық үшін маңызды оқиға болатынына сенім білдірді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
⚜️Ерлан Аккенженов обсудил с руководством WPC Energy подготовку к Всемирному энергетическому конгрессу в Астане

▪️Астана, 9 июня 2026 года — Министр энергетики Ерлан Аккенженов провел встречу с Президентом WPC Energy Педро Мирасом, в ходе которой стороны обсудили вопросы подготовки к проведению 26-го Всемирного энергетического конгресса WPC Energy в Астане в 2028 году.

▪️Приветствуя делегацию WPC Energy, министр отметил, что Казахстан придает большое значение сотрудничеству с организацией как одной из ведущих международных площадок для диалога по вопросам энергетической безопасности, устойчивого развития, технологических инноваций и инвестиционного сотрудничества.

▪️В ходе встречи стороны рассмотрели ход подготовки к предстоящему Конгрессу, который впервые в истории пройдет в Центральной Азии. Было подчеркнуто, что Казахстан рассматривает проведение форума не только как крупное международное мероприятие, но и как возможность укрепить свой статус надежного энергетического партнера и важного участника глобального энергетического диалога.

▪️По итогам встречи стороны подтвердили заинтересованность в дальнейшем укреплении сотрудничества и выразили уверенность, что Всемирный энергетический конгресс WPC Energy 2028 года в Астане станет значимым событием для международного энергетического сообщества.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2🔥2👏1