QR Energetıka mınıstrligi
✔
3.67K subscribers
7.1K photos
723 videos
2 files
2.46K links
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Пресс-служба Министерства энергетики РК


https://www.facebook.com/minenergork
https://www.instagram.com/ministry_of_energy/

https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press?lang=kk
Download Telegram
🇰🇿🇩🇪Қазақстан мен Германия энергетикалық қауіпсіздіктің өзекті мәселелерін талқылады

▪️Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Германия Федеративтік Республикасының Экономика және энергетика федералдық министрлігінің статс-хатшысы Штефан Рунхоффпен кездесу өткізді.

▪️Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Германия арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылап, жаһандық энергетикалық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері және әлемдік нарықтарды энергия ресурстарымен тұрақты қамтамасыз ету жөнінде пікір алмасты.

▪️Мұнай саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды. Тараптар Қазақстан мұнайын Германияға жеткізу бойынша ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оны одан әрі дамыту перспективаларын қарастырып, энергетикалық әріптестіктің сенімділігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті.

▪️Көмір саласы бойынша Германия бизнесінің өкілдері Koch Solutions компаниясының технологиялық шешімдер мен жабдықтарды жеткізу арқылы Қазақстанның көмір кәсіпорындарындағы жобаларға қатысуға қызығушылық танытып отырғанын хабарлады. Қазақстан тарапы тиісті ұсыныстарды қарастыруға дайын екенін растап, көмір өнеркәсібі мен көмір химиясы саласына заманауи технологияларды тартуға мүдделі екенін жеткізді.

▪️«Жасыл» сутегі жобалары бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға өзара қызығушылықтарын растады. Қазақстан тарапы жобаны іске асыруға дайын екенін және оны дамыту үшін барлық қажетті алғышарттардың бар екенін атап өтті.

▪️Кездесу қорытындысы бойынша тараптар энергетика саласындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және конструктивті диалогты дамытуға өзара мүдделіліктерін растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
🇰🇿🇩🇪Казахстан и Германия обсудили актуальные вопросы энергетической безопасности

▪️Вице-министр энергетики Республики Казахстан Санжар Жаркешов провел встречу со Статс-секретарем Федерального министерства экономики и энергетики Федеративной Республики Германия Штефаном Рунхоффом.

▪️В ходе встречи стороны обсудили текущее состояние и перспективы развития казахстанско-германского сотрудничества в энергетической сфере, а также обменялись мнениями по актуальным вопросам глобальной энергетической безопасности и устойчивого обеспечения мировых рынков энергоресурсами.

▪️Особое внимание было уделено вопросам взаимодействия в нефтяной отрасли. Стороны рассмотрели текущее состояние и перспективы дальнейшего развития сотрудничества по поставкам казахстанской нефти в Германию, отметив важность обеспечения надежности энергетического партнерства.

▪️По вопросам угольной отрасли представители германского бизнеса проинформировали о заинтересованности компании Koch Solutions в участии в проектах на угольных предприятиях Казахстана путем поставки технологических решений и оборудования. Казахстанская сторона подтвердила готовность рассмотреть соответствующие предложения и отметила заинтересованность в привлечении современных технологий в угольную промышленность и углехимию.

▪️По проектам в сфере «зеленого» водорода стороны подтвердили взаимную заинтересованность в дальнейшем сотрудничестве. Казахстанская сторона отметила готовность к реализации проекта и наличие необходимых условий для его развития.

▪️По итогам встречи стороны подтвердили взаимную заинтересованность в дальнейшем укреплении двустороннего сотрудничества и развитии конструктивного диалога по вопросам энергетики.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4
🔹Қоғамдық кеңес отырысында мұнай-газ саласының негізгі жобалары қаралды

▪️Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысында мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту, газ өңдеу зауыттарын салу, отын мен сұйытылған мұнай газын сақтау инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды. Сондай-ақ қатысушылар Jet A-1 авиациялық отынын және тұрақты авиациялық отынды (SAF) өндіру перспективаларын талқылады.

▪️Отырысқа Қоғамдық кеңес мүшелері, Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев, сондай-ақ Энергетика министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.

▪️Қатысушылар газ өңдеу зауыттарын салу, мұнай өнімдерін сақтау инфрақұрылымын дамыту Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, ішкі нарықты отынмен тұрақты қамтамасыз етуге және экономиканың одан әрі өсуіне қосымша жағдай жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔸На заседании Общественного совета рассмотрены ключевые проекты нефтегазовой отрасли

▪️На заседании Общественного совета Министерства энергетики РК рассмотрены вопросы модернизации нефтеперерабатывающих заводов, строительства газоперерабатывающих заводов, развития инфраструктуры хранения топлива и сжиженного нефтяного газа. Также участники обсудили перспективы производства авиационного топлива Jet A-1 и устойчивого авиационного топлива (SAF).

▪️В заседании приняли участие члены Общественного совета, вице-министр энергетики Кайырхан Туткышбаев, а также представители профильных структурных подразделений Министерства энергетики.

▪️Участники заседания подчеркнули, что ввод ГПЗ, развитие инфраструктуры хранения нефтепродуктов позволит повысить энергетическую безопасность Казахстана, обеспечить стабильность поставок топлива на внутренний рынок и создать дополнительные условия для дальнейшего роста экономики
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2
🔹Энергетика мамандары «Бекет-2026» ведомствоаралық оқу-жаттығуына қатысты

▪️«Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ Энергетика министрлігімен бірлесіп Түркістан облысының аумағанда жоспарлы жыл сайынғы ведомоствоаралық «Бекет -2026» оқу жаттығуы өтті.

▪️Оқу жаттығу аясында қызметтердің бірлескен іс қимылдары пысықталды. Энергетика бағыты бойынша «Кегок» АҚ пен «Интергаз Орталық Азия» АҚ объектілерінде оқу дабылына сәйкес практикалық оқу жатығулары өтті.

▪️Ал «Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенінің ахуалдық-талдамалық орталығы» АҚ ұйымдастыру нұсқауларына сйкес қажетті сигналдарды ұйымдарға уақтылы жеткізуді қамтамасыз етті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
🔸Объекты энергетики приняли участие в межведомственном учении «Бекет-2026»

▪️АО «Ситуационно-аналитический центр топливно-энергетического комплекса Республики Казахстан» совместно с Министерством энергетики на территории Туркестанской области приняло участие в плановом ежегодном межведомственном учении «Бекет-2026».

▪️В рамках учения были отработаны вопросы приведения сил и средств в готовность. По энергетическому направлению практические мероприятия по учебной тревоге были проведены на объектах АО «KEGOC» и АО «Интергаз Центральная Азия».

▪️В свою очередь, АО «Ситуационно-аналитический центр топливно-энергетического комплекса» в соответствии с организационными указаниями обеспечило своевременное доведение необходимых сигналов и информации до подведомственных организаций и участников учения.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from KazService (@AB)
26 июня 2026 года в городе Уральск состоится инвестиционный форум «Будущее региона: Стратегия развития»организованный Союзом нефтесервисных компаний Казахстана KazService совместно с Karachaganak Petroleum Operating B.V. (KPO) при поддержке Акимата Западно-Казахстанской области.

📍 Место проведения:
"Атамекен" Дворец культуры, 5-й микрорайон, 12/2


Форум станет ключевой диалоговой площадкой для представителей нефтегазового сектора, отечественных производителей, сервисных компаний, инвесторов и государственных органов.

В рамках мероприятия будут обсуждаться:

- планы на ближайшие годы;
- расширение местного содержания;
- развитие инжиниринговых компетенций;
- цифровизация производственных процессов.

Особое внимание будет уделено вопросам поддержки казахстанских компаний и развитию регионального бизнеса.

Также в рамках форума пройдет выставка, где отечественные компании смогут представить свои технологии. KazService приглашает компании для продвижения бренда, укрепления деловой репутации и расширения партнерских связей на региональном и отраслевом уровнях.

📩 Регистрация и участие:
Для регистрации на форум и получения дополнительной информации просим обращаться в оргкомитет мероприятия.

📞 Контакты: +7 778 047 47 44 Темирлан
+ 7 775 826 95 20 Малика
✉ E-mail: info@kazservice.kz

🔹 KazService
👍3
🔹Ақтөбе облысында 17 шақырым жылу желісі мен 300 шақырым электр желісі жаңғыртылуда

▪️Энергетика министрлігі Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ертаев Ақтөбе облысындағы жылу және электр энергетикасы нысандарының алдағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық барысымен танысты.

▪️Жұмыс сапары аясында Комитет төрағасы «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-да болып, жөндеу науқанының өтуі мен негізгі жабдықтардың жылыту маусымына дайындығын қарады. Биыл кәсіпорында үш қазандық агрегатын жөндеу жоспарланған, оның біреуі аяқталған. Сондай-ақ төрт турбоагрегатқа жөндеу жүргізу көзделген, оның біреуі де толық аяқталды. Станция басшылығына жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау және олардың сапасына өндірістік бақылауды күшейту тапсырылды.

▪️Ақтөбе қаласының едәуір бөлігін жылумен қамтамасыз ететін «Aqtobe su-energy group» АҚ нысандарына ерекше назар аударылды. «Батыс» және «Нұр Сити-2» қазандықтарын аралау барысында жабдықтармен қамтамасыз етілу және жөндеу жұмыстарының орындалу барысы қаралды. Сондай-ақ Комитет төрағасына жылумен жабдықтау нысандарын жедел басқаруды және жылу желілерінің жай-күйін бақылауды жүзеге асыратын орталық диспетчерлік қызметтің жұмысы таныстырылды.

▪️Ақтөбе облысындағы жылу желілерінің жалпы ұзындығы 416 шақырымды құрайды, олардың орташа тозу деңгейі – 39,3%. Биыл Ақтөбе қаласында 17,6 шақырым жылу желісін жөндеу жоспарланған. Бұдан бөлек, Ұлттық жоба аясында жалпы ұзындығы 5,2 шақырым болатын жылу инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған төрт жоба іске асырылуда. Оларды жүзеге асыру нәтижесінде 2030 жылға қарай жылу желілерінің тозу деңгейін 27%-ға дейін төмендету күтіледі.

▪️Жылу желілерін жөндеу және жаңғырту жобаларының іске асырылу барысын қарау кезінде Комитет төрағасы жұмыстарды жандандыру және жоспарланған көлемдердің уақытылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Жауапты ұйымдардың басшыларына жылыту маусымы басталғанға дейін барлық жоспарланған іс-шараларды орындау жөнінде тапсырмалар берілді.

▪️Комитет төрағасы өңірдің электр желілік кешенінің жай-күйімен де танысты. «Энергосистема» ЖШС теңгерімінде 14,3 мың шақырымнан астам электр беру желілері мен 173 қосалқы станция бар. 2026 жылы 304 шақырым электр беру желісіне, 14 қосалқы станцияға және 65 тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.

▪️Сондай-ақ ол KEGOC АҚ-ның 500 кВ «Өлке» қосалқы станциясында болып, Батыс энергетикалық торабын Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіру жобасының іске асырылу барысымен танысты. Нысанды жаңғырту аяқталғаннан кейін транзиттік өткізу қабілеті 500 МВт-қа дейін артып, Ұлттық электр желісінің тұрақтылығы мен өңір тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігі күшейеді.

▪️Нысандарды аралау қорытындысы бойынша Ержан Ертаев өңірдің энергетикалық кәсіпорындарының басшыларымен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кеңес өткізді. Кеңесте алдағы жылыту маусымына дайындық, магистральдық жылу желілерін реконструкциялау жобаларын іске асыру, жылу және электр энергетикасы нысандарындағы жөндеу науқанының орындалуы, сондай-ақ өңірдің энергетикалық инфрақұрылымын дамыту мәселелері қаралды.

▪️Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Комитет төрағасы жөндеу науқанын уақытылы аяқтау және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларын іске асыру алдағы жылыту маусымынан сенімді өту үшін негізгі шарттар екенін атап өтті. Энергетикалық кәсіпорындардың басшыларына жөндеу жұмыстарының бекітілген кестелерін мүлтіксіз орындауды, жылу және электр желілерін жаңғырту жобаларын уақытылы іске асыруды, сондай-ақ күзгі-қысқы кезеңнен сенімді өту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM