🔹Энергетика министрлігі жаңартылатын энергия көздері саласындағы кадрлық әлеуетті дамытуда
▪️ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінде жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы кадрлық әлеуетті дамыту мәселелері жөніндегі Салалық кеңестің отырысы өтті.
▪️ Іс-шараға Энергетика министрлігі,
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының өкілдері, сондай-ақ салалық компаниялар, білім беру ұйымдары мен сарапшылар қауымдастығы қатысты.
▪️ Отырыс барысында қарқынды дамып келе жатқан ЖЭК секторына мамандар даярлау, кәсіби стандарттарды әзірлеу және білім беру бағдарламаларын өзектендіру мәселелері қаралды. Қатысушылар энергия жинақтау жүйелері, сутегі энергетикасы және энергетика саласындағы цифрлық шешімдер сияқты жаңа технологиялық бағыттарды ескере отырып, кадрлар даярлаудың бірыңғай тәсілін қалыптастыру қажеттігін атап өтті.
▪️ Сарапшылардың мәліметінше, салалық және өңірлік Жаңа кәсіптер атластарында ЖЭК саласы бойынша сегіз перспективалы мамандық айқындалған. Алайда қазіргі уақытта елімізде еңбек нарығының қажеттіліктері мен білім беру бағдарламалары арасындағы байланысты қамтамасыз ететін бейінді кәсіби стандарттар жоқ.
▪️ Отырыс қорытындысы бойынша саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында кәсіби стандарттарды әзірлеу, білім беру бағдарламаларын жаңарту және мемлекеттік органдар, салалық компаниялар, білім беру ұйымдары мен жұмыс берушілер арасындағы өзара іс-қимыл тетіктерін дамыту бойынша жұмысты жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ, Жоғары білім беруді дамыту ұлттық орталығының өкілдері, сондай-ақ салалық компаниялар, білім беру ұйымдары мен сарапшылар қауымдастығы қатысты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔸Минэнерго развивает кадровый потенциал в сфере ВИЭ
▪️ В Министерстве энергетики Республики Казахстан состоялось заседание Отраслевого совета по вопросам развития кадрового потенциала в сфере возобновляемых источников энергии (ВИЭ).
▪️ В мероприятии приняли участие представители Министерства энергетики, Министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан, НАО Talap Министерства просвещения Республики Казахстан, Национальный центр развития высшего образования Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан, а также отраслевых компаний, образовательных организаций и экспертного сообщества.
▪️ В ходе заседания были рассмотрены вопросы подготовки специалистов для стремительно развивающегося сектора ВИЭ, разработки профессиональных стандартов и актуализации образовательных программ. Участники отметили необходимость формирования единого подхода к подготовке кадров с учетом новых технологических направлений, включая системы накопления энергии, водородную энергетику и цифровые решения в энергетике.
▪️ По данным экспертов, в отраслевых и региональных Атласах новых профессий уже определены восемь перспективных профессий в сфере ВИЭ, однако в стране пока отсутствуют профильные профессиональные стандарты, обеспечивающие связь между потребностями рынка труда и образовательными программами.
▪️ По итогам заседания принято решение продолжить работу по разработке профессиональных стандартов, обновлению образовательных программ и развитию механизмов взаимодействия между государственными органами, отраслевыми компаниями, образовательными организациями и работодателями для обеспечения отрасли квалифицированными кадрами.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
⚜️"Мерзімдерді шегеруге болмайды" – Энергетика министрі Алматы ЖЭО-ларын жаңғырту барысын тексерді
▪️ Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Алматы қаласындағы ЖЭО-2 және ЖЭО-3 құрылыс алаңдарына барып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан станцияларды табиғи газға көшіру жобаларының іске асырылу барысымен танысты.
▪️ ЖЭО-2-де құрылыс жұмыстарының жалпы дайындық деңгейі 92%-ға жетті. Технологиялық жабдықтарды жеткізу ісі іс жүзінде толық аяқталған. Құрылыс алаңында шамамен 1,5 мың маман мен 140-тан астам арнайы техника жұмылдырылған. Сонымен қатар министр құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, қазіргі деңгейде сақтауды тапсырды. Мердігер ұйымдарға қосымша бейінді мамандарды, оның ішінде монтажшылар мен дәнекерлеушілерді тарту, сондай-ақ іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуге қажетті құжаттарды келісу рәсімдерін жедел аяқтау міндеттелді.
▪️ ЖЭО-3-ті тексеру қорытындысы бойынша жобаны іске асырудың бекітілген кестесінен едәуір артта қалу фактісі анықталды. Нысанның жалпы дайындық деңгейі шамамен 26%-ды құрайды. Құрылыс алаңында негізгі жабдықтарды жеткізу мерзімдерінің кешігуі сақталуда. Сондай-ақ жоспар бойынша шамамен 1 600 адам қажет болғанымен, нақты жұмыс істеп жатқан қызметкерлер саны 600 адамнан аспайды. Бұл тарату құрылғысы мен басқару жүйелерін қоса алғанда, станцияның бірқатар негізгі нысандарындағы құрылыс-монтаж жұмыстарының мерзіміне кері әсерін тигізуде.
▪️ Анықталған кемшіліктерге байланысты Энергетика министрі тапсырыс беруші мен бас мердігерге қысқа мерзім ішінде құрылыс қарқынын күшейтуді, персонал санын және жұмылдырылған арнайы техниканы жобалық талаптарға дейін арттыруды тапсырды.
▪️ «Бекітілген мерзімдер өзгермейді, ешқандай кейінге қалдыру мәселесі қарастырылмайды! Кадр тапшылығын дереу жойып, құрылыс алаңындағы арнайы техниканың көлемін бірнеше есе арттыруды талап етемін», – деді Ерлан Ақкенженов.
▪️ Сондай-ақ жабдықтарды жеткізуді жеделдету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдау, жұмыстарды орындау кестесін жаңартып, жобаны іске асырудың белгіленген мерзімдерін сөзсіз сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды. Министр алдағы апталарда артта қалып отырған нысанда барлық қажетті ресурстар толық жұмылдырылмаған жағдайда, тапсырыс берушілер мен мердігерлерге қатысты қатаң шаралар қолдану бастамасы көтерілетінін мәлімдеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
⚜️«Переносы сроков недопустимы» - Министр энергетики проверил ход модернизации алматинских ТЭЦ
▪️ Алматы, 11 июля 2026 года - Министр энергетики Республики Казахстан Ерлан Аккенженов посетил строительные площадки ТЭЦ-2 и ТЭЦ-3 в Алматы, где ознакомился с ходом реализации проектов по переводу станций на сжигание природного газа, которые выполняются по прямому поручению Президента РК Касым-Жомарта Токаева.
▪️ На ТЭЦ-2 общий уровень строительной готовности достиг 92%. Практически полностью завершена поставка технологического оборудования, на площадке задействованы около 1,5 тысячи специалистов и более 140 единиц строительной техники. Вместе с тем Министр поставил задачу сохранить набранные темпы строительства. Подрядным организациям поручено привлечь дополнительных профильных специалистов, в том числе монтажников и сварщиков, а также ускорить завершение процедур согласования документации, необходимой для проведения пусконаладочных работ.
▪️ По итогам инспекции ТЭЦ-3 выявлено существенное отставание от утвержденного графика реализации проекта. Общий уровень готовности объекта составляет порядка 26%. На площадке сохраняются задержки с поставкой ключевого оборудования, а фактическая численность работников не превышает 600 человек при плановой потребности около 1 600. Это отражается на сроках выполнения строительно-монтажных работ по ряду ключевых объектов станции, включая распределительное устройство и системы управления.
▪️ В связи с выявленными недостатками министр энергетики поручил заказчику и генеральному подрядчику в кратчайшие сроки обеспечить наращивание темпов строительства, увеличить численность персонала и количество задействованной техники до проектных требований.
▪️ «Объективные сроки утверждены, никакие переносы не обсуждаются! Требую незамедлительно устранить кадровый дефицит и кратно увеличить объемы спецтехники на стройке», — заявил Ерлан Аккенженов.
▪️ Также поручено принять исчерпывающие меры по ускорению поставок оборудования, актуализировать график производства работ с безусловным соблюдением установленных сроков реализации проекта. Министр заявил: если в ближайшие недели ресурсы на отстающем объекте не будут полностью мобилизованы, в отношении заказчиков и подрядчиков будут инициированы строгие взыскания.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍1😁1👌1
🔹Цифрлық технологиялар мұнай өнімдерін өткізуді жедел әрі ашық етеді
▪️ Энергетика министрлігінің саланы цифрлық трансформациялау жөніндегі жұмысы және Цифрландыру жылы аясындағы міндеттерді іске асыру шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдерін өткізу саласында заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді жалғастыруда.
▪️ Негізгі құралдардың бірі ретінде Келісімшарттық құжат айналымы жүйесі (КҚАЖ) енгізіліп, сатып алушылармен өзара іс-қимылдың негізгі үдерістерін электрондық форматқа көшіруге мүмкіндік берді.
▪️ Бүгінде КҚАЖ арқылы компаниялар мұнай өнімдерін сатып алуға өтінім бере алады, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы келісімшарттарға қол қояды, жанармай алуға қажетті құжаттарды рәсімдейді және барлық операциялардың тарихын бірыңғай жүйеде қадағалайды. Бұл мәмілелерді рәсімдеу мерзімін едәуір қысқартып, қағаз құжат айналымының көлемін барынша азайтуға мүмкіндік берді.
▪️ Жүйе іске қосылғалы бері 6 млн тоннадан астам мұнай өнімін жеткізуге арналған 9 мыңнан астам электрондық келісімшарт жасалды.
▪️ Қазіргі уақытта цифрлық трансформацияның келесі кезеңі – мұнай өнімдерін цифрлық бөлу тетігін енгізу жүзеге асырылуда. Жаңа тәсіл автожанармай құю станциялары және басқа да өткізу арналары арқылы жанармайдың нақты сатылуы туралы объективті деректер негізінде шешім қабылдауды көздейді.
▪️ Осы мақсатта КҚАЖ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен интеграциялануда. Бұл ресурстарды бөлу үдерісінің барынша ашықтығын қамтамасыз етуге, жеткізілімдерді басқару тиімділігін арттыруға және субъективті факторлардың ықпалын болдырмауға мүмкіндік береді.
▪️ Сонымен қатар жүйеде салықтық құпияны құрайтын мәліметтерді ұсынуға келісімді электрондық түрде қол қою мүмкіндігі іске асырылды. Бұл контрагенттерге салық заңнамасының талаптарына сәйкес қажетті ақпаратты толықтай қашықтан ұсынуға мүмкіндік береді.
▪️ Сонымен қатар КҚАЖ еліміздің ірі мұнай өңдеу зауыттарында – Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарында енгізілуде. Қазіргі уақытта кәсіпорындар мұнай өңдеуге өтінімдерді электрондық форматта беріп жатыр, ал келесі кезеңде мұнай өңдеуге арналған келісімшарттарды толықтай цифрлық форматта жасауға көшу жоспарланған.
▪️ Цифрлық шешімдерді енгізу мұнай-газ саласы кәсіпорындарының жұмыс тиімділігін арттыруға, ресурстарды бөлудің ашық тетіктерін дамытуға және Қазақстанның заманауи цифрлық энергетикасын қалыптастыру жөніндегі Энергетика министрлігінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге ықпал етеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
QR Energetıka mınıstrligi
🔹Цифрлық технологиялар мұнай өнімдерін өткізуді жедел әрі ашық етеді ▪️ Энергетика министрлігінің саланы цифрлық трансформациялау жөніндегі жұмысы және Цифрландыру жылы аясындағы міндеттерді іске асыру шеңберінде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мұнай өнімдерін өткізу…
🔸Цифровые технологии делают реализацию нефтепродуктов быстрее и прозрачнее
▪️ В рамках проводимой Министерством энергетики Республики Казахстан работы по цифровой трансформации отрасли и реализации задач Года цифровизации в АО «НК «КазМунайГаз» продолжается внедрение современных цифровых решений в сфере реализации нефтепродуктов.
▪️ Одним из ключевых инструментов стала Система договорного делопроизводства (СДД), позволившая перевести основные процессы взаимодействия с покупателями в электронный формат.
▪️ Сегодня через СДД компании могут подавать заявки на приобретение нефтепродуктов, подписывать договоры с использованием электронной цифровой подписи, оформлять документы на получение топлива и отслеживать историю операций в единой системе. Это позволило значительно сократить сроки оформления сделок и минимизировать объем бумажного документооборота.
▪️ С момента запуска системы заключено более 9 тысяч электронных договоров на поставку свыше 6 млн тонн нефтепродуктов.
▪️ В настоящее время реализуется следующий этап цифровой трансформации — внедрение механизма цифрового распределения нефтепродуктов. Новый подход предусматривает принятие решений на основе объективных данных о фактической реализации топлива через автозаправочные станции и другие каналы продаж.
▪️ Для этого СДД интегрируется с информационными системами Комитета государственных доходов Республики Казахстан. Это позволит обеспечить максимальную прозрачность процесса распределения ресурсов, повысить эффективность управления поставками и исключить влияние субъективных факторов.
▪️ Кроме того, в системе реализована возможность электронного подписания согласия на предоставление сведений, составляющих налоговую тайну, что позволяет контрагентам полностью дистанционно предоставлять необходимые данные в соответствии с требованиями налогового законодательства.
▪️ Параллельно СДД внедряется на крупнейших нефтеперерабатывающих заводах страны — Атырауском, Павлодарском и Шымкентском НПЗ. Уже сегодня предприятия подают заявки на переработку нефти в электронном формате, а следующим этапом станет полный переход на цифровое заключение договоров на переработку нефти.
▪️ Внедрение цифровых решений способствует повышению эффективности работы предприятий нефтегазовой отрасли, развитию прозрачных механизмов распределения ресурсов и достижению стратегических целей Министерства энергетики по построению современной цифровой энергетики Казахстана.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍1
⚜️Жетісу облысының тағы тоғыз елді мекені табиғи газға қосылды
▪️ Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мемлекет басшысының елді газдандыру деңгейін арттыру жөніндегі тапсырмасын орындау аясында халықтың табиғи газға қолжетімділігін кеңейту жұмыстарын жалғастыруда.
▪️ Бүгіннен бастап Жетісу облысы Кербұлақ ауданының тағы тоғыз елді мекенінің тұрғындары табиғи газды пайдалану мүмкіндігіне ие болды. Олар: Байғазы, Тастыбастау, Алтынемел, Ақбастау, Доланалы, Жаңалық, Жайнақ батыр, Шаған және Тастыөзек ауылдары.
▪️ Жоба аясында 1 390 тұрғын үйде тұратын шамамен 6 мың тұрғынды табиғи газға қосуға мүмкіндік жасалды. Осылайша, ауданда газдандырылған елді мекендердің саны 22-ге жетті.
▪️ Кербұлақ ауданын газдандыру жобасы 2022 жылдан бері кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді және Жетісу облысындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналады. Жалпы ұзындығы шамамен 500 шақырым болатын газ тарату желілерін салып, ауданның 25 елді мекенін газдандыру көзделген.
▪️ Бүгінде Жетісу облысының газдандыру деңгейі 67,2 пайызға жетті. Табиғи газ өңірдегі 110 елді мекеннің тұрғындарына қолжетімді. Іске асырылып жатқан жобалар толық аяқталғаннан кейін газдандырылған елді мекендердің саны 126-ға дейін артып, облыстың 500 мыңнан астам тұрғыны табиғи газға қол жеткізеді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2
⚜️Ещё девять населённых пунктов региона Жетісу подключены к природному газу
▪️ Министерство энергетики Республики Казахстан продолжает работу по расширению доступа населения к природному газу в рамках исполнения поручения Главы государства по повышению уровня газификации страны.
▪️ Сегодня природный газ стал доступен жителям ещё девяти населённых пунктов Кербулакского района области Жетісу: Байгазы, Тастыбастау, Алтынемель, Акбастау, Доланалы, Жаналык, Жайнак батыр, Шаган и Тастыозек.
▪️ Возможность подключения получили около 6 тысяч жителей, проживающих в 1 390 домовладениях. Таким образом, количество газифицированных населённых пунктов района достигло 22.
▪️ Проект газификации Кербулакского района реализуется поэтапно с 2022 года и является одним из крупнейших инфраструктурных проектов области Жетісу. В целом предусмотрено строительство порядка 500 километров газораспределительных сетей в 25 населённых пунктах района.
▪️ Сегодня уровень газификации области Жетісу достиг 67,2% — природный газ доступен жителям 110 населённых пунктов региона. После завершения реализуемых проектов количество газифицированных населённых пунктов увеличится до 126, а доступ к природному газу получат более 500 тысяч жителей области.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3🔥1
Forwarded from UKIMET
Қазақстанда І жартыжылдықта 63,4 млрд кВтсағ электр энергиясы өндірілді
📌 Бірінші жартыжылдықта еліміздің электр энергетикасы саласында, оның ішінде жаңартылатын көздер есебінен генерацияның өсуі тіркелді. Бұл туралы Үкімет отырысында энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді.
Оның айтуынша, Қызылорда облысында газ турбиналы қондырғы (ГТҚ) (240 МВт) және ЖЭК саласындағы 7 жоба (212,6 МВт) пайдалануға берілген. Жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемі 21,2%-ға өсіп, 5,1 млрд кВтсағ құрады.
➖
Выработка электроэнергии в Казахстане за I полугодие составила 63,4 млрд кВтч
📌 В первом полугодии в электроэнергетической отрасли страны зафиксирован рост генерации, в том числе за счет возобновляемых источников. Об этом на заседании Правительства сообщил министр энергетике Ерлан Аккенженов.
По его словам, на сегодня уже введены в эксплуатацию ПГУ в Кызылординской области (240 МВт) и 7 проектов ВИЭ (212,6 МВт). Выработка электроэнергии объектами ВИЭ выросла на 21,2% и составила 5,1 млрд кВтч.
«6 айдың қорытындысы бойынша 63,4 млрд кВтсағ электр энергиясы өндірілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 101,9% құрады. Осы жылға арналған болжам – 126,5 млрд кВтсағ. Электр энергиясының тапшылығын азайту үшін, осы жылы шамамен 2,66 ГВт энергетикалық қуаттарды іске қосу жоспарлануда. Бұл Алматы қаласындағы екінші және үшінші жылу электр орталығының жаңғыртылуы, Түркістан облысындағы бу-газ қондырғысының құрылысы, Атырау жылу электр орталығында №11 турбиналық агрегатын және №15 қазандығын іске қосу, Текелі энергокешенінде 3 қазан-пайдалану қазандығын және генератормен бу турбинасын енгізу, сондай-ақ жиынтық қуаты 245,8 МВт болатын жаңартылатын энергия көздерінің нысандары», — деді министр.
Оның айтуынша, Қызылорда облысында газ турбиналы қондырғы (ГТҚ) (240 МВт) және ЖЭК саласындағы 7 жоба (212,6 МВт) пайдалануға берілген. Жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын өндіру көлемі 21,2%-ға өсіп, 5,1 млрд кВтсағ құрады.
Выработка электроэнергии в Казахстане за I полугодие составила 63,4 млрд кВтч
«За 6 месяцев выработано 63,4 млрд кВтч электроэнергии или 101,9% к факту 2025 года. Прогноз на 2026 год – 126,5 млрд кВтч. Для снижения дефицита электроэнергии в текущем году планируется ввести порядка 2,66 ГВт энергетических мощностей. Это проекты модернизации Алматинских ТЭЦ-2 и ТЭЦ-3, строительство ПГУ в Туркестанской области, ввод турбоагрегата №11 и установка котла №15 на Атырауской ТЭЦ, ввод 3-х котлов-утилизаторов и паровой турбины с генератором на Текелийском энергокомплексе, а также объекты ВИЭ суммарной мощностью 245,8 МВт», — сообщил министр.
По его словам, на сегодня уже введены в эксплуатацию ПГУ в Кызылординской области (240 МВт) и 7 проектов ВИЭ (212,6 МВт). Выработка электроэнергии объектами ВИЭ выросла на 21,2% и составила 5,1 млрд кВтч.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Энергетика министрлігінде саяси реформалар мен жаңа Конституцияның негізгі ережелері талқыланды
Бүгін Министрлікте «ӘDILET» партиясы Астана қалалық филиалы өкілдерінің қатысуымен 15 наурыздағы жалпыұлттық референдумда қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі нормаларын түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
▪️ Кездесу барысында Конституцияда көзделген негізгі өзгерістер мен жаңашылдықтар, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған нормалар кеңінен түсіндірілді.
▪️ Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға, Конституцияның мазмұны мен мәнін тереңірек түсінуге, сондай-ақ оның қағидаттарын күнделікті қызметте тиімді басшылыққа алуға ықпал етеді.
▪️ Жаңа Конституция – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам. Оның қағидаттарын жүзеге асыру – әрбір азаматтың және мемлекеттік қызметшінің ортақ жауапкершілігі.
Бүгін Министрлікте «ӘDILET» партиясы Астана қалалық филиалы өкілдерінің қатысуымен 15 наурыздағы жалпыұлттық референдумда қабылданып, 1 шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының негізгі нормаларын түсіндіруге арналған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өтті.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM