QR Energetıka mınıstrligi
✔
3.67K subscribers
7.07K photos
722 videos
2 files
2.46K links
ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі
Пресс-служба Министерства энергетики РК


https://www.facebook.com/minenergork
https://www.instagram.com/ministry_of_energy/

https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press?lang=kk
Download Telegram
⚜️ТШО 2026 жылы 40 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр

▪️Атырау, 2026 жылғы 21 шілде. Теңіз кен орнын кеңейтудің ең ірі кезеңі аяқталғаннан кейін «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) жобалық өндірістік қуатына шықты. Тәуліктік мұнай өндіру көлемі шамамен 120 мың тоннаға жетті. Компания 2026 жылдың қорытындысы бойынша 40 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді жоспарлап отыр.

▪️Атырау облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ТШО басшылығымен мұнай өндірудің қазіргі деңгейін, компанияның жоспарларын және кәсіпорынның сенімді жұмысын қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

▪️ТШО жобасы тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі саналады. Жоба бойынша келісімге 1993 жылы қол қойылды. Осы уақыт ішінде кен орнында көмірсутектерді өндіру, дайындау және өңдеу бойынша заманауи нысандарды қамтитын ірі өндірістік кешен қалыптастырылды.

▪️Теңіз кен орнын дамытудың маңызды кезеңі Болашақ кеңейту жобасы мен Ұңғы сағасындағы қысымды басқару жобасының аяқталуы болды. Бұл жобалардың іске асырылуы кен орнының өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтіп, мұнай өндіру көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік берді.

▪️Кеңейту жобасы аясында 2024–2025 жылдары жаңа өндірістік нысандар пайдалануға берілді. 2025 жылғы қаңтарда Үшінші буын зауытында алғашқы мұнай өндірілді. Қазіргі уақытта кеңейту жұмыстары толық аяқталып, жаңа өндірістік қуаттар жоспарланған деңгейге шықты. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында ТШО 16,6 млн тонна мұнай өндірді. Жыл қорытындысы бойынша компания өндіріс көлемін 40 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

▪️Ерлан Ақкенженов өндірістік кешеннің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және жыл соңына дейін қажетті өндіріс қарқынын сақтау маңызды екенін атап өтті.

▪️«Теңіз – Қазақстанның мұнай-газ саласындағы негізгі жобалардың бірі. Жаңа өндірістік қуаттар жобалық деңгейге шықты. Ендігі міндет – бүкіл өндірістік кешеннің тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз ету. Біз ТШО-дан жыл соңына дейінгі кезеңге арналған, мәлімделген мұнай өндіру көлеміне қол жеткізу бойынша нақты іс-шараларды қамтитын айқын жоспар күтеміз», – деді Ерлан Ақкенженов.

▪️ТШО Бас директоры Билли Лакоби компания үшін негізгі басымдық Қазақстан Республикасының игілігі үшін қауіпсіз әрі сенімді өндірісті қамтамасыз ету болып қала беретінін атап өтті.

▪️«Біздің қызметкерлеріміздің қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және өндірістің сенімділігі ТШО-ның негізгі басымдықтары болып қала береді. Біз нысандарды қауіпсіз пайдалануға және өндірістік процестерді үздіксіз жетілдіруге ерекше көңіл бөлуді жалғастырамыз», – деді Билли Лакоби.

▪️Кездесу барысында өндірістік нысандардың сенімділігі мен технологиялық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ қазақстандық қамтуды дамыту және жоба қызметін қамтамасыз етуге отандық өнім берушілердің қатысуын кеңейту мәселелері қаралды. ТШО-ның мұнай өндіру көлемі, өндірістік көрсеткіштері және нысандарының сенімді жұмысы Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ТШО планирует добыть до 40 млн тонн нефти по итогам 2026 года

▪️Атырау, 21 июля 2026 года - ТШО вышел на проектную мощность после завершения крупнейшего этапа расширения Тенгизского месторождения. Суточная добыча нефти достигла порядка 120 тыс. тонн, а по итогам 2026 года компания планирует добыть до 40 млн тонн нефти.
В ходе рабочей поездки в Атыраускую область министр энергетики РК Ерлан Аккенженов обсудил с руководством ТШО текущую добычу нефти, планы компании и вопросы надежной работы предприятия.

▪️Проект ТШО стал одним из крупнейших инвестиционных проектов в истории независимого Казахстана. Соглашение по проекту было подписано в 1993 году. За годы реализации на месторождении создан крупный производственный комплекс, включающий современные объекты добычи, подготовки и переработки углеводородов.
Ключевым этапом развития Тенгиза стало завершение Проекта будущего расширения и Проекта управления устьевым давлением. Реализация этих проектов позволила увеличить производственные возможности месторождения и существенно нарастить
объемы добычи нефти.

▪️В рамках расширения в 2024–2025 годах были введены новые производственные объекты, в январе 2025 года на Заводе третьего поколения получили первую нефть. Сейчас расширение завершено, а новые мощности вышли на запланированный уровень производства. За первое полугодие 2026 года ТШО добыло 16,6 млн тонн нефти. По итогам года компания планирует обеспечить добычу на уровне до 40 млн тонн.
Ерлан Аккенженов отметил необходимость обеспечить стабильную работу производственного комплекса и сохранить необходимые темпы добычи до конца года.

▪️«Тенгиз — один из ключевых проектов нефтегазовой отрасли Казахстана. Новые мощности вышли на проектный уровень, теперь важно обеспечить стабильную и надежную работу всего производственного комплекса. Мы ожидаем от ТШО четкий план до конца года с конкретными мероприятиями по достижению заявленных объемов добычи», — отметил Ерлан Аккенженов.
Генеральный директор ТШО Билли Лакоби подчеркнул, что основным приоритетом для компании остается обеспечение безопасного и надежного производства во благо Республики Казахстан.
«Безопасность наших сотрудников, бережное отношение к окружающей среде и надежность производственной деятельности остаются основными приоритетами ТШО. Мы продолжаем уделять особое внимание безопасной эксплуатации объектов и совершенствованию производственных процессов», — отметил Билли Лакоби.

▪️Отдельное внимание в ходе встречи уделено надежности производственных объектов и предотвращению технологических нарушений.Также рассмотрены вопросы развития казахстанского содержания и участия отечественных поставщиков в обеспечении деятельности проекта. Вопросы добычи, производственных показателей и надежности работы объектов ТШО остаются на контроле Министерства энергетики.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍1
🔹Қашаған газ өңдеу зауыты құрылысының қарқыны 60 пайызды құрайды

▪️Атырау облысы, 21 шілде - Қашаған газ өңдеу зауытындағы EPC жұмыстарының орындалу деңгейі 60 пайызға жетті. Зауыт пайдалануға берілгеннен кейін жылына 1 млрд текше метр ілеспе газды өңдеп, жыл сайын шамамен 727 млн текше метр тауарлық газ өндіруге мүмкіндік береді.
Атырау облысына жұмыс сапары барысында жобаның іске асырылу барысын Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бағалады.

▪️Жобаны «QazaqGaz» ҰК» АҚ-ның еншілес ұйымы – «GPC Investment» ЖШС іске асыруда. Зауыт еліміздің газ өңдеу саласындағы негізгі нысандардың біріне айналып, Қашаған кен орнын игеру барысында өндірілетін ілеспе газды өңдеу көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта құрылыс алаңына негізгі жабдықтың 97 пайызы жеткізілді. Вахталық кент пен ірі көлемді жүктерді жеткізуге арналған теміржол инфрақұрылымының құрылысы аяқталды. Жобаны іске асыруға шамамен екі мың маман тартылған. Технологиялық жабдықтарды монтаждау, инженерлік коммуникацияларды тарту және негізгі өндірістік нысандардың құрылысы жалғасуда.

▪️Нысанға бару барысында министрге құрылыс-монтаж жұмыстарының барысы, жабдықтарды жеткізу және жобаның келесі кезеңдерін іске асыру туралы ақпарат ұсынылды. Тапсырыс берушінің мәліметінше, құрылыс бекітілген кестеге сәйкес жедел қарқынмен жүргізілуде.
«Қашаған газ өңдеу зауыты Қазақстанның газ саласын одан әрі дамыту үшін стратегиялық маңызға ие. Газ өңдеу зауытын іске қосу ілеспе газды өңдеу көлемін ұлғайтуға, еліміздегі ең ірі мұнай-газ кен орындарының бірін игеру тиімділігін арттыруға және ішкі нарықты қосымша көлемдегі тауарлық газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бүгінгі міндетіміз – кәсіпорынды белгіленген мерзімде пайдалануға беру», – деді Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов сапар қорытындысы бойынша.

▪️«Жобаны іске асыру жұмыстары QazaqGaz-дың тұрақты бақылауында. Жобаның ел экономикасына маңыздылығын ескере отырып, біз Қашаған газ өңдеу зауытының жоғары сапалы, құрылыс жұмыстарының уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз», – деді «QazaqGaz» АҚ» Басқарма төрағасы Әлібек Жамауов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔸Прогресс строительства Кашаганского газоперерабатывающего завода составляет 60%

▪️Атырау, 21 июля – Прогресс EPC работ на Кашаганском газоперерабатывающем заводе достиг 60%. После ввода в эксплуатацию предприятие сможет перерабатывать 1 млрд кубических метров попутного газа в год и ежегодно производить около 727 млн кубических метров товарного газа.
Ход реализации проекта в ходе рабочей поездки в Атыраускую область оценил Министр энергетики РК Ерлан Аккенженов.

▪️Проект реализует компания ТОО «GPC Investment» дочерняя организация АО «НК «QazaqGaz». Завод станет одним из ключевых объектов газоперерабатывающей отрасли страны и позволит увеличить объем переработки попутного газа, получаемого при разработке месторождения Кашаган.
На строительную площадку уже поставлено 97% основного оборудования. Завершено строительство вахтового поселка и железнодорожной инфраструктуры для доставки крупногабаритных грузов. В реализации проекта задействовано около двух тысяч специалистов. Продолжаются монтаж технологического оборудования, прокладка инженерных коммуникаций и строительство основных производственных объектов.

▪️Во время посещения объекта министру представили информацию о ходе строительно-монтажных работ, поставках оборудования и реализации следующих этапов проекта. По информации заказчика, строительство ведется ускоренными темпами в соответствии с утвержденным графиком.
«Кашаганский газоперерабатывающий завод имеет стратегическое значение для дальнейшего развития газовой отрасли Казахстана. Ввод в эксплуатацию ГПЗ позволит увеличить переработку попутного газа, повысить эффективность освоения одного из крупнейших нефтегазовых месторождений страны и обеспечить внутренний рынок дополнительными объемами товарного газа. Сегодня наша задача - обеспечить своевременный ввод предприятия в эксплуатацию», - заявил министр энергетики РК Ерлан Аккенженов по итогам посещения.

▪️«Реализация проекта находится на постоянном контроле QazaqGaz. Понимая значимость данного проекта для экономики страны, с нашей стороны прилагаются все необходимые меры по обеспечению качественного и своевременного завершения строительства Кашаганского газоперерабатывающего завода», – отметил Председатель Правления АО «НК «QazaqGaz» Алибек Жамауов.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1👍1
🇰🇿🇰🇷Энергетика министрлігінде Корея Республикасының Елшісімен энергетика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды

▪️2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжон Кихонмен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар мұнай-газ және электр энергетикасы салаларындағы ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

▪️Кездесуде ағымдағы жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапары аясында қол қою көзделіп отырған Мұнай саласындағы ынтымақтастық туралы негіздемелік келісімді дайындау мәселесіне ерекше назар аударылды.

▪️Сондай-ақ кореялық компаниялардың Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысу перспективалары талқыланды. Энергетика министрлігі кореялық компанияларды 2035 жылға дейінгі электр энергетикасы саласын дамыту жоспары аясында жұмыс істеп тұрған энергетикалық нысандарды жаңғырту және жаңа генерациялау қуаттарын салу жобаларына инвесторлар және EPC-мердігерлер ретінде қатысуға шақырды.

▪️Кездесу барысында Түркістан облысындағы бу-газ электр станциясының құрылысы жобасының іске асырылу барысы қаралды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалғасып жатқаны, негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізу толық аяқталғаны және құрылыс алаңында 2 100-ден астам маманның еңбек етіп жатқаны атап өтілді.

▪️Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға және энергетика саласындағы технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделі екенін растады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM