3.24K subscribers
4.55K photos
774 videos
1.99K links
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Ердос Берікқанов Румынияда өткен халықаралық жарыста үздік атанды

🎥Видео: @semei_tv

https://t.me/abai_bilim_basqarmasу
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Семейдегі Водный кентінде 40 жылдан соң жаңа мектеп ашылды

🎥Видео: @jibek_joly.tv

https://t.me/abai_bilim_basqarmasу
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏1
⚡️«АДАЛ АЗАМАТ» БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫ ӨТТІ

📌Абай облысында білім беру ұйымдарының әлеуметтік педагогтері, мектепалды даярлық тәрбиешілері мен көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған оқыту семинарлары өтті. Шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру тетіктеріне арналды.

➡️Семинарға 300-ге жуық педагог қатысты. Мақсаты – бағдарламаның құндылықтары мен әлеуметтік жобаларын оқу үдерісіне кіріктіру, тәрбиелік іс-шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру.

✅Семинар барысында бағдарламаның негізгі бағыттары мен құрылымы таныстырылып, оқушылардың жас ерекшелігіне сай әдіс-тәсілдер бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтар бойынша интерактивті жұмыстар ұйымдастырылып, оларды оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру алгоритмі ұсынылды.

💬Іс-шара ашық пікір алмасу, тәжірибе бөлісу форматында өтті. Қатысушылар өзара тиімді әдістемелік тәжірибе алмасып, бағдарламаны жүзеге асыру барысында туындайтын мәселелер мен оларды шешу жолдарын талқылады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

https://t.me/abai_bilim_basqarmasу
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Edu news
Photo
⚡️В РАМКАХ ЕДИНОЙ ВОСПИТАТЕЛЬНОЙ ПРОГРАММЫ «АДАЛ АЗАМАТ» ПРОШЛИ ОБУЧАЮЩИЕ СЕМИНАРЫ

📌В области Абай состоялись обучающие семинары для социальных педагогов образовательных организаций, воспитателей дошкольных групп и учителей предмета «Технология». Мероприятие было посвящено механизмам реализации единой воспитательной программы «Адал азамат».

➡️В семинарах приняли участие около 300 педагогов. Цель – интеграция ценностей и социальных проектов программы в учебный процесс, а также системное проведение воспитательных мероприятий.

✅В ходе семинаров были представлены основные направления и структура программы, даны практические рекомендации по методам и приёмам, учитывающим возрастные особенности учащихся. Были организованы интерактивные занятия по таким ценностям, как честность, справедливость и ответственность, а также предложен алгоритм их интеграции в учебно-воспитательный процесс.

💬Мероприятие прошло в формате открытого диалога и обмена опытом. Участники поделились эффективными методическими наработками, обсудили возникающие вопросы и пути их решения в ходе реализации программы.

Пресс-служба Управления образования области Абай

https://t.me/abai_bilim_basqarmasу
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥1
🏫Шығыс кентінде салынып жатқан 300 орындық мектепке инженерлік желілер тартылуда

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы бірқатар нысандарды аралады. Аймақ басшысы «Келешек мектептері» жобасы аясында салынып жатқан Шығыс кентіндегі 300 орындық мектепке инженерлік инфрақұрылым тарту жұмыстарының барысымен танысты.

🔺Қазіргі таңда су құбыры желілерін тарту қарқынды жүргізілуде. Қажетті материалдар толық жеткізілген. Мектептегі құрылыс-монтаж жұмысы тамыз айында басталған.

🗣️Семей қаласы әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышевтың айтуынша, 2 жарым шақырым аумаққа су желісі тартылады. Қазіргі уақытта 800 метр аумаққа жүргізілген. Су тарту жұмыстарын қазан айының соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

🗣Аймақ басшысы мердігер компания өкілдеріне жұмысты сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ жауапты басқармаларға құрылыс барысын тұрақты бақылауда ұстауды міндеттеді.

«Шығыс кентінде салынып жатқан 300 орындық мектеп қала тұрғындары үшін маңызды әлеуметтік нысан. Қазіргі таңда мұнда су тарту жұмысы жүргізілуде. Бұл аумақта бұған дейін сапалы ауыз су болмаған. Инженерлік желілер тек мектепке ғана емес, осы аумақтағы тұрғындарды да ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Келесі жылы мектепке дейінгі көшенің жолына асфальт төселіп, жарық тартуды жоспарлап отырмыз. Жоба тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Желілерді уақтылы және сапалы жасап, құрылыс жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау қажет», – деді облыс әкімі.


✉️Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында облыста екі мектеп салынып жатыр. Аягөз қаласындағы 600 орындық мектеп 2-інші тоқсанда пайдалануға берілмек. Айта кетейік, жоба аясында биыл өңірде 3 мектеп пайдалануға берілді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM