3.24K subscribers
4.55K photos
774 videos
1.99K links
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Қазіргі көкірегі ояу жас ұрпақ отаншылдық деген сөзді басқаша қабылдайды. Жастардың басым көпшілігі әсіредіншілдікті, әсіреұлтшылдықты қолдамайды. Олар үшін патриотизмнің басты көрсеткіші – жасампаздық пен жаңашылдық.

Жастар «Елді сүю дегеніміз – халыққа пайдасы тиетін жаңалық ашу, жаңа іс бастау» деп түсінеді. Олар Қазақстанды дамыған, көркейген мемлекет ретінде көргісі келеді. Заманауи технологияларды меңгеріп, халқымызды озық ойлы ұлттардың қатарына қосуға талпынады.

Өскелең ұрпақтың бойындағы патриотизм – болашаққа деген шынайы ұмтылыс. Бұл – қоғам санасында болып жатқан өзгерістің айқын көрінісі. Мен мұны толығымен қолдаймын. Жастардың күш-жігеріне, олардың дарыны мен біліміне сенемін.

Біз кеше кім болғанымызды ұмытпаймыз. Төл тарихымызға құрметпен қараймыз. Ал келешекте кім болатынымыз тек қана өз қолымызда екенін жақсы түсінеміз.

Сондықтан ғылым-білімге ұмтылған, елін-жерін көркейтуді ойлаған жастарға әрдайым жан-жақты қолдау көрсете береміз. Біз қолға алған ауқымды жұмыстың бәрі жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр. Өскелең ұрпақ ертең соның игілігін көреді, оны еселеп, лайықты жалғастырады.

Қазір жер жүзінде болып жатқан түбегейлі өзгерістерге жастар тез бейімделеді. Соның ішінде жасанды интеллектінің жаңа дәуірдегі орны ерекше.

Хакім Абай «Адамның адамшылығы ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деп айтқан.

Бұл нақыл сөзге Мемлекет басшысы ретінде қосарым: Өркениетті әрі озық елдің заңы – әділ, билігі – білікті, ал азаматтары саналы және белсенді болары хақ.

Мемлекет деңгейінде қабылданған әрбір шешімнің мән-маңызы, ең алдымен, халықтың тұрмысын жақсарту, экономиканы тұрақтандырып, әлеуметтік әділдік орнату үшін жасалған нақты істермен өлшенуге тиіс. Сонда біз жаңа тұрпатты, мықты ел боламыз.

Қазақстан жан-жақты, түбегейлі реформалардың арқасында дамудың даңғыл жолына түсіп келеді. Алда қарқынды жұмыс күтіп тұр. Біз бағдарымыздан айнымай, тек алға қадам басуымыз керек»

t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
⚡️Касым-Жомарт Токаев:

«Сегодняшняя образованная молодежь воспринимает слово «патриотизм» по-другому.

Подрастающее поколение отвергает религиозный радикализм и крайний национализм. Для них главные проявления патриотизма – это созидание и новаторство.

Молодые люди считают, что любовь к Родине заключается в том, чтобы приносить пользу обществу, совершая открытия, начиная новое дело.

Они хотят видеть Казахстан развитым, процветающим государством, осваивают современные технологии, чтобы наш народ был в авангарде прогресса.

Для подрастающего поколения патриотизм заключается в устремленности в будущее, и это наглядно отражают происходящие в общественном сознании изменения.

Я полностью поддерживаю такую позицию. Я верю в силы, таланты и знания молодежи.

Мы не забываем, кем были вчера, чтим нашу древнюю историю, но хорошо понимаем, что только в наших руках то, кем мы будем завтра.

Поэтому всегда будем поддерживать молодежь, которая стремится к знаниям, заботится о процветании страны.

Вся проводимая нами масштабная работа – ради светлого будущего подрастающего поколения.

Именно ему завтра предстоит ощутить плоды претворяемых в жизнь преобразований, достойно продолжить начатое дело.
Молодежь быстро адаптируется к происходящим в мире кардинальным изменениям, в особенности к наступлению эпохи искусственного интеллекта.

Великий Абай писал, что разум, наука, достойные родители и друзья, мудрые наставники формируют лучшие качества человека.
Как Глава государства дополню эти слова: в цивилизованной и прогрессивной стране законы должны быть справедливыми, власть – компетентной, а граждане – сознательными и активными.

Значимость каждого государственного решения, в первую очередь принимаемого для улучшения жизни людей, стабилизации экономики, обеспечения социальной справедливости, должна измеряться конкретными делами.

Только так наше государства обретет новый облик и станет сильным.

Благодаря кардинальным всесторонним реформам Казахстан уверено вступает на путь прогресса.

Впереди нас ждет кропотливая работа.

Мы должны идти только вперед, не сворачивая с избранного курса!».

t.me/aqorda_resmi
⚡️Абай облысында 79 жылдық тарихы бар колледжде баспасөз туры өтті

📌Абай облысында Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында баспасөз туры өтті. Іс-шара «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылды.

🏫Колледж 1946 жылдан бері маман даярлап келе жатқан еліміздегі іргелі оқу орны. 79 жыл ішінде мыңдаған түлек түлеп ұшып, ел дамуына үлес қосып келеді. Мұнда 1381 студент білім алады, оның ішінде 1152-і күндізгі бөлімде оқиды. Оларға 141 ұстаз және 235 қызметкер сапалы білім беруде. Студенттер үшін оқу процесі толықтай заманауи техникамен жабдықталған.

➡️Колледждің ерекше мәртебесі – Қазақстанда аэрофотогеодезия саласы бойынша маман даярлайтын жалғыз оқу орны болуы. Мұнда дрондар, ұшақтар және спутниктерден алынған деректер негізінде карталар, цифрлық рельеф модельдері және ортофотопландар әзірленетін кәсіби мамандар оқытылады. Сондықтан түлектерге сұраныс тек өңірде емес, ел көлемінде және шетелде де жоғары.

✅Жыл сайын мамандықтарға қызығушылық артып келеді. Мәселен, биыл 510 талапкер студент атанды. Колледж халықаралық ынтымақтастыққа да ерекше көңіл бөледі. Дуалды оқыту тәжірибесі кеңейіп, кәсіпорындармен бірлесіп 16 білім беру бағдарламасы жасалды. Өткен жылы 45 оқытушы өндірістік базаларда тағылымдамадан өтті. Сонымен қатар 10 студент пен 2 өндірістік оқыту шебері қазан айында Германияға үш айлық тәжірибеден өтуге аттанады. Ал Данияда өтетін «WorldSkills Denmark – 2025» халықаралық чемпионатында колледждің 4-курс студенті Нұралы Құмарбеков ел намысын қорғайды.

✅Сонымен бірге пилоттық бағдарлама аясында 10–11 сынып оқушылары жалпы орта білім аттестатымен қатар жұмысшы мамандығы бойынша диплом алды. Нәтижесінде 56 жас түлек оқуын жалғастырумен бірге еңбек нарығына ерте қосылу мүмкіндігіне ие болды.

🗺Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжі Қазақстанның үздік колледждерінің қатарына еніп отыр. Бұл – оқу орнының бай тарихы мен заманауи даму бағытын, ұжым еңбегінің нәтижесін айқындайтын зор жетістік.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

https://t.me/abai_bilim_basqarmasу
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Edu news
Photo
⚡️В колледже с 79-летней историей области Абай прошёл пресс-тур

📌В области Абай в рамках Года рабочих профессий состоялся пресс-тур.

🏫Колледж, основанный в 1946 году, является одним из ведущих учебных заведений страны. За 79 лет он подготовил тысячи специалистов, внесших весомый вклад в развитие страны. Сегодня здесь обучаются 1381 студент, из них 1152 — на дневном отделении. Образовательный процесс обеспечивают 141 педагог и 235 сотрудников. Учебные кабинеты полностью оснащены современным оборудованием.

➡️Особый статус колледжа заключается в том, что он остаётся единственным в Казахстане учебным заведением, готовящим специалистов в области аэрофотогеодезии. Здесь обучают профессионалов, которые разрабатывают карты, цифровые модели рельефа и ортофотопланы на основе данных, полученных с дронов, самолётов и спутников. Поэтому выпускники востребованы не только в регионе, но и по всей стране, а также за рубежом.

✅С каждым годом интерес к специальностям растёт. Так, в этом году студентами стали 510 абитуриентов. Колледж активно развивает международное сотрудничество. Расширяется практика дуального обучения: совместно с предприятиями разработано 16 образовательных программ. В прошлом году 45 преподавателей прошли стажировку на производственных базах. В октябре 10 студентов и 2 мастера производственного обучения отправятся в Германию на трёхмесячную практику. Кроме того, студент 4 курса Нуралы Кумарбеков будет представлять Казахстан на международном чемпионате «WorldSkills Denmark – 2025».

✅В рамках пилотной программы учащиеся 10–11 классов получили не только аттестаты о среднем образовании, но и дипломы о рабочей профессии. Благодаря этому 56 выпускников смогли одновременно продолжить обучение и получить возможность раньше выйти на рынок труда.

🗺Геодезический, картографический и строительный высший колледж входит в число лучших колледжей Казахстана. Это значительное достижение, подтверждающее богатую историю, современный путь развития и результаты труда коллектива.

Пресс-служба управления образования области Абай

https://t.me/abai_bilim_basqarmasу
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы

*****

Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решения через цифровую трансформацию»

t.me/aqorda_resmi
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏫 Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізіліп жатқан «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған Абай облысы Семей қаласындағы №52 мектебі

🇰🇿 🇰🇿 🇰🇿

🏫 В городе Семей области Абай построена школа №52 в рамках проекта «Келешек мектептері», реализуемого по инициативе Главы государства

#келешекмектептері